Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



жүктеу 4.06 Mb.
бет17/23
Дата16.06.2016
өлшемі4.06 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

Білуі тиіс: центрифугалар, көмекші құрал-жабдықты басқару қағидасы мен құрылымын; арматура мен коммуникациялар сызбасын; центрифугалаудың технологиялық режімін; сынамалар алу ережесін.


310. Центрифугалау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Ластанған сұйықтарды немесе қатты өнімдерді тазарту (ағарту), шамалы қатты фазалы біркелкі емес нашар сүзілетін қоспаларды бөлу немесе орталықтан тепкіштің көмегімен тұндырғыш, аса шапшаң кезеңдік немесе үздіксіз қызмет ететін автоматты, механикалық және қолмен түсіретін центрифугаларда қатты өнімдерден сұйықтықты бөлу. Орталықтан тепкіш күштің әсерімен шаю, тиеу, буландыру және түсіру. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен процесті реттеу. Сығу арқылы өнімді тығыздау. Центрифугаларды берілген режімге келтіру. Центрифугалар, сорғылар және тасымалдағыш құралдарының қызмет көрсетуі. Сығылған тұнбаны шаю. Центрифугалау процесінің аяқталуын анықтау үшін қорытынды талдаулар жүргізу. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау. Егер сондайлар бар болса, неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: центрифугалар, көмекші құрал-жабдықты басқару қағидасы мен құрылымын; арматура мен коммуникациялар сызбасын; центрифугалаудың технологиялық режімін және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша оны реттеу әдістерін; бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы мен мақсатын; сынамалар алу ережесін; қорытынды талдаулар жүргізу әдістемесін.


311. Центрифугалау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Автоматты реттеу құрылғысымен жабдықталған көлденең автоматты центрифугаларда, аса шапшаң центрифугаларда және басқа центрифугаларда қатты фазадағы төмен концентрациясы бар суспензияларды бөлу бойынша центрифугалаудың кезеңдік, үздіксіз және күрделі процестерін жүргізу. Температура, ылғалдық, жылдамдық және қысымның берілген параметрлерін сақтай отырып, центрифугалаудың толық циклының жұмысын орындау. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу. Автоматты центрифугалар, аса шапшаң центрифугалар, реостаттар, тегеурінді бактар, аналықты қабылдағыш, бойлер және коммуникациялар арматурасының қызмет көрсетуі. Құрал- жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды жою және алдын-алу. Ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізу. Шаюдың есептемесін жүргізу. Операциялық парақта немесе өндірістік журналда дайын өнім мен шикізаттың есебін жүргізу.

Білуі тиіс: суспензиялар мен эмульсияны бөлудің әдістерін; центрифугалау процесін жүргізудің технологиясын; бөлінетін эмульсиялар, жұқа суспензиялар, сұйық біркелкі емес қоспалардың физика-химиялық қасиеттерін; қызмет көрсетілетін учаскедегі бақылау-өлшеу құралдары, негізгі және көмекші құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын, құрылымын; шикізатқа қойылатын талаптарды; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды; аналық ерітіндінің үлес салмағына байланысты шаюды есептеу әдістемесін; технологиялық процесті жүргізудің режімі мен параметрлерін; қысыммен жұмыс істейтін аппараттардың қызмет көрсетуінде қазан қадағалаушы талаптарын; слесарлық істі.


312. Центрифугалау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. 10000-15000 об/мин жылдамдығы бар аса шапшаң центрифугаларда жарылғыш, тезтұтанғыш өнімдерді центрифугалаудың күрделі процестерін жүргізу. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару. Талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процеске түзетулер енгізу. Дайын өнімнің шығуы мен шикізат шығынын өлшеу, талдау нәтижесі бойынша олардың сапасын бағалау. Автоматика құралдары, бақылау-өлшеуіш құралдарының көрсеткіштерін және технологиялық құрал-жабдықтың жұмысы мен күй-жайын қадағалау. Құрал-жабдықты жөндеу бойынша жұмыстар орындау.

Білуі тиіс: суспензиялар мен эмульсияны бөлу әдістерін; центрифугалау процесінің технологиясын; бөлінетін эмульсиялар, жұқа суспензиялар, сұйық біркелкі емес қоспалардың физика-химиялық қасиеттерін; қызмет көрсетілетін учаскедегі бақылау-өлшеу құралдары, негізгі және көмекші құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасы мен құрылымын; шикізатқа қойылатын талаптарды; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды; аналық ерітіндінің үлес салмағына байланысты шаюды есептеу әдістемесін; технологиялық процесті жүргізудің режімі мен параметрлерін; қысыммен жұмыс істейтін аппараттардың қызмет көрсетуінде қазан қадағалаушы талаптарын; слесарлық істі.

Жұмыс мысалы

Нитроклетчатка, алкидті, кремнийорганикалық лактың негізінде нитролактар мен нитроэмальды центрифугалау.


313. Циандау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. цианистті бензил, прогестерон, цианды сірке су эфирі, роданистті аммоний және басқаларды алу кезінде органикалық қоспаларды циандаудың технологиялық процесін жүргізу. Технологиялық нұсқаулыққа сәйкес еріткіштерді айыру, тараны залалсыздандыру және осыған жалғаспалы процестер мен операцияларды (экстрагирлеу, тұндыру, сүзу және т.б.) жүргізу. Жартылай фабрикаттар мен шикізатты тиеу, мөлшерлеу және есептеу. Пайдаланатын құрал-жабдықтың қызмет көрсетуі, оларды дайындау және жөнге келтіру: реакторлар, буландырғыш және айыру аппараттары, центрифугалар, жою құралдары, түрлі сүзбе және көмекші аппаратуралар. Құбыр құрылғысының герметикалығын (саңылаусыздығын) тексеру. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу. Сынамалар алу. Жартылай фабрикаттар мен шикізаттың шығынын есептеу. Құрал-жабдықты жөндеу жұмыстарына дайындау (алдын-ала газсыздандырумен қатар), жөндеуден қабылдап алу.

Білуі тиіс: циандаудың технологиялық процесін; бақылау-өлшеу құралдары, құрал-жабдықтың реттеу ережелері мен жұмыс істеу қағидасын, құрылымын; технологиялық процесті реттеу ережелерін; дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың физика-химиялық қасиеттерін, оларға қойылатын талаптарды; сынамалар алу ережесін; коммуникациялар сызбасын.


314. Циандау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Циандаудың технологиялық процесін жүргізу – галлоидты, сульфо-диазонитро немесе органикалық қоспалардың басқа топтарын жездіцианистті жиынтық қызметіндегі басқа цианотоптарға алмастыру. Шикізатты дайындау, бастапқы ерітінділер мен басқа реагенттерді дайындау. Диазоерітінді және басқа органикалық қоспалар концентрациясына байланысты шикізаттың қажетті көлемін есептеу. Технологиялық режім бекіткен қатаң тәртіпте реагенттерді мөлшерлеу.Компоненттерді реакциялық аппараттарға тиеу. Реакциялық массаны араластыру, қыздыру немесе суыту. Тазарту жүйелері мен құрал-жабдықтың қызмет етуі мен жөнге келтірілуін тексеру: реакторлар, айыру және буландыру аппараттары, центрифугалар, сүзбелер, бөлетін құйғыштар, өлшеуіштер, жинағыштар, арматуралар, коммуникациялар және бақылау-өлшеу құралдары (термометр, манометр, вакуум-метр, электронды көпір), сондай-ақ синильді қышқылды бөлумен байланысты циандау процесін жүргізудің ерекше шарттарын сақтау үшін қажетті құрылғыларды. Қорытынды талдаулар жүргізу.

Білуі тиіс: циандаудың технологиялық процесін; технологиялық процесті реттеу ережелерін; бақылау-өлшеу құралдары, негізгі және көмекші құрал-жабдықты пайдалану ережелері мен құрылымын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын; дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; улы, күшті әсерлі және жарылғыш заттармен жұмыс істеу ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін; қажетті шикізатты есептеу әдістемесін; құрал-жабдықты жөнге келтіру ережелерін.


315. Қабыршықтау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен қабыршықтаудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты дайындау мен тиеуге қатысу. Суытатын суды беру. Дайын өнімді қоймаға тасымалдау, жинау және тығындауға қатысу. Сынамалар алу. Барабанды шаю, құрал-жабдықты тазалап, майлау. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасы мен құрылымын; технологиялық процестің мәнін; дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың физика-химиялық қасиеттерін, оларға қойылатын талаптарды; сынамалар алу ережесін.


316. Қабыршықтау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Қабыршықтаудың технологиялық процесін жүргізу. Балқытылған өнімді аппараттарға салу. Аппараттағы балқыма деңгейін, балқыманың қатуы мен айналмалы барабандағы қабықтың пайда болуын қадағалау. Қабықтың қалыңдығын, салқындаған өнімді кесу, ұсақтау, оны барабандарға себуді көзбен шолу арқылы бақылап, реттеу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесті реттеп, бақылау: балқыманың, суытатын судың, дайын өнімнің температурасын, барабанның берілген айналым санын. Талдаулар жүргізу. Дайын өнімнің шығуын, тараның қажетті саны мен шығынын есептеу. Қабыршықтау құрылғылары, механикалық қатайтқыш, бақылау-өлшеу құралдары және басқа құрал-жабдықтың қызмет көрсетуі. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасы мен құрылымын; технологиялық режім мен процесті реттеу ережелерін; дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың қасиеттерін, оларға қойылатын талаптарды; талдаулар жүргізу әдістемесін.


317. Экстракциялау аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілігі бар аппаратшының басқаруымен экстракциялаудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты дайынау және тиеу. Технологиялық құрал-жабдықтың қызмет көрсетуіне қатысу. Сынамалар алу. Аппараттарды тазалу. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: технологиялық процесті, құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын, құрылымын; дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың қасиеттерін, оларға қойылатын талаптарды; сынамалар алу ережесін.


318. Экстракциялау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Сумен экстракциялаудың қарапайым технологиялық процесін жүргізу немесе экстракциялаудың күрделі процестерін жүргізу барысында жеке операцияларды орындау. Құрал-жабдықты тоқтату және қосу: ректорлар, бөлетін құйғыштары сияқты өте қарапайым экстракторлар, экстракторлы колонналар, кептіргіштер, сүзетін және көмекші аппаратуралар. Бақылау-өлшеу құралдары арқылы процесті реттеу және қадағалау. Материалдар мен шикізатты шығындаудың есебі.

Білуі тиіс: технологиялық процесті, бақылау-өлшеу құралдары, негізгі және кмекш құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасы мен құрылымын; дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың қасиеттерін, оларға қойлатын талаптарды; сынамалар алу ережесін.

Жұмыс мысалдары

1. Галенді өнімдер пелоидин, асқазан сөлі, қыша жағылған қағазды өндіруде экстрагирлеуді жүргізу.

2. Алколоидтар пахикарпин, цитизин, көкнәр бүршігінен морфин өндіруде экстрагирлеуді жүргізу.

3. Гормондар метилтестостерон, кофеин өндіруде экстрагирлеуді жүргізу.

4. Органикалық өнімдер ланолин, кристаллды ментол, промедол өндіруде экстрагирлеуді жүргізу.

5. Дәрімендер амидопирин, С дәруменінің концентранты, бояғыш өндіруде экстрагирлеуді жүргізу.

6. Экстрактты әбден пісірумен қатар қылқан табанын экстраттау.
319. Экстракциялау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Экстракциялаудың аса күрделі технологиялық процесін жүргізу немесе экстракциялаудың күрделі процесін кезінде неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету. Ережеде қарастырылғандай қыздыру, араластыру, тұндыру, ұсату, қабаттарды бөлу, белглі концентратты еріткіштерді қосу. Экстрагирлеу процесінің аяқталуын анықтау. Ерітіндіні тұндыру немесе сүзу арқылы тазарту, буландыру немесе кристаллдау арқылы ерітіндіден заттарды бөліп алу. Еріткіштерді айыру немесе тұздан ажырату (қалпына келтіру/ регенераттау). Процес сатылары бойынша температуралық режімді бір қалыпта ұстау. Өнімдер, еріткіштер және компоненттер қатынасының берілуін реттеу. Талап етілген ерітінді концентрациясына байланысты еріткіштер мен өнімнің санын немесе көлемін есептеу. Көзбен шолу арқылы және бақылау-өлшеуі құралдарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процестің параметрлерін реттеу және бақылау: қысым, температура, деңгей, уақыт және концентрацияны. Қажет болған жағдайда өнімнің шығуы мен шикізат шығынын есептеу. Талдаулар жүргізу. Экстракционды-тазартқыш колонналар, вакуум-аппараттар, буландырғыштар, қоспалауыштар, жылу алмастырғыш, конденсаторлар, жинағыш, ыдыстар, сорғылар, өлшеуіштер, тоңазытқыштар және басқа құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі. Құбырларды бумен үрлеп тазарту, құрал-жабдық пен керек-жарақты санытарлық тазалау. Құрал-жабдықтың гермиткалығын тексеру. Құрал- жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды жою және алдын-алу, кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; бақылау-өлшеу құралдары, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасы мен құрылымын; арматура мен коммуникациялар сызбасын; экстракциялаудың технологиялық процесінің мәні мен физика-химиялық негіздерін; өнімдер, еріткіштер және ерітінділердің қасиеттерін, олармен жұмыс істеу ережелерін; технологиялық режімді және процесті реттеу ережелерін; еріткіштерді қалпына келтіру әдістерін; талдаулар жүргізу әдістемесін; сынамалар алу ережесін.

Жұмыстар мысалы. Ферментті өнімдерді жасауда жүйелі қызмет істейтін экстракторларда соя ірі бұршағы мен қызылша жомынан қоректі заттарды экстрагирлеу процесін жүргізу.
320. Экстракциялау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Экстракциялаудың аса күрделі технологиялық процесін жүргізу немесе экстракциялаудың күрделі процесін кезінде неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету. Фазалар арасындағы контакттың бетін ұлғайту мақсатында эстрагент пен бастапқы қоспаны мұқият араластыру; екі араласпайтын сұйық фазаларды бөлу (экстракт пен рафинат). Экстрагентті қалпына келтіру, оны экстракт пен рафинаттан алып тастау. Өз бетінше немесе қысылған ауамен аппараттарды босату. Қарама қарсы тоқ қағидасымен жұмыс істейтін көпсатылы экстракторлар, диффузорлар және экстракционды колонналардың, мөлшерлегіш, сепараторлар, тор-тұзақтар, орталықтан тепкіш сорғылар, бақылау-өлшеуіш құралдырынң қызмет көрсетуі. Дайын өнімнің шығуы мен шикізат шығынын есептеу.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; көпсатылы экстракторлар және тоққа қарсы қағида бойынша жұмыс істейтін экстракторлы колонналар, сондай-ақ бақылау-өлшеу құралдары мен негізгі және көмекші құрал-жабдықтарды пайдалану ережелері мен құрылымын; қызмет көрсететін учаскедегі арматура мен коммуникациялардың сызбасын; өнімдер, еріткіштер және ерітінділердің қасиеттерін, олармен жұмыс істеу ережелерін; технологиялық режімнің параметрлерін, мәнін, физика-химиялық негіздерін және процесті реттеу ережелерін; дайын өнімнің шығуы мен жартылай өнімдер, шикізаттың шығынын нормаларын; компоненттерді мөлшерлеу есебінің әдістемесін.

Жұмыс мысалы. Ферментті өнімдерді өндіруде үздіксіз жұмыс істейтін экстракторларда пектин, аминоқышқыл, көміртегі және басқа да қоректі заттарды экстракциялаудың процесін жүргізу.
321. Экстракциялау аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Экстракциялаудың ерекше технологиялық процесін жүргізу және неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару. Бақылау-өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының көрсеткіштерін және құрал-жабдықтардың жұмысы мен күй-жайын қадағалау. Дайын өнімнің шығуы мен шикізат шығынын өлшеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау. Қорытынды талдаулар орындау. Негізгі және көмекші құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; көпсатылы экстракторлар және тоққа қарсы қағида бойынша жұмыс істейтін экстракторлы колонналар, сондай-ақ бақылау-өлшеу құралдары мен негізгі және көмекші құрал-жабдықтарды пайдалану ережелері мен құрылымын; қызмет көрсетілетін учаскедегі коммуникациялар мен арматураның сызбасын; қоспалар, ерітінділер және дайын өнімнің физика-химиялық қасиеттерін; технологиялық процестің параметрлерін, мәнін және физика-химиялық негіздерін; процесті реттеу ережелерін; дайын өнімнің шығуы мен жартылай өнімдер, шикізаттың шығынын нормаларын; компоненттерді мөлшерлеу есебінің әдістемесін.

Орта кәсіби білім қажет.

Жұмыс мысалы. Жанама-органикалық әдіспен пергидроль мен капролактам өндіруде, роторлы экстракторларда ферменттер мен бактериялерді экстракциялаудың процесін жүргізу.


322. Электролиз аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Сутекті өндіруде неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен электролиз процесін жүргізу.Тұздықты дайындау, тұздықты тазарту, тазартылған тұздықтың электролизі. Тоңазытқыш ішіндегі сутекті суыту, сынапты ванналардан электролитпен сутекті шаю. Сутекті компримирлеу, құрғату. Қысыммен тұтынушы-цехтарға ауыстыру.

Білуі тиіс: электролиз процесінің технологиялық сызбасын; түрлі құрылымды электролизерлердің, бақылау-өлшеу құралдарының жұмыс істеу қағидасы мен құрылымын және коммуникациялар мен арматураның сызбасын; қышқылдар, негіздеме, тұздар ерітінділерінің физика-химиялық қасиеттерін.


323. Электролиз аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Тоқ жүктемесі 5000 амперге дейінгі электролизердерде электролиздеудің технологиялық процесін жүргізу. Электр ваннасына тұздықты беруді бақылау, құбырлар мен элетролизерлердегі қысымды бақылау, тұздықтың температурасы мен деңгейін бақылау, ванналардағы кернеуді өлшеу, технологиялық процестің жүруі туралы деректерді тіркеу; электролизерлерге тұздықты беруді мөлшерлеу. Сынамалар алу және оларды зертханаларға жеткізу. Құрал-жабдықты жұмысқа дайындау, оны қосу және тоқтату. Электролизер қалталарын тазалау, ұсақ ақаулықтарды жою. Құбырларды және электролизерлерді азотпен үрлеп тазарту. Құрал-жабдықты жүйелі қарап тұру. Құрал-жабдықты майлап, тазарту, бекіту арматураның күйін қадағалау.

Білуі тиіс: электролизді бөлімшенің технологиялық сызбасын және электртехникасының негіздерін; түрлі құрылымды электролизерлердің, бақылау-өлшеу құралдарының жұмыс істеу қағидасы мен құрылымын және коммуникациялар мен арматураның сызбасын; қышқылдар, негіздеме, тұздар ерітінділерінің физика-химиялық қасиеттерін; процесті реттеудің ережелерін және технологиялық режімді; сынамалар алу ережесін.


324. Электролиз аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. 5000 нан 20000 амперге дейінгі тоқ жүктемесі бар электролиздерде электролиздің технологиялық процесін жүргізу. Электролит ерітінділерін дайындау, электролизерлерге суды, электролиттер ерітінділерін және басқа компоненттерді беру және мөлшерлеу,электр тоғының үздіксіз берілуі. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша электр тоғының кернеуін, электролиттер құрамын және процестің параметрлерін реттеу және бақылау. Түрлі құрылымды электролизерлердің қызмет көрсетуі: кезеңдік және үздіксіз түрлері, дифрагменді және сынапты. Электролизді ванналарды каустикалық балқымамен толтыру және ваннадан каустик қалдықтарын құйып тастау. Ыдырау өнімдерін, электрлі химиялық синтезді электролизерден сұрыптау. Электролизерлерді тазалау, шаю, ағарту және бояу. Құрал-жабдықтың күй-жайын қадағалау. Құрал-жабдық пен коммуникациялардың күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау. Дайын өнімнің шығуы мен шикізат шығынын өлшеу. Талдаулар нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау. 5000 амперға дейінгі тоқ жүктемесі бар электролизерлермен қызмет көрсететін аппаратшыларды басқару.

Білуі тиіс: электролизді бөлімшенің технологиялық сызбасын және электртехникасының негіздерін; түрлі құрылымды электролизерлердің, бақылау-өлшеу құралдарының жұмыс істеу қағидасы мен құрылымын және коммуникациялар мен арматураның сызбасын; қышқылдар, негіздеме, тұздар ерітінділерінің физика-химиялық қасиеттерін; процесті реттеудің ережелерін және технологиялық режімді; сынамалар алу ережесін.


325. Электролиз аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Тоқ жүктемесі 2000 амперден жоғары электролизердерде электролиздеудің технологиялық процесін жүргізу. Процестің параметрлерін реттеу және басқару: электр тоғының кернеуі, электролизердегі температура мен деңгейді, электролит ерітінділерінің құрамын, ыдырау өнімдерінің шығуы мен сапасын. Катодты және анодты тоңазытқыштарға суыатын судың берілуін реттеу, электролизерлерді шунттауға дайындау, шаю, ауыстыру, серияларды қосу және ағыту. Электролиз бөлімшесінің барлық құрал-жабдығының жұмысын, электролит ерітінділерін дайындау мен тазартуды, алынған өнімдерді құрғату және тасымалдауды қадағалау. Қорытынды талдаулар жүргізу. Қажет болған жағдайда құрал-жабдықты тоқтату және тоқтатқаннан кейін қалыпты технологиялық режімге жеткенге дейін жұмысқа қайта қосу. Автоматика құралдары, бақылау-өлшеу құралдарының қызмет көрсетуі, технологиялық нормадан ауытқуының себептерін анықтап, алдын-алу. 5000 нан 20000 амперге дейінгі тоқ жүктемесі бар электролизерлермен қызмет көрсететін аппаратшыларды басқару.

Білуі тиіс: электролизді бөлімшенің технологиялық сызбасын және электртехникасының негіздерін; бақылау-өлшеу құралдары, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың сындарлы ерекшеліктері мен құрылымын; коммуникациялар мен арматураның сызбасын; қолданатын шикізатты және оның қасиеттерін; алынған өнімдер мен электролит ерітінділерінің физика-химиялық қасиеттерін; процесті реттеудің ережелерін және технологиялық режімді; талдаулар жүргізу әдістемесін.


326. Электролиз аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыны басқарумен қатар тоқ жүктемесі 2000 амперден жоғары электролизердерде электролиздеу процесін жүргізу. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару. Талдаулар мен қадағалау нәтижелері бойынша процеске түзетулер енгізу. Реттегіш құрылғыларын басқару. Оқшаулауды бақылау, электролизердегі әлеуеттерді өлшеу. Қабылдау және тұздықты қыздыру бөлімшесі, сутекті бөлімшенің сутекті гидрожапқыштарының қызмет көрсетуі. Хлорлы және сутекті компрессорларды тоқтату және қосу операцияларын жүзеге асыру. Газгольдерлерді пайдалану.

Білуі тиіс: электролизді бөлімшенің технологиялық сызбасын және электр техникасының негіздерін; технологиялық режім мен процесті реттеу ережелерін; бақылау-өлшеу құралдары, негізгі және көмекші құрал-жабдықтың пайдалану ережелерін, құрылымын; арматуралар мен коммуникациялар сызбасын; алынған өнімдер мен электролит ерітінділерінің физика-химиялық қасиеттерін; технологическую схему электролизного отделения и основы электротехники; шикізатқа қойылатын стандарттарды.

Орта кәсіби білім қажет.
327. Этерификациялау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Квалификациясы жоғары аппаратшының басқаруымен этерификацияның технологиялық процесінің жеке операцияларын жүргізу. Шикізат және реагенттерді дайындау және аппараттарға жүктеу. Этерификация процесін және оған ілеспелі процестерді жүргізу. Дайын өнімді шығару. Технологиялық құрал-жабдыққа қызмет көрсету. Құрал-жабдық жұмысындағы ақауларды жою. Сынама алу. Аппараттарды тазалау. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық схемасын; негізгі және қосымша құрал-жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; арматура, коммуникациялар схемасын; шикізаттың, жартылай дайын өнімдердің, катализаторлардың, дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізатқа және дайын өнімге қойылатын талаптарды; сынама алу ережелерін.


328. Этерификациялау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипатамасы. Қарапайым және күрделілігі орташа этерификация процесін жүргізу. Салқындату, конденсациялау, бейтараптау, жуу, сүзу немесе тұндыру, кептіру, шығатын газдарды абсорбциялау; өнімді шығару және келесі операцияға жіберу. Температураны, қысымды, вакуумды және технологиялық режімнің басқа параметрлерін басқару пультімен автоматты түрде немесе бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша қолмен реттеу. Мөлшерленетін компоненттерді және өнім шығысын есептеу. Ескерілген талдау нұсқауларын орындау. Реакциялық аппараттарға, жылытқыштарға, тоңазытқыштарға, конденсаторларға, скрубберлерге, ректификациялық бағаналарға, өлшеуіштерге, сорғыларға, коммуникацияларға, бақылау-өлшеу құралдарына және басқа құрал-жабдықтарға қызмет көрсету. Құрал-жабдық және коммуникация жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Шикізатты және алынған өнім мөлшерін есептеу. Құрал-жабдықты тапсыру және жөндеуден қабылдау.

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет