Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)



жүктеу 11.55 Mb.
бет40/70
Дата09.06.2016
өлшемі11.55 Mb.
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70

Білуге тиіс: жоғары жылдамдықты, үздіксіз электролиттік қалайылау агрегаттары мен электрохимия термиялық өңдеу агрегаттарының кинематикалық және электр схемалары.


Сымдарды қалайылаушы


604. Сымдарды қалайылаушы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары сымды қалайылаушының басшылығымен сымның фигураларға үздіксіз берілуі бойынша, қалайылау агрегатына және орау аппаратына сым толтыру бойынша жұмысты орындау. Сымның дұрыс оралуын бақылау, ораманы буып-түю, биркалар ілу.

Білуге тиіс: орау аппаратының жұмыс қағидаты және реттеу ережесі, қалайыланған сымды қолдану ережесі, анағұрлым кең таралған арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен қолданылу шарттары.



605. Сымдарды қалайылаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Дәрілеу және қалайылау астауларында ерітінді дайындау. Сымды ыстық тәсілмен қалайылау. Ерітіндінің температурасын бақылау-өлшеу аспаптары бойынша реттеу. Сымды қалайылау және оның астау арқылы өту жылдамдығын белгілеу. Дәрілеу, майсыздандыру және қалайылау процессінің біркелкілігін бақылау.

Білуге тиіс: орау аппаратының құрылысы, қалайыланған сымның ақаулықтарын анықтау ережесі және оларды жою шаралары, ерітіндінің температурасын реттеуге арналған анағұрлым кең таралған арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы.


Сырлаушы


606. Сырлаушы 1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бапталған барабандардағы, автоматтардағы бөлшектерді сыламай және грунттамай тұрып сырлау. Бөлшектерді сілтімен, сумен және ерітіндімен жуу. Бетін майсыздандыру. Олифа жағу және астарлау. Лак-сыр материалдарын қол сыр қырғышпен қыру. Лак-сыр материалдарын сүзу. Сырланған бұйымдарды кептіру. Қолданылатын құралдарды, кистьтерді, трафареттерді, ыдыстарды сыр бүріккіштердің бөлшектерін ауасыз бүрку аппараттарын, шлангтарды жуу және тазалау. Лак-сыр материалдарын алу және жұмыс орнына жеткізу. Бөлшектер мен бұйымдарды арнайы құрылғыларға ілу және сырлап болғаннан кейін оларды алу. Біліктілігі анағұрлым жоғары сырлаушының басшылығымен сыр, лак, мастика, сылақ, астар дайындау.

Білуге тиіс: бөлшектерді барабандарда, автоматтарда және батырып алу әдісімен сырлау жолдары, коррозия, қабыршақтану туралы, ағаш бетті ағаш құртынан қорғау және олардан сақтану тәсілдері туралы жалпы мәлімет, сыр, лак, эмаль, астар, сылақ атаулары мен түрлері, сылау материалдарының құрамы, кептіру камералары мен шкафтарына қызмет көрсету ережесі және бұйымдарды кептіру режимдері, сырды қолмен қыру тәсілдері, сырлау құралының мақсаты және қолданылу шарттары, қолданылатын құралдардың, әртүрлі типті кистьтердің, ыдыстар мен сыр бүріккіш аппараттардың құрамы мен жуу және тазалау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Арматура, оқшаулауыштар - асфальттелген лак жағу;

2) Бактар - сырлау;

3) Ашалар - сырлау;

4) Қарапайым пішінді машиналардың бөлшектері – сырлау;

5) Дуал, тор, қақпа, шарбақ - сырлау;

6) Гайкалық, тік және арнайы кілттер, тістеуік, қысқаштар мен басқа да құралдар - сырлау;

7) Роторлардың сақиналары мен күректері - сырлау;

8) Комингстер, қаптамалар, төсемелер, корпус бөлшектерінің жиынтығы, шахта стакандары, құбырлар, іргетас - майсыздандыру;

9) Палуба - солярий майымен ысу;

10) Трансформатор пластиналар - барабандағы лакпен сырлау;

11) Тұғырлар, мойынтірек қалқандар мен сақтандырғыш дәнекерлеу конструкциялар, электромашиналардың шойын және болат құймалары - бетін тазалау және астарлау;

12) Әртүрлі ыдыстар - сырлау;

13) Кеме ішіндегі ескі термооқшаулауыш – алып тастау;

14) Зәкір шынжыры – батырып алу әдісі арқылы тас көмір лакпен сырлау.


607. Сырлаушы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары сапалы өңдеуді талап етпейтін бетті сылақ, астар қабатын жаққаннан кейін сырлау. Бұйымдарды лакталған астар бойынша лактауға және әртүрлі жынысты ағаш, тасы және мәрмәр суреттер бойынша кесуге дайындау. Беттің ақаулықтарын бітей отырып, бітеуішпен тегістеу. Сандарды, әріптер мен суреттерді трафареттер арқылы бір түсті етіп салу. Бөлшектер мен бұйымдарды бүріккішпен сырлау. Сырланатын бетті коррозиядан, қабыршақтарда, ескі лак қабаттардан, шаң-тозаңнан және басқа да қатпарларды щеткамен, қырнауышпен, қалақшамен және басқа да қол құралдармен, ескі шүберекпен, шаңсорғышпен, компрессормен ауа үрлеп тазалау, тегістеу, майлау, өңдеу. және ауыстырмалы бытыра ағынды пистолетпен тазалау. Сырды, лак, мастика, сылақ, астар пен бітеуіштерді белгіленген рецептура бойынша жасау және сырды қырнау машиналарында қырғыштау.

Білуге тиіс: сырды қыру машиналарының құрылысы, сырлау жұмыстары кезінде қолданылатын механизмдердің, құрылғылар мен құралдардың мақсаты мен қолданылу шарттары, әртүрлі материалдардан жасалған бөлшектер мен бұйымдарға лак және сырлау жағу тәсілдері, тегістеу тәсілдері, лак пен сыр материалдарының әртүрлі түрлерінің астына қолданылатын тегістеу материалдары, олардың физикалық қасиеттері, сыр, лак, мастика, астар пен бітеуіш рецепттерін жасау, сырды қажетті колер алу үшін белгіленген рецептура бойынша араластыру және қолданылатын сыр мен лактардың сапасын анықтау тәсілдері, еріткіштерді, сырларды, лак пен эмальді сақтау ережесі, лак пен сыр қабаттарын кептіру режимдері, темір бетон және шыны пластикадан жасалған бетті тазалаудың ерекшеліктері, сырлауға дайындау ережесі, тазартылатын бетке қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері

1) Қабырғалар, едендер және басқа беттер – тазалау, тегістеу, өңдеу;

2) Арматура және электр бөлшектер, арматураланған оқшаулауыштар, разрядтауыштар – астарлау және сырлау;

3) Баллондар - сырлау;

4) Жез бен мыстан жасалған толқынжолдар мен толқынжол секциялар - тұтас бітеу, тегістеу және сырлау;

5) Радиаторларлы төлкелер мен редуктивті тістегершіктер - мастика жағу;

6) Орта және күрделі конфигурациялы бөлшектер және машиналардың, кемелер мен жабдықтардың тораптары - сырлау;

1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет