Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы 1 – бөлім. Жалпы бөлім Осы Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалық (бтба)


IV бөлік 20 – бөлім. Мал шаруашылығындағы жұмыс



бет6/10
Дата27.06.2016
өлшемі1.22 Mb.
#161363
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

IV бөлік
20 – бөлім. Мал шаруашылығындағы жұмыс
1. Сауыншы
Параграф 1. Сауыншы, 4-разряд
826. Жұмыс сипаттамасы:

өнімділігі 3,5 мың килограмм сүтке дейінгі сиырларды қолмен сауу;

биелерді, саулықтар мен ешкілерді қолмен сау;

малдың желінін уқалау, жуу және сүт алудың жылдамдығы мен толықтығы мен сүттің тазалығына әсер ететін басқа да операцияларды орындау;

малдың желінін күту жөніндегі ветеринарлық-санитарлық жұмыстарды жүргізу;

жемазықты дайындау және таратып беру;

малды, тұратын орны мен оттықтарын тазалау;

сүт ыдыстарын жуу және тазалау;

мал бағуды жақсарту, сүт өнімділігін арттыру мақсатында малды теңгермелі қоректік заттармен азықтандыру, жоғары сапалы сүт алу және бұзау басын көбейту жөніндегі іс-шараларды орындау;

жануарларды жасанды ұрықтандыруға немесе шағылыстыруға дайындау;

бұзаулайтын күні таяған сиырлар мен қашарларды белгілі бір мерзімде бұзаулау бөлімшесіне ауыстыру;

жануарларды алдын ала емдеумен, жасанды ұрықтандырумен байланысты іс-шараларды жүргізу кезінде мал дәрігері қызметкерлеріне көмек көрсету;

мал ауруының болдырмау жөніндегі алдын алу шараларын мал дәрігері қызметкерлерімен бірлесе отырып жүргізу;

сүтті алғашқы өңдеу.

827. Білуге тиіс:

малды сауу, азықтандыру, суару және күту ережесін;

малдың сүт өнімділігін арттыру әдістерін; таза сүт алудың кешенді шараларын; малдың күйлеуі белгілерін; азықтандыру рационын, нормасын және азық берудің тәртібін;

сиырлардың ақуызға, дәрумендер мен минеральдік заттарға деген мұқтаждығын;

мал желінін күту ережесін және жиі кездесметін желін ауруларын;

бруцеллездің, аусылдың және басқа да ауру белгілерін; малдың буаз болуы мен бұзаулау мерзімінің жақындауы белгілерін;

малды бұзаулауға, құлындауға және сақманға жіберудің мерзімі мен әдістерін;

ауырған малға алғашқы көмек көрсету ережесін;

кейбір емдік және зарасыздандырушы заттар туралы деректерді және оларды қолдануды;

қолдан ұрықтандыру техникасын және аналық малды дайындау ережесін;

сүттің өзіндік құнын түзетін шығындарды және оны төмендету жолдарын; сүтті алғашқы өңдеу ережесін.

Өнімділігі жылына 3,5 мың килограмм жоғары сиырларды изоляторда сауу кезінде - 5-разряд.

Параграф 2. Сауыншы, 6-разряд
828. Жұмыс сипаттамасы:

сиырларды бұзаулау бөлімшесінде қолмен сауу;

малды азықтандыру және оларды күту жөніндегі басқа да жұмыстарды орындау;

қашарларды жатықтырып сауу;

жас қашарлардың сүт өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістерді қолдану;

жаңа туған бұзауларды малдәрігерлік өңдеу;

малдарға бұзаулаған кезде көмек көрсету;

бұзаулайтын жердегі тазалықты қамтамасыз ету жұмыстарын орындау.

829. Білуге тиіс:

жануарлар анатомиясы мен физиологиясы негіздерін;

желіннің құрылымын;

сүт түзу және сүт беру физиологиясын;

бұзаулау мерзімінің таянғаны белгілері мен жаңа туған бұзауды қабылдау ережесін;

бұзауларды малдәрігерлік өңдеу ережесін;

малды бұзаулағаннан кейін азықтандыру, күту ережесін;

қашарларды жатықтырып сауу және олардың сүт өнімділігін арттыру әдістерін.

2. Малшы
Параграф 1. Малшы, 3-разряд
830. Жұмыс сипаттамасы:

сауу алаңдарында сиырлар мен биелерді күту жөніндегі қосалқы жұмыстар;

малды сауатын жерге апару;

малды жайылымға шығару және әкелу;

сүт флягалары мен басқа да ыдыстарды механикаландырылған немесе қолмен жуу, орынжайды жинау және зарарсыздандыру, халаттар мен қап тарасын жуу;

малды фермада ұстаудың зоогигиеналық нормаларын сақтау;

малдың сүт өнімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды және мал ауруларын болдырмау жөніндегі алдын алу іс-шараларын жүргізуге қатысу;

малды өлшеу, қабылдау және айдап бару;

малдың ұрықтандыруға бөлу, қадағалау, бұзаулатып алу және кезекшілік кезіндегі басқа да жұмыстарды орындау.

831. Білуге тиіс:

зоогигиена мен ветеринарияның негізгі талаптарын;

зарасыздандыру және ертінді жасау тәсілдерін;

мал ауруларын болдырмау жөніндегі алдын алу іс-шараларын жүргізу ережесін;

Параграф 2. Малшы, 4-разряд


832. Жұмыс сипаттамасы:

ірі қара малды байлап және бос ұстау кезінде семіртетін және жайылатын мал басын күту жөніндегі қол және ішінара механикаландырылған жұмыстар;

малды интенсивті семірту, жоғары салмақ кондициясындағы төлді өсіру;

малды азықтандыру, суару және бағу;

қиды шығару және төсемді ауыстыру;

орынжайды жинау, малды, орныдары мен өтпе жолды тазарту;

жемді жеткізу, дайындау және беру;

жем торларын ауыстырып қою;

жемазық қалдықтарын жинау және шөмелені түзету;

мал аурулары мен мал шығынын болдырмау жөніндегі алдын алу іс-шараларын жүргізуге қатысу;

бордақылаудан алынған малды өлшеу, көлікке тиеу және ет қомбинатына жөнелту.

833. Білуге тиіс:

малды күту ережесін;

кең таралған мал ауруы түрлерін және ауырған малға алғашқы жәрдем көрсету жолдарын;

малды жаюдың жолдары мен ережесін;

жем беру мен жайылымды пайдалану ережесін;

негізгі жемді және олардың жемдік құндылығын;

сиырлардың ақуызға, дәрумендер мен минеральдік заттарға деген мұқтаждығын;

бордақылауға жем дайындау тәсілдерін;

малды интенсивті семірту, жоғары салмақ кондициясындағы төлді өсіру әдістерін.

Параграф 3. Малшы, 5-разряд
834. Жұмыс сипаттамасы:

сауылатын малды, аналық мал басын мамандандырылған ет бағытындағы мал шаруашылығында, бұзаулармен бірге, профилакторлық және сүт кезеңіндегі ірі қара бұзауларын күту жөніндегі қол және ішінара механикаландырылған жұмыстар;

сиырлардың сүт өнімділігін арттыру, бұзау басын көбейту және олардың сақталуын жақсарту жөніндегі іс-шараларды орындау;

малды азықтандыру, суару және бағу;

қиды шығару және төсемді ауыстыру;

орынжайды жинау, малды, орныдары мен өтпе жолды тазарту;

жемді жеткізу, дайындау және беру;

бұзаулаған сиырларды қадағалау;

бұзауды қабылдау және сиыр бұзаулаған кезде, малшыларға саууға көмектесу;

сиырларды ұрықтандыруға әкелу;

мал моционы мен серуендетуді жүргізу.

835. Білуге тиіс:

сауын табынды мамандандырылған ет бағытындағы мал шаруашылығында, бұзаулармен бірге, профилакторлық және сүт кезеңіндегі ірі қара бұзауларын еметін бұзауларды, аналық сиырларды, бұзаулы сиырларды күтудің, ұстаудың, технологиясы мен прогрессивті әдістерін;

қызмет көрсететін мал басының өнімділігін арттыру әдістерін;

жоғары сапалы сүт алу ережесін; бұзаудың жыныстық жетілу мерзімін;

шағылыстыру және ұрықтандыру мерзімін;

буаз сиырлар мен қашарларды күту ережесін;

бұзауды туғызып алу ережесін;

жас төлді түрлі типтегі орынжайларда күту және өсіру ерекшеліктерін;

малдың ауруын болдырмау жөніндегі алдын алу шараларын;

бұзауларды топқа жинау кезіндегі негізгі зоотехниялық талаптарды антибиотиктер мен микроэлементтерді қолдану ережесін;

қызмет көрсететін механизмдер мен жабдықтың құрылымы мен пайдалану ережесін.

Параграф 4. Малшы, 6-разряд
836. Жұмыс сипаттамасы:

бұқаларды күтіп бағу жөніндегі қол және ішінара механикаландырылған жұмыстар;

малды азықтандыру, суару және тазалау;

мал аурулары мен мал шығынын болдырмау жөніндегі алдын алу іс-шараларын жүргізу;

ветөңдеуге қатысу;

малды байлау және босату, серуендеуге шығару;

бұқадан тұқым алу кезінде операторға көмек көрсету.

837. Білуге тиіс:

бұқалардың анатомиясы мен физиологиясын, оларды бағу және азықтандыру технологиюсын;

азықтандырудың нормасы мен тәртібін; жыныстық жетілу белгілерін;

сапалы тұқым алуға ықпал етуші жағдайларды.

3. Жұмыс малын күту жөніндегі малшы


Параграф 1. Жұмыс малын күту жөніндегі малшы, 4-разряд

838. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыс өгіздерін, түйелерді, есектерді, және олардың төлін бағу, суару және азықтандыру;

жұмыс малының төлін жұмысқа үйрету;

төсемді, ауыстыру, малдарды, оларды ұсату алаңдарын тазарту және басқа да жұмыстар;

зооветеринарлық іс-шараларға қатысу;

шұбат дайындау.

839. Білуге тиіс:

жұмыс малын күтіп бағудың зоотехникалық және ветеринарлық ережелерін;

азықтандыру нормасы мен тәртібін;

көлік жабдығын пайдалану ережесін;

шұбат дайындау технологиясын.

Параграф 2. Жұмыс малын күту жөніндегі малшы, 4-разряд
840. Жұмыс сипаттамасы:

ботасы еметін аруаналар мен боталарды бағу, суару және азықтандыру;

боталайтын аруаналарға көмектесу;

ботаны туғызып алу және алғашқы алдын ала өңдеу;

ботаны емуге, минеральды азыққа және жайылымға үйрету;

аруанының желінін өңдеу;

артық сүтті сауып алу;

түйені қолмен және механикаландырылған сауу;

төл орнын тазалау және жинау;

түйені қолмен және механикаландырылған қырқу;

мал басының жалпы физиологиялық жай-күйін қадағалау;

мал ауырған жағдайда, ветеринар маманға айту және емдеуге көмек көрсету;

түйелерді зарасыздандыру камераларынан өткізу.

841. Білуге тиіс:

ботасы еметін аруаналарды бағу, суару және азықтандырудың зоотехниялық және ветеринарлық ережесін мен аруаналдарды боталағаннан кейін күту ерекшеліктерін;

азықтандыру нормаларын;

малдың ақуызға, дәрумендер мен минеральдік заттарға деген мұқтаждығын;

мал ауырған немесе боталаған кезде көмек көрсету, жаңа туған ботаны күту ережесін;

сауу ережесін және сауу аппараттарын пайдалану ережесін;

қолданылатын қырқу машиналарының құрылымын;

түйелерді зарасыздандыру камераларынан өткізу ережесін;

түйелермен жұмыс кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережесін.

4. Шабандоз
Параграф 1. Шабандоз, 5 разряд
842. Жұмыс сипаттамасы:

аттарды біліктілігі анағұрлым жоғары шабандоздың басшылығымен салт мініп үйрету;

аттарды шеңбер және түйіспе жол бойында шылбырмен, ауыздықпен басқаруға жаттықтыру;

аттарды сынауға қатысу;

атбегілердің жаттықтыратын жылқыны күту, баптау жұмыстарын бақылау;

ат әбзелдерін техникалық күтіп ұстау және оны жұмысқа дайындау;

жылқының бұлшық еттері мен сіңірлі байлам аппаратын массаждау, жақпа жағу, компресс қою және басқа да жұмыстар;

жемді және ветеринар дәрігер мен зоотехниктің арнаулы рецепті бойынша қосымша жемазық дайындау;

қызмет көрсететін персонал жұмысының табелін, тағалау және фураж ведомостарын жүргізу.

843. Білуге тиіс:

анатомия, физиология және зоогигиена негіздерін;

аттарды азықтандыру, күту және оларды тренинг жағдайында ұстау ережесін;

алғашқы ветеринарлық көмек көрсету ережесін;

аттарды жаттықтыру және сынау кезінде қолданылатын құралдарды, арнаулы жабдықтарды пайдалану ережесін;

аттарды жаттықтыру және сынау жөніндегі ережені, нұсқаулықты және кеңестерді;

жылқының дене температурасын, демалысын, қан соғуы пульса мен физиологиялық жай-күйін бақылаудың негізгі тәсілдерін;

жаттықтыратын аттың мускулатурасын;

жылқыны мініп үйрету ережесін.

Параграф 2. Шабандоз, 6-разряд
844. Жұмыс сипаттамасы:

аттарды салт мініп үйрету;

жас жылқыны жаттықтыруға жәене сынауға тікелей қатысу;

аттарды сынау мен жарыстарға жаттықтырушының басшылығымен дайындау;

жылқы жарысын, сынауларды және алып шығуды ұйымдастыру;

аттарды дайындау және аукционда көрсету;

аттарды ветөңдеуге, бонитировкаға,сату кезінде бағалауға алып шығу, сынауға қатысу;

атқораның, жаттықтыру құралдарының жай-күйі мен жарамдылығын, бекітілген орынжай мен аумақтың санитарлық жағдайын қадағалау;

жаттығу нәтижелері бойынша бақылау жұмыстарын жүргізу;

қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы іс-шаралар ережелерінің сақталуын бақылау;

жылқыны бағу, азықтандыру, күту және тағалауды бақылау.

845. Білуге тиіс:



жылқыны тағалау, жаттықтыру және сынау ережесін;

жүктеме режимі мен дозасын;

зауыттағы сынаулардығ жарыстар мен алып шығуларды дайындау, ұйымдастыру және өткізу ережесін.

5. Аң өсіруші


Параграф 1. Аң өсіруші, 5-разряд
846. Жұмыс сипаттамасы:

пайдалану фермаларында аңдарды күтіп бағу;

оларды азықтандыру және суару;

орынжайды, кілеттерді, үйшіктерді, жабдықтар мен құралдарды тазалау, жуу және зарарсыздандыру, төсемді ауыстыру;

аңдарды ұсатуды жақсарту, терінің сапасын жақсарту мақсатында жемазық сапасы бойынша теңгермелі азықтандыру жөніндегі іс-шараларды орындау;

аңдардың денсаулық жағдайын қадағалау және оларға алғашқы көмек көрсету;

ұрғашы аңды еркектеріне жағыстыру және шағылыстыру жөніндегі басқа да жұмыстар;

күшіктеу кезінде көмек көрсету;

төлдерін аналықтан бөлу, өлшеу, таңбалау және күту;

зооветеринарлық іс-шараларға қатысу.

847. Білуге тиіс:

аңдарды күтіп бағу, азықтандыру ережесін;

азықтандырудың сапасы мен нормасын;

қызмет көрсететін аңдардың қоректік заттарға мұқтаждығын;

өз бөлімшесіндегі аңдардың жеке ерекшеліктерін;

фермадағы өндірістік циклдарды; шағылыстыруды дайындау және өткізу техникасын;

негізгі топ аналықтары мен аталықтарын ұстаудың, азықтандыру және күтудің ерекшеліктерін;

төлді алу және сақтау шарттарын;

жас төлді азықтандыру және күтудің ерекшеліктерін.

Параграф 2. Аң өсіруші, 6-разряд


848. Жұмыс сипаттамасы:

асыл тұқымды аң фермаларында аңдарды күтіп бағу;

аңдардың тұқымын асылдандыру сапасын жақсарту мақсатында жемазық сапасы бойынша теңгермелің азықтандыру жөніндегі іс-шараларды орындау;

аңдарды асыл тұқымға іріктеуге, бонитировкалауға, аңдарды жұптауға іріктеуге, асыл тұқымды аң өсіру ісі жөніндегі құжаттамаға жазба жазуға қатысу;

аң терісінің іріктеп союға жетілгенін анықтау;

басқа шаруашылықтарға сату үшін аң топтарын (селекциялық топтарды) жиынтықтау.

849. Білуге тиіс:

қымбат терілі, ұстауда өсірілетін аңдардың анатомиялық-физиологиялық және биологиялық ерекшеліктерін;

асыл тұқымды аң фермаларында жылдың әртүрлі кезеңінде аңдарды күтіп бағу және азықтандыру жүйесін;

аңдарды қамауда өсіру техникасын; асыл тұқымды саңдарды іріктеу техникасын;

аң ауруларын, олардың алдын алу және олармен күресу шараларын;

ауырған аңға көмек көрсетудің негізгі жолдарын;

аң терісінің тауарлы сапасын, тері ақауларын, олардың болу себептері мен алдын алу шараларын;

асыл тұқымды аң төлін өсіру ерекшеліктерін.

6. Жылқышы
Параграф 1. Жылқышы 3-разряд
850. Жұмыс сипаттамасы:

жылқыны түнгі уақытта бағу жұмыстарын орындау:

жылқыны азықтандыру және суару;

құлындаған кезде биелерге алғашқы көмек көрсету;

жылқы ауруының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

атқоралардағы түнгі уақытта белгіленген тәртіпті сақтау.

851. Білуге тиіс:

зоогигиена мен ветеринарияның негізгі талаптарын;

жылқыны азықтандыру және суару тәсілдерін;

мал ауруының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін;

биелердің күйін анықтау және шағылыстыруды жүргізу ережесін.

Параграф 2. Жылқышы, 4-разряд


852. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыс жылқысын, бордақылаудағы малды, сауылатын биелерді, құлындар мен төлдерді жұмысшы-пайдалану фермасында бағу жұмыстарын орындау;

шөп шабу, жемазық дайындау және оны жеткізу;

жылқыны азықтандыру, суару және тазалау;

жұмыс және өнім беретін жылқы табынын бағу;

малды шағылыстыруға, жасанды ұрықтандыруға және құлындатуға дайындау;

биелерді шағылыстыруға дайындау;

жылқының тұяқтарын тазалау және жуу, құйрығы мен жалын күзеу;

құлындаған кезде биелерге алғашқы көмек көрсету;

жас төлді өсіру, орынжайды тазалау, төсемді ауыстыру және шығару;

зооветеринарлық және алдын алу шараларын, атқораны, қосалқы орынжайларды, суаратын орынды, ат әбзелдерін ұсақ жөндеу;

аттар мен әбзелдерді жұмысқа беру және жұмыстан кейін қабылдап алу.

853. Білуге тиіс:

жылқының анатомиясын, физиологиясы мен зоогигиенасы негіздерін;

жылқыны азықтандыру және суару ережесін;

жемазықтың негізгі түрлерін және олардың қоректік құндылығын;

автосуарғыштың, көлік инвентарының, әбзелдердің құрылымы мен пайдалану ережесін;

құлындаған кезде биелерге алғашқы көмек көрсету ережесін;

жыныстың жетілу мерзімін;

шағылыстыруға жасанды ұрықтандыруға және құлындатуға дайындауды жүргізу ережесін;

жас төлді өсіру ережесін.

Параграф 3. Жылқышы, 5-разряд


854. Жұмыс сипаттамасы:

жылқы зауыттарында, мемлекеттік атқораларда, мемлекеттік асыл тұқымды жылқы өсіру стансаларында, ипподромдар мен асыл тұқымды жылқы өсіру фермаларында асыл тұқымды биелер мен құлындарды, пайдалану фермаларында жаттықтырылатын аттар мен аталық жылқыларды бағу жұмыстарын орындау;

жылқыны азықтандыру, суару және тазалау;

жас малды жем жеуге, ауыздықтауға және әбзелге үйрету;

жылқыларды жаттығулардан кейін жетектеп жүру;

ауырған кезде малға алғашқы көмек көрсету және бонитировкалау, таңбалау, өлшем алу, емдеу және алдын алу мен басқа да іс-шаралар кезінде мамандарға көмек көрсету;

жорға және мініс аттарын жегу және ерттеу.

855. Білуге тиіс:

асыл тұқымды жылқы төлін өсіру және бағы негіздерін;

қысыр, құлынды және емізетін биелерді ұстау технологиясын;

жылқыны жаттықтыру жөніндегі нұқсаулықтар мен кеңестерді;

жаттығу және көлік әбзелдері мен жылқыны тазалауға арналған пневматикалық құрылдардың құрылымы мен пайдалану ережесін;

табын және үйірді іріктеу ережесін;

асыл тұқымды өсіру мен зоотехникалық алғашқы есепті жүргізу ережесін.

Параграф 4. Жылқышы 6-разряд


856. Жұмыс сипаттамасы:

асыл тұқымды айғырларды бағу жұмыстарын орындау;

жылқыны азықтандыру, суару және тазалау, ертоқыммен, жегулі және механикалық жетекпен жүргізу моционын;

жылқыны жеңіл жұмысқа пайдалану;

жас малды жем жеуге, ауыздықтауға және әбзелге үйрету;

жылқыларды жаттығулардан кейін жетектеп жүру;

ауырған кезде малға алғашқы көмек көрсету және бонитировкалау, таңбалау, өлшем алу, емдеу және алдын алу мен басқа да іс-шаралар кезінде мамандарға көмек көрсету.

857. Білуге тиіс:

азықтандыру ережесін; асыл тұқымды айғырларды өсіру және бағу технологиясын;

анатомия мен физиология негіздерін; механикалық жетек құрылымы мен пайдалану негіздерін;

жылқыны жаттықтыру жөніндегі нұқсаулықтар мен кеңестерді;

жаттығу және көлік әбзелдері мен жылқыны тазалауға арналған пневматикалық құрылдардың құрылымы мен пайдалану ережесін;

атты ертоқыммен және экипажда басқару ережесін.

7. Пантыларды консервілеуші


Параграф 1. Пантыларды консервілеуші, 4-разряд
858. Жұмыс сипаттамасы:

пантыларды қабылдап алу және чандарда, автоклавтарда ыстық суға бірнеше рет батыру және желмен кептіруге ілу жолымен консервілеу;

пантыларды бірнеше мәрте қайнату және желмен кептіруге жұмыстарын жүргізу;

қосалқы өнімді өңдеу және консервілеу.

859. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын;

пантылар мен қосалқы өнімді дайындау, сұрыптау және консервілеу технологиясын;

пантыларды қайнату ережесін және кептіру тәсілдерін.

8. Қоян өсіруші
Параграф 1. Қоян өсіруші, 4-разряд
860. Жұмыс сипаттамасы:

өндірістік табындағы және бордақыдағы қояндарды күтіп бағу;

суару, азықтандыру, кілеттерді тазадау және қиды шығару;

орынжайды, кілеттер мен құралдарды зарасыздандыру, түбітін тарау;

ұрғашы қояндарды аталықтарына жіберу;

шағылыстыру, аналықтарды, аталықтарды және төлді трафареттеу жөніндегі алғашқы нысандарды толтыру;

төлдерді таңбалау;

жануарлардың денсаулық жағдайын қадағалау және оларға емдеуде көмек көрсету;

қояндардың ауруы мен шығын болуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

қояндарды өлшеу, сою пунктіне тапсыру.

861. Білуге тиіс:

қояндарды күтіп бағу, суару, азықтандыру ережесін;

азықтандыру нормаларын, олардың қоректік заттарға мұқтаждығын;

негізгі табын мен бордақылау топтарын жиынтықтау ережесін;

шағылыстырудың мерзімі мен өткізу ережесін;

қояндар ауырған кезде алғашқы көмек көрсету ережесін;

қояндарды сою пунктіне тапсыру мен құжаттаманы толтыру ережесін.

Параграф 2. Қоян өсіруші, 5-разряд


862. Жұмыс сипаттамасы:

асыл тұқымды қоян өсіру фермалары мен қоян өсіру кешендерінде қояндарды күтіп бағу;

суару, азықтандыру, кілеттерді тазалау және қиды шығару;

қояндардың тұқымын асылдандыру жөніндегі іс-шараларды орындау;

жасы, жынысы және дамуына қарай топтарды іріктеу;

негізгі табынды бракқа шығару және бордақылау топтарын жиынтықтау;

аналықтарды шағылыстыру, ұя дайындау және аналықтарды тууға дайындау, көжектерді қабылдап алу, төлді бөлу және өсіру;

асыл тұқымды Асыл тұқымды топты (селекциялық топты) және басқа шаруашылықтарға сату үшін қоян топтарын жиынтықтау.

863. Білуге тиіс:

қояндардың анатомиясы, физиологиясы, зоогигиенасы негіздерін;

оларды азықтандыру және өсіру ережесін;

жұптарды іріктеу техникасын;

аналықтарды шағылыстыру, ұя дайындау және тууға дайындау ережесін;

аналық және асыл тұқымды қоян басы мен жас төлдерді күту және ұстау техникасын, есебін.

9. Қымыз дайындаушы
Параграф 1. Қымыз дайындаушы, 3-разряд
864. Жұмыс сипаттамасы:

қымызды дайындау үшін дайындық жұмыстарын жүргізу;

сүтті алғашқы өңдеу, ашытқыны араластыру, бөтелкелерді жабу;

жуу және зарарсыздандыру заттарын берілген рецепті бойынша жасау;

ыдыс пен сүтті алғашқы өңдеуге қолданылатын жабдықты жуу және зарарсыздандыру;

сүтті қабылдау және есебін алу.

865. Білуге тиіс:

ферма жанындағы сүт зертханасының құрылымы мен жабдығын;

сүт өнімін өндіруге арналған шикізат ретінде сүтке қойылатын Мемстандарт талаптарын, сүтті алғашқы өңдеу технологиясын;

сүтті алғашқы өңдеуге қолданылатын жабдықтың құрылымын және қызмет көрсету ережесін;

сүтті қабылдау және алғашқы өңдеу кезіндегі есепке алу және есептілік ережесін.

Параграф 2. Қымыз дайындаушы, 4-разряд


866. Жұмыс сипаттамасы:

қымызды дайындау процесін жүргізу;

сүтті химиялық талдау;

ашытқы әзірлеу және сүтті ашыту;

қымызды машина тәсілімен дайындау, бөліп құю, суыту.

867. Білуге тиіс:

сүттік құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттерін;

сүтті химиялық талдау кезінде қолданылатын реактивтердің қасиеттерін;

сүт ақауын, оның алдын алу шаралары мен жою тәсілдерін;

сүтті химиялық талдау әдістерін;

микробиология негіздерін және қымызды Мемстандарт талаптарына сәйкес дайындау технологиясын.

10. Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашы


Параграф 1. Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашы, 2-разряд
868. Жұмыс сипаттамасы:

персе пілләсін кілеттер мен изолятордан түсіріп алу, персені сұрыптау, қанар қаптарға салып преске апару;

сынама әзірлеу және талдау;

пестик салынған ступкаларды, жабынды және заттық шыныларды жуу;

жібек құртын жуу, кептіру, желге ұшыру және бөліп салу;

жібек құртын тазалау: желімдеуші қабатын эмульсияланған қапшықтар мен табалардан қырып алу;

эмульсияланған қағазды дайындау және қапшықтарды тігу;

піллә партияларын біріктіру және кілеттерге, стеллаждарға салу, түсіру, қаптарға толтыру;

жібек құртын сақтау қоймасының температурасын, ылғалдылығын тіркеу;

жібек құртын қысқы сақтау;

көбелекті қапшықтарды тізу, оларды ілу, түсіріп алу және грен салмаларын сұрыптау.

869. Білуге тиіс:

жібек құртын жуу мен кептіру технологиясын;

сынама әзірлеу және талдау тәсілдерін;

зертхана жабдығымен жұмыс істеу ережесін.

Параграф 2. Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашы, 3-разряд


870. Жұмыс сипаттамасы:

көбелектерді жұптастыру, айыру және оларды изолятор мен қапшықтарға салу;

пілләні тесіп қуыршақтарды алу, оларды сүрту;

препараттарды микроскопиялауға дайындау;

препараттарды микроскопиялау;

көбелектерді бөлшекке бөлу, ступкаларға салу, механикалық сүрту;

өндірістік бақылау;

жібекшілерден пілләне сұрыптары бойынша қабылдап алу, оларды асыл тұқымды және аралас сұрыпқа бөлу;

аппараттарда асыл тұқымды піллә партиясының жынысын айыру;

жібек құрты үлгілерін іріктеу;

персе пілләсін механикалық престерде, экспортқа арналған киптерді салып, таңбалай отырып престеу;

пілләні сыдырғыш машинада тазалау.

871. Білуге тиіс:

қуыршақтарды алдын ала зерттеу жүргізу тәсілдерін және микроталдау әдістерін;

пілләні сұрыптау және олардың жынысын анықтау ережесі мен әдістерін.

Параграф 3. Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашы, 6-разряд


872. Жұмыс сипаттамасы:

пілләнің сұрыптық құрамын анықтау және қуыршақтарды алдын ала зерттеу.

873. Білуге тиіс:

тұт жібекшісі биологиясы негіздерін;

үлгі іріктеу және оларды талдауға дайындау тәртібін.

Параграф 4. Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашы, 5-разряд


874. Жұмыс сипаттамасы:

жазғы бағыттағы жібек құртын тұз қышқылы ертіндісінде өңдеу.

875. Білуге тиіс:

тұз қышқылымен өңдеу технологиясын, өңдеу экспозициясын;

жұмыс және титрлендірілген ертінді жасау тәсілдерін.

11. Шабандоз


Параграф 1. Шабандоз, 5-разряд
876. Жұмыс сипаттамасы:

экипажға жегілген аттарды айдау, оларды біліктілігі анағұрлым жоғары ат айдаушының басшылығымен жаттықтыру;

жылқышылардың жылқыны күту, бағу және азықтандыру жұмыстарын бақылау;

қоймадан инвентарь, жем және төсемді алып жылқышыларға беру;

трен-бөлімше, тағалау, және жемазық ведомостары қызметкерлерінің жұмыс табелін жүргізу;

қоймадан дәрі-дәрмектерді алу және оларды сақтау, ветеринар дәрігерінің нұсқауы бойынша пайдалану;

жаттығу экипаждары мен әбзелдерін жұмыс жағдайында ұстау.

877. Білуге тиіс:

анатомия, физиология, зоогигиена негіздерін;

жемазық рациондарын жасау ережесін;

жем түрлерінің жемдік құндылығын;

аттарды олардың атқаратын жұмысы мен жасына қарай азықтандыру ережесі мен техникасын;

алғашқы ветеринарлық көмек көрсету ережесін;

экипаждары мен әбзелдердің, қорғану айлабұйымдарының құрылымын;

аттар тренингінің олардың жасына қарай негізгі әдістерін;

экипаж түрлерін және оларды құрастыру мен атты жегу ережесін;

желісті аттарды жүгірту, жаттықтыру және сынау ережесін.

Параграф 2. Шабандоз, 6-разряд


878. Жұмыс сипаттамасы:

экипажға жегілген аттарды айдау;

аттарды жаттықтыру жоспарын жасау;

жаттығуларды ұйымдастыру және солардың нәтижелері бойынша бақылау жұмыстарын жүргізу;

жылқыны азықтандырудың, күтудің және ұстаудың ветеринарлық-зоотехниялық ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету;

жылқының денсаулығы мен жай-күйін қадағалау;

жылқыларды сынауға, жаттығуға дайындау және оларды өткізу;

жылқыны аукционға дайындау және сонда көрсету;

жылқының жұмыс есебін жүргізу;

жылқыны ветеринарлық өңдеуге, бонитировкаға және сату кезінде бағалауға алып шығу;

атқораның, жаттықтыру құралдарының жай-күйі мен жарамдылығын, бекітілген орынжай мен аумақтың санитарлық жағдайын қадағалау;

қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы іс-шаралар ережелерінің сақталуын бақылау.

879. Білуге тиіс:

аттарды жаттықтырудың ай сайынғы жоспарын жасау ережесін;

жаттығу жұмысын есепке алу тәсілдерін;

жылқыларды зауыттардағы сынауға, жаттығуға дайындау және оларды өткізу ережесін;

аттарды тағалау ережесін.

12. Тері өңдеуші


Параграф 1. Тері өңдеуші, 3-разряд
880. Жұмыс сипаттамасы:

ірі қара малдың, жылқының, қойдың, ешкі мен қоян ұшасынан теріні қолмен айлабұйымдарды пайдалана отырып түсіруді жүргізу;

теріні қолмен немесе майсыздандыру станоктарының көмегімен майсыздандыру;

теріні өңдеу және консервациялауды жүргізу.

881. Білуге тиіс:

түрлі жануарлар терілерінің қыл жабыны мен тері тінінің топографиясы мен құрылымын;

жануарлардың өңделмеген терілерінің мемстандарттарын;

жануарлардың терілерін алғашқы өңдеу нұсқаулығын;

терілерді алғашқы өңдеу цехында өндіріс кезіндегі қауіпсіздік техникасы мен санитарлық ережені.

Параграф 2. Тері өңдеуші, 4-разряд


882. Жұмыс сипаттамасы:

аң терісін және каракөл қозылардың терісін қолмен айлабұйымдарды пайдалана отырып немесе теріні түсіру станоктарының көмегімен түсіруді жүргізу;

теріні қолмен немесе майсыздандыру станоктарының көмегімен майсыздандыру;

теріні ет кесіндісінен және шел майынан қолмен немесе таптауыш барабанда тазарту;

қаракөл қозылардың терісін тұздау, кептіру және тұздан, қоспадан, ластан қолмен немесе механизмдердің көмегімен тазарту;

ұлтабарды өңдеу;

аң терілерін тиісті типтегі және мөлшердегі түзегіштерде түзеу;

аң терілерін кептіру камераларында, барабандарда өңдеу;

тарау, ақауларын кетіру, қолмен немесе механизмдердің көмегімен тазарту;

аң терілерін қайталап түзеу және өңдеу.

883. Білуге тиіс:

түрлі аң және каракөл қозылар терілерінің қыл жабыны мен тері тінінің топографиясы мен құрылымын;

түрлі аң және каракөл қозылардың өңделмеген терілерінің мемстандарттарын;

түрлі аң және каракөл қозылар жануарлардың терілерін алғашқы өңдеу жөніндегі қолданысағы нұсқаулықтар мен кеңестерді;

терілерді алғашқы өңдеу цехында өндіріс кезіндегі қауіпсіздік техникасы мен санитарлық ережені.

13. Бұғы өсіруші


Параграф 1. Бұғы өсіруші 3-разряд
884. Жұмыс сипаттамасы:

бұғы өсіру бригадасы мүшелеріне қызмет көрсету; тамақ пісіру, киім мен аяқ киімді жөндеу, шаңғыны тері қабатымен көмкеру, ұшаны түсіру және мүшелеу, отын мен мұз дайындау, мекенжайды жинау, жылжымалы үйді көшіп қонуға дайындау, оны орнату және басқа да жұмыстар.

885. Білуге тиіс:

тамақ пісіру негіздерін;

тамақ пен инвентарьды сақтау ережесін;

киім мен аяқ киімді жөндеу, ұшаны түсіру және мүшелеу ережесін;

жылжымалы үйді күту, бөлшектеу және орнату ережесін;

отын мен мұз дайындау тәсілдерін.

Параграф 2. Бұғы өсіруші, 6-разряд
886. Жұмыс сипаттамасы:

бұғыларды бағу, азықтандыру, суару және біліктілігі анағұрлым жоғары бұғы өсірушінің басшылығымен зооветеринарлық іс-шараларды жүргізуге қатысу;

табыннан ажыраған немесе парктен шығып кеткен бұғыларды ұстау;

жетекші және қосалқы бұғыларды жұмысқа және жүкпен жүруге үйрету;

бұғы қайыратын иттерді үйрету;

табынды жыртқыштардан қорғау;

жыртқыштарды атып алу;

тері киім мен аяқ киімді тігу.

887. Білуге тиіс:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет