Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет3/23
Дата16.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
#140931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын, шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды; технологиялық процестің физикалық- химиялық негіздерін, мәнісі мен параметрлерін; процесті реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін және талдаулар жасау әдістемесін; шикізатты және өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.


35. Қалпына келтіру аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен тотықтыру процесінің жекелеген операцияларын жүргізу немесе процестерді темір жоңқалаудың (этакридин, анестезин, новокаин өндірісін қоспағанда) көмегімен тотықтыру процесін жүргізу.

Шикізатты қабылдау және дайындау. Шикізатты аппаратқа тиеу. Дайын өнімді түсіру. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерін және қызмет көрсететін құрал- жабдықтың жұмысын қадағалау. Сынамалар алу. Технологиялық құрал- жабдыққа қызмет көрсету. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын; технологиялық режим параметрлерін; сынамалар алу ережесін.
36. Қалпына келтіру аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Сульфидтердің, полисульфидтердің, металдардың немесе басқа қалпына келтіретін құралдардың көмегімен органикалық немесе бейорганикалық қосылыстарды қалпына келтірудің технологиялық процесін жүргізу. Технологиялық нұсқаулыққа және берілген параметрлерге сәйкес аппаратты тиеу, қалпына келтіру, түсіру; температураны, қысымды, сутегі иондарының концентрациясы және басқаларын. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу. Нұсқаулықпен қарастырылған талдауларды орындау. Реакциялық аппараттарға, регенерация бағаналарына, өлшегіштерге, мөлшерлегіштерге, сүзгілерге, жинағыштарға, коммуникацияларға, бақылау - өлшеу құралдарына және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Құрал- жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Шикізатты және алынатын өнімнің мөлшерін есепке алу. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын; технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.


37. Қалпына келтіру аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен сульфидтердің, полисульфидтердің, металдардың немесе басқа қалпына келтіретін құралдардың көмегімен органикалық немесе бейорганикалық қосылыстарды қалпына келтірудің технологиялық процесін жүргізу. Қалпына келтіру процесін электролиздік әдіспен жүргізу.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын және жұмыс істеу қағидасын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын; технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.

Жұмыс мысалдары.

1. Гексилрезорцин – қалпына келтіру.

2. Қымбат металдар - қалпына келтіру.

3. Нитроанизол - қалпына келтіру.

4. Платифиллин - қалпына келтіру.

5. Циклогексаноноксим – 180 ат қысыммен қалпына келтіру.


38. Булау аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Купоросты булау процесін жүргізу, немесе булау процесін неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен жүргізу. Шикізатты дайындау және аппаратқа тиеу. Регламентке сәйкес технологиялық параметрлерді қолдау. Ерітінділердің деңгейі мен температурасын қадағалау. Сынамалар алу. Құрал- жабдықты, булау аппараттарын тазарту. Технологиялық құрал- жабдыққа қызмет көрсету . Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; булау технологиялық процесінің мәнісі мен әдістерін; буланатын ерітінділердің физикалық- химиялық қасиеттерін; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын коммуникациялардың және арматураның сызбасын; сынамалар алу ережесін; құрал- жабдыққа күтім жасау режимін; шикізат пен дайын өнімді есепке алуды жүргізу ережесін.

Жұмыс мысалдары. Дақылдық сұйықтықты, ашытқылы суспензияны булау процесін жүргізу.
39. Булау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі конструкциялы булау аппараттарында атмосфералық қысыммен булау технологиялық процесін жүргізу, сондай-ақ атмосфералықтан жоғары қысыммен немесе вакууммен жұмыс істейтін аппараттарда булаудың көп мәртелі процесінің бастапқы сатыларын немесе бір мәрте процесті жүргізу; атмосфералықтан жоғары қысыммен немесе вакууммен жұмыс істейтін көркорпустық аппараттарда булаудың көп мәртелі технологиялық (немесе оның соңғы сатыларын) процесін жүргізу немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен лабильді органикалық заттардың вакуумымен буландыру процесін жүргізу.

Булағыш аппараттарды концентрациялауға жататын ерітінділермен тиеу- тотыру. Аппараттарды технологиялық регламентпен қарастырылған температураға дейін отын газдармен, бумен, дифениль қоспасымен, маймен немесе басқа жылу тасушылармен қыздыру. Буландырудың берілген технологиялық параметрлерін ұстап тұру: бекітпе арматураның немесе бұрамалардың көмегімен қолмен температураны, қысымды, вакуудың және басқаларын. Ббақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша ерітінділердің концентрацияларын және деңгейін, температураны, вакуумды, меншікті үлесті бақылау және реттеу. Технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың себептердің алдын алу және жою. Жұмыс нұсқаулығымен қарастырылған талдаулар жүргізу. Ерітіндіні құю және өнімді жинағыштарға түсіру, оны суыту және қоймаға немесе одан әрі өңдеуге жіберу. Шикізатты және өңделген дайын өнімді есепке алу. Құрал- жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою және ұсақ жөндеу орындау. Құрал- жабдықа: булағыш аппараттарға, реакторларға, скрубберлерге, оттықтарға, қысым бактардына, өлшегіштерге, жинағыштарға, желдеткіштерге және басқ.; бақылау - өлшеу құралдарына, коммуникацияларға қызмет көрсету; қажет болса - кептіргіш, сүзуші және басқа негізгі және қосалқы құрал- жабдыққа қызмет көрсету. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; булау технологиялық процесінің мәнісі мен әдістерін; булайтын ерітінділердің физикалық- химиялық қасиеттерін; технологиялық режимді және процесті реттеу ережесін; дайын өнімге МемСТ-р мен техникалық шарттарды; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын; сынамалар алу ережесін және бақылау талдаулар жүргізу әдістемесін; құрал- жабдыққа күтім жасау режимін; от және жарылыс қауіпті жағдайларда жұмыс ережелері, темір ұста ісінің дағдылары; шығын нормаларн және шикізат пен дайын өнімді есепке алуды жүргізу ережесін.

Жұмыс мысалдары. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен көп корпусты вакуум- булау қондырғыларында дақылдық сұйықтықты немесе ашытқылы суспензияны көп мәрте буландыру технологиялық процесінің жекелеген сатыларын жүргізу.


40. Булау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Атмосфералықтан жоғары қысыммен немесе вакууммен жұмыс істейтін көп корпусты аппараттарда булаудың көп мәртелі технологиялық процесін (немесе оның соңғы сатыларын) жүргізу; немесе лабильді органикалық заттардың вакуумымен буландыру процесін жүргізу; аммиак селитрасының ерітіндісін буландыру процесін жүргізу; немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен гидролиздік күкірт қышқылын булау процесін жүргізу. Ерітінділерді зиянды қоспалардан бейтараптандырумен, бумен немесе қысылған ауамен үрлеумен, тұндырумен, сүзумен немесе басқа тәсілдермен тазарту. Берілген температурағы және концентрациядағы ерітінділерді булағыш аппараттарға біркелкі беру, қоспаларды мөлшерлеу. Аппараттардағы ерітінділердің деңгейін қадағалау; аппараттарды әр түрді жылытатын агенттермен қыздыру; буларды ұстап алу және шығарып жіберу. Ерітіндінің концентрациясын, вакуумды, қысымды, аппараттар бойынша жүктемені, температураны, ерітінділердің берілуін және процестің басқа көрсеткіштерін қашықтан немесе бақылау- өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының, талдау және көзбен қадағалау нәтижелерінің көмегімен автоматты түрде бақылау және реттеу . Процесті автоматты басқарудан қолмен қашықтан және керісінше басқаруға өту. Булағыш аппараттардың, буылғалдандырғыш қондырғысының, конденсаторлардың және басқа қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтардың жұмысына кезеңдік бақылау жүргізу. Құрал- жабдықты және бақылау- өлшеу құралдарын жөндеуге дайындау, құрал- жабдықты жөндеуді бақылау. Құрал- жабдыққа, бақылау- өлшеу құралдарына және коммуникацияларға күрделі емес жөндеу орындау.

Білуі тиіс: буландыру процесінің физикалық- химиялық негіздерін, технологиялық процестің мәнісін; аммиак селитрасын алудың технологиялық сызбасын; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының, автоматиканың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялардың және арматураның сызбасын; аммиак селитрасының физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін, технологиялық режимді және процесті реттеу ережесін.


41. Булау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Қондырғыда гидролиздік күкірт қышқылын булау процесін, бір уақытта неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен ашытқылы суспензияны аппараттарда булаудың көп мәртелі технологиялық процесін жүргізу.

Аппаратта тар шектерде температураны, жаңа қышқылды беру және концентрацияланған қышқылды алып тастау кезінде жүктемені, жылу айырбастаушыда күкірт қышқылын суытуды, буландыру режимін бақылау және реттеу. Жүктемеге сәйкестік, суспензияның «пісу» процесін жүргізу. «Ауа – газ» арақатынасының өзгеруіне сәйкес батырылатын жанғыштарда жану режимін таңдап алу. Жанғыштарды жандыру. Режимді қолмен басқарудан автоматтыға аудару. Жанғыштар қызметінің ұзақтығына байланысты жану режимін өзгерту.

Фотоэлементті және басқа көрсеткіштерді, булағыш аппараттарды, жанғыштарды, эрлифтті, компрессорларды, сорғыларды, жылу айырбастаушыларды қолданумен автоматты реттеуіштерге қызмет көрсету.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын коммуникациялардың және арматураның сызбасын; шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; буландыру технологиялық процесінің мәнісі мен әдістерін, бақылау- өлшеу құралдарының белгіленуі және пайдалану ережесін; технологиялық режимді және процесті реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.

Арнайы орта білім қажет.
42. Сілтісіздендіру аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Сілтісіздендіру процесінің жекелеген операцияларын орындау. Шикізатты ұсақтау және беру. Шикізатты тиеу және еріткіш аппараттарына құю. Араластыру. Ерітіндіні тұндырумен немесе сүзумен тазалау. Ерітіндіден негізгі затты буландырумен немесе кристаллдаумен бөлу, еріткіштен буды шығару. Қалдықты немесе тұздарды түсіру. Сынамалар алу. Реакторларға, аппараттарға (диффузерлерге), булы, сулы, сілтілі коммуникацияларға, сорғыларға қызмет көрсету. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; шикізаттың қасиеттерін; коммуникациялардың және арматураның сызбасын; сынамалар алу ережесін.


43. Сілтісіздендіру аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Сілтісіздендіру технологиялық процесін жүргізу. Процес тездету және қажетті концентрациялы ерітіндіні алу үшін белгілі температураны қолдау. Декантацияға түсетін ерітіндінің қысымын және концентрациясын бақылау. Талдаулар жүргізу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті бақылау және реттеу. Технологиялық құрал- жабдыққа және бақылау- өлшеу құралдарына қызмет көрсету. Құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялардың және арматураның сызбасын; шикізаттың қасиеттерін; технологиялық процестің мәнісін және физикалық- химиялық негіздерін; технологиялық режимді және сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.


44. Сілтісіздендіру аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Литопон өндірісінде сілтісіздендіру процесін жүргізу немесе сілтісіздендіру технологиялық процесін жүргізу кезінде төмен біліктілікті аппаратшылардың жұмысын бақылау және үйлестіру. Кейіннен сірке қышқылымен бейтараптандырумен және сүзгілерді сумен тазартумен иілімді полиуренаттың кеуектерін улы натрий ерітіндісімен ашудың технологиялық процесін жүргізу. Сүзгілердің әзірлемелерін дайындау және тиеу. Шикізатты ыдыстарға шайқау, еріткішті сілтісіздендіруді ваннаға құю, араластыру және қажетті концентрациялы ерітінді алу. Сілтісіздендіру, бейтараптандыру, тазарту, сығу, кептіру процесін жүргізу. Шикізатты шайқау кезінде ауаның қысымын, бейтараптандыру ваннасында сірке қышқылы ерітіндісінің концентрациясын, кептіру камерасында температураны қадағалау. Сүзгілердің орау. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті бақылау және реттеу. Монжустарға, ванналарға, сілтілі, булы, сулы және қышқыл коммуникацияларға, бақылау - өлшеу құралдарына қызмет көрсету.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялардың және арматураның сызбасын; шикізаттың қасиеттерін; технологиялық процестің физикалық- химиялық негіздерін және мәнісін; технологиялық режимді және сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.


45. Газгенерациялау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен әр түрлі жүйелердің газгенераторларында технологиялық газды алу процесін жүргізу. Әуе газының газгенераторларына қызмет көрсету. Шикізатты (тас көмірді) газгенераторларға тиеу, буды, су-ауа қоспасын, суды беру. Алынған газды механикалық қоспалардан тазарту. Алынған газды өндіріске тапсыру. Газгенераторларды қалдықтан тазарту және газағарларды шаю. Сынамалар алу. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: газгенерациялаудың технологиялық процесін және қызмет көрсетілетін учаскенің сызбасын; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялардың және арматураның сызбасын; шикізаттың жне өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; сынамалар алу ережесін.


46. Газгенерациялау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі жүйелердің газгенераторларында технологиялық газдарды алу процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесс параметрлерін реттеу; шикізатты және буауа қоспасын мөлшерлеп құюларды, температураны, қысымды, газгенераторларда вакуумды, жану процесін. Талдаулар жүргізу. Құрал- жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау.

Білуі тиіс: газды алудың технологиялық процесін және қызмет көрсетілетін учаскенің сызбасын; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялардың және арматураның сызбасын; бақылау- өлшеу құралдарының белгіленуін және құрылысын; шикізаттың және өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.


47. Газгенерациялау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Жартылай су, су, бу ауа және конверсияланған газды (синтетикалық аммиак өндірісінде) алу процесін жүргізу. Негізгі және қосалқы құрал- жабдыққа, коммуникацияларға, арматураға, бақылау- өлшеу құралдарына қызмет көрсету. Құрал- жабдыққа және бақылау- өлшеу құралдарына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізу.

Білуі тиіс: газды алудың технологиялық процесін және қызмет көрсетілетін учаскенің сызбасын; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялардың және арматураның сызбасын; бақылау- өлшеу құралдарының белгіленуін және құрылысын; шикізаттың және өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.


48. Газгенерациялау аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен технологиялық газдарды алудың технологиялық процесін жүргізу (синтетикалық аммиак өндірісінде). Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті басқару және реттеу. Талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту. Негізгі және қосалқы құрал- жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: газды алудың технологиялық процесін және қызмет көрсетілетін учаскенің сызбасын; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялардың және арматураның сызбасын, бақылау- өлшеу құралдарының белгіленуін және құрылысын; шикізаттың және өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін; шикізатты және өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.


49. Газ бөлу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен газдық қоспаларды бөлудің технологиялық процесін жүргізу. Терең салқындату әдісімен керосин пиролизы және этан фракциялары газдарының бөліну технологиялық процесіне қызмет көрсету. Газ сұйықтық қоспаны қабылдау. Терең салқындату әдісі кезінде алдын ала суыту блогына, газ бөлу кабинасына қызмет көрсету. Сынамалар алу. Құрал- жабдықтың жұмысындағы ақауларды және режимнен ауытқуларды анықтау және жою. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау. Шикізаттың шығынын, алынған өнімді есепке алу.

Білуі тиіс: газ бөлу учаскесінің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялардың және арматураның сызбасын; пирогаздың, абсорбенттердің, көмірсутегі фракцияларының физикалық- химиялық қасиеттерін; технологиялық процестің мәнісін және реттеу ережесін, сынамалар алу ережесін.


50. Газ бөлу аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Терең салқындату әдісімен не басқа әдістермен газ қоспаларын олардың компоненттеріне бөлу немесе булаумен және ректификациялаумен газдарды абсорбциялаумен фракциялаудың технологиялық процесін жүргізу. Газды қоспаның ауыр компоненттерін абсорбциялау. Абсорбентте ерітілген жеңіл компоненттердің булау. Қаныққан абсорбентті суыту және ректификаттық бағанаға беру. Көмірсутегілер фракциясын бөлу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесті бақылау және реттеу. Құрал- жабдықтың жұмысындағы ақауларды және режимнен ауытқулардың алдын алу, анықтау және жою. Құрал- жабдықты жөндеуге тапсыру және қабылдау.

Білуі тиіс: газ бөлу учаскесінің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялардың және арматураның сызбасын; пирогаздың, абсорбенттердің, көмірсутегі фракцияларының физикалық- химиялық қасиеттерін; технологиялық процестің мәнісін және реттеу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін; сынамалар алу ережесін; шикізатты және өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.


51. Газ бөлу аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процесті жүргізу және технологиялық процесс көрсеткіштеріне, алынатын газдардың шығымы мен сапасына бақылау жүргізумен газ бөлудің барлық учаскелеріне басшылық ету. . Қысылған ауаның, оттегінің, азоттың, аргонның, тазартылған ауаның, судың құбырларына, сонымен қатар аппараттарға, компрессорларға, детандерлерге, сорғыларға, электр жабдықтарына, автоматика құралдарына қызмет көрсету. Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың шығынын, дайын өнімнің шығымын есептеу. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: газ бөлу учаскесінің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялардың және арматураның сызбасын; пирогаздың, абсорбенттердің, көмірсутегі фракцияларының физикалық- химиялық қасиеттерін; технологиялық процестің мәнісін және реттеу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін; сынамалар алу ережесін; шикізатты және өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.

Арнайы орта білім қажет.
52. Әкті сөндіру аппаратшысы*

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Кішігірім өнімділікті сөндіргіш- аппараттарда әк сүтін дайындау немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен әк сүтін алу үшін әкті сөндірудің технологиялық процесін жүргізу.

Әк сүтін дайындау аппаратына күйдірілген әкті тиеу. Сынамалар алу. Алынған әк сүтін тасу. Аппараттарды, көлік механизмдерін әлсін-әлсін тазарту. Қалдықтарды тасу.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің физикалық- химиялық қасиеттерін; сынамалар алу ережесін.

* Түрлі- түсті металлургия өндірістерінде «Жеңілдік шарттармен және жеңілдік мөлшерлерде мемлекеттік зейнетақыға құқық беретін өндірістердің, цехтердің, мамандықтар мен лауазымдардың тізімдеріне» байланысты мамандықты «Әк сүтін дайындау аппаратшысы» деп атау, ал отқа төзімді өндірістерінде – «Әк бөлімінің аппаратшысы» (2-5 дәрежелер).


53. Әкті сөндіру аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен әк сүтін алу үшін әкті сөндіру процесін, пушонка алу үшін әкті сөндірудің технологиялық процесін жүргізу. Күйдірілген әкті немесе пушонканы мөлшерлеу және шнек – коректенгішке, әк сүтін дайындау аппаратына құю. Әктің, пушонка аппараттарға түсуін қадағалау, суды, ауаны беруді реттеу. Аппараттарды, Бурат- елеуішті, көлікік механизмдерді әлсін- әлсін тазарту. Әк сүтін даярлау аппараттарына, шнекке, батыратын және және ортадан тепкіш сорғыларға, сорылатын сөндіру шамына, әк сүтіне арналған ыдыстарға, коммуникацияларға қызмет көрсету. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын, коммуникациялардың және арматураның сызбасын; әк сүтін дайындау мәнісін және процесті реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін; дайын өнімге қойылатын талаптарды.


54. Әкті сөндіру аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Тәулігіне 300 т дейін әк өнімділігімен сөндіргіш- аппараттарда пушонка алу үшін әкті сөндіру технологиялық процесін жүргізу. Үстіңгі - белсенді заттардың (ҮБЗ) ерітінділерін дайындау, сөндіру үшін суды және дистиллярлық сұйықтықты дайындау. Қатты буды аппаратқа беру. Әктің сапасын және аппараттарға біркелкі түсуін қадағалау. Регламентпен қатал сәйкестікте судың белгілі бір температурада берілуін реттеу. Пушонканың ылғалдылығы мен дисперстілігін, будың қысымын, қысым багындағы, ҮПЗ бұлғауыштарындағы деңгейді бақылау. Процесті бақылау үшін сынамалар алу. Пушонканы елеу. Сөндіру аппараттарына қызмет көрсету. Шультес сөндіру аппараттарына, элеваторларға, су жылытқыштарға, Бурат- елеуішке, сорғыларға, сүзгілерге, желдету қондырғыларына, «Вентури» құбырына, коммуникацияларға және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Құрал- жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет