Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекiту туралы



Дата03.03.2016
өлшемі144.79 Kb.
#36079
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 18 шiлдедегi № 815 Қаулысы

 

"Егемен Қазақстан" 2011 жыл, 20 шiлде, № 305-306 (26700); "Казахстанская правда" от 21.07.2011 г., № 225 (26646)



 

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                 К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2011 жылғы 18 шiлдедегi
№ 815 қаулысымен  
бекiтiлген    

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын
адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi
және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудi ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидасы

1. Жалпы ережелер 

      1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекiтiлген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрi – Бағдарлама) бiрiншi бағыты шеңберiнде өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы аз адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн айқындайды.


      2. Өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы аз адамдарды оқыту, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу:
      1) оқу және жұмысқа орналасу мәселелерi бойынша консультацияларды;
      2) стипендияның төленуiмен, бiлiктiгiн арттырудың, кәсiптiк даярлаудың және қайта даярлаудың (бұдан әрi – кәсiптiк оқыту) тегiн курстарына жолдауды;
      3) оқитын адамдарға (оқу орнына дейiн және керi жол жүруiне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйдi жалға алумен (жалдаумен) байланысты шығындарын өтеуге) субсидия берудi;
      4) лайықты бос жұмыс орындарын iздеудi және жұмысқа (оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орындарына) орналасуға жәрдемдесудi;
      5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын iшiнара субсидиялау;
      6) психологиялық бейiмдеудi қамтиды.
      3. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жоспарланған iс-шаралардың тиiмдiлiгiн бағалайды және Бағдарламаға қатысушылардың әлеуметтiк келiсiмшарт шеңберiнде қабылдаған мiндеттемелерiн орындауын бақылайды.
      Бағдарламаға қатысушылар мен Бағдарламаны iске асыруға қатысуға тiлек бiлдiрген жұмыс берушiлер туралы мәлiмет «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде орналастырылады.
      4. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) аудандық/қалалық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) – жергiлiктi атқарушы органның жанындағы Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;
      2) әлеуметтiк келiсiмшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетiнше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм;
      3) Бағдарламаға қатысушылар – Бағдарламаға қатысуға халықты жұмыспен қамту орталығының оң шешiмiн алған, өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар;
      4) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды үйлестiрушi орталық атқарушы орган;
      5) бiлiм беру саласындағы жергiлiктi атқарушы орган – техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм саласында бiлiм беру қызметтерiн көрсетудi басқару функцияларын iске асыратын жергiлiктi атқарушы органдардың облыстық бiлiм басқармалары;
      6) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган – бiлiм беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
      7) жалпыұлттық дерекқор (бұдан әрi – Дерекқор) – жекелеген кәсiптер (мамандықтар) бойынша ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамды жұмыс орындарының дерекқоры;
      8) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шаралары – мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын, өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттiк қолдау шаралары;
      9) жұмыс тобы – Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларын кәсiптiк оқуға жiберу мәселелерiн жедел қарау мақсатында халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерiнiң, бiлiм беру органдары мен ұйымдарының, жұмыс берушiлердiң, қызметкерлердiң бiрлестiктерi мен басқа да мүдделi ұйымдардың өкiлдерiнен тұратын топ;
      10) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен тиiстi мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендiк алған кезде одан тысқары тұрақты тұрып жатқан этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендiк алғаннан кейiн одан тысқары жерде туған және тұрақты тұрып жатқан ұлты қазақ балалары;
      11) уәкiлеттi орган – өңiрлiк деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудi және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесi;
      12) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органы құратын мемлекеттiк мекеме. 

2. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын
адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi
және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудi ұйымдастыру
және қаржыландыру тәртiбi 

1. Өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар
мен табысы аз адамдарды оқытуды ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi 

      5. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысуға үмiткерлерге кәсiп (мамандық) таңдаумен, кәсiптiк оқумен және оны аяқтағаннан кейiн жұмыс берушiлер мәлiмдеген және Дерекқорға енгiзiлген басым кәсiптердiң (мамандықтардың) тiзбесiн ескере отырып, ықтимал жұмысқа орналасумен байланысты мәселелер бойынша консультация бередi.


      6. Өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар (бұдан әрi – адамдар) Бағдарламаға қатысу үшiн халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.
      7. Өтiнiш беру кезiнде мынадай құжаттар ұсынылады және мыналар қоса берiледi:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi, паспорты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн оралманның куәлiгi);
      2) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН) мен әлеуметтiк жеке кодының (ӘЖК) немесе жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (ЖСН) көшiрмелерi;
      3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың (азаматтарды тiркеу кiтабы, мекенжай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы) көшiрмесi;
      4) еңбек кiтапшасының көшiрмесi немесе еңбек қызметiн растайтын өзге құжат (еңбек қатынастарындағы қызметкерлер үшiн);
      5) бiлiмi туралы құжаттың (аттестат, куәлiк, диплом), сондай-ақ оқу оқығанын растайтын басқа да құжаттардың (куәлiк, сертификат) көшiрмелерi;
      6) өтiнiш берушiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының дерекқорынан алынған, уәкiлеттi орган куәландырған табысы туралы анықтама немесе табысы туралы үзiндi көшiрме;
      7) денсаулық жағдайы туралы анықтама (денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нысанға сәйкес).
      8. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгiзу туралы өтiнiш тiркелген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде:
      1) үмiткерлердi Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгiзу туралы ұсыныс әзiрлеудi;
      2) Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгiзуге үмiткерлердiң тiзiмiн қалыптастыруды;
      3) қалыптастырылған тiзiмдер мен тiзiмге енгiзiлген үмiткерлердiң құжаттарын Комиссияның немесе жұмыс тобының қарауына берудi жүзеге асырады.
      9. Комиссия немесе жұмыс тобы ұсынылған құжаттарды екi жұмыс күнi iшiнде қарайды және Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгiзу (не одан бас тарту) туралы ұсыным бередi.
      10. Халықты жұмыспен қамту орталығы үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың қойылған талаптарға сәйкестiгiн тексеру нәтижесi және Комиссияның немесе жұмыс тобының ұсынымы негiзiнде Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгiзу (не одан бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.
      11. Халықты жұмыспен қамту орталығы шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнi қабылданған шешiм туралы жазбаша хабардар етедi.
      12. Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгiзуге үмiткерлердiң тiзiмiн қалыптастыру кезiнде бiлiм деңгейi, кәсiбiнiң (мамандығының) және бiлiктiлiгiнiң болуы ескерiледi.
      13. Бағдарламаға қатысуға үмiткерлердiң саны тиiстi қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарында оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге көзделген қаражат көлемiнiң негiзiнде айқындалады.
      14. Халықты жұмыспен қамту орталығының шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
      15. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгiзiлген адамдармен Бағдарлама операторы әзiрлеген нысан бойынша әлеуметтiк келiсiмшарт жасайды.
      16. Кәсiптiк бiлiмi бар Бағдарламаға қатысушыларға лайықты жұмыс болмаған жағдайда, сондай-ақ кәсiбi (мамандығы) жоқ Бағдарламаға қатысушыларға осы Қағидада көзделген шарттармен басым кәсiптер (мамандықтар) бойынша кәсiптiк оқудан өту ұсынылады.
      Кәсiптiк оқудан өтудiң басым құқығы ауылдық жерде тұратын жастар мен әйелдер қатарындағы Бағдарламаға қатысушылар иеленедi.
      17. Бағдарламаға қатысушыларды кәсiптiк оқыту:
      1) мыналарды:
      кәсiбi (мамандығы) жоқ, кәсiп (мамандық) игерудi және сол кәсiбi (мамандығы) бойынша жұмыс iстеудi қалайтын адамдарды;
      еңбек нарығында сұранысқа ие емес кәсiбi (мамандығы) бар, жаңа кәсiп (мамандық) игерудi және сол кәсiбi (мамандығы) бойынша жұмыс iстеудi қалайтын адамдарды кәсiптiк даярлауды;
      2) егер Бағдарламаға қатысушыларға кәсiбi (мамандығы) бойынша лайықты жұмыс ұсыныла алмайтын болған немесе олардың белгiлi бiр кәсiптер (мамандықтар) бойынша жұмысты орындауға қабiлеттiлiгi жойылған жағдайда, жаңа кәсiптер (мамандықтар) меңгеру мақсатында қайта даярлауды;
      3) кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру, анағұрлым жоғары разряд (сынып, санат) алу, өндiрiстiк қажеттiлiктi ескере отырып, прогрессивтi техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында бiлiктiлiгiн арттыруды қамтиды.
      Кәсiптiк оқудың әр түрлi түрлерi мен нысандарын ұйымдастырудың мақсаты, мiндеттерi мен ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi заңдарына және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес айқындалады.
      18. Бағдарламаға қатысушыларды кәсiптiк оқыту халықты жұмыспен қамту орталығының жолдауы бойынша бiлiм беру ұйымдарында не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiлiм беру қызметiне құқығы бар кәсiпорындарда (бұдан әрi – ұйымдар) жүргiзiледi.
      19. Базасында Бағдарламаға қатысушыларды басым кәсiптер (мамандықтар) бойынша кәсiптiк оқыту жүзеге асырылатын ұйымдардың тiзбесiн бiлiм беру саласындағы жергiлiктi атқарушы орган айқындайды, ол осы ұйымдармен тиiстi екiжақты шарттар жасайды.
      Кәсiптiк оқытуды жүзеге асыру үшiн ұйымдарды айқындау кезiнде:
      1) ұйымдардың бiлiм беру қызметiн мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыруы;
      2) өндiрiстiк практиканы ұйымдастыруға қатысуы ескерiледi.
      Бiлiм беру саласындағы жергiлiктi уәкiлеттi орган кәсiптер (мамандықтар) мен оқу ұзақтығын көрсете отырып, Бағдарламаға қатысушыларды кәсiптiк оқыту шарттарын жасасқан ұйымдардың тiзбесiн уәкiлеттi органға ұсынады, ол оны тиiстi өңiрдiң халықты жұмыспен қамту орталығының назарына жеткiзедi.
      Өңiрде базасында басым мамандықтар (кәсiптер) бойынша кәсiптiк оқытуды ұйымдастыруға болатын ұйым болмаған жағдайда, Бағдарламаға қатысушыларды өңiрден тыс жерде оқытуға жол берiледi.
      20. Кәсiптiк оқуға жiберiлетiн Бағдарламаға қатысушылардың тiзiмiн халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдар мен кәсiптер (мамандықтар) бөлiнiсiнде қалыптастырады және бiлiм беру саласындағы жергiлiктi атқарушы органға жiбередi.
      21. Бағдарламаға қатысушыларды кәсiптiк оқытудың ұзақтығы оқу бағдарламасының мазмұнына байланысты белгiленедi және:
      1) кәсiптiк даярлауды жүргiзген кезде – отыз алты айдан (техникалық және кәсiптiк бiлiм беру мамандықтары бойынша – мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарында көрсетiлген оқу мерзiмiнен);
      2) қайта даярлау кезiнде – алты айдан;
      3) бiлiктiлiгiн арттыру кезiнде – үш айдан аспауға тиiс.
      22. Кәсiптiк оқудан өту кезiнде меңгерген бiлiмi мен дағдысын аралық бағалаудан табысты өткен Бағдарламаға қатысушыға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында оқитын студенттер үшiн заңнамада белгiленген мөлшерде ай сайын мемлекеттiк стипендия төленедi.
      23. Ұйым Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты тұратын жерiнен тыс жердегi елдi мекендерде орналасқан жағдайда, олардың мынадай шығыстары:
      1) кәсiптiк даярлаудан өтушiлерге оқу орнына дейiн және керi жол жүру үшiн – бiр оқу жылының iшiнде төрт айлық есептiк көрсеткiштен (бұдан әрi – АЕК) аспайтын мөлшерде, қайта даярлаудан өтушiлер мен бiлiктiлiгiн арттырушыларға – оқу кезеңiнде екi АЕК-тен аспайтын мөлшерде;
      2) жатақханада тұрғаны үшiн (тұрғын үйдi жалға алу шығыстарын өтеу) – тұру қызметтерiнiң ақысын төлеу туралы ұсынылған құжаттардың негiзiнде айына он АЕК-тен аспайтын мөлшерде өтеледi.
      24. Бағдарламаға қатысушылардың оқу барысында меңгерген бiлiмi мен дағдысын аралық және қорытынды бағалауды бiлiм беру саласындағы жергiлiктi атқарушы органның, халықты жұмыспен қамту орталығының, жұмыс берушiлер өкiлдерiнiң қатысуымен бiлiм беру ұйымы жүзеге асырады.
      25. Ұйым халықты жұмыспен қамту орталығымен келiсiм бойынша Бағдарламаға қатысушыларды:
      1) дәлелдi себептерсiз қатарынан бес оқу күнiнен артық босатқан;
      2) үлгерiмi нашар болған немесе бiлiмiн аралық бақылау қанағаттанғысыз болған;
      3) бiлiм беру ұйымының iшкi тәртiбiн бұзған жағдайларда оқудан шығарады.
      26. Бағдарламаға қатысушыны оқудан шығарған кезде:
      1) бiлiм беру саласындағы жергiлiктi атқарушы орган бiлiм беру ұйымдарына төлем бойынша қайта есептеу жүргiзедi, бұл ретте төлем нақты ұсынылған қызметтердiң көлемiне барабар жүзеге асырылады;
      2) Бағдарламаға қатысушы әлеуметтiк келiсiмшарттың талаптарына сәйкес қызметтердiң осы көлемiнiң құнын, сондай-ақ стипендияға, оқу орнына баратын жолына және тұруға төленген соманы бюджетке өтейдi.
      27. Кәсiптiк оқуды табысты аяқтағаннан кейiн халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуға жәрдемдеседi.
      28. Бағдарламаға қатысушыларды кейiннен жұмысқа орналастыра отырып, кәсiптiк оқыту жұмыс берушiлердiң тiкелей қатысуымен де болуы мүмкiн (2012 жылдан бастап енгiзiледi).
      Бағдарламаға қатысушыларды кейiннен жұмысқа орналастыра отырып, кәсiптiк оқытуға қатысқысы келетiн жұмыс берушiлер кәсiптiк оқыту жүргiзiлетiн ұйымды өз бетiнше айқындайды, онымен Бағдарламаға қатысушыларды кәсiптiк оқыту туралы шарт жасайды, халықты жұмыспен қамту орталығына кәсiптiк оқуға жiберiлетiн Бағдарламаға қатысушылардың санын, ұйымды, кәсiптердiң (мамандықтардың) тiзбесi мен оқуын аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын жұмыс орындарының санын көрсете отырып, өтiнiм бередi. Өтiнiмге: ұйыммен жасасқан кәсiптiк оқу туралы шарт, жұмыс берушiнiң құрылтай құжаттары, оның СТН-i және банк деректемелерi қоса берiледi.
      Халықты жұмыспен қамту орталығы өтiнiм берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жұмыс берушiлермен тиiстi шарт жасайды және Бағдарламаға қатысушыларды кәсiптiк оқудан өту үшiн жұмыс берушi көрсеткен ұйымға жiбередi.
      Жұмыс берушi ұйымға кәсiптiк оқудың ақысын толық төлейдi.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарлама шеңберiнде белгiленген құны бойынша жұмыс берушiлердiң Бағдарламаға қатысушыларды оқытуға байланысты шығыстарының жетпiс пайызына дейiн өтейдi.
      Жұмыс берушiнiң кәсiптiк оқуға жұмсаған шығыстарын өтеу Бағдарламаға қатысушылар оқудың толық курсын аяқтағаннан кейiн, ұйымның қызметтерiне ақы төлеу туралы ұсынылған төлем құжаттарының, ұйымның Бағдарламаға қатысушыларға бiлiктiлiк беру (мамандық алу) туралы актiсiнiң және жұмыс берушiнiң Бағдарламаға қатысушыларды тұрақты жұмысқа қабылдау туралы актiлерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.

2. Өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар
мен табысы аз адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу тәртiбi

      29. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға енгiзу сәтiнде кәсiптiк бiлiмi болған не кәсiптiк оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс берушiлермен жасасқан шарттар негiзiнде:


      1) ұйымдардағы (кәсiпорындардағы, мекемелердегi) бар бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдеседi;
      2) жұмыс берушiлер құрған әлеуметтiк жұмыс орындарына мемлекеттiң жалақыны он екi ай бойы:
      алғашқы алты айда – жалақының елу пайызынан асырмай;
      кейiнгi үш айда – жалақының отыз пайызынан асырмай;
      соңғы үш айда – жалақының он бес пайызынан асырмай субсидиялауы шартымен жiбередi;
      3) Бағдарламаның екiншi және үшiншi бағыттары шеңберiнде iске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларда ұзақтығы тоғыз айға дейiн уақытша жұмыспен қамтамасыз етедi.
      30. 2011 жылы әлеуметтiк жұмыс орындарына орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын ай сайын субсидиялаудың мөлшерi салықтар мен әлеуметтiк аударымдарды ескергенде, алғашқы алты айда 26 мың теңгеден аспауға тиiс болады.
      Бұл ретте жұмыс берушiмен жасалған шарт қолданылған тұтас кезең бойы жалақының айлық мөлшерiнiң азаюына жол берiлмейдi.
      31. Тұрақты тұратын жерiнде жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жағдайда кәсiптiк оқу оқыған Бағдарламаға қатысушыларға Бағдарламаның екiншi («Ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу») немесе үшiншi («Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру») бағыттарына қатысу ұсынылады. 

3. Өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар
мен табысы аз адамдарды оқытуды және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi қаржыландыру тәртiбi

      32. Оқудың ақысын төлеу, жол жүрудiң және тұрудың шығыстарын өтеу, жалақыны субсидиялау мақсатында Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын мемлекеттiк қолдауды қаржылай қамтамасыз ету үшiн республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне нысаналы трансферттер бөлiнедi.


      33. Қаржылық тәртiптi қамтамасыз ету және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргiзу үшiн нысаналы трансферттердi пайдаланудың нәтижесi туралы:
      1) бiлiм беру саласындағы орталық уәкiлеттi орган мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасында кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру, оның iшiнде бұрын 2009 және 2010 жылдары Өңiрлiк жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы (Жол картасы) және «Бизнестiң жол картасы 2020» шеңберiнде кәсiптiк оқуға қабылданған адамдардың оқуын аяқтау бойынша;
      2) Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасында жалақыны субсидиялау бойынша келiсiмдер жасалады.
      34. Бiлiм беру саласындағы орталық уәкiлеттi орган, Бағдарлама операторы бюджет заңнамасына сәйкес тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне аударуды жүргiзедi.
      35. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға және кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға, оның iшiнде бұрын 2009 және 2010 жылдары Өңiрлiк жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы (Жол картасы) және «Бизнестiң жол картасы 2020» шеңберiнде кәсiптiк оқуға қабылданған адамдардың оқуын аяқтауға бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану бiлiм беру ұйымдарымен жасасқан шарттар негiзiнде, жалақыны субсидиялау – жұмыс берушiлермен жасасқан шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
      36. Мемлекеттiк бiлiм тапсырысы бойынша кәсiптiк лицейлер мен колледждерде негiзгi орта (9 сынып) және жалпы орта бiлiмi (11 сынып) бар кадрларды кәсiптiк даярлауды, оның iшiнде бұрын 2009 және 2010 жылдары Өңiрлiк жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы (Жол картасы) және «Бизнестiң жол картасы 2020» шеңберiнде кәсiптiк оқуға қабылданған адамдардың оқуын аяқтауын қаржыландыру техникалық және кәсiптiк бiлiм мамандықтары бойынша мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарға сәйкес оқуды толық аяқтау мерзiмiне дейiн жыл сайын жүзеге асырылады.
      37. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-ы күнiне қарай бiлiм беру саласындағы орталық уәкiлеттi органға және Бағдарлама операторына Келiсiмдерде көзделген нысан бойынша және мынадай:
      1) кәсiптер (мамандық) бөлiнiсiнде кәсiптiк даярлаудан, қайта даярлаудан және бiлiктiлiгiн арттырудан өткен өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдардың саны туралы;
      2) кәсiптiк даярлаудан, қайта даярлаудан және бiлiктiлiгiн арттырудан өткен, жұмысқа орналастырылған, оның iшiнде бар тұрақты бос жұмыс орындарына; әлеуметтiк жұмыс орындарына; Бағдарламаның екiншi және үшiншi бағыттары шеңберiнде iске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларда құрылған уақытша жұмыс орындарына орналастырылған Бағдарламаға қатысушылар саны туралы мәлiметтердi қамтитын есептердi ұсынады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң    


белсендi шараларына қатысатын    
адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа 
орналасуына жәрдемдесудi және оларға
мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудi
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына
қосымша              

_______________________ауданының 


(қаласының) Халықты жұмыспен   
қамту орталығының директорына    
________________________________ 
________________________________ 
________________________________ 
________мекенжайы бойынша тұратын
_______________________________  
              (кiмнен)             

ӨТIНIШ 

       Менi «Өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» бағыты бойынша Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушылар қатарына енгiзудi сұраймын. 


      Қосымша ___ парақта:
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi, паспорты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн оралманның куәлiгi); 
      салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң (СТН) немесе жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (ЖСН) көшiрмесi;
      әлеуметтiк жеке кодының (ӘЖК) көшiрмесi; 
      тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың (азаматтарды тiркеу кiтабы, мекенжай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы) көшiрмесi;
      еңбек кiтапшасының көшiрмесi немесе еңбек қызметiн растайтын өзге құжат (еңбек қатынастарын жасайтын қызметкерлер үшiн); 
      бiлiмi туралы құжаттың (аттестат, куәлiк, диплом), сондай-ақ оқу оқығанын растайтын басқа да құжаттардың (куәлiк, сертификат) көшiрмелерi;
      өтiнiш берушiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының дерекқорынан алынған, уәкiлеттi орган куәландырған табысы туралы анықтама немесе табысы туралы үзiндi көшiрме;
      денсаулық жағдайы туралы анықтама (денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нысанға сәйкес).

      Күнi                                               қолы



__________________________________________________ азаматтың өтiнiшi
20_ ж. «__»____________ қабылданды, № _____ болып тiркелдi
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:____________
____________________________________________________________________

*ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтiнiш берушi жауапты болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет