Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою” мемлекеттік қызмет регламенті



Дата26.02.2016
өлшемі52.17 Kb.
#27218





Павлодар облысы

Ақтоғай ауданы әкімдігінің

2012 жылғы “11” желтоқсандағы № 336

қаулысымен бекітілді


Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою”



мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің атауы: “Жұмыссыздарды тіркеу және есепке қою” (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет).

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген “Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою” стандарты негізінде жүзеге асырылады (бұдан әрі – Стандарт).

4. Мемлекеттік қызмет: “Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Уәкілетті орган) ұсынылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету орны: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 118 үй, телефоны 8(718-41) 21-3-19, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, 13.00-ден 14.30-ге дейiн түскi үзiлiспен, демалыс күндерi – сенбi, жексенбi; электрондық пошта мекенжайы otdzan_akt@mail.ru.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi электронды түрде жұмыссыз ретiнде тiркеу және есепке қою немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, шетелдіктерге, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – Тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi: Тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап он күнтізбелік күнiнен кешiктiрiлмейдi.

Тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң шектi ең көп уақыты бiр өтiнiш берушiге қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегi адамдардың санына байланысты болады.

Тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты - 15 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету

үндерісінде iс-әрекет тәртiбiн сипаттау
9. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін тізбесін ұсыну тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсыру қажет.

Барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн уәкiлеттi органда тұтынушыға тiркелеген және мемлекеттiк қызметтi алу уақыты, және құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғанының тегi, аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.

10. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті көрсетуден стандарттың 16 тармағында көрсетілген жағдайда бас тартуы мүмкін.

11. Ақпараттық қауiпсiздiкке қойылатын талаптар: тұтынушы құжаттарының қорғалуы және ақпараттын құпия сақталуы қамтамасыз етiледi.

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысатын құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi - бірлік):

1) Уәкілетті органның жұмыспен қамту секторының маманы;

2) жұмыс iздеп жүрген адамды, жұмыссыздар санатына қоятын комиссия.

13. Осы регламенттiң 1-қосымшасында бірлік iс-әрекетiнiң ретi көрсетiлген.

14. Осы регламенттiң 2-қосымшасында іс-әрекеттердiң және бірліктінің логикалық бірізділігі арасындағы өзара байланыс көрсетiлген.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн

лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi
15. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбiн бұзғаны үшiн лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгiленген жауапкершiлiк жүктеледi.





2012 жылғы “11” желтоқсандағы № 336

“Жұмыссыз азаматтарды

тіркеу және есепке қою”

мемлекеттік қызмет Регламентіне

1 қосымша



Уәкілетті органға өтiнген жағдайда құрылымдық-функционалдық бiрлiктерi

iс-әркеттерiнiң сипаттамасы


Негiзгi үдерiстiң (жұмыс барысының, ағынның) iс-әрекетi

1

Iс әрекеттер (жұмыстың барысы, ағыны) №

1

2

3

2

Бiрлiктер атауы

Уәкілетті органның жұмыспен қамту секторының маманы

Жұмыс iздеп жүрген адамды, жұмыссыздар санатына қоятын комиссия

Уәкілетті органның жұмыспен қамту секторының маманы

3

Iс-әрекеттер (үдерiстiң, тәртiптiң, мәмiленiң) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тiркеу

Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексерiп, шешiм қабылдау

Тұтынушы жеке өтiнген жағдайда электрондық жүйеде тiркеу немесе мемлекеттiк қызметтен бас тару туралы дәлелдi жауапты беру

4

Аяқталу нысаны (мәлiметтер, құжат, ұйымдастырушы-иеленушi шешiмдер)

Құжаттарды қабылдағаны туралы талон беру

Комиссияның есепке қою немесе мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы дәлелдi жауапты беру туралы шешiмi

Есепке қою және тiркеу немесе есепке қоюдан бас тарту

5

Орындау уақыттары

15 минут артық емес

8 күнтізбелік күні

15 минут артық емес

6

Келесi iс-әрекеттiң нөмірi

2-баған

3-баған









2012 жылғы “11” желтоқсандағы № 336

“Жұмыссыз азаматтарды

тіркеу және есепке қою”

мемлекеттік қызмет Регламентіне

2 қосымша



Мемлекеттік қызметті көрсету сызбанұсқасы


Тұтынушы






Уәкілетті органның маманы

Тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тiркеу. Құжаттарды қабылдағаны туралы талон беру

(15 минут артық емес)

Уәкілетті органның маманы

Тұтынушы жеке өтiнген жағдайда электрондық жүйеде тiркеу немесе мемлекеттiк қызметтен бас тару туралы дәлелдi жауапты беру. Есепке қою және тiркеу немесе есепке қоюдан бас тарту

(15 минут артық емес)









Жұмыс iздеп жүрген адамды, жұмыссыздар санатына қоятын комиссия

Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексерiп, шешiм қабылдау. Комиссияның есепке қою немесе мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы дәлелдi жауапты беру туралы шешiмi



(8 күнтiзбелiк күні)





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет