Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы



бет2/10
Дата03.07.2016
өлшемі0.81 Mb.
#174409
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Білуі тиіс: пленкалы материалдарды жасау процесін, жабдықтар құрылғылары мен жұмыс принциптерін, технологиялық параметрлерді реттеу әдістерін, бақылау-өлшеу аспаптарының пайдалану ережелерін, сынамаларды сұрыптау мен анализ жүргізу әдістемесінің ережелерін, дайын өнім мен шикізаттқа тиесілі техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.

21. Пленкалы материалдарды даярлау аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Суару тәсілі арқылы суару құрылғыларының технологиялық процесін жүргізу, полиамидті пленкаға фторпласт суспензиясын кезектегі полиамидті-фторпласт пленкасын балқыту арқылы жағу. Жабдықтар мен коммуникацияларды жұмысқа дайындау. Технологиялық процесс параметрлерін бақылау және реттеу. Суару механизімінің, ауа жіберу мен сорып алу жылдамдықтарын және суару қондырғыларындағы пленка жуандығын реттеу. Полиамидті пленкаға фторпласт суспензиясын жағудағы фторпласт суспензиясын қажетті клнцентрацияға дейін жеткізу. Полиамидті пленкаға фторпласт суспензиясын жағу үшін машинаға пленка рулондарын орнату мен жүктеу. Сорғыштар жұмысын реттеу. Пленка үзілісінен қайта жүктеуден кейінгі қондырғылар жұмыс режимін түзеу. Гидрожапқыштарды, диметилформамидтің буларын аулау жүйесін тексеру, имидизация машинасының барлық жылу зоналарын қажетті режимге өткізу. Пленка имидизациясының температурасы мен жылдамдығын реттеу. Орау құрылғысын, жиек тораптары мен имидизация машинасының басқа да тораптарын біруақытты жұмысқа өткізу, жөңдеу. Дайын пленка жуандығын өлшеу аспаптары арқылы бақылау. Бақылау үлгілерін сұрыптау, анализ нәтижелері бойынша технологиялық процесті дәлдеп түзету. Технологиялық журналға жазу. Дайын өнім есебі. Өнімді қоймаға тапсыру. Жұмысағы жабдық ақаулықтарын жою.

Білуі тиіс: пленкалы материалдарды даярлау процесінің параметрлерін реттеу ережелерін, жабдықтар құрылғылары мен жұмыс принциптерін, олардыың тораптарының біруақытты жұмысын жөңдеу ережелерін, бақылау-өлшеу аспаптарының пайдалану ережелерін, дайын өнім сапасын бақылау әдістерін, дайын өнім мен шикізаттқа тиесілі техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.

22. Пленкалы материалдарды даярлау аппаратшысы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Агрегатты желіде полиимидті пленканы даярлау процесін жүргізу. имидизация машинасы мен суару қондырғысының температурасы мен жылдамдығын бақылау және реттеу. Жабдық ақаулықтарын жою. Жабдықтардың байланысқан тораптарын үздіксіз жұмыспен қамтамасыз ету.

Білуі тиіс: пленкалы материалдарды даярлаудың технологиялық процестерін, құрылғыларды, арматура сызбасы мен коммуникацияларды, жабдық жұмыстарын реттеу әдістерін, бақылау-өлшеу аспаптарының пайдалану ережелерін, шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін, дайын өнімнің шикізатына қойылатын техникалық талаптарды.

23. Термопастаны даярлау аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Термопастаны даярлаудың технологиялық процесін. Жабдықтарды даярлау. Компоненттерді даярлау – ұнтақтың илемі, ұнтақтың, эфир мен бояғыштың мөлшерін өлшеу. Компоненттерді араластығыш құралына салып, оларды араластыру. Ерітінді балбырауы үшін қаңылтыр табаға түсіру. Парақтардағы валикті массада теңестіру. Анализ үшін сынаманы сұрыптау. Алынған листтерді салафанмен орау.

Білуі тиіс: термопастаны даярлау процесінің негізі мен технологиялық режимін, жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын, міндетін, термопастаны даярлау үшін компоненттердің арасалмағын, термопастаны даярлау барысында операциялардың жүйелігін, анализ үшін сынаманы сұрыптау ережелерін, өнімнің даярлық белгілерін, даяр өнімнің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттарын, буып-түюдің ережелерін.

24. Гексолды көбейту аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Гексолды қайнатылған тұзбен көбейту процесін жүргізу. Жабдықтарды даярлау (қайнатылған тұзды араластыру аппараттары, желісті куб, тоңазытқыш т.б). Араластырушы аспабына компоненттерді салу. Қайнатылған тұз бен шикі-гексолдың қатпарлануды араластыру процесін жүргізу. Желісті кубқа ерітіндіні қайта тарту – гексолды айдау мен конденсаттан гексолды бөлу процесін жүргізу. Ваккум-кептіргіште гексолды кептіру. Ыдысқа қайта тарту және салқындату.

Білуі тиіс: гексолды көбейту процесінің негізін технологиялық режимін, жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарын дайындау,технологиялық процесті реттеу ережелерін, даяр өнім мен шикізатқа қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды.

Органикалық шыныны бейімдеу аппаратшысы
25. Органикалық шыныны бейімдеу аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі жоғары аппаратшының басшылығымен органикалы шыныны бейімдеу технологиялы процессін жүргізу. Бейімдеу процесіне органикалы шыныдан әзірлемелерді дайындау: фрезерлі станокта кесілген жерлерді өңдеу, жиектерді шабермен тазарту, әзірлеменің .стін пастамен жылтырату. Бейімдеу құрылығысын жұмысқа дайындау, гидрожүйедегі майдың деңгейін тексеру, созатын тораптардың қармалаушы ысқыштарға салқындататын судың түсуін қадағалау, үстіңгі қақпақты көтергіш механизмінің гидроцилиндрінің жұмысын және созатын тораптарды қармалаушылардың, созатын тораптардың жетегінің шыныны жылыту жүйесінің жұмыстарын бақылау. Әзірлемелерді камераға орнату және бейімдеу процесінен кейін оларды түсіру.

Білуі тиіс: бейімдеудің технологиялы процесінің негізі, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың және бақылау-өлшеу құрылығыларының жұмыс мақсаты, шикізатқа және дайын өнімге қойылатын Мемлекеттік стандарттар және техникалы талаптар.

26. Органикалық шыныны бейімдеу аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Органикалы шыныны бейімдеу технологиялы процесін жүргізу. Шығатын әзірлемелердің өлшемдері, қалыңдығы және термотұрақтылықтарына байланысты бегітілген технологиялы режимдерді таңдау. Технологиялы процестің жүрісін бақылау-өлшеу құрылығылары арқылы бақылау. Бейімдеудің, желілі сығудың, үзіндінің мөлшерінің разрядсін ақырғы сөндіргіштердің көмеімен есептеу. Гидрожүйедегі қысымды, термоөңдеудің және бейімдеудің белгіленген технологиялы режимін реттеу. Өндіріс журналынды жазба жасау.

Білуі тиіс: оргшыныны бейімдеу технологиялы процессі, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың, бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымы, органиклы шынының және қосалқы материалдардың физико-химиялы және технологиялы құрылымы.

27. Органикалық шыныны бейімдеу аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялы процесті жүргізу және органикалы шыныны бейімдеу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Гидрожүйені, қармалаушылардың жұмысын, тоңазытқыш станциялардың, жылыту жүйенің, термоөңдеу жетегін, басқару пультінің жұмысын құрылғымен тексеру. Бейімделудің деңгейіне байланысты әзірлеменің мөлшерін есептеу. Нығайған оргшыныны тегістеу және жылтырату. Тегістейтін шеңберлерді ауыстыру және икемдеу, оларды сүрту. Бейімделгеннен кейін қаңылтырлардың оптикалы бұрмалауларын өлшеу. Бейімдеу құрылғыларында жартылайавтоматты және автоматты режимде жұмыстарды орындау. Құрылғының жұмысындағы ұсақ ақауларды жою. Жабдықты жөңдеу жұмыстарына дайындау және жөңдеуден қабылдау.

Білуі тиіс: органикалы шыныны бейімдеу процесінің технологиялы сызбасын, шыныны нығайту технологиялы процесін, нығайтылған оргшынының құрамына температура және уақыттың әсер теуі, нығайтылған шынының сипаттамасы және құрамы, мономер құрамы, дайын өнімнің оптикалы сипаттамасы, шикізатқа және дайын өнімге Мемлекет стандарттары.

Ағарту аппаратшысы
28. Ағарту аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарғы разрядлі аппаратшының басшылығымен қышқылдар мен ағарту ерітінділерімен этилцеллюлоздарды және мақталы целлюлоздарды ағарту технологиялық процестің жеке операцияларын орындау. Өлшеуіш аспаптарына шикізаттарды қабылдау. Массасорғыштардың көмегімен күкірт қышқылы мен натрия гипохлоритінің белгілі мөлшерімен этилцеллилоздар мен мақталы целлюлоздардың жалпы бөліктерінің қоспалауыштарын және ағарту аппараттарын іске қосу. Аппараттарды тазарту.

Білуі тиіс: мақталы целлюлоздарды өндірудің технологиялық процесін, жеке факторлардың (температуралардың, жандандырылған хлор мен күкірт қышқылы концентрацияларының, ваннаның модулі және т.б.), ағарту бөлімдері коммуникацияларының схемасын, жабдықтардың жұмыс принциптері мен ережелерін.

29. Ағарту аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарғы разрядты аппаратшының басшылығымен қышқылдар мен ағарту ерітінділерімен этилцеллюлоздарды және мақталы целлюлоздарды ағартудың технологиялық процесін жүргізу. Қозғалмалы механизмдер мен коммуникациялардың түзулігін тексеру. Мөлшерлі компоненттерді, ағарту ерітінділері мен қышқылдарды есепке алу және даярлау. Мақталы целлюлоздар мен этилцеллюлоздар сыйымдылығына қышқылдар мен ағарту ерітінділерін тиеу, судың сыйымдылығына +1°С – ге дейін дәл берілген температураны жіберу, араластыру аспаптарын іске қосу, ағарту процестерін жүргізу, ваннаның модулін ағарту мен қышқылдандыру барысында сыйымдылықтардағы суспензиялардың температурасы тәртіптерін реттеу –тазарту және қышқылдандыру. Анализ үшін сынаманы сұрыптау. Дайын өнімді тиеу. Технологиялық журналға жазу.

Білуі тиіс: ағарту процесінің негізі мен технологиялық режимін, жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының тағайындалуын, қондырғысын, мөлшерлі компоненттер есебінің методикасын, сынаманы сұрыптау мен анализ жүргізу методикасын, дайын өнімнің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттарын.

Этилцеллюлоздарды және мақталы целлюлоздарды ағартудың технологиялық процесін қышқылдар мен ағарту ерітінділерімен жүргізе отырып, бір уақытта ағарту бөлімдерінің барлық жабдықтардың қызметі мен жағдайларын бақылауда - 5- разряд

30. Қатайту аппаратшысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ионоалмастырғыш қарамайдың, пенополиуретан мен мипора блогтарын қатайтудың технологиялық процесін жүргізу. Жұмысқа қосалқы жабдықтар мен қатайту камерасын дайындау. Камераны іске қосу. Технологиялық регламентті реттеу және бақылау: ауаараластырғыштың, температураның, ұстау уақытының тәртібі. Өнімді тиеп, оны қоймаға немесе кейінгі технологиялық операцияларға өткізу. Арнайы уатқыш жабдығында қатайтылған ионоалмастырғыш қарамайдың қатты сорты. Анализ үшін сынаманы сұрыптау немесе қатайту процесінің аяқталуын көзбен шолу арқылы анықтау. Қатайту камерасына, камера есіктерінің қалпын реттейтін механизмдерге, аудару механизмдеріне, желдеткіштерге, ауақұбырларына, буды қыздыру системаларына күтім жасау. Телім жабдықтарына күтім жасау. Өндірістік журналға жазу.

Білуі тиіс: өнім өндірісінің технологиялық схемасын, технологиялық процестің негізін, жұмыстың принціпі мен телімнің барлық жабдықтарымен жұмыс жасау ережелерін, технологиялық процестің негізін, технологиялық режим мен процесті реттеу ережесін, сынаманы сұрыптау ережелері мен анализ жүргізу методикасын.

Пенополиутеранды қатайтудың технологиялық процесін жүргізу және пенополиутеран блоктарын сорты мен бөліктері бойынша іріктеуде - 4-разряд

Компаундтерді дайындау аппаратшысы


31. Компаундтерді дайындау аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі едәуір төмен аппаратшының басшылығымен компаундтерді дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Материалдарды даярлау – мөлшерлеу, пластификаторларды аппаратта араластыру, ингредиенттерді таразылау, аралық сыйымдылыққа қарамайды жіберу. Қарамайды, пластификаторларды және ингредиенттерді құбырараластырғыштарға тиеу. Құбырараластырғыш пен аралық сыйымдылығы бар араластырушы аппаратты, пласттыараластырғышты, тиегіш конвейер мен экструдерді іске қосу. Аппаратты тазарту.

Білуі тиіс: компаундтерді даярлау процесінің негізін, компаунд құрамын, құрылғы мен жабдықтардың жұмыс жасау принціпін, технологиялық процестің жүйелігін, жабдықтардың қосу және тоқтату ережелерін, шикізат пен дайын өнім үшін ұсынылған негізгі талаптарды.

32. Компаундтерді дайындау аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Компаундтерді дайындаудың технологиялық процесін жүргізу – пласттыараластырғыш пен экструдер роторларының айналу жылдамдықтарын, жылытудың температурасын, пластикалау деңгейін реттеу. Қыздыру жабдықтары мен механизмдерінің түзулігін тексеру және түсіріліс температурасын қондыру, құбырараластырғыш пен аралық сыйымдылығы бар араластырушы аппаратты іске қосу, пласттыараластырғышты, тиегіш конвейер мен экструдерді іске қосу. Технологиялық журналға жазу.

Білуі тиіс: компаундтерді даярлаудың технологиялық процесін, компаундтердің құрамын, жабдық құрылғылары мен жұмыс принциптерін, мөлшерленетін материал қатынасын есептеу әдістемесін, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы басқару принціптерін, шикізат пен дайын өнімге қойылатын негізгі талаптарды.

33. Пастаны өндіруші аппаратшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Органикалы шыныны сүрту және жылтырату үшін пастаны дайындау тенологияы процесін жүргізу және одан өнім жасау. Шикізаттың компоненттерін үгіту және өлшеу, ертінділерді және суы суспензияларды қоспалаушыларда компоненттерді мұқият араластыру тәсілімен дайындау. Қоспаларды тұндырғыштарға құю, зертхана талдаулары бойынша массаның біркелкі жағдайын тексеру, пастаны оралған шыны тароға құю.

Білуі тиіс: пастаны дайындау технологиялы процессін, механикалы араластырғыштың және шарлы диірменнің құрылысы және жұмыс мақсаты, дайын өнімге мемлекеттік стандарттар және техникалы талаптар.

34. Полимерленген қоспаны дайындау бойынша аппаратшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалыпты құю үшін полимерленген қоспаны дайындау технологиялы процесіне кіріспе. Түйірлерді еріту технологиялы процесіне кіріспе. Толықтай ерітуді анықтау үшін және полимерленген қоспаның сапасын анықтау үшін талдауға сынамаларды алу. Қалыпты құю теліміне қоспаны жіберу. Қолданылатын шикізаттың және қоспаның шығу саның есептеу. Аппаратураға және коммуникацияға қарапайым жөңдеу жұмыстарын жасау.

Білуі тиіс: полимерленген қоспаны дайындау технологиялы сызбасын, негізгі және қосалқы жабдықтың жұмыс мақсаты, бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымы және оларды пайдалану ережесі, қолданылып жатқан шикізаттың, жартылайфаврикаттардың және басқада қосымша материалдардың физико-химиялы және технологиялы құрамы, шикізатқа және полимерленген қоспаға қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарды.

35.Силикондау аппаратшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Силикатты шыныны арнайы камераларда жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес силикондау процессін жүргізу. Шыныны қоймадан қабылдау. Шыныны сода ертіндісімен және сумен жуу, оны силикондау камерасына тиеу. Метилтрихлорсиланды камераға тиеу үшін саның есептеу. Бақылау-өлшеу қрылғыларының көрсеткіштері бойынша силикондау процесін реттеу.

Білуі тиіс: силикатты шыныны силикондау прцесінің негізгі кезеңдерін, силикатты шының физико-химиялы құрамы, силикондау технологиялы процесі, жабдықтардың және бақылау-өлшеу құралдарынң жұмыс мақсаты.

Жентектеу аппаратшысы
36. Жентектеу аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі едәуір жоғары аппаратшының басшылығымен жентектеу әдісімен ленталы мәшинелерде мипластты ленталарды жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Мәшинеге қарамай жеткізу. Ленталы мәшинемен жұмыс жасауға. Камераның ысыту қазандарын берілген температурасына дейін қыздыру. Бункерге қарамайды құю. Мәшинені іске қосу. Мипластты ленталарды жасаудың технологиялық процесін бақылау және реттеу: лентаға қарамайды төсеу, жентектеу және салқындату температурасын, никелденген ленталарды тарту және орнықтыру, ленталардың сыртынғы қабаттарының тазалығын, ленталардың қозғалу жылдамдықтарын реттеу, тазартудың сапалығын, тазартылған лентаны эмульсиялау. Кептіргіш туннелінде тазартылған лентаны кептіру. Кептіргіштегі температураны реттеп, қарамай ұнтақтарын сұрыптау. Әзірленген ленталарды кейіңгі технологиялық операцияларға өткізу. Мәшинені тоқтату. Технологиялық журналға жазу.

Білуі тиіс: жентектеу процесінің негізін, жұмыс жасап жатқан жабдықтардың жұмысын реттеу мен іске қосу ережелерін, ленталарды жуу мен жентектеу режимдерін, дайын өнімнің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандартарын.

37. Жентектеу аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жентектеу әдісімен ленталы мәшинелерде мипластты ленталарды жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Телімдегі барлық жабдықтарда жұмыс жасау. Ленталы мәшинемен жұмыс жасауға дайындалу. Қалыптанған валиктердің калибрленген бұнақтар есебі. Мәшинені іске қосу. Мипластты ленталарды жасаудың технологиялық процесін бақылау және реттеу. Өндірілген ленталардың саны мен жұмсалған қарамайдың санын есептеу. Технологиялық журналға жазу.

Білуі тиіс: жентектеу процесінің негізі мен технологиялық режимін, ленталы мәшинелердің кептіргіш пештердің, жуу ванналарының құрылғысы мен жұмыс жасау принціптерін, жұмыс жасап жатқан жабдықтардың жұмысын реттеу мен іске қосу ережелерін, дайын өнімнің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттарын.

Өндірістегі пластикалық массаларды стандарттау аппаратшысы
38. Өндірістегі пластикалық массаларды стандарттау аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі едәуір жоғары аппаратшының басшылығымен пластикалық массалардан материалдар мен өнімдерді стандарттаудың технологиялық процесін жүргізу. Стандарттау процесін жүргізуге әзірлену – сыйымдылықтарға өнімдерді қабылдау. Аппаратты әзірлеу. Аппаратқа материалдарды, өнімдерді тиеу, аппаратты іске қосу. Араластырудың технологиялық процесін жүргізу және материалдарды, өнімдерді мемлекеттік стандарт бойынша орнатылған нормаға дейін жеткізу. Жабдықтардың жұмыс жасау режимдерін реттеу. Өнімнің даярлық деңгейін анықтау және анализ үшін сынаманы сұрыптау. Дайын өнімді түсіру, жуу және салу. Шикізат пен дайын өнімнің есебін жүргізу.

Білуі тиіс: түрлі өнімдерді стандарттау технологиялық процесінің негізгі кезеңдерін, жабдық құрылғылары мен жұмыс принциптерін, бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану ережелерін, шикізат қасиеттерін, қоспа сынамасын сұрыптау ережелері мен өнім даярлығын анықтау әдістерін, дайын өнімнің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттарын.

39. Өндірістегі пластикалық массаларды стандарттау аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пластикалық массалардан материалдар мен өнімдерді стандарттаудың технологиялық процесін жүргізу. Норма бойынша әр топтамадан мөлшерленген өнімдерді есептеу. Араластырудың технологиялық процесін жүргізу және материалдарды, өнімдерді мемлекеттік стандарт бойынша орнатылған нормаға дейін жеткізу. Жабдықтардың жұмыс жасау режимдерін реттеу. Өнімнің даярлық деңгейін анықтау және анализ үшін сынаманы сұрыптау. Шикізат пен дайын өнімнің есебін жүргізу.

Білуі тиіс: пластикалық массалар өндірісіндегі стандарттау процесін, жабдық құрылғылыры мен жұмыс принциптерін, бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану ережелерін, өнімдерді қабылдау мен тапсыру ережелерін, дайын өнімді анықтау тәсілдері мен анализ үшін сынаманы сұрыптауды, шикізат пен дайын өнімнің техникалық шарттарын және мемлекеттік стандарттарын.

40. Термоылғалды өңдеу аппатаршысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автоклавтарда немесе алдын-ала көпірткен қалыптастырылған әзірлемелермен әткеншек машиналарында термоылғалды өңдеу технологиялы процессін жүргізу. Автоклавты, әткеншек машиналарды, бушығаратын коммуникацияларды және бақылау-өлшеу құрылғыларын тексеру және жұмысқа дайындау. Термоылғалды өңдеуді марка, сорт, құрамы және полистирол шикізатының көлемді салмағына және өнімнің түріне технологиялы картамен сәйкес режимін белгілеуАвтоклавтарға бу беру, буды және конденсантты жіберу. Температураны, қысымды және бақылау-өлшеу құрылғылары брйынша циклдың жалғасуын бақылау және реттеу.

Білуі тиіс: термоылғалды өңдеу процесінің параметрлерін, жабдық құрылғылары мен жұмыс принциптерін, коммуникация сызбасын, бақылау-өлшеу құрылғыларын қолдану ережелерін, қысымда жұмыс жасайтын ыдысты эксплуатациялау ережесі және құрылғысын, өңделген өнім сапасына қойылатын талаптарын, жылутехника негіздерін.

Пластмассалар бұйымдарын термоөңдеу аппаратшысы
41. Пластмассалар бұйымдарын термоөңдеу аппаратшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ванналарда және пластмассалық бұйымдарды тұрақтандырудағы термоөңдеудің технологиялық процесін жүргізу. Термошкафтардағы құйылған материалдарды жұмсарту бойынша жұмыстарды орындау және жарамсыз бұйымдардан арматураларды шығару. Ванналарды әзірлеу: суды құйып, белгіленген температурасына қыздыру. Кассетаға бұйымдарды салу, ваннаға кассетаны ыстық сумен жіберу. Орнатылған технологиялық режимге сәйкес бұйымдарды ұстау. Кассеталарды шығару және ваннаға салқын сумен түсіру, кассетадан бұйымдарды шешу және ыдысқа салу. Белгіленген өлшем бойынша бұйымдардың өлшемдеріне сәйкес өлшеуіш құралдарымен тексеру.

Білуі тиіс: термоөңдеу процесінің негізгі кезеңдерін, ванна қызу ережелерін, термоөңдеуге жатқызылған материалдардың негізгі өзіндік қасиеттерін, өлшеуіш құралдарының қолдану ережелерін.

42. Пластмассалар бұйымдарын термоөңдеу аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Май термостаттары мен термошкафтардағы бұйымдарды термоөңдеудің технологиялық процесін жүргізу немесе термоөңдеуге фторпласттан бұйымдар және дайындамалар әзірлеу. Бұйымдарды әзірлеу: кассеталарға немесе тіреулерге салу, термостатты маймен толтыру; термостатты, термошкафты берілген температурасына дейін қыздыру; бұйымдарды тиеу; термостат пен термошкафтағы бұйымдарды полимерлеу мен термоөңдеудің технологиялық процесін жүргізу; бұйымдарды түсіру, қоршаған ортасына сәйкес температураға дейін суыту және оларды майдан тазарту максатымен бензинмен ваннаға тиеу; майдан тазаланған бұйымдарды кептіргіш шкафына жіберу; кептірілген бұйымдарды кейіңгі өңдеуге тапсыру.Фторпласттан бұйымдар мен дайындамаларды әзірлеу барысында – құрал-саймандарды әзірлеу; пешке тиеу және дайын бұйымдарды немесе пештен дайындамаларды түсіру; бұйымдарды престеп салу, немесе арнайы ұстағыштар үшін жабдықталған құрал-саймандарға асу;

Білуі тиіс: термоөңдеу процесі мен оны реттеуді, жабдық құрылғылары мен жұмыс принциптерін, термоөңдеуге ұшырайтын пластмасс бұйымдарын ақойылатын талаптарды, жабдықты іске қосу мен тоқтату ережелерін.

43. Пластмассалар бұйымдарын термоөңдеу аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі едәуір төмен аппаратшыларды басқара отырып, ұзындығы 5 метрге дейіңгі фторпласттан бұйымдар және дайындамалардың термоөңдеуінің технологиялық процесін жүргізу немесе біліктілігі едәуір жоғары аппаратшының басшылығымен ұзындығы 5 метрден жоғары, фторпласттан бұйымдардың термоөңдеуінің технологиялық процесін жүргізу. Жұмысқа пеш пен қосалқы механизмдерін әзірлеу. Аспаптарды берілген технологиялық режиміне қондыру. Пешті қыздыру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша термоөңдірудің берілген технологолиялық режимді бақылау және реттеу: температураларды, ысыту мен суыту жылдамдықтарын, ұстамдылықтың ұзақтығын және т.б. Бұйымдарды немесе термоөңдірістен кейіңгі дайындамаларды ұстау. Термоөңдіріс процесінің аяқталуын көзбен шолу арқылы анықтау. Өндірістік журналға жазу.

Білуі тиіс: термоөңдеу процесінің негізін, жұмыс жасап жатқан жабдықтардың қондырғысын, бұйымның сапасының, өлшемі мен түріне қарамастан технологиялық өнімді жүргізу ережелерін, термоөңдіріске ұсынылған техникалық талаптарды, пешті режимге қою ережелерін, жабдықтардың іске қосу мен тоқтату ережелерін.

44. Пластмассалар бұйымдарын термоөңдеу аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ұзындығы 5 метрден жоғары фторпласттан жасалған бұйымдар мен құбырларды жентектеудің технологиялық процесін жүргізу, физикалық-химиялық өзіндік қасиеттерін өзгерту мақсатымен келесі термоөңдеумен және берілген геометриялық өлшемдерді газды, электрлі пештердегі басқарудың күрделі автоматикалық схемаларымен алу және электрнды аспаптарды пайдалануды бақылау. Физикалық-механикалық қажетті өзіндік қасиеттерін алу үшін және өлшемдері, қалыңдығы мен бұйымдардың термотұрақтылығына сәйкес орнатылған технологиялық режимді таңдау. Пеш, қосалқы механизмдермен жұмыс жасауға әзірлену. Автоматика мен бақылау-өлшеу аспаптарын тексеру және аспаптарды белгіленген режимге қондыру. Пешті жылуалмастырғышты реттеумен қыздыру және суыту, пешке бұйымдарды тиеу және одан түсіру. Үлкенкөлемді бұйымдарды пешке салу үшін электртельфермен жұмыс жасау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша термоөңдеу, жентектеудің технологиялық режимін бақылау мен реттеу. Автоматты газды оттық, газды арматура және құбырлармен жұмыс жасауы. Геометриялық өлшемдер мен бұйымдардың физикалық-механикалық өзіндік қасиеттерін өлшеуіш құралын пайдалана отырып бақылау. Өндірістік журналына жазу.

Білуі тиіс: термоөңдеу процесінің негізін, жұмыс жасап жатқан жабдықтардың қондырғысын, арматура сызбасы мен коммуникацияны, көтеру-транспорт құралдарымен жұмыс істеу ережелерін, автоматика мен бақылау-өлшеу приборларын дайындау және реттеу, фторпласт өнімдері мен трубаларға және дайын өнімге қойылатын талаптарды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет