Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2015 жылдың жоспардың орындалуы туралы



Дата23.02.2016
өлшемі61.71 Kb.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің

2015 жылдың жоспардың орындалуы туралы

Ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мақсаты: Әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік бірыңғай саясатын жүзеге асыру.

Приоритеттер: Катонқарағай ауданы бойынша 2011-2015 жылдарға арналған халықты әлеуметтік қорғау саласын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру.

Халықты жұмыспен қамту шараларының жүзеге асырылуы:

2015 жылы жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа орналасу мәселесімен 457 адам жүгінді, сонымен қатар «Жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 204 адам қатысты.

Ағымдағы 2015 жылдың 385 адам жұмыспен қамтамасыз етілді немесе жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа орналасу мәселесімен жүгінген азаматтардың санынан жұмысқа орналасу деңгейі 84,2% құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда (84,1%) жұмыспен қамтылу деңгейі 0,1 % көтерілді.
Сурет 1 - 2014-2015 жылдардың жұмысқа орналасу көрсеткіші:

2015 жылға арналған жоспар бойынша 815 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, нақты жыл басынан құрылған жаңа жұмыс орындарының саны 1322-ге жетті немесе 162,2%-ға орындалды.

Сурет 2 - 2014-2015 жылдардың құрылған жұмыс орындарының саны:

Катонқарағай ауданы бойынша экономикалық тұрғыдан белсенді халық 15710 адамды құрайды, оның ішінде 14980 адам жұмыспен қамтылған адамдар, 730-ы жұмыссыз азаматтар, немесе жұмыссыздық деңгейі 4,6 %.

2016 жылдың 01 қаңтарына жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыздар саны 80 адам, немесе экономикалық белсенді халықтың 0,5% құрады.

Сурет 3 – 2014-2015 жылдардың жұмыссыздар деңгейі:

Жыл басынан ақылы қоғамдық жұмыстарға жоспардағы 261 адамның орнына, 285 адам қатысты, жоспар 100,4 %-ға орындалды.

Өткен жылы 30 жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқуға жіберуге жоспарланған, жыл басынан 31 адам жолданды, орындалуы 103,3% құрады.

Жастар практикасына 15 түлекті жіберу жоспарланған, жыл басынан барлығы 18 түлек қатысты, немесе жоспар 120%-ға орындалды.



Аз қамтылған тұрғындардың көлемін азайтуға бағытталған шаралар:
Атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың саны -40 отбасы (180 адам), 2014 жылмен салыстырғанда 20%-ға кем (2014жылы -46 отбасы, 225 адам ).

2015 жылға бөлінген қаражат 50208,0 мың теңге, толық игерілді.

Балаларға мемлекеттік төленетін жәрдемақыларды алатын отбасылар саны 337 отбасыны құрады (оның ішінде 911 бала), 2014-жылмен салыстырғанда 4,8 пайызға кем (2014 жылы -345 отбасы, 956 бала). 2015 жылға бөлінген қаражат 17739,0 мың теңге игерілді.

2015 жылы тұрғын үй көмегін алушылар саны-59 отбасы (80 адамды) құрады. 2014 жылмен салыстырғанда 3,5%-ға көбейді (2014 жылы-57 отбасы болса, алушылар саны -136 адам). 2015 жылға бөлінген 1200,0 мың теңге қаражаты толығымен игерілді.


«Өрлеу» бағдарламасы бойынша АҚПАРАТ
Ауданда әлеуметтік келісім шарт жасасу негізінде жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет ұсынатын шартты ақшалай көмекке бағытталған төлем- «Өрлеу» пилоттық бағдарламасы енгізілуде. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша ақшалай көмекті (ШАК) енгізудің мақсаты азаматтардың табысы аз санаттарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға ынталандыру болып табылады.

«Өрлеу» пилоттық бағдарламасы бойынша ашалай көмегің алатындардың саны 34 отбасыны құрады (оның ішінде 161 адам), 9149 мың теңге төленді (3768,0 мың теңге жергілікті және 5381,0 мың теңге республикалық бюджет).



Мүмкіндігі шектеулі балалар, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар адамдар, жалғыз басты қарттар мен жалғыз басты мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуде

қолданылатын шаралар:

Жалпы әлеуметтік қызметкерлер көмек көрсетіп отырғандардың саны- 183 адам, оның ішінде:



  1. Мүгедек балалар саны-26

  2. 18 ден асқан психоневрологиялық бұзылушылықтары бар адамдар

саны- 45

  1. жалғызбасты қарттар мен мүгедектер саны-112

2015 жылдың аудан бюджетінен үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 8 мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруға 1537,0 мың теңге қаражат бөлініп, толық игерілді.

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруға орташа көрсеткіші 10489 теңгені құрды.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жартылай стационарда қызмет алушылар саны – 20, оның ішінде, мүгедек балалар саны – 8, 18 жастан асқан психоневрологиялық бұзылушылықтары бар адамдар саны - 12.
ҰОС ардагерлеріне және тыл зейнеткерлеріне әлеуметтік қызмет көрсетуде қолданылатын шаралары:
Ұлы Отан соғысыныі Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлерлеріне

7 млн. 70 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек төленді, әр біреүіне 505,0 мың теңгеден. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тенестірілгендерге «оның ішінде, жауынгерлердің жесірлері, интернационалист жауынгерлер, Чернобыль АЭС апатына қатысушылары) материалдық көмектің сомасы 5572,0 теңгені құрады.

8 наурыз- Халық аралық әйелдер күні мерекесіне және 1- маусым Балаларды қорғау мерекесіне арнап «Алтын алқа», «Күміс алқа» атағын алған , және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған, 4 және одан да көп балалары бар көпбалалы аналарға 9390,0 мың теңгенің қаражаты беріліп,төленді. Сонымен қатар төртінші балаға босанған 14 аналарға біржолғы жәрдемақы ретінде 700,0 мың төленді.

Қолдау фазасындағы туберкулез ауруымен ауратын 31 азаматқа 476,0 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетілді.



Мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша жүзеге асыру шаралары:
2015 жылдың Катонқарағай ауданы бойынша жалпы мүгедектер саны 1310-ны құрайды, 1,2-топ- 651, 3- топ -577, мүгедек балалар саны- 75.

2015 жылы міндетті гигиеналық құралдармен 54 мүгедек қамтамасыз етіліп, 8397,6 мың теңгенің қаражаты бөлінді, соның ішінде памперстер - 48633 дана, нәж қабылдағыштар-1094 дана, несеп қабылдағыштар -1825 дана.

Сонымен қатар 5 ұялы телефон, 2 видеокомпьютер, 5 таяқ, 5 тифломагнитолла, нашар көретіндерге 3 сағат, 9 арба-коляскалармен қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылы бөлімге жұмысқа орналасу мәселесімен 17 мүгедек жүгінді, 6 тұрақты жұмыс орнына орналастырылды, 6- уақытша жұмыс орнына, 2 қоғамдық жұмысқа қатысты, біреүі қайта даярлау оқуына жіберілді.

2015 жылы «Уба» шипажайында 61- зейнеткер, үшінші топтағы 2 мүгедек денсаулықтарын жақсартты
Қайырымдылық көмек көрсету бойынша:
Ауданында күнкөрісі төмен отбасыларға, жалғызілікті қарт зейнеткерлер мен мүдектерге материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету мәселелеріне көп көңіл аударылады. 2015 жылда демеушілердің қаражатынан 3261,0 мың теңгеге 895 адамға қайырымдылық көмегі көрсетілді. Азық-түлікпен 750 адам 2050,0 мың теңгенің, отын көмірмен 80 адам 2450,0 теңгенің, ақшалай 65 адам 321,0 мың теңгенің қаражатымен көмек көрсетілді.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдараламасының жүзеге асырылуы бойынша ақпарат
Катонқарағай ауданы бойынша 2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасымен 204 адам қамтылды, яғни жоспар 154%-ға орындалды.

Бағдарлама қатысушыларының құрамында 8 мүмкіндіктері шектеулі азаматтар бар.



Бағдарламаның бірінші бағыты – «Инфрақұрылым мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету».

Бағдарламаның бірінші бағытын жүзеге асыру үшін бюджеттен бөлінген қаражат 92,557 млн. теңге, соның ішінде Республикалық бюджеттен – 83,302 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 9,359 млн.теңге бөлінген. Барлығы 34 жаңа жұмыс орындары ашылып, соның ішінде 18 жұмыс орыны жұмыспен қамту орталағы арқылы ашылған.

Бұл бағыттың шеңберінде ауданымыздың Солдатово, Ново-Поляковка, Жамбыл және Өрел ауылдарында жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл жөндеу жұмыстарына жұмыспен қамту орталығы арқылы 18 адам жолданды, яғни жоспар 100%-ға орындалды.

Екінші бағыт – «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту».

Бағдарламаның екінші бағыты аясында ауданымызға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 45,9 млн. теңге бөлінген.

Бүгінгі күні «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 23 адам шағын несие алды, соның ішінде сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіруге 21 жоба бойынша - 41,4 млн. теңге, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды несиелендіруге 1 жобаға – 1,5 млн.теңге, ауыл шаруашылық қызмет көрсетуге 1 жобаға - 3 млн.теңге бөлінген.

Үшінші бағыт - «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу».

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша бөлінген қаражат – 4,982 млн. теңге.

Бағдарлама қатысушыларын әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін республикалық бюджеттен – 2,536 млн.теңге бөлінген, бұл жұмыстарға 15 адам жолдауға жоспарланып, 17 қатысушы жолданған, яғни жоспардың 113% құрады.

Жастар іс-тәжірибесіне республикалық бюджеттен – 2,141 млн.теңге бөлінген, 10 адам жолдауға жоспарланып, 14 қатысушы жастар іс-тәжірибесіне жолданды, яғни жоспардың 140 % құрады.



Қайта даярлау курсына республикалық бюджеттен - 05 мың.теңге бөлініп, 1 адам «машинамен сауу операторы» мамандығына оқуға жолданды. Бүгінгі күні қаражатты игеру 100% құрады.
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет