8-14 квалитеттер бойынша бөлшектерде беті мен тесіктерді бұрғылауға және өңдеуге арналған әр түрлі бұрғылағыш, ажарлағыш, электр эрозиялық станоктардың механикалық және электр механикалық құрылғыларын баптау.
454. Бағдарламалық басқарылатын станоктар мен манипуляторларды баптаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі кескіш құралды қолдана отырып, бас жүрісте және жұмыс режимінде күрделі бөлшектерді өңдеу үшін бағдарламалық басқарылатын станоктардың механикалық және электр механикалық құрылғыларын баптау. Координатты плиталарды баптау. Бағдарламалық басқарылатын станоктарды баптаумен, басқарумен және қосумен байланысты есептеулерді орындау. Әр түрлі құрылғыларды, оларды бірнеше жазықтықта салыстырып орнату. Бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипуляторларды (роботтарды), сондай-ақ технологиялық, электр техникалық, көтергіш-көлік және жылу шығару өндірістерінде қолданылатын «Станок (машина) – робот» типтегі блокты-модульді жүйелердің және икемді автоматтандырылған өндірістер (бұдан әрі - ИАӨ) желісінің жабдықтарын баптау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктардың және бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипуляторлардың (роботтардың) құрылғысын, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, құралды блоктарға орнату тәсілдерін, құрылғыларды реттеу ережесін.
Орта кәсіптік білімді талап етеді.
Жұмыс үлгілері.
Төмендегі бөлшектерді өңдеу үшін әртүрлі токарлық станоктардың механикалық және электр механикалық құрылғысын баптау:
1) Ұзындығы 1500 мм дейін кесілген бұрамасы бар біліктер;
2) Диафрагмалар, дискілер, поршеньдер, күштейтін сақиналар, сыртқы және ішкі бұрамасы, бунақты, конустық беті бар фланецтер және басқа да ірі габаритті бөлшектер;
3) Дискілер, компрессорлар мен турбиналар, турбина роторлары;
4) Шарикті мойынтіректі сақиналар, су және бу инжекторлары, көп орынды пресс-қалыптар;
5) Компрессорлар мен турбиналардың корпустары, түзеткіш және бағыттағыш аппараттар, күштейтін сақиналар, фланецтер және басқа да қисық сызықты, конустық әрі цилиндрлік беті бар ірі габаритті сақиналы және дискілі бөлшектер;
6) Тірек мойынтіректері мен кеме механизмдерінің корпустары, цилиндр блоктары, иінді және кемелік біліктер, тарақты бұрандалар, турбогенераторлардың статорлары, ескекті мұзды бұрандалардың шабақтары, күрделі кондукторлар, тежегіш шкивтер, муфталар, компрессорлар, қозғалтқыштар, жетектер, жылдамдық қораптары, қақпақтар, жұқа қабырғалы төлкелер;
7) Шарлар және шар жалғамалары, көп кіретін әр түрлі бұрама қалпақшалар, бұрамалы біліктер.
Төмендегі бөлшектерді өңдеу үшін әртүрлі фрезерлік станоктардың механикалық және электр механикалық құрылғысын баптау:
1) Күрделі геометриялық формасы, көп тесігі бар корпустық авиабұрамалар мен авиадоңғалақтардың бөлшектері;
2) Рульдің шетін тірейтін каркастар, панель қанаттары мен теориялық контурлары, қалталары, қималары, терезелері, тесіктері бар басқа да ұқсас бөлшектер;
3) Күрделі конфигурациялы көшіргіштер, матрицалар, пуансондар;
4) Кеме механизмдерінің корпустары, сатылы бетті аспаптардың корпустары, компенсаторлар, қозғалтқыштар, жетектер, жылдамдық қораптары, қақпақшалар, цилиндрлік түбі бар жұқа қабырғалы, кеңістік қалыпты беті фасонды төлкелер (цилиндрлер, сфералар);
5) Кронштейндер, құрсамалар, негіздер, платтар, сатылы беті бар төлкелер;
6) Турбина қалақтары;
7) Қанат ұштары, центрпландар, белдеулер, арқалық, лонжерондар, нервюралар, жиектемелер, шпангоуттар, панельдер және ауыспалы малкасы бар басқа да ұқсас бөлшектер.
7-8 квалитеттер бойынша бөлшектерде беті мен тесіктерді бұрғылауға және өңдеуге арналған әр түрлі бұрғылаушы, ажарлаушы, электр эрозиялық станоктардың механикалық және электр механикалық құрылғыларын баптау.
455. Бағдарламалық басқарылатын станоктар мен манипуляторларды баптаушы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орын ауыстыруды және оларды құрамды бекіткенді қажет ететін бөлшектерді өңдеу үшін бағдарламалық басқарылатын көп операция жасай алатын станоктардың механикалық және электр механикалық құрылғыларын бос жүрісте және жұмыс режимінде баптау. Бөлшектерді өңдеу үшін манипуляторлық бағдарламалық басқарылатын станоктардың өңдейтін кешендерін баптау және реттеу. Бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипуляторларды (роботтарды) және сондай-ақ технологиялық, электр техникалық, көтергіш-көлік және жылу шығару өндірістерінде қолданылатын ИАӨ учаскелерінің жабдықтарын баптау және реттеу. Станоктарды және бағдарламалық басқарылатын станоктардың өңдейтін кешендерін баптау кезінде қажетті күрделі техникалық есептеулерді орындау.
Білуге тиіс: әмбебап, арнайы құрылғылардың және бағдарламалық басқарылатын күрделі станоктарға арналған басқа да жабдықтардың конструктивтік ерекшеліктерін, қызмет көрсетілетін станоктардың кинематикалық және электрлік тәсілін.
Орта кәсіптік білімді талап етеді.
Жұмыс үлгілері.
Төмендегі бөлшектерді өңдеу үшін әр түрлі токарлық станоктардың механикалық және электр механикалық құрылғысын баптау:
1) Ұзындығы 1500 мм артық кесілген бұрамасы бар біліктер;
2) Тарақтар, бұрамалы калибрлер, көп кіретін бұрамдықтар;
3) Жылдамдық қораптары, қозғалтқыш пен кеме механизмдерінің корпустары, турбина мен сорғылардың күрделі корпустары.
Төмендегі бөлшектерді өңдеу үшін әр түрлі фрезерлі станоктардың механикалық және электр механикалық құрылғыларын баптау:
1) Жылдамдық қораптарының корпустары;
2) Қозғалтқыш және кеме механизмдерінің корпустары, гидротурбина корпустары.
6-квалитет бойынша бөлшектерді тесіктер мен бетті бұрғылау және өңдеу үшін әр түрлі бұрғылаушы, ажарлаушы электр эрозиялық станоктардың механикалық және электр механикалық құрылғыларын баптау.
456. Бағдарламалық басқарылатын станоктар мен манипуляторларды баптаушы 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Станоктарды басқару бағдарламасын әзірлеп, бөлшектер мен құрастырылған бірліктерді өңдеу үшін көп операциялы станоктарды және бағдарламалық басқарылатын станоктардың роботтандырылған технологиялық кешендерін бас жүрісте және жұмыс режимінде баптау. Бөлшектер мен құрастырылған бірліктерді өңдеу үшін икемді өндірістік жүйелерді (бұдан әрі - ИӨЖ) баптау және реттеу. Жабдықтардың барлық жүйелері мен тораптарын диагностикалау, бұзушылықтардың алдын алу және жөндеу.
Білуге тиіс: бағдарламалық басқарылатын станоктарға арналған басқару бағдарламаларын әзірлеу тәсілдерін, бөлшектер мен құрастырылған бірліктерді өңдеуге арналған бағдарламалық басқарылатын станоктардың, олардың өңдейтін кешендерінің, роботтандырылған технологиялық кешендерінің және икемді өндірістік жүйелердің конструктивтік ерекшеліктерін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, жабдықтардың барлық жүйесін диагностикалау және бұзушылықтарды жөндеу бойынша жұмыстарды орындау тәсілдерін.
Орта кәсіптік білімді талап етеді.
457. Бағдарламалық басқарылатын станоктар мен манипуляторларды баптаушы 8-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жүйені басқару бағдарламаларын әзірлеп, бөлшектер мен құрастырылған бірліктерді өңдеу үшін икем өндірістік жүйелерді (ИӨЖ) баптау және реттеу және күрделі тораптарды, агрегаттарды, жүйелерді жөндеу.
Білуге тиіс: икем өндірістік жүйелері (ИӨЖ) үшін басқару бағдарламаларын әзірлеу, жабдықтың жалпы жағдайын диагностикалау және тораптар мен жүйелердің жүрмей қалудың негізгі себептерін белгілеу, тораптарды, механизмдерді және жабдықтардың барлық жүйелерінің құрылғыларын жөндеу, құрастыру және монтаждау тәсілдерін.
Орта кәсіптік білімді талап етеді.
Ажарлағыш станоктарды баптаушы
458. Ажарлағыш станоктарды баптаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 8-10 квалитеттері мен Ra 1,25 - 0,32 параметрлері бойынша күрделі бөлшектерді ажарлау және жетілдіру үшін бір типтік центрсіз ажарлағыш, дөңгелетіп ажарлағыш, жазықтай ажарлағыш станоктарын баптау. Технологиялық карта бойынша немесе өздігінен өңдеудің технологиялық жүйелілігін және режимін белгілеу. Екі жазықтықта салыстырып тексерумен бөлшектерді әмбебап әрі арнайы құрылғыларда және станок үстеліне орнату. Ажарлағыш шарықтастардың тозғанын сыртқы түрі мен өңделетін беттің тазалығы бойынша айқындау. Станокты жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін бір типтік аралағыш станоктардың құрылғысын және оларды дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптардың және ажарлау барысында бөлшектерді автоматты өлшеуге арналған құралдың құрылғысын, ажарлағыш шарықтастардың маркаларын және өңделетін материалға байланысты оны қолдану шарттарын, өңдеу тәсілдерін және өңдеудің қажетті тазалығын, сипаттамалардың фирмалық әрі зауыттық белгілерін және шарықтастарды сынау туралы деректерді, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, дәлдік дәрежесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
459. Ажарлағыш станоктарды баптаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 6 - 7 квалитеттері және Ra 0,63 - 0,15 параметрі бойынша күрделі және ірі бөлшектерді ажарлау және жетілдіру үшін әр түрлі типті центрсіз ажарлағыш, дөңгелектеп ажарлағыш, жазықтай ажарлағыш, ішін ажарлағыш, жаныштағыш станоктарды және аса ажарлау станоктарын баптау. Өңдеудің және ажарлау режимінің технологиялық жүйелілігін белгілеу. Бөлшектерді құрылғыларда және станок үстелінде, әр түрлі жазықтықта салыстырып тексеріп, орнату.
Білуге тиіс: әр түрлі типті ажарлағыш станоктардың кинематикалық тәсімін және оларды өңдеу дәлдігіне тексеру ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшеу және реттеу ережесін, ажарлағыш шарықтастардың, олардың байлам беріктігіне байланысты рұқсат етілетін айналу жылдамдығын.
Орта кәсіптік білімді талап етеді.
460. Ажарлағыш станоктарды баптаушы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 5 - 6 квалитеттері, Ra 0,32 - 0,04 параметрі бойынша ажарлайтын көп беті бар күрделі бөлшектерді өңдеу үшін әртүрлі типті күрделі, өте сирек кездесетін ажарлағыш станоктарды баптау. Бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын қолдана отырып, әр түрлі жазықтықта салыстырып, құрамды бекітуді қажет ететін әмбебап әрі арнайы құрылғыларда бөлшектерді орнату.
Білуге тиіс: әр түрлі өте сирек кездесетін ажарлағыш станоктардың құрылымдық ерекшеліктерін және оларды өңдеу дәлдігіне тексеру ережесін, ажарлағыш шарықтар құрылымын және олардың байлам беріктігіне байланысты рұқсат етілетін айналу жылдамдығын, ажарлау процесінде бөлшектердің өлшемін автоматты өлшеуге арналған аспаптардың конструкциясын, температураның өңдеу дәлдігіне және бөлшекті өлшеуге әсерін, кесу режимін станоктардың анықтамалығы мен паспорттар бойынша айқындау ережесін, металдарды кесу теориясының негіздерін.
Орта кәсіптік білімді талап етеді.
Егеулерді, түрпілер мен араларды кертуші
461. Егеулерді, түрпілер мен араларды кертуші 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық картаға немесе шебердің нұсқауларына сәйкес өңдеу мен керту режимінің жүйелілігін сақтай отырып, бапталған арнайы керту станоктарында барлық пішінді және өлшемдегі драгалық егеулер мен түрпілерді керту.
Білуге тиіс: керткіш станоктардың маңызды бөліктерінің атауы мен міндетін, драгалық егеулер мен түрпілерді керту ережесін және жұмыс тәсілдерін, едәуір кең таралған қарапайым құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының міндетін және қолдану шарттарын, кертпелердің пішіндерін, өлшемдері мен нөмірлерін.
462. Егеулерді, түрпілер мен араларды кертуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы керткіш станоктарда драгалық (0 - 1 нөмірлі кертпелер) егеулердің (жалпақ өтпейтін, өткір, пышақты) жіңішке жақтарын керту. Барлық пішінді және өлшемді драгалық егеулердің (0-1 нөмірлі кертпелер) және қолара төсемдерінің астыңғы тістерін керту. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды баптау және реттеу. Құрылғылар мен құралдарды ауыстыру уақытын және олардың жұмысқа жарамдығын айқындау. Арнайы кескіш станоктарда барлық пішінді надфильдердің қосалқы кертпелерін және кертпелердің нөмірлерін тарақтап кесу.
Білуге тиіс: арнайы керткіш станоктардың құрылғысын және жұмыс принципін, едәуір кең таралған құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын, өңделетін металдың атауын және таңбалануын.
463. Егеулерді, түрпілер мен араларды кертуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы керткіш станоктарда барлық нөмірлі және өлшемді (жалпақ өтпейтін және өткір, қоларалы) жеке (2 - 3 нөмірлі кертпе) егеулердің жіңішке жақтарын керту. Араларды қайрау үшін астыңғы тісті, сондай-ақ жеке (2 - 3 нөмірлі кертпе) егеулердің жіңішке жақтарын, егеулердің жіңішке жақтарын керту. Барлық пішінді және өлшемді егеулерді керту. Берілген геометриялық параметрлер бойынша жұмыс құралын қайрау және жетілдіру. Өлшеу сызғыштарын, бұрышөлшегіштерді, шаблондар мен оптикалық аспаптарды қолдана отырып, жеке егеулердің керту геометриясын тексеру және өлшеу. Станоктарды баптау. Арнайы кескіш станоктарда барлық пішінді надфильдердің негізгі кертпелерін жіңішке жағын және кертпелердің нөмірлерін, араларды қайрауға арналған егеулерді тарақтап кесу.
Білуге тиіс: әртүрлі типті арнайы кертпе станоктарының құрылғысын және баптау ережесін, әмбебап және арнайы құралдардың құрылғыларын, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін, өңделетін металдардың негізгі механикалық қасиетін, жұмыс құралын қайрау және орнату ережесін.
464. Егеулерді, түрпілер мен араларды кертуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы керткіш станоктарында және қолмен барлық пішінді және өлшемді егеулерді: мақпалды (4 - 5 нөмірлі кертпе) егеулердің астыңғы тісін, жеке (2 - 3 нөмірлі кертпе) егеулердің үстіңгі тісін, сондай-ақ мақпалды (4 - 5 нөмірлі кертпе) егеулердің (жалпақ өтпейтін және өткір, қоларалы) жұқа жақтарын керту. Дайындалған егеулер мен надфильдерді термоөңдеу. Жұмыс құралын жасау, термоөңдеу, қайрау және жетілдіру. Арнайы кескіш станоктарда барлық пішінді және өлшемді надфильдердің негізгі кертпелерін және кертпелердің нөмірлерін тарақтап кесу .
Білуге тиіс: қолданылатын әмбебап әрі арнайы құралдардың конструкциясын, жұмыс құралының геометриясын, термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын.
Мойынтіректерді домалатушы
465. Мойынтіректерді домалатушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Домалатуға арналған арнайы құрылғыларды қолдана отырып, тік бұрғылау станоктарында немесе арнайы қондырғыларда мойынтіректерді домалату. Станок пен қондырғыларды баптау және бұзушылықтарды жою. Бақылау-өлшеу аспаптары немесе эталондардың көмегімен домалату сапасын белгілеу.
Білуге тиіс: мойынтіректерді домалатуға арналған станоктардың немесе қондырғылардың құрылғысын және жұмыс принципін, мойынтіректерді домалатудың техникалық шарттары мен режимін, домалатуға арналған сұйықтық пен пасталардың міндеті мен қасиетін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының атауын, міндетін және қолдану шарттарын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
466. Мойынтіректерді домалатушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Газ турбиналары қондырғыларының домалау мойынтіректерін өңдеу. Нұсқаулыққа сәйкес регламент жұмыстарын жүргізу. Қондырғыны іске қосуға дайындау және қосу алдында аспаптардың көрсеткішін бақылау. Қондырғыны бос жүріс режимінде орнату және жұмыстың нақты берілген режимін белгілеу. Қондырғыны баптау және жұмыс барысындағы ақаулықтарды жою.
Білуге тиіс: мойынтіректерді домалату үшін қондырғылардың құрылғысын және баптау ережесін, мойынтіректерді жүктеме бойынша өңдеудің техникалық шарттарын және режимін, қондырғының барлық агрегаттарының жұмыс режимін бақылау-өлшеу аспаптары, есту, діріл деңгейі бойынша айқындау тәсілдерін, қондырғының бұзылу себептерін және оларды жою әдістерін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
Станоктар мен қондырғылардың автоматты және жартылай автоматты желілерінің операторы
467. Станоктар мен қондырғылардың автоматты және жартылай автоматты желілерінің операторы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өңдеудің бір түрі бар станоктар мен қондырғылардың автоматты және жартылай автоматты желілерінде қарапайым бөлшектерді басқару пультінен өңдеу процесін жүргізу. Дайындамаларды бункерлерге тиеу және дайын бөлшектерді станоктар мен қондырмалар желілерінен түсіру. Қолданылатын құралдың жағдайын, майлау жүйесін және салқындау жағдайын қадағалау. Бөлшектердің дайындалу сапасын арнайы бақылау-өлшеу құралдарымен тексеру.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктар мен қондырғылардың автоматты және жартылай автоматты желілерінің жұмыс істеу принциптерін, едәуір кең таралған құрылғылардың, кескіш, бақылау-өлшеу құралдарының атауын, міндетін, құрылғысын және қолдану шарттарын, өңделетін материалдардың атауын және таңбалануын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, салқындататын және майлайтын сұйықтықтың міндеті мен қасиетін.
Жұмыс үлгілері.
Бөлшектерді:
1) Біліктерді;
2) Төлкелерді өңдеу.
468. Станоктар мен қондырғылардың автоматты және жартылай автоматты желілерінің операторы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өңдеудің екі түрі бар станоктар мен қондырғылардың автоматты және жартылай автоматты желілерінде күрделілігі орташа және күрделі бөлшектерді басқару пультінен өңдеу процесін жүргізу. Жұмыс процесінде автоматты және жартылай автоматты желілер мен агрегаттық станоктардың жекелеген механизмдерін баптау.
Білуге тиіс: станоктар мен қондырғылардың автоматты және жартылай автоматты желілерінің құрылғысын және олардың механизмдерін баптау ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану шарттарын, өңделетін материалдардың негізгі механикалық қасиеттерін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
Жұмыс үлгілері.
Мына бөлшектерді өңдеу:
1) Муфталар;
2) Поршеньдер;
3) Шатундар;
4) Шкивтер.
469. Станоктар мен қондырғылардың автоматты және жартылай автоматты желілерінің операторы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өңдеудің бірнеше түрі бар станоктар мен қондырғылардың автоматты және жартылай автоматты желілерінде күрделі және ірі габаритті бөлшектерді басқару пультінен өңдеу процесін жүргізу. Автоматтық желілердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, жұмыс процесінде әртүрлі басқарылатын автоматты және жартылай автоматты желілер мен агрегаттық станоктардың жабдықтары мен механизмдерін баптау.
Білуге тиіс: жабдықтардың құрылғысын және принципті тәсімін, автоматты және жартылай автоматты желілер механизмдерінің өзара әрекетін және оларды баптау ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, шақтамалар мен қондырғылар жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
Жұмыс үлгілері.
Мына бөлшектерді өңдеу:
1) Автомобиль цилиндрінің блоктары;
2) Автомобильдің таратқыш және иінді біліктері;
3) Алмасу берілісі қораптарының картерлері.
Металл кесетін станок-автоматтардың операторы
470. Металл кесетін станок-автоматтардың операторы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бір типті станоктарға бір уақытта қызмет көрсете отырып, бір шпиндельді, кескіш, бұранда кескіш, оймакілтек кескіш, бұрандалы шеге кескіш, гайка кескіш, тескіш және басқа автоматтарда, бөлшектерді 11 квалитет немесе Ra 20 параметрі бойынша өңдеу. бапталған Көп шпиндельді автоматтарда қарапайым бөлшектерді саны 6 дейінгі аралықта өңдеу. Материалды станокқа құю немесе бункерге тиеу. Кескіш құралдың жағдайын, майлау және салқындату жүйесін қадағалау. Дайындалған бөлшектерді бақылау-өлшеу құралдарымен тексеру.
Білуге тиіс: бір шпинделді автоматтардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін, едәуір кең таралған құрылғылардың кескіш және бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын және қолдану ережесін, өңделетін материалдардың атауын және таңбалануын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, салқындататын және майлатын сұйықтықтың міндеті мен қасиеттерін.
471. Металл кесетін станок-автоматтардың операторы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көп шпиндельді автоматтарда, оларға бір уақытта қызмет көрсете отырып және баптаумен күрделілігі әртүрлі бөлшектерді саны 6 артық аралықта және күрделі бөлшектерді саны 6 дейінгі аралықта, сондай-ақ 8-10 квалитеттері немесе Ra 10 кедір-бұдырлық параметрлер бойынша бөлшектерді өңдеу кезінде бір шпиндельді автоматтарда, оларды өздігінен баптап, өңдеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін көп шпиндельді автоматтардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін және автоматтарды баптау ережесін, бір шпиндельді автоматтарды баптау үшін құрылғыларды қолдану ережесін, әмбебап және арнайы кескіш құралдың геометриясы негіздерін және қайрау, орнату ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану шарттарын, өңделетін материалдардың негізгі механикалық қасиетін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
472. Металл кесетін станок-автоматтардың операторы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көп шпиндельді автоматтарда, оларға бір уақытта қызмет көрсете отырып және баптаумен күрделі бөлшектерді саны 6 артық аралықта және күрделі бөлшектерді саны 6 дейінгі аралықта, сондай-ақ 6-7 квалитеттері немесе Ra 5-2,5 кедір-бұдырлық параметрлер бойынша бұраманы кеспей, бөлшектерді өңдеу кезінде бір шпиндельді автоматтарда, оларды өздігінен баптап, өңдеу.
Білуге тиіс: әртүрлі конструкциялы автоматтардың құрылғысын және кинематикалық тәсімін, автоматтарды баптау және қайта баптау үшін құралдар мен құрылғыларды қолдану ережесін, қатты немесе керамикалық қорытпалардан жасалған пластинкалармен жарақталған әмбебап және арнайы құралдардың геометриясын, термоөңдеу, қайрау, жетілдіру және орнату ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
Бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы
473. Бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бір өңдеу түрі бар бағдарламалық басқарылатын бапталған станоктарда 12-14 квалитет бойынша қарапайым бөлшектерді басқару пультінен өңдеу процесін жүргізу. Бөлшектерді орнату және өңдеуден кейін түсіру. Сандық табло мен сигналды лампалардың көрсеткіші бойынша қызмет көрсетілетін станоктар жүйесінің жұмысын қадағалау. Бөлшектерді өңдеу сапасын бақылау-өлшеу құрылдары мен көзбен шолып тексеру. Жоғары білікті оператордың басшылығымен жекелеген қарапайым және күрделілігі орташа тораптар мен механизмдерді қайта баптау.
Білуге тиіс: бағдарламалық басқарылатын қызмет көрсетілетін станоктардың жұмыс істеу принципін, қызмет көрсетілетін жабдықты басқару ережесін, едәуір кең таралған құрылғылардың, кескіш, бақылау-өлшеу құралдарының атауын, міндетін, құрылғысын және қолдану ережесін, кескіш құралдың мұқалу белгілерін, өңделетін материалдардың атауын, таңбалануын және негізгі механикалық қасиетін, орындалатын жұмыс көлемінде гидравлика, механика және электр техника негіздерін, жұмыс орнында қолданылатын шартты сигналды, станокты басқару панеліндегі шартты белгілердің міндетін, перфоленталарды салыстырып оқитын құрылғыларға орнату ережесін, бағдарлама тасушыны бірінші кадрға қайтару тәсілдерін, шақтамалар мен қондырмалар жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, салқындататын және майлайтын сұйықтықтың міндеті мен қасиеттерін, өңделетін бөлшектердің сызбаларын оқу ережесін.
Жұмыс үлгілері.
1) Біліктер, рессорлар, поршеньдер, арнайы бекіткіш бөлшектер, оймакілтекті болттар және қосиінді конустық және цилиндрлік беті бар басқа да орталық бөлшектер-екі координатты токарлық станоктарда сыртқы контурды өңдеу;
2) Бұрандалар, цилиндрлік төлкелер, гайкалар, тіректер, фланецтер, сақиналар, тұтқалар – токарлық өңдеу;
3) Цилиндрлік, конустық, сфералық беті бар сатылы төлкелер-токарлық станоктарда өңдеу;
4) Кронштейндер, фитингтер, қақпалар, қаптар, муфталар, фасонды фланецтер және әртүрлі жазықтықта орналасқан түйіспелі және тіректі жазықтықтары бар, бекіту үшін қабырғалары мен тесіктері бар басқа да ұқсас бөлшектер-үш координатты станоктарда сыртқы және ішкі контурды, шетжақтары бойынша қабырғаларды фрезерлеу;
Достарыңызбен бөлісу: |