Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидасын бекiту туралы



жүктеу 195.61 Kb.
Дата03.03.2016
өлшемі195.61 Kb.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 18 шiлдедегi № 817 Қаулысы

 

"Егемен Қазақстан" 2011 жыл, 20 шiлде, № 305-306 (26700); "Казахстанская правда" от 21.07.2011 г., № 225 (26646)



 

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы  


Үкiметiнiң         
2011 жылғы 18 шiлдедегi 
№ 817 қаулысымен   
бекiтiлген  

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидасы (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi, «Халықтың көшi-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына және «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына сәйкес әзiрлендi. z1100000477 қараңыз


      Қағида өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрi – Бағдарлама) үшiншi бағытына қатысу, қоныс аударуды ұйымдастыру, оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету және мемлекеттiк қолдау көрсетуге берiлген нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбiн айқындайды.
      2. Үшiншi бағытқа қатысушыларды мемлекеттiк қолдау:
      1) көшуге субсидия берудi;
      2) қызметтiк тұрғын үй берудi;
      3) жаңа тұрғылықты жерiнде кәсiптiк оқу курстарынан өтудi және жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi;
      4) психологиялық бейiмдеудi қамтиды.
      3. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) аудандық/қалалық комиссия – жергiлiктi атқарушы органның жанындағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;
      2) ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган;
      3) әлеуметтiк келiсiмшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының өз бетiнше жұмыспен айналысушы, жұмыссыз және табысы аз азаматтар қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталықтары арасындағы тараптардың құқықтары мен өзара мiндеттемелерiн айқындайтын келiсiм;
      4) Бағдарламаға қатысушылар – Бағдарламаға қатысуға оң шешiм алған, өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары;
      5) Бағдарламаның операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      6) Бағдарлама шеңберiнде ұсынылатын ынталандырушы төлемдер – Бағдарлама шеңберiнде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын жеке тұлғаларға төленетiн ақшалай қаражат (стипендиялар; оқу орнына дейiн және керi жол жүруiне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйдi жалдаумен (жалға алумен) байланысты шығындарды өтеуге субсидиялар; бюджет қаражаты есебiнен субсидияланатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын жеке тұлғалар жалақысының бөлiгi; көшуге берiлетiн субсидиялар);
      7) беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым – екiншi деңгейдегi банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар;
      8) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган – бюджеттi атқару саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган;
      9) қызметтiк тұрғын үйдi жалға беру – қызметтiк тұрғын үйдi немесе оның бiр бөлiгiн жалға алушыға уақытша пайдалануға және ақысын төлетiп пайдалануға беру;
      10) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi мемлекеттiк басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган;
      11) қызметтiк тұрғын үй – азаматтардың еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз мiндеттерiн орындауы кезеңiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттiк мекеменiң тұрғын үй қорынан берiлетiн, оларды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегi тұрғын үй;
      12) өңiрлiк комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының жанындағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;
      13) уәкiлеттi орган – өңiрлiк деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудi және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесi;
      14) халықты жұмыспен қамту орталығы – жергiлiктi атқарушы орган жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыру мақсатында ауданда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада құрылатын мемлекеттiк мекеме;
      15) экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеудi салааралық және өңiраралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган;
      16) экономикалық өсу орталығы – соңғы 5-10 жыл бойы экономикалық көрсеткiштерiнiң тұрақты өсуiмен және жоғары демографиялық әлеуетiмен (көшi-қон сальдосы оң) сипатталатын елдi мекен.
      4. Экономикалық әлеуетi төмен және жоғары елдi мекендердi және экономикалық өсу орталықтарын айқындау үшiн өлшемдердi ауыл шаруашылығы және экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар әзiрлейтiн және бекiтетiн болады.
      Республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан басқа, жергiлiктi атқарушы органдар белгiленген өлшемдер негiзiнде экономикалық әлеуетi төмен және жоғары елдi мекендердiң және экономикалық өсу орталықтарының тiзбесiн айқындайды және оны ауыл шаруашылығы және экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдармен келiседi.
      Экономикалық әлеуетi төмен және жоғары елдi мекендердiң және экономикалық өсу орталықтарының тiзбесiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия бекiтедi.
      5. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарлама операторы мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, жыл сайын айқындайтын басым кәсiптер (мамандықтар) тiзбесiн, ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамды жұмыс орындарының жалпыұлттық дерекқорын, сондай-ақ өңiрлердi дамыту бағдарламасы мен Үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi мемлекеттiк бағдарлама (бұдан әрi – ҮИИМБ) шеңберiнде iске асырылатын жобаларды ескере отырып:
      1) экономикалық әлеуетi төмен елдi мекендерде тұратын, облыстың (ауданның/қаланың) экономикалық әлеуетi жоғары елдi мекендерiне және экономикалық өсу орталықтарына қоныс аударуға қатыса алатын өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың санын;
      2) экономикалық әлеуетi жоғары елдi мекендердегi және экономикалық өсу орталықтарындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың еңбек ресурстарына қажеттiлiгiн, олардың жұмыс күшiне деген сұранысын қанағаттандыру үшiн қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттiлiгiн айқындайды;
      3) еңбек ресурстарына қажеттiлiктi аудандық/қалалық комиссиялармен келiседi және ақпаратты уәкiлеттi органға жiбередi.
      6. Уәкiлеттi орган ұсынылған ақпараттың негiзiнде:
      1) экономикалық әлеуетi төмен елдi мекендерде тұратын, облыстың (ауданның/қаланың) экономикалық әлеуетi жоғары елдi мекендерiне және экономикалық өсу орталықтарына қоныс аударуға қатыса алатын өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың жалпы санын айқындайды;
      2) еңбек ресурстарына деген қажеттiлiк және азаматтардың қоныс аудару ықтималдығы туралы ақпаратты өңiрлiк комиссияға жолдайды.
      7. Өңiрлiк комиссия шыққан және қабылданатын жерiн айқындай отырып, облыс (аудан, қала) шегiнде қоныс аударатын азаматтардың ықтимал санын келiседi және қоныс аударуды ұйымдастыру үшiн ұсынымды уәкiлеттi органға және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталығына жiбередi.
      8. Өңiрлiк және аудандық/қалалық комиссияның құрамына жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, уәкiлеттi органның (халықты жұмыспен қамту органдарының), қызметкерлер мен жұмыс берушiлер бiрлестiктерiнiң, қоғамдық бiрлестiктердiң және өзге де мүдделi ұйымдардың өкiлдерi кiредi.

2. Азаматтардың Бағдарламаның үшiншi бағытына қатысу тәртiбi 

      9. Бағдарламаға қатысу үшiн экономикалық әлеуетi төмен елдi мекенде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалада және астанада тұратын өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.


      10. Өтiнiшке азаматтың және онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң мынадай құжаттары қоса берiледi:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi (отбасының кәмелетке толған мүшелерiне Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi не паспорты, отбасының кәмелетке толмаған мүшелерiнiң туу туралы куәлiктерi);
      2) салық төлеушiнi тiркеу нөмiрiнiң (ЖСН, СТН) көшiрмесi;
      3) әлеуметтiк жеке кодының (ӘЖК) көшiрмесi;
      4) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың (азаматтарды тiркеу кiтабы, мекенжай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы) көшiрмесi;
      5) еңбек кiтапшасының көшiрмесi немесе еңбек қызметiн растайтын өзге құжат (еңбек қатынастарындағы қызметкерлер үшiн);
      6) бiлiмi туралы құжаттың (диплом, аттестат, куәлiк), сондай-ақ бiлiмi мен бiлiктiлiгiн растайтын басқа да құжаттардың көшiрмесi;
      7) өтiнiш берушiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының дерекқорынан алынған табысы туралы анықтама немесе табысы туралы үзiндi көшiрме.
      11. Халықты жұмыспен қамту орталықтары он жұмыс күнi iшiнде өтiнiштер мен құжаттарды өңiрлiк не аудандық/қалалық комиссияның қарауына жiбередi.
      12. Бағдарламаны iске асырудың үшiншi бағытына қатысудың басым құқығын ауыл жастары иеленедi.
      13. Өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының экономикалық әлеуетi төмен елдi мекендерден көшуi:
      1) бiр ауданның iшiнде;
      2) бiр облыс шегiндегi бiр ауданнан басқа ауданға жүзеге асырылуы мүмкiн.
      14. Бағдарламаға қатысуға туралы өтiнiш берушiлердiң құжаттарын қарау қорытындысы бойынша өңiрлiк комиссиялар бiр ауданнан басқа ауданға, республикалық маңызы бар қала және астана шегiнде қоныс аударатын азаматтарға қатысты, ал аудандық/қалалық комиссиялар бiр ауданның шегiнде қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгiзу (енгiзуден бас тарту) туралы ұсыным дайындайды.
      Өңiрлiк және аудандық/қалалық комиссияның отырысы Бағдарламаға қатысуға өтiнiштер мен құжаттардың келiп түсуiне қарай, бiрақ кемiнде айына бiр рет өткiзiледi.
      15. Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгiзiлетiн үмiткерлердiң тiзiмiн қалыптастыру кезiнде мыналар ескерiледi:
      1) қоныс аударуды ұйымдастыру кезiнде:
      соңғы үш жылда бекiтiлген тiзбеге сәйкес экономикалық әлеуетi төмен елдi мекенде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қала және астана шегiнде тұруы;
      кәсiптiк даярлығының өңiрлiк немесе ҮИИДМБ шеңберiнде iске асырылатын инвестициялық жобалардың бейiнiне, сондай-ақ өңiр, республикалық маңызы бар қала және астана кәсiпорындарының еңбек ресурстарына деген қажеттiлiгiне сәйкес келуi;
      айлық жиынтық кiрiсi бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң әрқайсысына шаққанда өтiнiш берген тоқсаннан алдыңғы тоқсандағы ең төмен күнкөрiс деңгейi мөлшерiнен аспауға тиiс.
      Бұл ретте, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлiнiсiнде статистика жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындаған ең төмен күнкөрiс деңгейi қолданылады.
      2) вахталық әдiс бойынша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру кезiнде кәсiптiк даярлығының өңiрлiк немесе ҮИИДМБ шеңберiнде iске асырылатын инвестициялық жобалардың бейiнiне сәйкес келуi.
      16. Отбасының жиынтық кiрiсiне, тұрғын үй көмегi мен атаулы әлеуметтiк көмектен, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберiнде берiлетiн ынталандырушы төлемдерден басқа, белгiленген уақыт кезеңiнде ақшалай немесе заттай нысанда нақты алынған кiрiстердiң барлық түрi енгiзiледi.
      Жиынтық кiрiстi Бағдарлама операторы бекiткен Ережеге сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығы айқындайды.
      Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде бiрге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргiзетiн және тұрғылықты жерi бойынша бiр елдi мекенде тiркелген отбасының барлық мүшелерi ескерiледi.
      17. Бағдарламаға қатысушылардың саны көшудi және қызметтiк тұрғын үйдi салуды субсидиялауды қаржыландыру жоспарында көзделген қаражат көлемiне, сондай-ақ жұмыс берушiлердiң вахталық әдiс бойынша жұмысқа орналастыруға деген қажеттiлiгiне қарай айқындалады.
      18. Халықты жұмыспен қамту орталығы өңiрлiк не аудандық/қалалық комиссияның ұсынымын алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiлердi Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгiзу туралы (бас тарту туралы) шешiм қабылдайды.
      19. Бағдарламаға қатысуға үмiткер осы Қағиданың 15-тармағында көрсетiлген шарттарға сәйкес келмеген жағдайларда Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгiзуден бас тартылады.
      20. Шыққан жерiнiң халықты жұмыспен қамту орталықтары шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiлерге жазбаша хабарлайды.
      21. Халықты жұмыспен қамту орталығының Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгiзу туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа шағым жасауға болады.
      22. Шыққан жерiнiң және келген жерiнiң халықты жұмыспен қамту орталықтары қабылданған шешiмдердiң негiзiнде Бағдарламаға қатысушылардың қоныс аудару тәртiбiн, мерзiмiн және оларды қабылдау, оның iшiнде жұмыстарды вахталық әдiс бойынша ұйымдастыру шарттарын келiседi.
      23. Азаматтарды Бағдарламаға қатысушылар қатарына енгiзу туралы шешiмнiң және қоныс аудару немесе вахталық әдiс бойынша жұмыспен қамту шарттарын келген жерiнiң халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келiсу негiзiнде шыққан жерiнiң халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға қоныс аударуға немесе вахталық әдiс бойынша жұмысқа орналасуға осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес жолдама бередi.
      24. Шыққан жерiнiң халықты жұмыспен қамту орталығы берген жолдаманың негiзiнде келген жерiнiң халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушымен Бағдарлама операторы әзiрлеген нысан бойынша әлеуметтiк келiсiмшарт жасайды.

1. Қоныс аударуды ұйымдастыру, көшуге субсидия беру және қызметтiк тұрғын үй беру тәртiбi



      25. Бағдарламаға қатысушылардың қоныс аударуы қызметтiк тұрғын үйдiң берiлуiмен, сондай-ақ көшуге субсидияның төленуiмен өз бетiнше жүзеге асырылады.
      Бұл ретте, жаңа тұрғылықты жерi бойынша меншiк құқығында тұрғын үйi не тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйi бар Бағдарламаға қатысушыларға қызметтiк тұрғын үй берiлмейдi.
      26. Қызметтiк тұрғын үй алу және көшуге субсидия тағайындау үшiн Бағдарламаға қатысушы отбасының құрамын және беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымда алдын ала ашылған жеке шотын көрсете отырып, келген жерiнiң халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша өтiнiш бередi.
      Өтiнiшке Бағдарламаға қатысушы мен оның көшiп келген отбасы мүшелерiнiң мынадай құжаттары қоса берiледi:
      1) шыққан жерiнiң халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi (отбасының кәмелетке толған мүшелерiне Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi не паспорты, отбасының кәмелетке толмаған мүшелерiнiң туу туралы куәлiктерi);
      3) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң (ЖСН, СТН) көшiрмесi;
      4) әлеуметтiк жеке кодының (ӘЖК) көшiрмесi;
      5) бiлiмi туралы құжаттың (диплом, аттестат, куәлiк), сондай-ақ бiлiмi мен бiлiктiлiгiн растайтын басқа да құжаттардың көшiрмесi;
      6) келген жерi бойынша тұрғын үйiнiң жоқ екенi туралы жергiлiктi атқарушы органның анықтамасы.
      27. Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелерiне көшуге берiлетiн субсидия олар жаңа тұрғылықты жерiне келгеннен кейiн және қызметтiк тұрғын үйдi жалға алу шартын жасағаннан кейiн не тұрғын үй мәселесiн өз бетiнше шешкен жағдайда келген жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi негiзiнде берiледi.
      Бағдарламаға қатысушының жаңа тұрғылықты жерiне келмеген отбасы мүшелерiне көшуге субсидия берiлмейдi.
      28. Келген жерiнiң халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушымен қызметтiк тұрғын үйдi жалға алу туралы шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде не тұрғын үй мәселесiн өз бетiнше шешкен жағдайда келген жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi негiзiнде, осы Қағиданың 26-тармағында көрсетiлген құжаттардың барлығы болған жағдайда, осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес көшуге берiлетiн субсидияны тағайындау туралы шешiм шығарады.
      Еңбек қызметiн вахталық әдiс бойынша жүзеге асыратын, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың және астананың шегiнде тұратын және қызметтiк тұрғын үй алған Бағдарламаға қатысушыларға көшуге берiлетiн субсидия тағайындалмайды.
      29. Көшуге берiлетiн субсидияны тағайындау туралы шешiмде Бағдарламаға қатысушының отбасы құрамы, оларға берiлетiн тиiстi төлемдердiң мөлшерi және беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымда ашылған жеке шотының нөмiрi көрсетiледi.
      30. Халықты жұмыспен қамту орталығы көшуге берiлетiн субсидияны тағайындау туралы шешiм шығарғаннан кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдарға тиiстi төлемдердi аударады.
      31. Бағдарламаға қатысушыларға көшуге берiлетiн субсидиялар:
      1) бiр ауданның iшiнде қоныс аударушыларға – отбасының басшысына он еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, отбасы мүшелерiнiң әрқайсысына бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      2) бiр облыс шегiнде бiр ауданнан басқа ауданға қоныс аударушыларға – отбасының басшысына жиырма бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, отбасы мүшелерiнiң әрқайсысына он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бөлiнедi.
      32. Әлеуметтiк келiсiмшарттың талаптарына сәйкес Бағдарламаға қатысушы (отбасымен бiрге) келген жерiнен алты айдың iшiнде кеткен жағдайда көшуге берiлетiн субсидияның сомасы бюджетке өтеледi.
      Бағдарламаға қатысушы отбасы мүшелерiнiң бiреуi келген жерiнен алты ай iшiнде кеткен жағдайда, отбасының кетiп қалған мүшесi алған көшуге берiлген субсидия сомасы бюджетке қайтарылады.
      33. Бағдарламаға қатысушыларға келген жерлерiнде олардың қалауы бойынша қызметтiк тұрғын үй берiледi.
      Берiлетiн қызметтiк тұрғын үйдiң ауданы отбасының құрамына қарай бiрге тұратын отбасы мүшесiнiң бiреуiне он сегiз шаршы метрден не отбасына жүз шаршы метрден аспауға және бiр бөлмелi пәтерден не отбасылық үлгiдегi жатақхананың бiр бөлмесiнен кем болмауға тиiс.
      Еңбек қызметiн вахталық әдiс бойынша жүзеге асыратын, сондай-ақ жаңа тұрғылықты жерi бойынша меншiк құқығында тұрғын үйi не тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйi бар Бағдарламаға қатысушыларға отбасылық үлгiдегi жатақхананы қоспағанда, қызметтiк тұрғын үй берiлмейдi.
      34. Республикалық маңызы бар қалада және астанада қызметтiк тұрғын үй беру қаланың шегiнде тұратын Бағдарламаға қатысушылар үшiн ғана көзделедi.
      35. Қызметтiк тұрғын үй халықты жұмыспен қамту орталығының тұрғын үй беру туралы қабылданған шешiмi және халықты жұмыспен қамту орталығы мен Бағдарламаға қатысушы арасында жасалған қызметтiк тұрғын үйдi жалға беру туралы шарт негiзiнде берiледi.
      36. Бағдарламаға қатысушымен қызметтiк тұрғын үйдi жалға алу шартын келген жерiнiң халықты жұмыспен қамту орталығы тұрғын үй комиссиясы тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде жасайды.
      Бағдарлама қатысушы қызметтiк тұрғын үйдi жалға алу шартының тарапы болады. Қызметтiк тұрғын үйдi жалға алу шартына Бағдарламаға қатысушының сенiмдi адамының қол қоюына жол берiлмейдi.
      Қызметтiк тұрғын үйдi жалға алу шарты үш данада жасалады. Қызметтiк тұрғын үйдi жалға алу шартының бiр данасы халықты жұмыспен қамту орталығында сақталады, қатаң есептiлiк құжаты ретiнде сақталатын екiншiсi жергiлiктi атқарушы органға берiледi, үшiншiсi өтiнiш берушiге берiледi және қызметтiк тұрғын үйге қоныстануға құқық беретiн бiрден-бiр құжат болып табылады.
      37. Егер шарт жасау туралы ұсыныс берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Бағдарламаға қатысушы шарттың талаптарымен келiспеуiне байланысты қызметтiк тұрғын үйдi жалға алу шартына қол қоймаса, халықты жұмыспен қамту орталығы қызметтiк тұрғын үйдi Бағдарламаның басқа қатысушысына қайта бөледi.
      Бағдарламаның жаңа қатысушысымен шарт жасау осы Қағиданың 36-тармағында белгiленген мерзiмде жүзеге асырылады.
      38. Жалға алу шартына сәйкес жалға алу шарты күнтiзбелiк бiр жыл мерзiмге жасалады және ол аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк бiр ай бұрын хабарлама жiберетiн жағдайларды қоспағанда, автоматты түрде ұзартылады.
      39. Бағдарламаға қатысушылар осы Қағидаға сәйкес қызметтiк тұрғын үй алу құқығын бiр рет қана iске асырады.
      40. Қызметтiк тұрғын үйдi жалға алудың ай сайынғы төлемiнiң мөлшерiн құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлем мөлшерiн есептеу әдiстемесiне сәйкес жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.
      41. Коммуналдық және пайдалану қызметтерiнiң шығыстары қызметтiк тұрғын үйдi жалға алу төлемiнiң сомасына кiрмейдi және Бағдарламаға қатысушы оны өзi төлейдi.
      42. Қызметтiк тұрғын үй жалға берiлген кезде қосалқы жалға алуға жол берiлмейдi.
      43. Бағдарламаға қатысушының отбасы мүшесiнiң жеке қызметтiк тұрғын үй беру немесе Бағдарламаның басқа қатысушысының отбасы құрамында қызметтiк тұрғын үй беру туралы өтiнiшi қаралмайды.
      44. Жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен отбасылық үлгiдегi жатақханалардан орын беру, тұрғын үйлердi сатып алу, осы Қағиданың 33-тармағында көрсетiлген шарттарға сәйкес келетiн құрылысы басталған объектiлердi салып бiтiру есебiнен қамтамасыз ете алады.
      45. Бағдарламаға қатысушылар тиiстi бiлiктiлiгi болған жағдайда қызметтiк тұрғын үйдi салу және тиiстi инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту барысында құрылатын жұмыс орындарына басым құқығы болады.
      46. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысушылар ретiнде қызметтiк тұрғын үй берiлген Бағдарламаға қатысушылар қызметтiк тұрғын үйде кемiнде бес жыл тұрған жағдайда, өздерi тұратын қызметтiк тұрғын үйдi қалдық құны бойынша Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жекешелендiре алады.
      47. Қызметтiк тұрғын үйлердi жекешелендiру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

2. Үшiншi бағытқа қатысушыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

      48. Кәсiптiк даярлығы бар Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшiн Бағдарламаның бiрiншi бағытында көзделген шарттарда бос жұмыс орындары, әлеуметтiк және уақытша жұмыс орындары пайдаланылады.
      Еңбек нарығындағы нақты жағдайларды ескере отырып, жұмыстар вахталық әдiспен ұйымдастырылуы мүмкiн.
      Жұмыспен қамту жаңа тұрғылықты жерiне келгенге дейiн және одан кейiн жұмыс берушiлермен жасалған Келiсiм негiзiнде қамтамасыз етiледi.
      49. Жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жағдайда Бағдарламаға қатысушыларға келген жерi бойынша Бағдарламаның бiрiншi бағытында көзделген шарттарда кейiннен жұмысқа орналастыра отырып оқуға немесе Бағдарламаның екiншi бағытында көзделген шарттарда жеке iсiн ұйымдастыруға мүмкiндiк берiледi.
      50. Бағдарламаны iске асырудың барлық кезеңдерiнде, оған Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуы туралы ақпарат «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде орналастырылады.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтары әлеуметтiк келiсiмшартты сүйемелдеудi және мониторинг жүргiзудi жүзеге асырады, жүргiзiлген iс-шаралардың тиiмдiлiгiн бағалайды және Бағдарламаға қатысушылардың өздерiне қабылдаған мiндеттемелерiн орындауын бақылайды.

3. Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттiк қолдау шараларын қаржыландыру

      51. Бағдарламаға қатысушыларға көшуге, инфрақұрылым объектiлерiн дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға субсидия беру үшiн облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне нысаналы трансферттер бөлiнедi.


      Нысаналы трансферттердi уақытылы аудару, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына және түпкiлiктi нәтижесiне мониторинг жүргiзу үшiн:
      1) бағдарлама Операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасында Бағдарламаға қатысушылардың қоныс аудару шығындарын өтеу бөлiгiнде;
      2) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасында инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бөлiгiнде нысаналы трансферттердiң нәтижелерi туралы келiсiмдер жасалады.
      52. Бағдарлама операторы мен құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша нысаналы трансферттердi аударады.
      53. Инфрақұрылым объектiлерiн салуға немесе реконструкциялауға нысаналы даму трансферттерi объектiлер бойынша бөлместен бiр сомамен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне аударылады.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары тиiстi шешiмдер қабылданғаннан кейiн екi апталық мерзiмде iске асырылуына қаражат көзделген объектiлер бөлiнiсiнде жергiлiктi инвестициялық жобалар туралы жиынтық ақпаратты бюджеттi атқару жөнiндегi және құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарға жiбередi.
      54. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1) ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне Келiсiмде бекiтiлген нысан бойынша Бағдарлама операторына – экономикалық әлеуетi жоғары елдi мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшiп келген, субсидия алған, тұрғын үй алған, жұмысқа орналастырылған (жұмыспен қамту түрлерi бөлiнiсiнде), оқуға жiберiлген және жеке iсiн ұйымдастырған Бағдарламаға қатысушылардың саны туралы туралы;
      2) жартыжылдық қорытындысы бойынша жылына екi рет құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға – салынған және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылған объектiлердiң саны туралы есеп бередi.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң  


белсендi шараларына қатысатын  
адамдардың ұтқырлығын арттыруға 
жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк
қолдау шараларын көрсету қағидасына
1-қосымша        
 

________________________ ауданының


      (қаласының)
Халықты жұмыспен қамту орталығының
директорына           
 
______________________мекенжайында
тұратын __________________________
__________________________________
 
 

ӨТIНIШ

      Менi Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысушылардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу бағыты бойынша Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушылар қатарына қосуыңызды сұраймын.


      Мына құжаттарды өтiнiшке қоса беремiн:
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi (отбасының кәмелетке толған мүшелерiне Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi не паспорты, отбасының кәмелетке толмаған мүшелерiнiң туу туралы куәлiктерi);
      салық төлеушiнi тiркеу нөмiрiнiң (ЖСН, СТН) көшiрмесi;
      әлеуметтiк жеке кодының (ӘЖК) көшiрмесi;
      тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың (азаматтарды тiркеу кiтабы, мекенжай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы) көшiрмесi;
      еңбек кiтапшасының көшiрмесi немесе еңбек қызметiн растайтын өзге құжат (еңбек қатынастарындағы қызметкерлер үшiн);
      бiлiмi туралы құжаттың (диплом, аттестат, куәлiк), сондай-ақ бiлiмi мен бiлiктiлiгiн растайтын басқа да құжаттардың көшiрмесi;
      өтiнiш берушiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының дерекқорынан алынған табысы туралы анықтама немесе табысы туралы үзiндi көшiрме.

Барлығы______ құжат _____ парақта.

Көшу шартымен таныстым.

Күнi                                                   қолы

Азамат ___________________________________________________________
өтiнiшi
20____ж.«___»____________қабылданды. № ___болып тiркелдi.

 
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А. Ә., лауазымы және қолы:


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Күнi                                                   Қолы

*ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтiнiш берушi жауапты болады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi


шараларына қатысатын адамдардың  
ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және 
оларға мемлекеттiк қолдау шараларын 
көрсету қағидасына           
2-қосымша               

Көшуге немесе еңбек қызметiн вахталық әдiс бойынша жүзеге асыруға
№____ жолдама

      Аталған жолдама Халықты жұмыспен қамту орталығының 20__ ж. «___» ____________ шешiмiне сәйкес __________ мекенжайында тұратын ________________ берiлдi.


      Онымен бiрге отбасының мынадай мүшелерi қоныс аударады:
 

р/с


Т. А. Ә.

Туыстық қатынасы














































   
 

      Басшы                                      Т.А.Ә. қолы

      Жолдама берiлген күн М.О.
 

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi


шараларына қатысатын адамдардың  
ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және
оларға мемлекеттiк қолдау шараларын
көрсету қағидасына        
3-қосымша            

________________________________


ауданының (қаласының)          
Халықты жұмыспен қамту         
орталығының директорына        
кiмнен__________________________
________________________________

Қызметтiк тұрғын үй беруге және көшуге субсидия тағайындауға өтiнiш

      Сiзден _______________________________________________________


(қоныс аудару себебiн көрсетiледi) байланысты маған және отбасымның
мүшелерiне отбасының мынадай құрамын ескере отырып:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
қызметтiк тұрғын үй берудi, қоныс аударуға субсидия тағайындауды және төлеудi сұраймын.
      Бiзге тиесiлi соманы
____________________________________________________________________
(банктiң атауы, банктiң СТН, (ЖСН), банктiң БИК, алушының есеп
шотының нөмiрi көрсетiледi) аударуыңызды сұраймын.
      Мына құжаттарды өтiнiшке қоса беремiн:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

20__ жылғы «_____»                     _____________________________


                                     (Бағдарламаға қатысушының қолы)

*ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтiнiш берушi жауапты болады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi
шараларына қатысатын адамдардың   
ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және 
оларға мемлекеттiк қолдау шараларын 
көрсету қағидасына         
4-қосымша            

_________________________ауданының (облыстық маңызы бар қаланың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың) Халықты жұмыспен қамту орталығы

_____      бұйрық

      Күнi                                  ауыл (қала)

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидасының 28-тармағына сәйкес Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының әлеуеттi қатысушылары ұсынған құжаттарды қарап, БҰЙЫРАМЫН:


      1. ____________________ отбасына қоныс аударуға мынадай мөлшерде субсидия тағайындалсын:
      1) Бағдарламаға қатысушыға____________ теңге мөлшерiнде;
      2) отбасы мүшелерiне _____________ теңге мөлшерiнде.
      Барлығы ____________ теңге.

      2. Субсидия __________________________________ (банктiң атауы, банктiң СТН, (ЖСН), банктiң БИК, алушының есеп шотының немесе төлем карточкасының нөмiрi көрсетiледi) аударылсын.



      Басшы                                      Т.А.Ә. қолы    


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет