Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет7/23
Дата16.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
#140931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

114. Кристалдау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жөғары білікті аппаратшылар басқарушылығымен кезеңдік әрекет құралдарында немесе үздіксіз әрекет қондырғыларында әр түрлі өнімдер мен жартылай фабрикаттарды кристалдау немесе қайта кристалдаудың технологиялық процесін жүргізу. Ерітінділерді қоспалардан тазарту. Ерітінділерді кристалдаушыларға жіберу, оны кристалдаушыларда біртекті орналастыру, кристалл шығару үшін қарқынды салқындату және араластыру. Ерітіндіні қорғау, фильтрациялау, сүргілеу, жатырлық ерітіндінің түсіруі, кристалдарды түсіру. Кристалдаудың жылдамдық және температуралық тәртібінің технологиялық тәртібіне, ерітіндінің белгілі бір тұтқырлығына, қоспа құрылымының үлесіне, қорғау уақытына және басқа көрсеткіштерге сәйкес қамтамасыз ету. Технологиялық тәртіптен ауытқу себептерін жою. Реактор, зүзгі, желдеткіш, жағу және басқа құрал- жабдықтардың қызмет көрсетуі. Құрал- жабдықтарды жөндеуге өткізу.

Білуі тиіс: өнім өндірісінің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың жұмысының прициптерін; арматура, коммуникация сызбасын; шикізат пен дайын өнімнің физика-химиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімге ұсынылатын міндеттемелерді; технологиялық процестің мәнін және оны реттеудің қағидаларын; сынамаларды іріктеу қағидасын.


115. Кристалдау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз әсер құрылғыларында кристалдаудың технологиялық процесін жүргізу немесе жарылғыш, зәрлі және қатты әсер ететін заттармен, сонымен қатар стерильді және жартылай стерильді алыну талабы қойылатын өнімдермен қайта кристалдау процесін жүргізу. Жұмыс ерітінділерін дайындау, оны темір, мышьяк, күкірт сутегі тағыда басқа қоспалардан тазарту. Кристалдаушы немесе вакуум-кристалдаушылық құрылғысына ерітіндіні жіберу. Вакуум жасау, салқындату немесе жылыту, ерітіндіні араластыру. Керек шоғырландыру алынғанға дейін тазартылған ерітіндіні буландыру. Кристалдарды көп кристалдау жолымен тазалау – белгілі-бір концентрацияда кристалдардың еріткіште еруі және супензияларды келесі сатылы кристалдаушыларға ауыстыру, сүргілеу, кристалдарды жуу, дайын өнім алу буып-түю және қоймаға дайын өнімді тасымалдау. Кристалдау процесін бақылау және қадағалау: бақылаушы-өлшеуіш құрал- жабдықтарының және сынақ нәтижесінің көрсеткіштері бойынша кристалдаушыларға рассол мен зуытылған суды беру, температурасын, шоғырлануын, белгіленген қоспа пайызын, белгіленген мөлшердегі кристалдардың және басқа процестер көрсеткіштерін. Нұсқаулықпен қарастырылған талдауларды орындау. Қалыпты өнімнің шығуын қамтамасыз еті. Маталарды ауыстыру және фильтр-престерді буландыру. Технологиялық тәртіп нормаларынан ауытқу себептерін ескерту және жою. Кристалдаушы, үздіксіз вакуум-кристалдаушылық құрылғы, центрифуг, тұндырғыш, жинақ, және басқа құралдардың қызмет көрсетуі. Құралдар жұмысындағы түзелместіктерді жою. Құралдарды жөндеуден қабылдау.

Білуі тиіс: Қызмет көрсетілетін жердің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құралдардың жұмысының прициптері мен құрылғыларын; арматура мен коммуникация сызбасын; шикізат, жартылай фабрикат, өнім, технологиялық отын, сылау матералдарының физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімге ұсынылатын міндеттемелерді; қызмет көрсетілетін жердегі технологиялық процестің мәнін; талдауларды жүргізу әдістемесін.

Жұмыс үлгісі. Паететикалық бутилфенол, дифенилопропан, натрий метасиликаты өндірісіндегі кристалдау процесін жүрзізу.
116. Кристалдау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Бір жолғы неғұрлым төмен білікті аппаратшылар басқармасымен үздіксіз әрекетті құрылғыларда кристалдаудың технологиялық процесін жүргізу. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процеспен басқару және реттеу. Бақылау мен талдау қорытындыларына сәйкес процесті реттеу. Бақылау талдауларын өткізу. Бақылаушы-өлшеуіш құралдарға, автоматика заттарына, қызмет көрсететін құрал- жабдықтардың жұмысы мен жағдыйына бақылау жассай. Құрал- жабдықтар мен коммуникацияның жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін жердің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші Құрал- жабдықтардың пайдаланылу қағидасы мен құрылғыларын; арматура мен коммуникация сызбасын; шикізат, жартылай фабрикат, өнім, технологиялық отын, сылау матералдарының физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімге ұсынылатын міндеттемелерді; қызмет көрсетілетін жердегі технологиялық процестің мәнін; зәрлі және жарылғыш заттарды есептеу және сақтау қағидасын; жеке қорғану заттарымен қолдану қағидасын; жарылғыш өрт өндірістерінде жұмыс қағидасын.



Орта кәсіби білім қажет.

Жұмыс үлгісі. Концентрацияланған хлорсыз калийлық тыңайтқыштар (галургиялық әдіспен) өндірісінде аммияктық суытуымен "Тельман" кристалдаушыларындағы процесті жүргізу.


117. Мерсерлеу аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен технологиялық процестің жекелеген операцияларын орындау. Целлюлоза жеткізетін электротельфер, электрокран-арқалық және басқа да механизмдермен жұмыс істеу. Целлюлозаны мерсерлеуге жеткізу және өлшеу; тиеу үшін целлюлоза бумаларын дайындау немесе буманы шешу. Үздіксіз мерсерлеу қондырғысының жабдықталуы үшін целлюлозаны жіберу немесе мерсерленген баспаққа целлюлоза бумаларын салу. Тасымалдағыш немесе ұсатқышқа сілтілі целлюлозаны түсіру.

Білуі тиіс: целлюлозаны мерсерлеудің технологиялық процесін және қызмет ететін бөлімшені; мерсерленген баспақтардың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын немесе үздіксіз мерсерлеудің, тасымалдағыштардың, электротельферлердің, электрокран-балкалардың, автокар және басқа да көлік құралдарының құрылымын; целлюлоза, жұмыс сілтісі мен сілтілі целлюлозаның физико-химиялық қасиетін; оған қойылатын талаптарды; целлюлозаны мерсерлеу кезінде болатын ақаулық түрлерін, олардың пайда болу себептерін,алдын-алу және жою шараларын.

118. Мерсерлеу аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс нұсқаулығына сәйкес мерсерленген бумалардағы целлюлозаны мерсерлеудің технологиялық процесін жүргізу. Мерсерлеу аппаратурасын іске қосу, тоқтату. Целлюлозаны мерсерлеу үшін жұмыс сілтісін мөлшерлеу, пайдаланылған және сығылған сілтіні сода станциясына тапсыру. Целлюлозаны тиеудің бақылау- өлшеу құралдарын, жұмыс сілтісінің мерсерлеуге түсуін, сілтілі целлюлозаның сығылуын, шүмектің шайылуы үшін сілтінің берілуін көрсеткіш бойынша және көзбен шолу арқылы бақылап, реттеу.

Білуі тиіс: целлюлозаны мерсерлеудің технологиялық процесін және қызмет ететін бөлімшенің сызбасын (сызбасын); қолданылатын құрал-жабдықтардың құрылғысын, жұмыс істеу қағидасын;коммуникация және арматура сызбасын; целлюлоза, жұмыс сілтісі және сілтілі целлюлозаның физикалық-химиялық қасиетін; оған қойылатын талаптарды; технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін; целлюлозаны мерсерлеу барысында пайда болған ақаулық түрлерін, олардың пайда болу себептерін.

119. Мерсерлеу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Мерсерленген баспақтардағы, сондай-ақ үздіксіз жұмыс істейтін құрылғылардағы целлюлозаны мерсерлеудің технологиялық процесін немесе целлюлозаны мерсерлеу, сығу, сілтілі целлюлозаны ұсату және алдын-ала жетілдіру процесін біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшының басшылығымен жүргізу. Мерсерлеуіш, гомогенизатор, сығу баспағын дайындау – бұлғауыш, торша, білік жұмысының дұрыстығын, улы натр ерітіндісінің, суық немесе жылудың берілу жүйесін тексеру. Шикізатты салу, белгіленген жылдамдықпен сілтіні беру. Сілтілі целлюлозаның ұсатылуы мен алдын-ала жетілдірілуі, целлюлозаны мерсерлеудің уақыты мен сапасын, температуралық режимін бақылау мен реттеу. Бұлғауыштың жұмыс режимін реттеу; қарама-қарсы бағыты бар бұлғауыштарды жүйелі түрде қосу және тоқтатып тұру. Қалыпты жұмысты қамтамасыз ету үшін сығу қысымын, баспақтың жылдамдығын, мерсерлеуіш пен гомогенизаторлардың жұмыс режимін реттеу. Мерсерлеуге берілетін целлюлоза мен сілтіні және де сығуға берілетін сілтілі целлюлозаның салмағын есептеу. Өнімнің жасалуын немесе өнімділігінің есебін жүргізу. Жұмыс барысында құрал-жабдықтар мен коммуникациялардың істен шығуын анықтап, алдын-алу. Құрал- жабдықты жөндеу жұмысынан қабылдау және оған тапсыру.

Білуі тиіс: целлюлозаны мерсерлеудің технологиялық процесін, сілтілі целлюлозаның ұсатылуы мен алдын-ала жетілдірілуін; қызмет ету бөлімшесінің(учаскесінің) сызбасын; құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, құрылымын; процесті реттеу ережелерін және технологиялық режимнің параметрлерін; сілті, сілтілі целлюлозаның физикалық-химиялық қасиеттерін, оларға қойылатын талаптарды; целлюлозаны мерсерлеу барысында пайда болатын ақаулық түрлерін, олардың пайда болу себептерін, алдын-алу және жою шараларын; тиелетін компоненттерді есептеу әдістемесін.


120. Мерсерлеу аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым төмендеу аппаратшыны басқарумен қатар, үздіксіз жұмыс істейтін қондырғылардағы сілтілі целлюлоза мен этилцеллюлозаны мерсерлеудің технологиялық процесін жүргізу. Үздіксіз жұмыс істейтін қондырғылардағы целлюлозаны ұсату және сығу, сонымен бірге мерсерлеудің технологиялық процесінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру. Целлюлоза қоспасын жасау, қоспа бойынша орташа көрсеткішті есептеу, қоспаның дұрыс орындалуын қадағалау. Шикізат шығынын және өнімнің жасалуын есептеу.

Білуі тиіс: целлюлозаны мерсерлеудің технологиялық процесін, сілтілі целлюлозаның ұсатылуы мен алдын-ала жетілдірілуін; қызмет ететін учаскесінің сызбасын; құрал-жабдықтың құрылымын және қызмет к­өрсетуінің ережелерін; процесті реттеу ережелерін және технологиялық режимнің параметрлерін; шикізатқа қойылатын талаптарды; мерсерлеу кезіндегі ақаулық түрлерін, олардың пайда болу себептерін; алдын-алу және жою шараларын; тиейтін компоненттерді есептеу әдістемесін; целлюлозаның қоспасын жасау ережелерін.


121. Метоксилдеу аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Метоксилдеудің жеке операцияларын орындау. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттарды дайындау. Оларды аппараттарға тиеу. Дайын өнімді түсіру. Сынамасын алу. Реакциялық құралдарға қызмет көрсету. Құрал-жабдықтарды жұмысқа дайындау.

Білуі тиіс: метоксилдеудің технологиялық процесінің мәнін; қызмет етіп отырған бөлімшедегі көмекші құрал-жабдықтарының жұмыс істеу қағидасын; коммуникация және арматура сызбасын; жартылай фабрикаттар, дайын өнімнің және шикізаттың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін; сынамаларды алу ережелерін.


122. Метоксилдеу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Органикалық қосылыстарды метоксилдеудің технологиялық процесін жүргізу. Шикізат пен жартылай фабрикаттарды мөлшерлеу, реакциялық аппараттарға беру, бекітілген режимге сәйкес метоксилирлеу, реакциялық қоспаны түсіру немесе басқа технологиялық учаскеге жіберу. Технологиялық нұсқаулықта қарастырылған басқа процестерді (натрий метилатын алу, кристаллдандыру, айыру, сүзгіден өткізу, тұндыру, қабаттарын ажырату) орындау. Арматура, коммуникация және құралдардың (реакторлар, созылмалы шұңғыма, центрифугалар, вакуум-аппараттар, сүзгілер және басқа қосалқы арматуралар) қызмет көрсетуі мен саңылаусыздығын тексеру, дайындау; Бақылау- өлшеу құралдары және саралау нәтижесі арқылы шыққан көрсеткіштері бойынша арқылы процесті бақылап, реттеу. Өнімнің шығуының, шикізаттың шығынының есебін жүргізу. Нұсқаулықта қарастырылған талдауды орындау. Жөндеу жұмысынан құрал-жабдықты қабылдау, тапсыру.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; қалыпты технологиялық режимді; негізгі және қосалқы жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының жұмыс істеу қағидасын; қызмет көрсететін учаскедегі коммуникациялар мен арматуралардың сызбасын; шикізат, жартылай фабрикат және дайын өнімнің физикалық-химиялық, сондай-ақ технолониялық қасиеттерін, оларға қойылатын талаптарды; метоксилирлеу процесін реттеу әдісін; сынамаларды алу ережелерін, саралауды жүргізу әдістемесін.


123. Метоксилдеу аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым төмендеу аппаратшыны басқарумен бірге метоксилирлеу процесін жүргізу. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару. Талдау және бақылау нәтижесі бойынша процеске түзетулер енгізу. Дайын өнімнің шығуы мен шикізат шығынын өлшеу, талдау нәтижесі бойынша олардың сапасын бағалау. Құрал-жабдықтың жұмысы мен жайын, бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерін және автоматика құралдарын қадағалау. Коммуникациялар мен құрал-жабдықтардың аса қиын емес жөндеу жұмыстарын орындау.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау- өлшеу құралдарының пайдалану ережелерін, құрылымын; қызмет көрсететін учаскедегі коммуникациялар мен арматуралардың сызбасын; дайын өнім, жартылай фабрикат және шикізаттың физикалық-химиялық, сондай-ақ технологиялық қасиеттерін, оларға қойылатын техникалық талаптарды; метоксилирлеу процесін реттеу әдістерін; саралау жүргізу әдістемесін.


124. Ылғалды топтау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Осы өнімдердің суспензиясын тұндыру арқылы дәндердің өлшемі бойынша өнімді фракцияға бөлу процесін жүргізу. Суспензияны фракциялау процесіне дайындау. Алдын-ала ұсатудан және коллоидты тартылған ұннан бөлінген материалдарды қабылдау. Шайқау арқылы араластыру және суспензияны бір қалыпқа келтіру. Классификаторларды қосу. Тұндыру және айыру цетрифугаларының көмегімен немесе тұндыру арқылы суспензияларды фракцияларға бөлу. Суспензияның температурасын және біркелкілігін қадағалау. Сүзгіден өткізетін, тұндыратын, айыратын центрифугаларды, классификаторларды, сорғылар, компрессорлар, коммуникациялар, арматураларды жабдықтау. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау, жөндеуден қабылдап алу.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; технологиялық режимнің параметрлерін, технологиялық процестің мәнін, оның физикалық-химиялық негізін; суспензиялардың, коагулятор және дайын өнімнің технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; негізгі және көмекші құрал-жабдықтар жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялар сызбасын.


125. Ылғалды топтау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшының басқаруымен бір мезгілде ылғалды топтаманың технологиялық процесін жүргізу. Оның физикалық-химиялық қасиеттерін есепке ала отырып, берілген жұқалықтағы өнімді алу үшін фракциялау уақытын бұзбау, нақты есептеу. Тауарлы фракциясы бар суспензияны алу. Суспензия коагуляциясын құрғатудың қажетті дәрежесін анықтау, коагулянттарды құру, тұндыру, мөлдір сұйықтықты құйып алу, өнімді кептіру немесе шикі өнімді центрифугадан өткізу бөліміне жіберу. Саралау нәтижесі бойынша технологиялық уақыт тәртібін ұстануды қадағалау. Технологиялық нормадан ауытқу себептерін анықтау, олардың алдын-алу және жою. Желдету құрылғыларын, «Вентури» құбыры тәріздес тазарту ғимараты және басқа да бекітілген құралдарды жабдықтау.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын, технологиялық режимнің параметрлерін; технологиялық процестің мәнін және физикалық-химиялық негізін; суспензиялардың, коагулятор және дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін; бақылау- өлшеу құралдарының, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, құрылысын; коммуникациялар және арматураның сызбасын; саралау жүргізу әдістемесін.


126. Жылу тасымалдағышты қыздыру аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен органикалық жылу таратушының қыздыру немесе қатты қайнатылған буды алудың процесін жүргізу. Бақылау- өлшеу құралдары мен автоматика құралдарының көмегімен электр қуатын, бу шығынын, қысымды, температураны бақылау және реттеу. Құрылғыны қосу және тоқтату. Бу және электр қуаты шығынының есебін жүргізу. Құрал-жабдық жұмысының істен шығуын болдырмау. Құрал-жабдықты жөндеу жұмысына дайындау.

Білуі тиіс: қатты қайнаған буды алудың, органикалық жылу таратушыны қыздырудың технологиялық сызбасын; құрылғылардың технологиялық режимінің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін; органикалық жылу таратушы қоспасын дайындаудың ережесін; құрал-жабдықтардың қызмет ету қағидасын және құрылымын; әр түрлі органикалық жылу таратушының физикалық-химиялық қасиеттерін.


127. Жылу тасымалдығышты қыздыру аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Алдын ала қыздырылған органикалық жылу тасылмадағышты беру жолымен технологиялық аппараттарды қыздыру процесін жүргізу. Жылу тасымалдағыш қоспасын дайындау және осы қоспадан ылғалды буландыру. Қазандарды толтыру, қыздыру және буландыру, технологиялық аппаратарға жылытуға беру, қазандарды жылу тасымалдығышпен қыздыру. Жылу тасымалдағышты қалпына келтіру. Бақылау- өлшеу құралдардың көрсеткіштері бойынша технологиялық режимнің параметрлерін: жылу жүйесіндегі жылу тасымалдаушының айналым деңгейін, температурасын, қысымын реттеу. Электр жылытқыш құралдарының, шілтер қазандарының жұмысын реттеу. Құрал-жабдықты тоқтату және қайта қосу. Қазандар, буландырғыштар, қыздыратын бактар, сорғылар және басқа да құрылғыларды жабдықтау. Әр түрлі жылу тасымалдағышты құрылғыларды жабдықтау. Құрал-жабдықтың ақаулықтарын жою, олардың алдын алу. Құрал-жабдықты жөндеу жұмысына тапсыру, қабылдап алу. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: органикалық жылу таратушыны қыздырудың технологиялық сызбасын; құрылғылардың технологиялық режимінің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін; органикалық жылу таратушы қоспасын дайындаудың ережесін; құрал-жабдықтардың қызмет ету қағидасын және құрылымын; әр түрлі органикалық жылу таратушының физикалық-химиялық қасиеттерін; процесті реттеу ережелерін және технологиялық режимін.


128. Жылу тасымалдағышты қыздыру аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Тым артылған қысыммен жұмыс істейтін аккумулятор-препараторларда 100°С-дан астам температураға дейінгі қыздырылған суды алудың технологиялық процесін жүргізу. Технологиялық процестің параметрлерін реттеу: қысым, температура, будың, тұрақты басқару тетігінен қыздырылған судың шығындалуы. Әр түрлі жылу алмастырғыштар, градирен және басқа да құралдарды жабдықату. Құрал-жабдықтардың жұмыс барысындағы істен шығу себептерін анықтау, олардың алдын-алу немесе жою.

Білуі тиіс: қатты қыздырылған күйге дейінгі судың жылуының технологиялық сызбасын; қысыммен істейтін аппаратардың жұмыс ережелерін; қазан қадағалаушы ережелерін; жылу алмастырғыш, градирен, желдеткішдің жұмыс істеу қағидасын, процесті реттеудің ережелері мен технологиялық режимін.


129. Бейтараптандыру аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Қышқылдарды, түрлі ерітінділерді және басқа да өнімдерді сілтімен, аммияк және басқа бейтараптандыратын әдістермен залалсыздандыру технологиялық процесінің жеке операцияларын немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басшылығымен сілтілі ерітінділерді қышқылмен залалсыздандыру процесін жүргізу. Компоненттерді аппаратқа салу. Дайын өнімді түсіру. Сынамаларды алу.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; қызмет көрсететін учаскедегі құрал-жабдықтардың құрылымын, жұмыс істеу қағидасын; шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін.


130. Бейтараптандыру аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Қышқылдарды, түрлі ерітінділерді және басқа да өнімдерді сілтімен, аммияк және басқа бейтараптандыратын әдістермен бейтараптандырудың қарапайым технологиялық процесін немесе сілтілі ерітінділерді қышқылмен залалсыздандыру процесін жүргізу.Бейтараптандыратын ерітінділерді дайындау: әктің сүті, аммиак суын, сода ерітіндісі және т.б. Қалыпты рН-қа жеткізгенге дейін шикізатты шаю. Араластыру, тұндыру, сүзгіден өткізу, ағарту, өнімді түсіру, артық сілті мен қышқылдан кертартпашыл массаны шаю, массаны сығу, центрифугадан өткізу. Ары қарай жүргізілетін операцияларға өнімді жіберу. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша және талдау нәтижесіне қарау технологиялық ережемен қарастырылған технологиялық процестің параметрлерін реттеу: компоненттерді аппаратқа жіберудің жылдамдығы, температурасы (кейбір жағдайларда суытуды қолдану), концентрациялау және т.б. Талдауды жүргізу. Залалсыздандырғыш, қоспалауыштар, сүзгілер, жылу алмастырғыштар, сыртқа тебуші сорғылар және басқа да құралдарды жабдықтау. Құралдарды жуу және газсыздандыру, іске қоспай тұрып жүйенің саңылаусыздығын тексеру. Құрал-жабдықтардың жұмыс кезіндегі істен шығу себептерін анықтау, олардың алдын алу немесе жою. Тиелетін шикізаттың мөлшерін дұрыс есептеу.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; бейтараптандырудың технологиялық процесін жүргізудің ережелерін, оның мәнін; бақылау- өлшеу құралдарының, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс қағидасын, олардың құрылымын; коммуникациялар және арматура сызбасын; шикізаттың, дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін; сынамаларды алу ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін.


131. Бейтараптандыру аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Бейтараптандырудың күрделі технологиялық процесін, сондай-ақ қышқылдарды, түрлі ерітінділер және басқа да өнімдерді сілтімен, аммиакпен және басқа бейтараптандыратын әдістермен бейтараптандырудың қарапайым процесін немесе бірмезгілде неғұрлым төмен біліктілігі бар аппаратшының басшылығымен сілтілі ерітінділерін қышқылмен залалсыздандыру процесін жүргізу. Бекітілген рН-қа жеткізгенге дейін залалсыздандыру, шығындау сыйымдылығына шикізат пен ерітіндіні қабылдау. Кейінгі бөліп алу (ажырату) және тұндыру арқылы тұздар мен майлы қышқылды бөлу. Күкіртті қышқыл және сумен тазартқыш құралда майлы қышқылдарды шаю. Сүзгілерді қалпына келтіру. Ерітіндіні кейінгі өңдеу жұмысына жіберу.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; бейтараптандырудың технологиялық процесін жүргізудің ережелерін, оның мәнін; бақылау- өлшеу құралдарының, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс қағидасын, олардың құрылымын; коммуникациялар және арматура сызбасын; шикізаттың, дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін; сынамаларды алу ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін.

Жұмыс мысалдары:

1. Майлы қышқылды себацинді қышқылды өндіруде және моноэфирлерді пластификаторларды өндіруде сілтілермен залалсыздандыру, ағатын қышқылдарды сода ерітінділерімен залалсыздандыру процесін жүргізу.

2. Залалсыздандыру процесін жүргізу және өндірістерде аппаратшыларды басқару: барбитурларды, сульфамидтерді, аминазинді, котарнинді, гистидинді, пиперазинді, цистаминді, салицилды өнімдерді, ионды алмастырғыш қара майды, цианурлы қышқылды.
132. Бейтараптандыру аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым төмен біліктілігі бар аппаратшыны басқарумен бір уақытта бейтараптандырудың күрделі процесін жүргізу. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Дайын өнімнің шығуын және шикізаттың шығынын өлшеу, талдау нәтижесі бойынша олардың сапасын бағалау. Құрал-жабдықтың жайын бақылау. Реттеу құралдарын басқару, талдау және қадағалау нәтижесі бойынша процеске түзету енгізу. Жөндеу жұмысына қатысу.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; бейтараптандырудың технологиялық процесін жүргізудің ережелерін; бақылау- өлшеу құралдарының, негізгі және көмекші құрал-жабдықтарды пайдалану ережелерін, құрылымын; коммуникациялар және арматура сызбасын; шикізаттың, дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін; сынамаларды алу ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін.

Жұмыс (мысалы). Залалсыздандыру процесін жүргізу және өндірістерде аппаратшыларды басқару: капролактамды, тринатрийфосфатты, триполифосфатты, аммофосты, нитрофенді, фосфат диаммонын, хромды қоспаларын, хлорэтилды, сондай-ақ тұзды-қышқыл әдісімен барий және стронций тұздарын залалсыздандыру.
133. Нитраттау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілігі бар аппаратшының басшылығымен органикалық қоспаларды нитраттаудың технологиялық процесін жүргізу. Реагенттер мен шикізатты дайындау, оларды аппараттарға тиеу. Аппараттан өнімді шығару немесе өндірістің кезекті кезеңіне жіберу. Сынамаларды алу. Технологиялық құралдардың қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмысына дайындау.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс қағидасын;шикізаттың, дайын өнімнің технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; оларға қойылатын талаптарды; сынамаларды алу ережелерін.


134. Нитраттау аппаратшысы

4-ші дәреже



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет