Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру” мемлекеттiк қызмет Регламенті



Дата26.02.2016
өлшемі54.7 Kb.
#27217





Павлодар облысы

Ақтоғай ауданы әкімдігінің

2012 жылғы “11” желтоқсандағы № 336

қаулысымен бекітілді


Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру”



мемлекеттiк қызмет Регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметтiң атауы: “Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру”.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысымен бекiтiлген “Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру” стандарты негiзiнде жүзеге асырылады (бұдан әрi - Стандарт).

4. Мемлекеттік қызмет:

1) “Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Уәкілетті орган) ұсынылады, Павлодар облысы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 118 үй, телефоны 8-718-41-21-3-19, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, 13.00-ден 14.30-ге дейiн түскi үзiлiспен, демалыс күндерi – сенбi, жексенбi; электрондық пошта мекенжайы otdzan_akt@mail.ru. (бұдан әрі – Уәкілетті орган).

2) Ақтоғай ауданының Республикалық мемлекеттік мекемесінің филиалы “Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы” (бұдан әрі - Орталық) арқылы ұсынады, Павлодар облысы Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 72 үй, телефон: 22-1-65, жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін түскі үзіліссіз, демалыс күндері – жексенбі және мерекелік күгдері; электрондық мекенжайы: aktogai.con@ mail.ru.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi жұмыссыз ретiнде тiркеу туралы анықтама беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап 10 минуттан аспайды.

Тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң ең көп уақыты (тiркеу, талонды алу кезiнде, электрондық сұраныс бергеннен және өтiнген сәттен бастап) - 10 минут.

Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 10 минут;

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.



2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудің iс-әрекет тәртiбiн сипаттау
9. Осы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсыну қажет.

Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн бар барлық құжаттарды тапсырған кезде тұтынушыға - жұмыссыз ретiнде тiркеу туралы анықтама беріледі;

10. Жұмыссыздарға анықтама беруден бас тарту тұтынушының уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген жағдайда жүзеге асырылады.

11. Ақпараттық қауiпсiздiкке қойылатын талаптар: тұтынушы құжаттарының қорғалуы және ақпараттың құпия сақталуын қамтамасыз етiледi.

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысатын құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi - бірлік):

1) жұмыссыз азаматтарды қабылдау және тіркеу бойынша маман;

2) Уәкілетті органның бастығы.

13. Осы регламенттiң 1-қосымшасында бірлік iс-әрекетiнiң ретi көрсетiлген.

14. Осы регламенттiң 2-қосымшасында іс-әрекеттердiң және бірліктінің логикалық бірізділігі арасындағы өзара байланыс көрсетiлген.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн

лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi
15. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбiн бұзғаны үшiн лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгiленген жауапкершiлiк жүктеледi.





2012 жылғы “11” желтоқсандағы № 336 “Жұмыссыз азаматтарға анықтамаларды беру”

мемлекеттік қызмет көрсету Регламентіне

1 қосымша


1 кесте. Уәкілетті органға жүгінген кезде құрылымдық-функционалдық бірліктердің әрекеттерінің сипаттамасы


Негiзгi үдерiстiң (жұмыс барысының, ағынының) iс-әрекетi

1

Іс-әрекеттің № (жұмыс ағымы, жолы)

1

2

3

2

Бірліктін атауы

Жұмыссыз азаматтарды қабылдау және тіркеу бойынша маман

Уәкілетті органның бастығы

Жұмыссыз азаматтарды қабылдау және тiркеу бойынша маман

3

Iс-әрекеттер (үдерiстiң, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тiркеу


Анықтама жобасын немесе қызмет көрсетуге бас тарту себептерi көрсетiлген дәлелдi жауапты қарастыру

Журналда тiркеу

4

Аяқталу нысаны (мәлiметтер, құжат, ұйымдастырушы-иеленушi шешiмдер)

Анықтама жобасын дайындау


Анықтама жобасын немесе қызмет көрсетуге бас тарту себептерi көрсетiлген дәлелдi жауапқа қол қою


Тұтынушыға анықтама немесе қызмет көрсетуге бас тарту себептерi көрсетiлген дәлелдi жауапты беру

5

Орындау уақыттары

4 минуттан аспайды


3 минуттан аспайды


3 минуттан аспайды

6

Келесi iс-әрекеттiң нөмірi

2-баған


3-баған









2012 жылғы “11” желтоқсандағы № 336 “Жұмыссыз азаматтарға анықтамаларды беру”

мемлекеттік қызмет көрсету Регламентіне

2 қосымша



Мемлекеттiк қызметтi көрсету сызбанұсқасы


Тұтынушы






Жұмыссыз азаматтарды қабылдау және тіркеу бойынша маман

Тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тiркеу. Анықтама жобасын дайындау

(4 минуттан аспайды)



Жұмыссыз азаматтарды қабылдау және тіркеу бойынша маман

Журналда тiркеу. Тұтынушыға анықтама немесе бас тарту себептерi көрсетiлген дәлелдi жауапты беру

(3 минуттан аспайды)







Уәкілетті органның бастығы
Анықтама жобасын немесе қызмет көрсетуге бас тарту себептерi көрсетiлген дәлелдi жауапты қарастыру. Анықтама жобасын немесе бас тарту себептерi көрсетiлген дәлелдi жауапқа қол қою

(3 минуттан аспайды)







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет