Жұмыстардың және жұмысшы мамандарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы 4-шығарылым


§ 11. шымтезек кенорындарын даярлау жөніндегі машиналардың машинисі



бет16/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.65 Mb.
#131298
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

§ 11. шымтезек кенорындарын даярлау жөніндегі машиналардың машинисі


4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шымтезек шығару үшін алаңдарды дайындау, жөндеу және ағымдағы күту бойынша технологиялық операцияларды орындау кезінде өздігінен жүретін машиналарды, тіркелетін және аспалы жабдықтары бар қозғалтқыш күші 44,2 кВт (60 л. с) тракторды басқару. Орман ағаштарын, орман бұталары мен бұталы өсімдіктерді құлату; томарларды тамырымен жұлу. Алаңдарды жобалау және кескіндеу, дренаж төсеу. Томарлар мен ағаштарды үймеге жинау. Орманды жинағаннан (құлатқаннан) кейін үйінділерден ағаштарды қазып шығару. Бұтақтарды шабу, оқпандарды қазу, ағаштар мен томарларды тиеу және түсіру. Жүктер мен материалдарды шығару. Кептіретін желілердің, өрт сөндіруші суқоймаларының жыраларын қазу, тазалау, арналады, жыраларды, траншеяларды, орларды жабу. Аршу жұмыстарын, фрезерлеген бетін бірқалыпты таптаумен шымтезек қабатын тұтастай терең фрезерлеу бойынша жұмыстарды жүргізу. Машиналар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету және реттеу, олардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою, жұмыс барысында басқа учаскелерге көшіру.

Білуге тиіс: өздігінен жүретін машиналардың, тіркелетін және аспалы жабдықтары бар тракторлардың құрылғысын және техникалық сипаттамасын; шымтезекті шығару үшін алаңдарды дайындау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың технологиялық процесін, техникалық шарттарын және тәсімдерін; жанар-жағармай материалдарының шығыс нормаларын; қызмет көрсететін машиналар мен механизмдерді пайдалану, техникалық күту және алдын ала жөндеу жұмыстарын жүргізу ережесін және нұсқаулығын.

­Өздігінен жүретін машиналарды, тіркемелі және аспалы жабдықтары бар қозғалтқыш қуаты 44,2 кВт-тан 58,9 кВт (60 до 80 л.с) тракторды басқару кезінде - 5-разряд;



­өздігінен жүретін машиналарды, тіркемелі және аспалы жабдықтары бар қозғалтқыш қуаты 58,9 кВт (60 до 80 л.с) артық тракторды; орманды құлату және оларды үймекке төсейтін комбайнда және ағашты қазу, кесу және тиеу, томарларды жұлу машиналарында жұмыс істеу кезінде - 6-разряд.

§ 12. шымтезек шығаратын экскаватордың Машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шөміштің жалпы геометриялық сыйымдылығы 1,0 м3, қайта өңдейтін механизмдері, үздік конвейері, дизелдік қондырғысы бар шымтезек шығаратын көпшөмішті экскаваторды басқару. Шығарылған және қайта өңделген шымтезектерді электртөсегіш машинаға тиеу. Электртөсегіш жұмысын қадағалау. Электртөсегіш машиналардың қозғалысына қатысу: электр кабельді, ажырайтын ажыратқыш пен жерге қосылатын қондырғыларды сөндіру, тасымалдау және іске қосу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін құрылғысын және оның механизмдерінің кинематикалық тәсімін; электртөсегіш машиналарды тиеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу ережесін; экскаваторлық жұмыстардың циклдық кестесін; қызмет көрсететін машиналар мен механизмдердің, жабдықтардың жұмыс қағидаттарын; электр слесарлық іс; экскаваторды пайдаланудың техникалық шарттарын; шымтезек қабатын, оның тип мен ылғалдылығына қарай экскавациялау әдісін; электртөсегіш машинасы бар қызмет көрсететін экскаватордың жұмыс режимін; машиналарды, механизмдер мен қондырғыларды жыралар, теміржолдар арқылы және электр беріліс желісінің астымен тасымалдау ережелерін.
§ 13. шымтезек шығаратын экскаватордың Машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шөміштің жалпы геометриялық сыйымдылығы 1,0-ден 1,5 м3 және дизелдік қондырғысы бар шымтезек шығаратын көпшөмішті экскаваторды басқару. Бункермен бір кешенде және бір электртөсегіш машинасымен немесе екі электртөсегіш машинасымен немесе жабдықталған арқанды тасымалдағышпен жұмыс істейтін экскаватормен белгіленген тереңдіктен шымтезек қабатын қазып шығару. Шымтезекті, қазып шығару, қайта өңдеу және бункерлерге немесе электртөсегіш машиналарға беретін механизмдерді басқару. Шымтезек қабаттарын қазып шығарудың, оны қайта өңдеудің және тиеудің технологиялық процесін жүргізу. Келесі забойды қазу үшін берілген трасса бойынша қызмет көрсететін экскаваторды мерзімдік тасымалдау, басқа жұмыс орнына қайта көшіру.

Білуге тиіс: барлық типтегі шымтезек шығаратын экскаватор механизмдері жетектерінің құрылғысын және кинематикалық тәсімін; жерге қосылатын құрылғыларды және ажыратқыштарды орнату ережесін; қазылатын карьердің паспорттық деректерін және шымтезек қабаттарының сапалық көрсеткіштерін; карьер енінің шымтезек қабатының тереңдігіне, шымтезек таспасының қимасына және төсем тереңдігіне байланысы; шымтезек қабатының көрсеткішіне: типі, тереңдігіне, ажырау дәрежесіне және шымтезектің ылғалдылығына қарай экскавациялау өнімділігі; шымтезек қабаттарын қайта кептіру дәрежесіне қарай қосылатын судың мөлшерін.
§ 14. шымтезек шығаратын экскаватордың Машинисі

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электртөсегіш машиналарымен бір кешенде жұмыс істеу кезінде шөміштің жалпы геометриялық сыйымдылығы 1,5 м3 және артық әрі дизелдік қондырғысы бар шымтезек шығаратын көпшөмішті экскаваторды басқару. Берілген тереңдікке шымтезек қабаттарын экскавациялау. Келесі забойды қазу үшін берілген трасса бойынша қызмет көрсететін экскаваторды мерзімдік тасымалдау, басқа карьерге қайта көшіру. Жерге қосылатын құрылғыларды және ажырайтын ажыратқыштарды көшіру және орнату.

Білуге тиіс: әртүрлі типті шымтезек шығаратын экскаваторлар мен оның механизмдерінің конструктивтік ерекшеліктерін; шөміштің қозғалу жылдамдығы мен экскаватордың қозғалу ұзындығы бойынша экскаватор жұмысының оңтайлы режимдерін; қабаттардың барынша тереңдігінен ортасы және төселетін шымтезек таспаларының мөлшері бойынша карьердің тиімді енін айқындаудың ережесін және тәсілдерін; қабатты оның типіне, тереңдігіне, ылғалдылығына қарай экскавациялау әдісін.
§ 15. Шымтезек плиталарын престеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гидравликалық престе шымтезек массаын престеу процесіне қатысу. Шымтезектің бетіне балқытылған битумның қабатын жағу. Жабыстыру үшін дайындалған шымтезек плиталарын гидравликалық пресс үстеліне қою. Гидравликалық прессті қосу және сөндіру. Жабыстырылған шымтезек плиталарын рольганг бойынша аралау станогына беру. Шымтезек плиталарын аралау. Желдеткішті қосу және сөндіру. Қызмет көрсететін жабдықтарды тазалау.

Білуге тиіс: шымтезек массасын престеудің негізгі технологияларын; шымтезек плиталарын жабыстырудың технологиялық процессін; қолданылатын құралдың міндетін; қызмет көрсететін престердің, желдеткіш қондырғылардың құрылғысын.
§ 16. Шымтезек плиталарын престеуші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Престеу ережесі мен режимін сақтай отырып, гидравликалық престе шымтезек массасын престеу. Пресс-қалыптарды шымтезек массасымен толтыру, оны мөлшерлеу және тегістеу, толтырылған пресс-қалыптарды штамп арқылы гидравликалық престерге беру. Шымтезек плиталарын табандықтарға түсіру және оларды кептіру вагонеткаларына немесе платформаларға тиеу. Қалыпталған шымтезек плиталарының ылғалдылығын қарап айқындау.

Білуге тиіс: шымтезек плиталарының технологиялық шикізат құрамын; шымтезек массасының ылғалдылығын және біркелкілігін айқындау әдісін; престеу кезінде қажетті қысым шамасын; престеу бөлімшесіндегі жабдықтардың құрылғысын; қызмет көрсететін жабдықтардың бұзушылықтарын анықтау және жою; слесарлық іс.
§ 17. шымтезек жұмысшысы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қалған кесектерді жағу, жағу ошақтарын жою, суды ұстау үшін уақытша бөгеттер салу, шымтезек сынамаларын жеткізу. Жанар-жағармай материалдарды әкелу, тасу және беру. Қар ұстау үшін қурайды дайындау және карьерге егу. Өндіріс орындарын паспорттау. Теміржол өтпелерін, көпірерді, қатарларды қардан және мұздақтан тазарту. Шымтезекті түгендеу. Жыраларды тазалау. Суды, жеңіл жүктерді, әртүрлі бөлшектерді және материалдарды жеткізу және тасымалдау. Томарларды жинау. Шымтезек алаңын дайындау және жөндеу кезінде тіркемелі және аспалы механизмдерде жұмыс істеу, механизмдерді тіркеу және ағыту, өртке қарсы агрегаттарға қызмет көрсету. Жабдықтарды күзету. Кент, аула аумақтарын және өндірістік үй-жайларды тазалау.

Білуге тиіс: кесілген қалдықтарды жағудың ережесін; тұтануды сөндіру және оқшаулау ережесін; суқоймалары мен басқа су көздерінің орналасқан жерін; суды ұстау үшін уақытша бөгеттердің құрылғысын; жанар-жағармай материалдарын сақтау, беру ережесін; өртсөндіргіштердің құрылғысын және қолдану ережесін; карьерлерге ағаш егу тәсімін және ережесін; шымтезекті түгендеу және алаңды паспорттау бойынша жұмыстарды жүргізу ережесін; шымтезекті кептіру механизмдерімен жұмыс жасау ережесін; батпақты дайындау өндірісі және гидротехникалық жұмыстар кезінде қолданылатын механизмдердің (аспалы және тіркемелі) міндетін және жұмыс қағидатын.
§ 18. шымтезек жұмысшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жалпы және карталы арналары арқылы көпірлер салу және жөндеу. Шымтезектің есебін жүргізу, шымтезекке есеп жүргізуде, тиеу және түсіру кезенді сынамаларды іріктеу. Барлық тәсілдермен шымтезекті шығару, кептіру және жинау кезінде қолданылатын машиналарға қызмет көрсету жөніндегі қосалқы жұмыстарды орындау. Шымтезекті шығару, жинау және тиеу кезінде қолданылатын машиналарға қызмет көрсету кезінде кабельдерді көшіру. Жекелеген бөліктерге (кірпіштерге) қалыпталған шымтезек таспаларын бөлу. Рольгангды реттеу және тазалау.

Білуге тиіс: жалпы және карталы арналар арқылы көпірлер салуды және жөндеу ережесін; шымтезек шығаратын агрегаттың жұмыс қағидаттарын; рольгангты көтеру және түсіру ережесін.
§ 19. шымтезек жұмысшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шымтезек массивтерінде томарларды және бұталы өсімдіктерді тамырымен жұлуымен бірге орман ағаштарын құлату, бұтақтарды шабу, дөңгелектеу және жарамды ағаштарды қатарлап салу, жарамды ағаштар мен томарларды айналма және маятникті аралармен кесу. Шпалдарды, лафеттерді, рельстерді тасымалдау және көшіру. Шымтезек шығаратын машиналар үшін рельстер төсеу, бекіту және жолдарды түзету. Арқанды және таспалы конвейерлерге қызмет көрсету, рельстер мен шпалдарды шала өңделген шымтезек үгінділерінен тазарту. Томарларды бір жерге үю. Тақталарды төсеу және қабылдау, шымтезек кірпіштерін төсеу. Забойдағы шымтезек қабатының көлденең жоталарын және бүйір кемерлерін кесу. Троспен және тамыр жұлғыш құрылғылармен забойдан ірі томарларды шығару. Шымтезек шығаратын экскаватор машинисінің басшылығымен сорғы станцияларын, экскаваторды, аралық тіреулерді, конвейерлерді, керу станцияларын, шымтезек шығаратын агрегаттар мен механизмдерді қайта көшіруге, қозғалтуға және орнатуға қатысу. Төсемдердің құрылғысын. Кесекті шымтезекті кептіру (аудару, торларды, торкөздерді қалау және оларды қайта қалау) бойынша жұмыстарды жүргізу. Шымтезектерді қатарлау. Қабырғаларды есептеу және қатарларда жел өткізгіштер салу. Бункерлер мен конвейерлерге шымтезекті қолмен тиеу. Агрегаттар өту үшін жолдарда тазалау. Тазалайтын машиналардың соңынан қалдықтарды жинау. Машиналар өту үшін өткелдер салу. Қоймада әртүрлі жүктерді, минералдық құрамдауыштардың қоспаларын тиеу, түсіру, оларды ыдыстарға және ыдыстардан құю. Құлатқыш машиналардағы шикізатты түсіру және өңдеу немесе гидротасқын әдісімен. Кесекті лотоктарға қызмет көрсету.

Білуге тиіс: орман ағаштарын құлату, томарлар мен бұталы өсімдікті тамырымен жұлу жұмыстарын жүргізу ережесін; жарамды ағаштарды бөлуге және отындарды дайындауға өлшемдер мен сорттарын; ағаштарды, отындар мен томарларды бөлу және салу ережесін; ауыр және күрделі машиналарды көтеру, көшіру ережесін; ауыр машиналарды бекіту, монтаждау және орнату тәсілдерін; көтергіш-тасымалдағыш әрі такелажды құрылғылардың құрылғысын және оларды орнату тәсілдерін; ағаш жұмыстары; шымтезек шығаратын агрегаттың жалпы тәсімін және жұмыс қағидаттарын, оның қозғалысы бойынша жұмыстарды жүргізу ережесін; керу станцияларының, конвейерлердің құрылғысын; шымтезекті шығарудың, төсеудің, кептірудің, қатарлаудың ережесін және технологиялық тәсімін; жел өткізгіштердің құрылғысын; шымтезекті жинау және қайта өңдеу кезінде қолданылатын механизмдердің жұмыс қағидаттарын; минералдық құрамдауыштарды пайдалану ережесін; өртсөндіргіш сумен жабдықтаудың тәсімін.

2004 жылғы басып шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған атаулары көрсетілген, БТБА-ның осы бөлімінде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының тізбесі


р/с№

Осы бөлімде орналастырылған жұмысшылардың кәсіптерінің атауы

Разряд диапазоны

2004 ж.басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары мен бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары

Разряд диапазоны

БТ

БА шығарылымының





Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Шымтезекті кептіру жөніндегі аппаратшы

4-6

Шымтезекті кептіру жөніндегі аппаратшы

4-6

4

Шымтезекті шығару және қайта өңдеу

2.

Шымтезек массасын қайнатушы

4

Шымтезек массасын қайнатушы

4

4

" -

3.

Жыра қазушы

2

Жыра қазушы

2

4

- " -

4.

Карьерші

2

Карьерші

2

4

- " -

5.

Түбіржұлушы

2

Түбіржұлушы

2

4

- " -

6.

Кесекті шымтезек шығару және қайта өңдеу жөніндегі машинаның машинисі

4-5

Кесекті шымтезек шығару және қайта өңдеу жөніндегі машинаның машинисі

4-5

4

- " -

7.

Фрезер шымтезегін шығару және қайта өңдеу жөніндегі машинаның машинисі

4-6

Фрезер шымтезегін шығару және қайта өңдеу жөніндегі машинаның машинисі

4-6

4

- " -

8.

Шымтезек кенорындарын даярлау жөніндегі машиналардың машинисі

4-6

Шымтезек кенорындарын даярлау жөніндегі машиналардың машинисі

4-6

4

- " -

9.

Шымтезек шығаратын экскаватордың машинисі

4-6

Шымтезек шығаратын экскаватордың машинисі

4-6

4

- " -

10.

Шымтезек плиталарын престеуші

4-5

Шымтезек плиталарын престеуші

4-5

4

- " -

11.

Шымтезек жұмысшысы

1-3

Шымтезек жұмысшысы

1-3

4

- " -


«Қоңыр көмір мен озокерит кендерін қайта өңдеу» бөлімі
§ 1. тау балауызы өндірісінің аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тау (қоңыр көмір) балауызын алу процесін жүргізуге қатысу. Көлік құралдарына, аспирациялы, құю және сору желдеткіш жүйелеріне, жылу алмасу жабдықтарына қызмет көрсету, олардың жұмысын қадағалау. Экстракцияланған көмірдің ылғалдылығын бақылау, онда қалған қалдықтарды айқындау. Қызмет көрсететін экстракторларға шикізатты тиеуге қатысу. Шикізатқа және пайдаланылатын материалдардың шығыстарына есеп жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың жұмыс қағидаттарын және пайдалану ережесін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құрылғыларының міндетін және пайдалану ережесін; шикізатқа және дайын өнімге қойылатын техникалық шарттар және салалық стандарттар; слесарлық істің негіздерін.
§ 2. тау балауызы өндірісінің аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті тау балауызы өндірісі аппаратшысының басшылығымен үздіксіз қызметтегі экстракторларда, түрі өзгертілген – колонна типтегі экстракторларда тау (қоңыр көмір) алудың технологиялық процесін жүргізу. Негізгі экстракциялық жабдықтарға қызмет көрсетуге қатысу, жұмысқа дайындау және іске қосу. Шоғырланған қышқылдарды, ерітінділерді және тотықтырғыштарды қабылдау және дайындау. Қызмет көрсететін экстракторларға шикізат пен реагенттерді тиеу. Центрифугалардың, бөлгіш ыдыстардың, тоңазытқыштардың-конденсаторлардың, реакторлардың, сорғылардың, желдеткіш жабдықтардың жұмысын реттеу және қызмет көрсету. Бақылау аспаптарының және автоматика жұмыстарын қадағалау. Белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу. Технологиялық жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды ескертуге және жоюға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын; тау (қоңыр көмір) балауызы өндірісінің техникалық тәсімін; негізгі технологиялық жабдықтарды дайындау, қосу және тоқтату тәртібін; берілген режимге сәйкес қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын реттеу ережесін; қызмет көрсететін экстракторларға шикізат пен реагенттерді тиеу тәртібін; қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтардың түрлері мен сипатын және технологиялық процесті жүргізуде ауытқуларды, олардың пайда болу себептерін.
§ 3. тау балауызы өндірісінің аппаратшысы

5-й разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз қызметтегі экстракторларда, түрі өзгертілген – колонна типтегі экстракторларда тау (қоңыр көмір) алудың технологиялық процесін жүргізу, сондай-ақ шала өңделген қоңыр көмір балауызын шайырсыздандырудың технологиялық процесін жүргізу. Жоғары білікті тау балауызы өндірісі аппаратшысының басшылығымен түрі өзгертілген колонна типтегі экстракторларда және ректорларда тазартылған балауыз алудың технологиялық процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші бойынша технологиялық процестің барысын бақылау. Экстракциялы және шайырсыздандыру жабдықтары жұмыстарының берілген параметрлерін реттеу. Қызмет көрсететін экстракторларға шикізатты тиеуді және ерітіндіні мөлшерлеуді қадағалау. Тез тұтанатын сұйықтық құйылған ыдыстарға қызмет көрсету. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу. Шығарылатын өнімге есеп жүргізу. Жүргізілетін технологиялық процестердің материалдық теңгерімін жасау, шикізат, ерітінділер мен реакциялық қоспалардың қажеттілігін есептеу.

Білуге тиіс: тау балауызы мен оның өзгертілген түрінің өндірісінің технологиясын; қызмет көрсететін учаскенің коммуникация тәсімін; экстракциялау процесінің физикалық-химиялық негіздерін – шайырсыздандыру және тазарту; жүргізілетін технологиялық процестердің параметрлерін; қолданылатын ерітінді мен еріткіштердің физикалық-химиялық қасиетін; экстракциялаудың технологиялық процестерін реттеудің ережесін - шайырсыздандыру және тазарту; пайдаланылатын шикізатқа, материалдарға және шығарылатын тау балауыздарына қойылатын мемлекеттік стандарттарды және техникалық шарттарды; қызмет көрсететін жабдықтың сигнал беру, блоктау және өрт сөндіру жүйесі қызметінің қағидаттарын; қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтардың себебін және оларды жою тәсілдерін; жүргізілетін технологиялық процестердің материалдың теңгерімін және оны жүргізу үшін шикізат, ерітінділер мен реакциялы қоспа қажеттілігіне есептеулер жасау ережесі мен әдістерін.
§ 4. тау балауызы өндірісінің аппаратшысы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кептірілген қоңыр көмірді экстракциялау, битум ерітіндісін булау, экстрагентті қалпына келтіру, экстракцияланған шикізатты аккумуляциялау, шала өңделген тау балауызын шайырсыздандыру шайырсыздандырылған тау балауызын тотықтыру жолымен тазарту, үздіксіз және мерзімдік қызметтегі аппараттарда жуу, бейтараптандыру, ағарту жә кристалдау жолымен шала өңделген тазартылған және түрі өзгертілген балауызды алудың технологиялық процесінің толық циклын жүргізу. Бөлімшелердің (учаскелердің) жұмыстарын үйлестіру: экстракциялау, булау, шайырсыздандыру және тазарту. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша шала өңделген және тазартылған балауызды алудың технологиялық процесінің толық циклының барысын бақылау; бақылау үшін сынамаларды іріктеу. Шикізаттың, материалдардың, экстрагенттердің санын есептеу, оларды мөлшерлеу, тазартылған балауыз алу үшін рецептура жасау, реактивтерді дайындау. Аралық өнімді алу үшін тазартылған реактор мен жабдықтарда реакциялық қоспалардың берілген параметрлерін реттеу, тазарту процесін түзеу. Тазартылған реакторды іске қосу және тоқтату. Шикізаттың шығынын және дайын өнімнің шығуына есеп жүргізу. өндірістік журналда жазба жүргізу. Қызмет көрсететін жабдықтардың қауіпсіздігі мен техникалық пайдалану ережесінің орындалуын бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін қондырғылардың технологиялық тәсімін және пайдаланылатын құрылғылардың технолгиялық картасын; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, сондай-ақ құбырлардың құрылғыларын және пайдалану ережесін; шала өңделген тазартылған және түрі өзгертілген балауыз өндірісінің технологиясын; пайдаланылатын шикізаттың, реагенттердің, реакциялық қоспалардың физикалық-химиялық қасиеттерін; шала өңделген тазартылған және түрі өзгертілген балауыз алу процесін есептеу әдістемесін және технологиялық режимді үйлестіру және қауіпсіз жүргізу ережесін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет