Жұмыстардың және жұмысшы мамандарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы 4-шығарылым



бет7/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.65 Mb.
#131298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
§ 16. ҚОРЕКТЕНДІРГІШ МашинисІ

2-разряд

ЖҰмыс сипаттамасы. Пластиналы, ленталы, вибрациялық, тарелкалы және басқа да қоректендіргіш жұмысын қадағалау. Қызмет көрсететін жабдықты қосу, тоқтату. Материалдардың жармалағыштарға, електерге, қоректендіргіштерге, конвейерлерге, диірменге, классификаторларға, кептіру барабандарына және басқа да механизмдерге реттеу. Берілетін материалдардан бөгде заттарды алып тастау. Материалдардың кептелуін болдырмау. Конвейерлер мен қоректендіргіштерді қосу және тоқтату. Қызмет көрсететін жабдықты тазалау және майлау, оның жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын, жұмыс принципін; жабдықты және дабылды автоматты блокировкалау сызбасын; конвейерлер мен қоректендіргіштерді қосу және тоқтату тәртібін; кептіргішке түсетін концентраттар қасиеттерін; майлау жүйесін; слесарь ісі негіздерін.

Пиритті және флюоритті концентраттарды ірі ұнтақтау және кептіруде көмір шұңқырларының, бастапқы бункерлердің қоректендіргішіне қызмет көрсету кезінде - 3-разряд.


§ 17. ЖУУ машинАЛАРЫНЫҢ МашинисІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пайдалы қазбаларды астау жумаларында, скрубберлерде, бутарларда, вашгердер мен шлюздерде байыту (жуу); құмды, гравийді, қиыршықтасты құм жуғышта, гравий жуғышта және жуу елеуіштерінде жуу. Қызмет көрсететін жабдықтың біркелкі толтырылуын және сұйық пен жуылатын материал көлемінің қалыпты арақатынасын қадағалау. Материал мен судың жуу машиналарына берілуін реттеу. Байытылған материалды түсіру және одан бөгде заттарды алып тастау. Сусыздандыру жәшіктеріне қызмет көрсету. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: астау жумаларының, скрубберлердің, бутарлардың, вашгердер мен шлюздердің және басқа да жуу жабдығының жұмыс принципін, оларды толтыру мен жұмысын реттеу тәсілдерін; байытылған материалдардың қасиеттерін; қосу электр аппаратурасының жұмыс принципін; құмды байыту және шлюздерде шламды ұстап қалу технологиясын; слесарь ісі негіздерін.
§ 18. ЖУУ машинАЛАРЫНЫҢ МашинисІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темір, марганец, хромды және басқа да кендерді өнімділігі 50 т/с. дейінгі жуу машиналарында байыту. Жуу машиналарының біркелкі толтырылуын, жуу процесінің дұрыс жүруін, элеваторлардың, насостардың, су тарату желісінің, жаңқа мен басқа да бөгде заттарды алып тастауға арналған механизмдердің жұмысын қадағалау. Бастапқы кеннің минералогиялық құрамына, материал мен судың түсуіне қарай, жуу машинасының жұмыс режимін реттеу. Байыту сапасын, судың шығысы мен қысымын, ағынның ірілігін, жуу машинасының өнімділігін бақылау, оның жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Қызмет көрсететін машинаны ағымдық жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: жуу машиналары мен басқа да қосалқы жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін; байытылатын кеннің физикалық-химиялық қасиеттерін; кенді жуу (байыту) процесінің технологиясын; жуу машиналарының техникалық сипаттамасын, олардың жұмысын реттеу тәсілдерін; сумен жабдықтау сызбасын; байытылатын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды; слесарь ісін.
§ 19. ЖУУ машинАЛАРЫНЫҢ МашинисІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темір, марганец, хромды және басқа да кендерді өнімділігі 50 т/с-тан 100 т/с. дейінгі жуу машиналарында байыту. Құрамында фосфор бар кендерді байыту. Шикізат пен судың берілуін реттеу. Қолданылатын жабдыққа, автоматты құрылғылар мен қосу аппаратурасына қызмет көрсету. Гидромонитор жұмысын басқару. Зумпфтан шикізат беру кезінде элеватор шөмішін біркелкі толтыру. Байытылған шикізатты түсіру. Қызмет көрсететін жабдықты тазалау.

Білуге тиіс: құрамында фосфор бар кендерді байыту технологиясын; кенді жуу машиналарында байытудың технологиялық процесін жүргізу ережесін; байытудың технологиялық процесін реттеу жолдарын; қызмет көрсететін жабдықты қосу, тоқтату және жұмыс режимі ережесін.

Темір, марганец, хромды және басқа да кендерді өнімділігі 100 т/с-тар жоғары жуу машиналарында байыту кезінде - 5-разряд.



§ 20. КЕН ОРТАЛАУ машинАСЫНЫҢ МашинисІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кен орталау машинасын біліктілігі анағұрлым жоғары кен орталау машинасы машинисінің басшылығымен басқару, оның орнын ауыстыру және орнату. Кен орталау машинасының жекелеген тораптарының жұмысын қадағалау. Қоректендіруші кабельдің барабанға дұрыс оралуын бақылау. Кен орталау машинасының жабдығын таза және жарамды ұстау, жағар және майлау материалдарын жеткізу. Механизмдерді майлау. Жұмыс өндірісі кезінде машиниске белгі беру. Жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуге тиіс: кен орталау машинасының құрылымын, жұмыс принципін; қоймадағы орталау материалдарының орналасуын; кеннің және басқа да орталанатын материалдарының қасиеттері мен химиялық құрамын; кенді және басқа да шашыраңқы материалдарды орталау әдістерін; майлау материалдарының қасиеттері мен құрамын.
§ 21. КЕН ОРТАЛАУ машинАСЫНЫҢ МашинисІ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кен массасын қопсыту және орталау. Шашылған материалды конвейерге немесе саңылаулы жаппа траншеясына тиеу. Кен орталау машинасының жерге қосылуын, кабельдер мен троллдердің жай-күйін тексеру. Кен орталау машинасы механизмдерінің жұмысын сынамалау және реттеу. Өлшеу құралдарының көрсеткіштері мен қопсытқыштың жай-күйін қадағалау. Кен орталау машинасы жабдығын техникалық қарау және жөндеу.

Білуге тиіс: кен орталау машинасының конструктивтік ерекшеліктерін; кенді және шашыраңқы материалдарды орталау технологиясын орталау әдісінің агломерат пен шойын сапасына әсерін; электротехника негіздерін.
§ 22. КҮЙДІРУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кенді, шихтаны, материалдарды шағылма пештер мен реторттарда күйдіру процесін жүргізу. Сымдарды, кабельдерді, жаңқаны, сүйекті, шлакты күйдіру. Шихтаны тегістеу және шағылма пештерге аудару, пешті пайдалануға дайындау. Аппаратураның жарамдылық жағдайын тексеру. Жұмыс нұсқаулығына сәйкес шикізаттың, материалдардың, отынның берілуін, температура режимін реттеу. Шағылма пеш жұмысының журналын жүргізу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Күйдірілген материалды түсіру және оны бөлінген жерге жинап қою. Газ қалдықтары мен шаң камераларын тазалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін пештер мен реторттардың құрылымын, қосу, тоқтату тәртібін, тиеу сызбаларын; күйдіру процесінің мәнін; күйдіру режимін және техникалық нұсқаулықтарды; күйдірілетін материалдар мен бұйымдардың, жағылатын отынның құрамы мен қасиеттерін; газ қалдықтары мен қызмет көрсететін пеш коммуникацияларын.
§ 23. КҮЙДІРУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кенді, шикізатты, концентраттарды, шламды, қайтарма материалдарды, электрод өнімі дайындамалары мен басқа да материалдарды мен шикізатты табанды, от-жалынды пештерде, шаңтектес күйдіру пештерінде, шахталық автоматтандырылмаған пештерде, қайнайтын қабат режимінде жұмыс істейтін пештерде, ұзындығы 75 м дейінгі айналма пештерде және пештің технологиялық режимі мен жұмыс кестесіне сәйкес басқа да пештерде күйдіру процесін жүргізу. Қызмет көрсететін пештердегі температураны, шығатын газ құрамын, пеш зонасындағы ауаның қысымын қадағалау. Қайнайтын қабат режимінде жұмыс істейтін пештерден шығатын газдарды салқындату. Оттықтардың жай-күйін, газ аппаратурасының жарамдылығын, тарту күшін тексеру. Сынама іріктеу. Газ бен ауа қажеттілігін есептеу. Шихтаны тұндыру. Қызмет көрсететін пештің тартуын және жүрісін реттеу. Пеш футеровкасының, желдеткіштердің, қоректендіргіштердің, конвейерлердің, тоңазытқыштардың, форсункалардың, насостардың, деаэраторлардың және жұмыс орнындағы басқа да жабдықтың жай-күйін тексеру және қызмет көрсету. Утилизатор-қазандықтың жұмыс режимін қадағалау. Техникалық құжаттама жүргізу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін пештің, жабдық пен өлшеу құралдарының құрылымын; газ жолының отын, ауа коммуникацияларының сызбасын; күйдіру технологиясы мен режимін; технологиялық нұсқаулықтарды; материалдар мен отын шығысы нормаларын; отынды ұтымды жағу тәсілдерін; футеровканың беріктігін арттыру шарттарын; күйдірілген өнімнің, қождың, газдың сапасына қойылатын талаптарды; күйінділердегі жол берілетін металл шамасын; дабыл және газдан тазарту жүйелерін; қызмет көрсететін пештің жұмысына әсер ететін факторларды; слесарь ісін.
§ 24. КҮЙДІРУШІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кенді, шикізатты, концентраттарды, басқа да материалдарды автоматтандырылған пештерде, ұзындығы 75 м-ден 150 м. дейінгі айналма пештерде күйдіру процесін жүргізу. Цинкті концентраттарды қайнайтын қабат режимінде жұмыс істейтін пештерде күйдіру процесін жүргізу. Қызмет көрсететін пештерді отынмен және материалдармен қоректендіруді, ауаның түсуін, температураны, жану процесінің интенсивтілігін, айналу жылдамдығын реттеу. Сыртқы түріне, аспаптар, сапа талдауына және дайын болуына қарай күйдірілген материалдарды анықтау. қайнайтын қабат режимінде жұмыс істейтін пештердегі буландыру қондырғыларына қызмет көрсету. Қызмет көрсететін пештерді жөндеуден кейін қабылдауға қатысу.

Білуге тиіс: түрлі жүйедегі күйдіру пештерінің және басқа да қызмет көрсететін жабдықтың конструктивтік ерекшеліктерін, оларды пайдалану ережесін; шикізаттың, материалдардың, отынның құрамы мен қасиеттерін, олардың шығыс нормаларын; күйдірілген өнімнің шығу көлемін ұлғайту және сапасын арттыру тәсілдерін; блокировка, автоматтандыру және дабыл сызбасын; күйдіру пештерінің жұмысын автоматты реттеу сызбасын.

Қышқылды кенді, никель концентратын күйдіру процесін жүргізу кезінде; ұзындығы 150 м.-ден және одан жоғары айналма пештерде күйдіру процесін жүргізу кезінде - 6-разряд.



Ескертпе.

Жұмысты біліктілігі анағұрлым жоғары күйдірушінің басшылығымен атқарған кезде тарифтеу бір разрядқа төмен жүргізіледі.


§ 25. БАСҚАРУ пультІНІҢ ОператорЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процестерді және жармалау, байыту, кесекшелеу, агломерациялық фабрикалардың (цехтардың, учаскелердің, қондырғылардың) өнімділігі (сомаланған) 50 т/с дейінгі жабдығын өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша және байланыс құралы бойынша алынатын деректер бойынша басқару пультінен басқару. Шикізат пен материалдардың тоқтаусыз берілуін қамтамасыз ету.Жабдықтың берілген жұмыс режимін ұстау, оны қашықтықтан қосу және тоқтату, жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерін есебін жүргізу. Басқару пульті мен коммуникациялардың жай-күйін қадағалау.

Білуге тиіс: технологиялық процесс сызбасын; автоматика мен блокировканың жұмыс принципін; қызмет көрсететін жабдық пен аспирациондық жүйелердің орналасуын, олардың жұмыс режимін; өлшеу құралдары мен басқару пультінің дабылын; дабыл және байланыс жүйесін.
§ 26. БАСҚАРУ пультІНІҢ ОператорЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процестерді және жармалау, байыту, кесекшелеу, агломерациялық фабрикалардың (цехтардың, учаскелердің, қондырғылардың) өнімділігі (сомаланған) 50 т/с-тан 300 т/с дейінгі жабдығын басқару пультінен басқару. Басқару пультінен шахта сұрыптамасын, кен, көмір және сланец шахталары мен разрездерінің үстіңгі жабдық кешенін, олардың өнімділігіне қарамастан басқару. Автоматтандырылған өндірістің технологиялық процесінің жекелеген параметрлерін аспаптардың көрсеткіштері бойынша басқару пультінен бақылау, процесс параметрлерін түзеу, реттеу. Автоматтты реттегіштерді және аспаптарды қадағалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін учаскенің технологиялық процесі негіздерін; басқару пультінен басқарылатын жабдықтың жұмыс принципін; технологиялық процесті бақылау әдістерін; процестің жарық сызбасын; электротехника, механика негіздерін.
§ 27 БАСҚАРУ пультІНІҢ ОператорЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процестерді және жармалау, байыту, кесекшелеу, агломерациялық фабрикалардың, топырақ өндірісі цехтарының (учаскелердің, қондырғылардың) өнімділігі (сомаланған) 300 т/с-тан 800 т/с дейінгі жабдығын басқару пультінен басқару. Бір учаскенің, бір өндірістің технологиялық процесінің толық циклін жүзеге асыру кезінде технологиялық процес пен жабдықты автоматтандырылған өндірістің басқару пультінен басқару. Автоматты реттеу жүйесін бақылау және қызмет көрсету. Тиелетін және жұмсалатын материал мен шикізаттың саны мен сапасын, дайын өнім шығымын өлшеу және автоматика құралдарының көрсеткіштері бойынша бақылау. Учаскенің технологиялық жұмысшыларымен жедел байланысты жүзеге асыру. Технологиялық процесті жүргізудегі оны бұзушылықтарды жою. Аспаптардың көрсеткіштерін өндірістік журналға тіркеу. Автоматика жүйесінің жұмысындағы ұсақ ақауларды жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін учаскенің, өндірістің технологиялық сызбасын; қызмет көрсететін жабдықтың, өлшеу және автоматика құралдарының құрылымын; қызмет көрсететін учаске коммуникациясының технологиялық сызбасын; автоматты жүйелердің, аспаптардың жұмысындағы ақауларды жою тәсілдерін; бастапқы және дайын өнімдерге қойылатын талаптарды, техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды; орындалатын жұмыс шегінде өндіріс технологиясы негіздерін.
§ 28. БАСҚАРУ пультІНІҢ ОператорЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процестерді және жармалау, байыту, кесекшелеу, агломерациялық өнімділігі (сомаланған) 800 т/с-тан жоғары фабрикалардың (цехтардың, учаскелердің, қондырғылардың) жабдығын басқару пультінен басқару. Технологиялық процестерді және өнімділігі (сомаланған) 500 т/с-ке дейін өңделген өнім беретін жабдықты бас басқару пультінен өлшеу құралдарының көрсеткіштері мен электронды-есептеу машинасының мәліметтері бойынша басқару. Технологиялық процес параметрлерін реттеу. Технологиялық жабдықтың жұмыс режимін дабыл құрылғыларының көрсеткіштері бойынша ұстап тұру. Түрлі учаскелердің технологиялық операцияларының бірлескен өзара әрекетін жүзеге асыру. Шикізаттың, қосалқы материалдардың, электр энергиясы мен технологиялық процестің басқа да көрсеткіштерін бақылау және реттеу. Шикізаттың, қосалқы материалдардың, жартылай фабрикаттардың шығысын, өндірістің барлық стадиялары бойынша дайын өнім шығымын есептеу және есепке алу. Аспаптардың ақпаратын тексеру. Технологиялық процестің сандық және сапалық параметрлерін, технологиялық жабдық жүктемесін есепке алу. Жармалау, байыту, кесекшелеу, агломерациялық фабрикалар жабдығының жұмысындағы ақаулар мен өндіріс технологиясын бұзушылықтарды анықтау және жою. Учаскелердің жұмысын үйлестіру және технологиялық процесті басқару пультінің барлық автоматты құрылғыларының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін өндірістің технологиялық сызбасын; жармалау, байыту, кесекшелеу, агломерациялық фабрикалар мен автоматика жүйесінің жабдығының конструктивтік ерекшеліктерін, өндірістік процесті автоматтандыру сызбасын; технологиялық процес барысында анықталған ауытқуларды жою тәсілдерін; электротехника, жылу техникасы, электроника негіздерін.

Өнімділігі (сомаланған) 500 т/с-ке дейін өңделген өнім беретін жабдықты бас басқару пультінен өлшеу құралдарының көрсеткіштері мен электронды-есептеу машинасының мәліметтері бойынша басқару кезінде - 6-разряд.


§ 29 реагентТЕРДІ ЕРІТУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Реагент ерітінділерін, олардың сомаланған шығысы 50-ден 100 куб. м/с. дейін болған кезде, флотациялауға қажетті концентрацияда әзірлеу. Ерітінді концентрациясын реттеу. Реагент ерітінділерін дозалау бөлімшесіне қайта айдау. Тарту шкафтары мен желдеткіштердің жұмысын қадағалау. Реагенттер шығысының есебін жүргізу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу. Бактарды ерімейтін шөгінділерден кезеңдеп тазартып тұру.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын; реагенттердің нысанын, олардың қасиеттерін; ерітінді әзірлеу тәсілдерін; реагент ерітінділеріне қойылатын талаптарды; реагенттердің шығыс нормасы мен оларды сақтау ережесін; кенді флотациялық тәсілмен байыту принципін; реагент құбырлар сызбасын.
§ 30. ҚАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН РеТТЕУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дамбаны өздігінен ағып жуылатын кезде қалдықты учаске бойынша таратып ағызу. Қалдықты қоймалау көлемі жылына 1,0 млн. куб. м дейінгі қалдық қоймасына қызмет көрсету. Қалдық қоймасы дамбасының жай-күйін және қалдықтың гранулометриялық құрамын қадағалау. Учаске бойынша қалдық ағынының жылдамдығын реттеу. Ағызу тазалығы мен шлам тұндырғыштың толуын, құдықтардың жай-күйін қадағалау. Түрлі материалдардан дамбы тұрғызу және үлкейту, оларды бекіту және тегістеу. Қалдық шаруашылығы трассаларын қарау. Құбырлар мен дамбалардағы ақауларды анықтау. Еңістерді бекіту және суағар арна жүргізу. Насостарға, сифондарға, өткізу құдықтарына, пульпа құбырларға мен қалдық шаруашылығының басқа да имараттарына қызмет көрсету. Қызмет көрсету және оларды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қалдықтарды таратып құю және оны учаске бойынша ауыстыру тәртібі мен ережесін; қалдықтың физикалық қасиеттерін және оны тұндыру процесі негіздерін; қалдық қоймасының орналасу сызбасы мен оның шекті сыйымдылығын; дамбыларды ағын бұзуынан қорғау тәсілдері; қалдықты қайта айдау насостарының жұмыс принципін; дамба нысанын және оларды тұрғызу ережесін; дамбаның су өткізбейтіндей етіп жасауға қажетті материалдарды; дамба қабырғаларын көтеру, салу, тегістеу және нығыздау тәсілдерін; қызмет көрсететін учаске трассасын; дамбалар мен құбырлардың ақауларын жою тәсілдерін

Көмір және шлам тұндырғыштарға қызмет көрсету кезінде - 1-разряд'>1-разряд;

дамбаның өздігінен ағып жуылу интенсивтілігі жылына 1,5 млн. куб. м дейінгі қалдық шаруашылығына қызмет көрсету кезінде - 3-разряд;

дамбаның өздігінен ағып жуылу интенсивтілігі жылына 1,5 млн. куб. м артық қалдық шаруашылығына қызмет көрсету кезінде - 4-разряд.


§ 31. СепаратОрШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр магнитті, электростатикалық, винтті, полиградиентті сепараторларда сепарациялау процесін жүргізу. Қызмет көрсететін сепараторлардың, жуғыштардың, гидроараластырғыштардың жұмысын қадағалау. Кеннің, концентраттың сапасына және қалдықтардағы кен шығынына қарай токтың магнитті өрісі мен күшін реттеу. Қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқтату. Кеннің, судың берілуін, байыту өнімінің шығымын реттеу. Материалдардың сепараторларға біркелкі таратылуын және берілуін реттеу. Өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Гидросепарациялау кезінде пульпаның сілтілігін анықтау. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін сепараторлардың, жуғыштардың, гидроараластырғыштардың және басқа да жабдықтардың құрылымы мен жұмыс принципін; сепарациялау процесі негіздерін; байыту процесінің технологиясы мен режимін; алынатын байыту өнімдерінің магниттік қасиеттерін; қабылдауыш реле сәулесі ағынын ыңғайлау ережесін; пайдалы қазбалар сыныптамасын; электротехника негіздерін; электрослесарь ісін; қызмет көрсететін сепараторларды техникалық пайдалану ережесін; өндірістік журналды толтыру тәртібін; байытылатын шикізаттың және ілеспе жыныстар мен минералдардың қасиеттерін; ауыр суспензияларды дайындау және регенерациялау технологиясын; алынатын байыту өнімдерін сақтау режимін; майлы жақпалардың құрамын және технологиялық судың температурасына қарай олардың өзгеруін.

Сепарациялау процесін магнитті, пневматикалық, адгезионды-жабысқыш сепараторларда; өнімділігі 15 т/с дейінгі электромагнитті валкалы сепараторларда; сомаланған өнімділігі 50 т/с дейінгі коронно-электростатикалық және трибоэлектрлі сепараторларда жүргізу кезінде - 4-разряд;

сепарациялау процесін автоматты режимде істейтін магнитті сепараторларда, рентгеносепаратор қондырғыларында немесе элеватор доңғалақты сепараторларда; өнімділігі 15 т/с жоғары электромагнитті валкалы сепараторларда; сомаланған өнімділігі 50 т/с артық коронды-электростатикалық және трибоэлектрлі сепараторларда жүргізу кезінде; сепарациялау процесін геологиялық барлау жұмыстарында, түрлі типтегі сепараторларда жүргізу кезінде; түсті метал кенін, кен-химия шикізатын, құрамында алмаз бар концентратты ауыр суспензиялар мен сұйықтарда, байыту өнімдерін қабылдап, өңдеп, тексеріп, есебін жүргізіп, ресімдеп және тапсыра отырып түрлі типтегі сепараторларда жүргізу кезінде - 5-разряд;

байыту процесін әртүрлі типтегі сепараторларда жүргізу кезінде; өнімді кассаға тапсыру; геологиялық барлау жұмыстарына құжаттама ресімдеу кезінде - 6-разряд.



Ескертпе.

Жұмысты біліктілігі анағұрлым жоғары сепараторшының басшылығымен орындау кезінде тарифтеу бір разрядқа төмен жүргізіледі.


§ 32. СҰРЫПТАУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пайдалы қазбаны, шикізатта, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімді, өндіріс қалдығын сыртқы белгісі бойынша қолмен сұрыптау. Пайдалы қазбадан бос жыныс пен бөгде заттарды және жыныстан тауарлы өнім кесектерін іріктеп алу. Материалды сұрып бойынша бөлу. Іріктелген жынысты, пайдалы қазбаны және басқа да сұрыпталатын материалдарды көлік құралдарына тиеу. Жынысты бункерге және люктерге лақтыра отырып жинау. Шойтастарды уату. Сұрыптауышқа, дайын өнім бункерлеріне және бункер астындағы транспортерлерге қызмет көрсету. Електерге, қоректендіргіштерге қызмет көрсетуге қатысу. Пайдалы қазбаны қайта тазалау және сұрыптамалаумен, дайын өнім бункерлерін толтырумен және тазалаумен байланысты жұмыстарды орындау. Транспортерлердің біркелкі қоректендірілуін қадағалау. Сұрыпталған материалдарды қабылдау, тапсыру және өлшеу, штабельге немесе көлік құралдарына салу. Вагондарды толық тиелмеуіне немесе бос жыныспен қоқыстануына қарай бракка шығару. Шаблонмен тиелу толықтығын тексеру. Қабылданған шәкіл бойынша тиелмей қалуына жеңілдік беру. Сирек және асыл металдарды өндіру кәсіпорындарында - кен ұсақтарын сыпырып жинау. Қабылданған пайдалы қазбаны және оның қоқыстануын есепке алу.

Білуге тиіс: пайдалы қазбаны бос жыныстан ерекшелендіретін сыртқы белгілерді; пайдалы қазбаның негізгі қасиеттерін, сұрпы мен маркісін; әртүрлі өнім сұрыптарының сыртқы белгілерін; пайдалы қазба кесектерінің шекті ірілігін; штабельге немесе көлік құралдарына салу ережесін; пайдалы қазбаға қойылатын мемлекеттік стандарт талаптарын; оны қабылдау, тапсыру және құжаттаманы ресімдеу ережесін, пайдалы қазба сұрыптары бар бункерлердің орналасуын; електердің, сұрыптауыштардың, транспортерлердің, элеваторлардың жұмыс принципін, оларды майлау жүйесін; қосу айлабұйымдарының орнатылған жерлерін; кен жынысын өлшеу және есебін жүргізу ережесін.

Торфоплиталарды сұрыптау, крюдті іріктеу кезінде; сирек және асыл металдарды сұрыптау кезінде; янтарды сұрпы мен ірілігі бойынша сұрыптау кезінде; асбесті сұрыптамалау кезінде; сұрыптау үстелдерінде, пневмоклассификаторларда сұрыптау кезінде - 2-разряд.


§ 33. КЕПТІРУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шкафтарда, плиталарда табан пештерде, стеллаждарда, сомаланған өнімділігі 100 т/с. дейінгі кептіру барабандарында кептіру процесін жүргізу. Кептіргіштерді кептіруге арналған материалдармен толтыру. Концентратты қызмет көрсететін пеш табандығында араластыру, пештің жұмысын бақылау. Кептіру пештеріне от жағу және пеш температурасын реттеу. Кептіргеннен кейін материалдарды, бұйымдарды, шикізатты түсіріп алу, Тараға салу, белгіленген орынға қою.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін кептіру пештері мен басқа да жабдықтың жұмыс принципін және қызмет көрсету ережесін; кептіру технологиясының негіздері мен режимін; отын түрлерін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралының нысанын; кептірілген концентраттар мен басқа да кептіру материалдарының сапасына қойылатын талаптарды.
§ 34. КЕПТІРУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пиритті және флюоритивті концентраттарды құбырлы, көп табандықты пештерде, камераларда, туннельдік, электр вибрациялы кептіргіштерде, вакуум- кептіргіштер мен басқа да (кептіру барабандарынан басқа) сомаланған өнімділігі 100 т/с дейінгі кептіру және күйдіру қондырғыларында және сомаланған өнімділігі 100 т/с. дейінгі кептіру барабандарында кептірудің технологиялық процесін жүргізу. Материалдарды, бұйымдар мен жартылай фабрикаттарды дайындау және кептіру пештеріне салу. Газ құбырларын, оттықтарды, патрубкаларды, жандырғыларды тазалау және пеш ағындарындағы кептемелерді жою. Кептіру пештеріндегі, толтыру және түсіру камераларындағы температураны өлшеу. Өнімнің ылғалдылығын, сиреуін және температурасын нұсқаулықтарға сәйкес реттеу. Түрлі сұрыптағы өнімдерді бункерлер бойынша таратып бөлу үшін шиберлер мен ағындарды жабу. Берілген жылу режимін және ауа, бу, газ ағындарының жылдамдығын қамтамасыз ету. Кептіру режимін, қоректендіргіштердің, транспортерлердің, дезинтеграторлардың, тозаң ұстағыш аппаратураның және қызмет көрсететін басқа да жабдықтың жұмысын қадағалау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау. Кептіру материалдарының дайындық деңгейін анықтау. Дайын өнімді кептіру қондырғыларынан көлік ыдыстарына, транспортерлерге түсіру немесе вагонеткаларды әкету. Өндірістік журналды жүргізу. Қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін кептіру пештерінің, қоректендіргіштердің, транспортерлердің, дезинтеграторлардың, тозаң ұстағыш аппаратураның және қызмет көрсететін басқа да жабдықтың құрылымын, жұмыс принципін және қызмет көрсету ережесін; кептіру процесінің (күйдірудің) мәнін және концентраттар мен басқа да материалдарды кептірудің оңтайлы режимдерін; аппараттар тізбегі мен қондырғылардың технологиялық сызбасын; калориферлерді, электр сүзгілерді, желдеткіштер мен басқа да қызмет көрсететін жабдықты қосу және жұмысын реттеу тәртібін; қолданылатын отынның маркісі мен сапасын; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдың нысанын, жұмыс принципін, пайдалану ережесін; кептіру процесін автоматтандыру негіздерін; кептіруге келетін материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін; кептірілген концентраттар мен басқа да кептіру материалдарының сапасына қойылатын талаптарды; сынама іріктеу ережесін; слесарь ісін.

Кептіру процесін (кептіру барабандарынан басқа) сомаланған өнімділігі 100 т/с артық кептіру қондырғыларында, өнімділігі 120 т/с дейінгі мұнаралы тозаңдату кептіргіштерінде жүргізу кезінде; торфтан жасалған термоизоляциялық тақталарды, өнімділігіне қарамастан, туннельдік кептіргіштерде жүргізу кезінде - 4-разряд;

өнімділігі 120 т/с және одан жоғары мұнаралы тозаңдату кептіргіштерге қызмет көрсету кезінде - 5-разряд.

Ескертпе.

Жұмысты біліктілігі анағұрлым жоғары кептірушінің басшылығымен орындау кезінде тарифтеу бір разрядқа төмен жүргізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет