Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы



бет21/25
Дата12.06.2016
өлшемі2.25 Mb.
#131112
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
§ 373. Құйып алушы- таратушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қышқылды, сілтінің, сүтті, сірнені, еріткіштерді, су ерітінділеріні әр түрлі ыдыстарға қабылдау. Сұйықтықты өлшеумен, этикеткалар жапсырумен, сүзумен резервуарларға, бактарға, цистерналарға, контейнерлерге және басқа ыдысқа құю. Өнімді қолмен тарату ыдысына құю. Толтырылған ыдысты тығындау, толтырылған ыдысты алу, ыдысты орап байлау. Құятын машина мен құрылғыларды шаю және тазалау. Құятын желінің сорғыларын, ыдыстарын және коммуникацияларын ағымдағы жөндеу және майлау.

Білуге тиіс: құйылатын және таратылатын өнімдердің негізгі физикалық- химиялық қасиеттері; сұйық өнімдерді қабылдау, беру және тарату ережесі; ыдыстың сапасына және оны тығындауға мемлекеттік стандарттардың талаптары; өнімді ыдысқа құю нормалары.
§ 374. Құйып алушы- таратушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бензинді, керосинді, басқа мұнай өнімдерін және мұнайды, әртүрлі жабысқақ май антисептиктерін, балқыған каустикті, сұйық аммиакты, хлоральды, парахлорбензолсульфоқышқылын, акрилдық эмульсияларды, май спирттарын, гексохлоранды, пергидрольді, хлорофосты, улы химикаттардың эмульсияларын, паронитрохлорбензолды, динитрохлорбензолды әр түрлі қоймаларға қабылдау. Автоматты және жартылай автоматты машиналарда өнімді құятын ыдысқа құю. Цистерналардың вагондарын теміржол эсткадасының құятын- тарататын тіреулеріне орналастыру. Құятын- тарататын тіреулердің шлангілерін люктарға жеткізу және түсіру. Тіреулерде ысырмаларды ашу мен жабу. Вагондарды, цистерналарды өнімнің қалдықтарынан тазалау. Цистерналар мен коммуникацияларды жылыту. Өнімдерді есепке алу.

Білуге тиіс: құйылатын және таратылатын өнімдердің негізгі физикалық- химиялық қасиеттері; зиянды және улы өнімдерді ұстай білу ережесі; сұйық өнімдердің қасиеттері, қабылдау, беру және құю тәсілдері; ыдстың сапасы мен оны тығындауға мемлекеттік стандарттардың талаптары; өнімді ыдысқа құю нормалары.

Сары және қызыл фосфорды, сұйылтылған газды құю кезінде- 4-разряд.


§ 375. Майлаушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген мерзімдерде машиналардың бөлшектерін, механизмдерді, қозғалтқыштарды, агрегаттардың жетектерін, автомашиналарды, тракторларды және басқа жабдықты майлау. Редукторларға және беру қораптарына, лубрикаторларға және майлауға арналған басқа автоматты жұмыс істейтін құралдарға майлайтын материалдарды құю және алмастыру. Май сауыттарға май құю. Тазалауға арналған істеп болған майларды жинау. Трансмиссиялық біліктерді батпақ пен шаңнан тазалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың учаскеде орналасуы; майлануға тиісті сүйкелетін бөліктері; майлау материалдарының, түрлері, сорттары мен белгіленуі; қызмет көрсететін жабдықтың және машиналардың май құбырларының сызбасы; машинала мен жабдықты майлау және тазалау ережесі, мерзімдері мен кезеңділігі; сатыларды, жеңіл баспалдақтарды және жабдықтың қозғалмалы бөліктеріне көтерілуге арналған басқа құрылғыларды орнату тәсілдері; кеңінен таралған қарапайым құралдардың және майлау, тазалау және шаю кезінде қолданылатын құрылғылардың белгіленуі.
§ 376. Майлаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген мерзімдерде тазалаумен және шаюмен жабдықтың механизмдерін, аппараттардың және аспаптардың сүйкелетін бөліктерін майлау. Қызмет көрсететін учаскеде немесе цехте май өткізетін жүйелердің ақаусыз күйін қадағалау. Вагондық букстарды және жылжымалы басқа сүйкелуші бөлшектерін қарау, май құю және майлау. және Жөнге келмейтін май сауыттарды ауыстыру және май құбырларында ақауларды жою. Қасиеттері мен белгіленуіне байланысты майлау материалдарын таңдау. Майлау және сүрту материалдарын алу, сақтау және есепке алу.

Білуге тиіс: май құбырлардың, майлайтын құрылғылардың сызбалары және барлық мүмкін жабдықты майлау кезеңділігі; майлау жүйелерінің түрлері- шығыршықты, толтырмалы, қысыммен; май сорғылардың, сүзгілердің құрылысы және оларды реттеу ережесі; майлау материалдарын сақтау, есептеу ережесі; істеп болған майлардың регенерациясы туралы мәліметтер.
§ 377. Майлаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі күрделі құрылғылардың және аспаптардың көмегімен бағалы, жауапты, бірегей жабдықтың, механизмдердің сүйкелетін бөліктерін майлау. Жұмыс істеп тұрған кезде жабдықтың қиын қол жететін жерлерін майлау. Пайдалану талаптарына сәйкес зертханалық талдау нәтижелері бойынга майлардың жарамдылығын анықтау. Қасиеттері мен белгіленуіне байланысты майлау материалдарын іріктеу. Резервуарларды, автоматты және қол станцияларын қою және сұйық майлау материалын құю.

Білуге тиіс: майлаудың жинақтау сызбаларының түрлері; жартылай автоматты аппаратураның және автоматты майлаудың құрылысы; жабдықтың сәйкес түрлері үшін майлардың сапасына техникалық шарттар; зертхана ұсынатын майлардың химиялық талдаулары.
§ 378. Ит үйретуші маман

3- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көрмелерде жән едала сынақтарына иттерді жаттықтыру және дайындау. Күшіктермен иттерді тамақтандыру және оларға бірінші ветеринарлық көмек көрсету. Күшіктерге бос орындарды бақылау. Иттерді қарау, бөлменің ішін және оларға арналған қораларды тазалау.

Білуі тиіс: ит үйретуші және ветеринария негіздерін; күшіктер мен иттерді күту ережесін; дайындау ережесін және иттерді көрмелерге және дала сынақтар жаттықтыруларын; иттін тұқымдарын.
§ 379. Елді мекен объектілерінің тізімін құрастырушы

2- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ғимараттар мен құрылыстар бойынша ішін өлшеп және сыртын сызу. Құдықтарды және су жүргізетін құбырды, канализациямен, жылумен қамтамасыз етуді, электро жүйесінің ішін байқап өлшеу. Саябақ, гүл алаңы, бау бақшалар, көшелер және басқа аумақтарды сүретке түсіріп алу.

Білуі тиіс: ғимараттар мен әр түрлі құрылдардың ішін және сыртын өлшеу ережесі мен қабылдауын; өлшеуіш таспамен, экермен және басқа қарапайым құралдармен, олардың құрылысы мен пайдалану ережесін.
§ 380. Шыны сүртуші

1- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кір қоқыстан шыны мен жақтауды тазалау. Арнайы құралмен шыныға өткізу, терезенің жақтауы мен терезенің алдын жуу. Қажетті инвентарь мен құрал – жабдықтарда жұмыстарды таңдау үшін және оларды тазалықта ұстау.

Білуі тиіс: жұмыстарды орындау жағдайын; жуу құралдардының түрлері мен тәсілдерін; биікте және техникалық қаупсіздік жұмыстарын орындау ережесін; қолданылған құрал – жабдықтарды пайдалану ережесін.

Биіктігі 15 м шыныны тазалау жөніндегі жұмысты орындау кезінде – 2 – разряд.


§ 381. Күзетші (вахтер)

1- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әкімшілік өкілеттігімен немесе ауыстырушы күзетшімен бірге күзету объектісінің бүтіндігін (құлып және басқа тиекті құрал – жабдықтар; пломбының бар болуы, өртке қарсы инвентарь; сигналдау, телефондарды, жарық түсіруді түзеу) тексеру. Ақаулықты тапқан кезде (сынған есіктерді, терезені, құлыпты пломба мен мөрі жоқ болса), объекті күзетке қабылдауға рұқсат берілмейді, осы жөнінде ол өзі бағынатын адамға, әкімшілік өкілеті мен полиция бөлімшесі бойынша кезекшіге хабарлау және күзетші полиция өкілетінен келгенге дейін қылмыстың ізін жүзеге асырады. Объектіде өрт болған кезде дабыл қағу, өрт сөндіру командасына және полиция бөлімшесі бойынша кезекшіге хабарлайды, өртті жою жөнінде іс-шаралар қолдану. Ұйымның өткізетін бөлмесінде кезекшілікті атқарады, қызметерлерге, келіп- кетушілерге, үйымның аумағына және оларға тиісті құжаттарды көрсету жөнінде керісінше автокөлңктерге рұқсатнаманы жүзеге асырады. Ілесе құжаттардағы нақты жүктің бар болуын салыстыру; қақпаны ашу және жабу. Журналдың жазбасына сәйкес кезекшілікті қабылдау және ауыстыруын жүргізеді. Бөлмені тиісті санитарлық жағдайда ұстау.

Білуі тиіс: рұқсатнама режимі туралы ереже мен нұсқауды; материалдық құндылықтарды енгізу және шығару немесе ұйымға келіп- кетушілерге қол қоюға құқы бар адамдардың қол қою үлгілерін; үнемі және бір жолғы рұқсатнамалардың үлгілерін; объектілерді күзету жөніндегі ереже мен нұсқаулықтарды; күзету объетісінің шеңберін; күзету объектілерінің әкімшілік өкілдерінің және полиция бөлімшесі кезекшісінің телефон нөмірін. Ауысым бойынша аға мңндеттерін орындау кезінде – 2 –разряд.
§ 382. Мерген

2- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күзету объектісі бойынша қызмет атқарады. Қүзету объектісінен материалдық құндылықтарды заңсыз шығаруға тырысып жатқан, құқықты бұзуға күдікті адамдарды ұстап және олармен қызмет бөлмесіне немесе полиция бөлімшесіне ілесіп жүру. Күзету зонасына енетін материалдық құндылықтар қоймасы мен басқа да бөлмені күзетуге қабылдау. Объектіде орналасқан өрттен күзету сигнал беру құралдарының жұмыстарын бақылау, олардың қажалу себептерін анықтау, қарауыл бөлмелеріне хабарлау. Күзет зонасына қойылған қарауыл иттердің қызметің бақылау.

Білуі тиіс: Күзету объектілернің ұйымдарын реттеуші нұсқаулықтарын, бұйрықтарын және басқа да нормативтік құжаттарын; сеніммен алған қарумен оларды пайдалануу тәртібін қарауды; құқық бұзушыларды ұстау ережесін; күзету ұйымның және оның бөлімшелері жұмыстарының режимін, күзетуге алынған объектілердің лауазымды және материалды жауапты адамдардың құрылымын; көрші орындарда орналасқан, ұйымдарда қабылданған өрттен күзету сигналының берілуңн, оның жұмыс істуеіне әсер ету тәртібінің бекітілуін; алғаш өрттен сөндіру құралдарының орналасқан орны және оларды пайдалануға байланысы мен тәртібін; техника қаупсіздік ережесін.

Ірі өнеркәсіп ұйымдарын күзету жөнінде лауазымды міндеттерін орвндау кезінде аса маңызды немесе оларға теңестірілген объектілер, ірі базалар, және қоймалар – 3 – ші разряд.


§ 383. Іліп қоюшы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бұйымдарды, бөлшектерді, орман (ұзындығы 3 м. дейін) және басқа да массасы 5 т. дейінгі ұқсас жүктерді көтеру, орнын ауыстыру және қалау үшін ілмектеу және байланыстыру. Жүк асып қоятын арқандарды қондырғы немесе қалау орнында желімін ажыратып алу. Кран жүргізушісіне сигнал беру және көтеру, орнын ауыстыру мен қалау барысында жүкті бақылау. Қажетті жүк асып қоятын арқанды орналастырылатын жүктін массасы мен мөлшеріне сай таңдау. Жүк асып қоятын арқандардың жарамдылығын анықтау.

Білуге тиіс: орналастырылып жатқан жүктің массасын көзбен шолып анықтау; типтік бұйымдардың орындары; шағын габаритті жүктердің орнын ауыстыру, көтеру және ілмектеу ережелері; кран жүргізушілері үшін шартты сигнал беру; жүк асып қоятын ілмектер мен арқандардың, шынжырлардың және т.б. міндеті және қолдан ережелері; кранның және жүк асып қоятын арқанның шеткі жүктеме мөлшері; жүктердің орнын ауыстыру үшін жүк асып қоятын арқанның қажетті ұзындығы мен диаметрі; жүк асып қоятын арқандар мен арқандардың рұқсат етілген жүктемесі.
§ 384. Іліп қоюшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бұйымдарды, бөлшектерді, орман (ұзындығы 3 м. дейін) және басқа да массасы 5 т. 25 т. дейінгі ұқсас жүктерді көтеру, орнын ауыстыру және қалау үшін ілмектеу және байланыстыру. Орта күрделілікті жүктерді, орман жүктерін (3 м.-ден жоғары 6 м.-ге дейін), бұйымдар, бөлшектер және тораптарды станокқа орналастырумен, төсеніштер және басқа да жинақтаушы құралдар мен механизмдерді, сонымен қатар массасы 5 т. дейінгі басқа да ұқсас жүктерді көтеру, орнын ауыстыру және қалау үшін ілмектеу және байланыстыру. Түрлі жағдайларда жүктерді жылдам және қауіпсіз ілмектеу мен орнын ауыстыру тәсілдерін таңдау. Жүк асып қоятын арқандарды түрлі тораптармен тұтастыру және байлау.

Білуге тиіс: орналастырылып жатқан жүктің массасын және салмақ орталығын көзбен шолып анықтау; қарапайым ауыр жүктердің және орта күрделі жүктердің ілмектеу, көтеру және орнын ауыстыру ережелері; жүктерді ілмектеудің ең ыңғайлы орындары; жүк асып қоятын арқандардың қолдану мерзімдері, олардың жүк көтергіштігі, сынау әдістері мен мерзімдері; жүк асып қоятын арқандарды тұтастыру және байлау тәсілдері; жүк алып жүретін құралдардың жұмыс істеу қағидасы.
§ 385. Іліп қоюшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бұйымдарды, бөлшектерді, орман (ұзындығы 3 м. дейін) және басқа да массасы 25 т. жоғары ұқсас жүктерді көтеру, орнын ауыстыру және қалау үшін ілмектеу және байланыстыру. Орта күрделілікті жүктерді, орман жүктерін (3 м.-ден жоғары 6 м.-ге дейін), бұйымдар, бөлшектер және тораптарды станокқа орналастырумен, төсеніштер және басқа да жинақтаушы құралдар мен механизмдерді, сонымен қатар массасы 5 т. жоғары 25 т. дейінгі басқа да ұқсас жүктерді көтеру, орнын ауыстыру және қалау үшін ілмектеу және байланыстыру. Жоғары сақтықты талап ететін тораптар, бөлшектер, бұйымдар және орман жүктерін (ұзындығы 6м. жоғары), технологиялық жабдықтар мен олармен байланысты конструкциялар, бұйымдар және тораптарды, тікелей стапильді және секционды құрастыру мен сұрыптау барысында машиналарды және механизмдердің, сонымен қатар машиналар, аппараттар, құрылыс, ғимараттардың және массасы 5 т. дейінгі ұқсас күрделі жүктердің құрама элементтерінің конструкторларын оларды көтеру, жинақтау, орнын ауыстыру және қалау үшін ілмектеу және тегістеу. Жүк асып қоятын арқандардың ұштарын бұрымдау. Жүк асып қоятын арқандарды жүктердің массасы мен түріне байланысты таңдау.

Білуге тиіс: ауыр жүктерді ілмектеу тәсілдері; иілу мен бұзылудан сақтау үшін жүктерді көтеру және орынын ауыстыру барысында қолданылатын жүк асушы құрылғының құрылымы; жүк асып қоятын арқандарды жетілдіру тәсілдері мен ережелері; жүк асып қоятын арқандарды қолдану мерзімдері және олардың жүк көтергіштігі.
§ 386. Іліп қоюшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орта күрделілікті жүктерді, орман жүктерін (3 м.-ден жоғары 6 м.-ге дейін), бұйымдар, бөлшектер және тораптарды станокқа орналастырумен, төсеніштер және басқа да жинақтаушы құралдар мен механизмдерді, сонымен қатар массасы 25 т. жоғары басқа да ұқсас жүктерді көтеру, орнын ауыстыру және қалау үшін ілмектеу және байланыстыру. Орман жүктерін (ұзындығы 6 м. жоғары), аса жауапкершілікті бұйымдарды, тікелей стапильді және секционды құрастыру мен сұрыптау барысында машиналарды және механизмдердің тораптарын, сонымен қатар машиналар, аппараттар, құрылыс, ғимараттардың және массасы 5 т. жоғары, 50 т. дейін ұқсас күрделі жүктердің құрама элементтерінің конструкторларын оларды көтеру, жинақтау, орнын ауыстыру және қалау үшін ілмектеу және тегістеу.

Білуге тиіс: иілу мен бұзылудан сақтау үшін жүктерді көтеру және орынын ауыстыру барысында қолданылатын құрылғының конструкциялары; жүк асып қоятын арқандарды сынау әдістері мен мерзімдері.
§ 387. Іліп қоюшы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы Күрделі орман жүктерін (ұзындығы 6 м. жоғары), аса жауапкершілікті бұйымдарды, тікелей стапильді және секционды құрастыру мен сұрыптау барысында машиналарды және механизмдердің тораптарын, сонымен қатар машиналар, аппараттар, құрылыс, ғимараттардың және массасы 50 т. жоғары күрделі жүктердің құрама элементтерінің конструкторларын оларды көтеру, жинақтау, орнын ауыстыру және қалау үшін ілмектеу және тегістеу.

Білуге тиіс: аса жауапкершілікті жүктерді ілмектеудің тәсілдері мен ережелері; иілу мен бұзылудан сақтау үшін жауапкершілікті жүктерді көтеру және орынын ауыстыру барысында қолданылатын құрылғының конструкциялары.
§ 388. Такелажшы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шығыр, қар суын, теке және сырғымаларды қолдану арқылы массасы 5 т. дейінгі түрлі жүктер, жабдықтар және бұйымдарды платформалар немесе арбаларға қондыру, бекіті, байланыстыру тікелей және және колдеңенінен орналастыру бойынша такелажды жұмыстарды орындау. Ілмектеу барысында арқандарды қосу жүгімен орынын ауыстыру. Төсеу, тіреу, уакытша көпіршелер мен құрылғыларды орнату. Жуу, тазалау, майлау, кептіру, іріктеу және такелажды түрі мен мөлшері бойынша қалау. Арқандарды жайып салу және орау, шиелениістерді шеткі шырмауларымен бөлу. Биркаларды ілу және такелажды тиеуге даярлау. Қарапайым такелажды жасау.

Білуге тиіс: жүктерді, жабдықтарды және қондырғыларды орналастыру барысында қарапайым такелажды тәсілдерді қолдану ережелері мен құрылымы; аз массалы жүктерді ілмектеу ережелері; уақытша төсеніштерді, көпіршелерді, тіреулерді, каталарды салу тәсілдері; такелажды бөлшектеу, майлау, кептіру және сақтау ережелері; қарапайым такелажды құрылғылардың түрлерін және оны даярлау әдістері; темір ұстасы және ағаш шеберлігі ісінің негіздері.
§ 389. Такелажшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тікелей және көлденең орналастыру, құрастыру, ажырату және фундаментқа платформаны немесе машинаның арбасын, механизмдерді, станоктарды және массасы 5 т. 25 т. дейін өзге де жүктерді қондыру бойынша телажды жүмыстарды орындау. Ерекше сақтықты талап ететін жүктер: пианино, рояль, лабороториялық жабдықтарды және т.б. түрлі қабаттарға ауыстыру, көтеру және түсіру. Жүк көтергіштігі 10 т. дейінгі блоктар, тальдер, якорьлар, дінгектерді және полиспасттерді қондыру, жинақтау және бөлшектеу. Расчалка және оттяжкаларды алу және бекіту. Шпалдан жасалған уақытша торларды құру. Орман балқытқыш такелаждар – шынжыр, арқан, якорьлерді түсіру, құру және оны тікелей салда жөндеу. Платформаға жеңіл автокөліктерді орнату. Диаметрі 25 мм. дейінгі металды тростарды және 40 мм. арқандарды тұтастыру. Жүк асып қоятын арқандардың барлық түрлерін әзірлеу. Қажетті слесарлық және ағаш ұсталық жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: түрлі жүктер, машиналар және станоктарды қондыру және орналастыру үшін жүк көтергіш механизмдер мен такелажды тәсілдердің құрылымы және ережесі; тростар, арқандар, шынжырлар және такелажды құралдардың рұқсат етілген жүктеме нормасы; такелажды тораптар, жүк асып қоятын арқандар және қармауыштардың түрлері; шпалдан жасалған уақытша торлардың құрылыс ережелері; такелажды түсіру, жөндеу және орнату тәсілдері; такелажды жұмыстарды өндіруге қойылатын Мемлекеттік қалалық техникалық басқылаудың негізгі талаптары.
§ 390. Такелажшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тікелей және көлденең орналастыру, құрастыру, ажырату және жобалы белгілерге, фундаментқа машиналарды, механизмдерді, массасы 25 т. жоғары 50 т. станоктарды қондыру бойынша телажды жүмыстарды орындау. Жүк көтергіштігі 10 т. дейінгі блоктар, тальдер, якорьлар, дінгектерді және полиспасттерді қондыру, жинақтау және бөлшектеу. Жүк асып қоятын арқандарды әзірлеу, сына бекітпелер мен сгондарды бітеу. Тростар, арқандар, шынжырлар және басқа да такелажды құралдарды тексеру және сынау. Эстакадалар мен шпалдан жасалған торларды құру. Диаметрі 25 мм. дейінгі металды тростарды және 40 мм. арқандарды тұтастыру.

Білуге тиіс: жүк көтергіш механизмдер мен такелажды тәсілдерді құру және қолдану ережелері, оларды сынау және жабдықтау әдістері; тозу мерзімдері және арқандарды сынау ережелері; жабдықтар, машиналар, механизмдер, станоктар және бұйымдарды көтеру және орналастыру ережелері.
5-разряд__Жұмыс_сипаттамасы'>§ 391. Такелажшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Такелажшыдан ерекше дәлділікті, жауапкершілікті және жұмыстағы жинақылылықты талап ететін, крандарды, шығырларды, тальдерді және өзге де арнаулы құралдарды қолданумен арқылы тікелей және көлденең орналастыру, құрастыру, ажырату және жобалы белгілерге, фундаментқа машиналарды, механизмдерді, массасы 50 т. жоғары станоктарды қондыру бойынша телажды жүмыстарды орындау. Орналастырылатын және құрастырылатын құрылымдар мен агрегаттардың массасын және салмақ орталығын анықтау. Жүктің массасы мен кескініне сай тростар, арқандар, шынжырлар және арнаулы құрылғыларды іріктеу және сынау.

Білуге тиіс: түрлі жүк көтеруші механизмдер мен такелажды тәсілдердің құрылымы; ерекше жауапкершілікті ауыр жүктерді, агрегаттарды және құрылымдарды оларды орналастыру, құрастыру, бөлшектеу және жоба белгісіне немесе фундаменке қондыру барысындағы ережелер мен ілмектеу тәсілдері; жердің түрлі жағдайлары мен жүктің жағдайында аса күрделі такелажды жұмыстарды орындау ережелері; көтеріліп және орналастырылып жатқан бұйымдар, құрылымдар және ғимараттардың массасын және салмақ орталығын анықтау тәсілдері; жүктің массасы, ауқымдылығы және кескініне сай тростарды, арқандарды, шынжырларды және арнулы құрылғыларды іріктеу және сынау ережелері.
§ 392. Тракторист

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жүктер, машиналар, механизмдер, металлды конструкторлерді, түрлі массалы және габаритті ғимараттарды тіркемелі құралдар мен құрылымдарды қолдану арқылы тасымалдау барысында сұйық отынмен жұмыс істейтін, қозғалтқыш қуаты 25,7 кВт дейінгі (секундына 35 л. дейін) тракторды басқару. Тасымалданушы жүктердің түсірілуін, бекітілуін және тиелуін бақылау. Тракторға отын қую және трактор мен барлық тіркемелі құрылғыларды майлау. Трактор жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және қызмет көрсетілетін тракторлар мен тіркемелі құрылғыларды жөндеу жұмыстарының барлық түрлеріне қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін трактордың жұмыс істеу қағидасы және құрылысы; көшедегі қозғалыс ережелері; түрлі жүктерді тиеу, қалау, ілмектеу және түсіру ережелері; тіркемелі құрылғылар және құрылымдармен жұмыс жүргізу ережелері; трактор жұмысындағы ақаулықтарды анықтау тәсілдері; қызмет көрсетілетін қозғалтқыштың қуатын және тіркемелі құрылғылардың шеткі жүктемесі; тасымалданып отырылған жүкке немесе орындалған жұмысқа қабылдау-тапсыру құжаттарын дайындау реті.

Қозғалтқыш қуаты 25,7 жоғары 44,1 кВт дейінгі (секундына 35-ден 60 л. дейін) тракторды басқаруда - 3-разряд;

Қозғалтқыш қуаты 44,1 жоғары 73,5 кВт дейінгі (секундына 60-дан 100 л. дейін) тракторды басқаруда - 4-разряд;

Қозғалтқыш қуаты 73,5 кВт жоғары (секундына 100 л.) тракторды басқаруда - 5-разряд.



Ескертпелер. 1. Бульдозерлер жүргізушілері нағыз бөлім бойынша тарифтенбейді. Олар орындалатын жұмыстардың сипаттамасына байланысты БТБА -ның «Құрылыстық, жинақтау және жөндеу-құрылыстық жұмыстар» мен «Таулы және таулы-күрделі жұмыстардың жалпы мамандықтары» бөлімдері бойынша тарифтенеді.

2. Ірі блоктарды тасымалдау барысында кемелер салудың технологиялық үрдісімен, құрылысты-жинақтаушы жұмыстармен, скважина бұрғылаумен, мұнай және газ өндірісінде, геологиялық-қорықтық және баспалық-геодезиялық жұмыстарда, пошта вагондары арқылы пошта тасымалдау және алмасу жұмыстарында, жүк көтерімдігі 100 т.жоғары трайлерлермен ірі габаритті, ауыр жүктерді қала бойынша тасымалдаумен жұмыс істейтін трактористер қызмет көрсетілетін трактордың сол қуатында бір разрядқа жоғары тарифтенеді.

3. Қамыс шабысынды жұмыс істейтін трактористер БТБА -тің нағыз бөлімі бойынша тарифтенбейді: олар БТБА -тің «Қамысты даярлау және өңдеу» бөлімі бойынша тарифтенеді.

4. Жер қыртысын даярлау, егу, отырғызу бойынша кешенді қызмет атқаруда, жасыл отырғызуларды егу мен оларды күтуде, оларды улы химикаттар және аэрозольдармен өңдеумен, қала даңғылдарының, тротуарларын, жолдарын, саябақтарын, скверлерін тиісті қалыпта күту жұмыстарымен қамтамасыз етілген трактористер 5 разряд бойынша тарифтенеді.


§ 393. Транспортерші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі транспортты механизмдерге, баулы, червягты және норияның бұрандалы, шөмішті элеваторлы түрінен басқа конвейерлерге қызмет көрсету. Конвейрлі механизмдердің ақаулықтарын тексеру. Оларды жүргізу және тоқтату. Түрлі шикізат, жартылай өңделген өнімдердің, дайын өнімдер мен материалдардың қажетті мөлшерде, технологиялық үрдістің бұзылуына жол бермей, өндіріске уақытында жіберілуін қамтамасыз ету. Орман материалдарын тасымалдау бойынша бөрене тасуды жүргізу. Механизмдердің түзу қалпын бақылау, жылдамдықтарды ретеу, шынжырларды тарту, қайыстар мен бауларды қайта тігу. Мезанизмдер жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою. Механизмдердің тоқталуын және артық жүктелуін жою. Қызмет көрсетілетін жабдықты тазарту және майлау.

Білуге тиіс: электротехника бойынша негізгі мәліметтер; қызмет көрсетілетін аймақтарға материалдарды жеткізудің мерзімдері мен ережелері; жұмыс істеу қағидасы және қызмет көрсетілетін транспорты механизмдердің құрылымы; механизмдердің жұмысында ақаулық тудыратын себептерді және оларды жою тәсілдері; майлау материалдарының түрлерін және оларды қолдану.

Бұрандалы конвейерлер мен норияның шөмішті элеваторлы типіне қызмет көсретуде - 3-разряд.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет