Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы



бет3/25
Дата12.06.2016
өлшемі2.25 Mb.
#131112
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
§ 18. Бункерлеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары бункерлеушінің басшылығымен элеваторлардың, конвейерлердің, скиптік көтергіштердің, төңкеретін кузовымен вагонеткалардың және көтеру- тасу механизмдерінің басқа жүйелерінің көмегімен бункерлерді кесектік немесе төгетін материалдармен толтыру. Материалдарды теміржол вагондарына, автотүсіргілерге, ұсақтау қондырғылары мен транспортерлерге түсіруді қадағалау. Ысырмаларды және қуаттандырғыштарды басқару. Конвейерлерді қосу және тоқтату. Материалдардың қабылдау ыдыстарға және транспортерге түсуі мен орналасу біркелкілігін реттеу. Торлардың масақтары арасындаңы қажетті саңылауды сақтау және бункерлердің толтырылуын қадағалау. Материалды көсеп тастау тау массаны, ыстық агломератты және басқа материалдарды). Салбырап тұруларды, үйінділерді және кептелулерді жою. Габаритті емес кесектерді бөлу, қайта қосу бункерлерінің торларында ірі кесектерді ұсақтау. Бөтен заттарды алып тастау. Вагонеткаларды домалату, орнату және тиеу. Тиелген вагонеткаларды тіркеу, тіркеуін ағыту және тасып шығару. Қызмет көрсетілетін бункерді (люкты) және жолды жұмыс орнында тазалау. Бункерлік ысырмаларды ағымдағы жөндеу. Вагондарды түсіруге қоюға кондукторға сигнал беру.

Білуге тиіс: бункерлердің, қосу аппаратурасының, дыбыстық және көрінетін сигнал берудің құрылысы, ысырмалар мен тасып шығарылатын жолдардың, конвейерлі желінің қозғалтқыш және созылатын станциясының тасу механизмдерінің құрылысы; бункердің көлемі, қабылдау ыдыстарының жүк көтерушілігі, транспортерлің лентасына мүмкін күш түсу; түсірілетін материалға техникалық шарттар; габаритті емес кесектерді және басылып қалатын материалдардың алдын алу тәсілдері; бункерлерлі тазалау ережесі; тізбектердің құрылымы; тиелген вагонеткалар мен думпкарларды тіркеу, тіркеуін ағыту, тасып шығару ережесі; дыбыстық және көрінетін сигналдарды беру және қабылдау, көлік құралдарын түсіру ережесі.
§ 19. Бункерлеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Элеваторлардың, конвейерлердің, скиптік көтергіштердің, төңкеретін кузовымен вагонеткалардың және көтеру- тасу механизмдерінің басқа жүйелерінің, автоматты басқарумен жабдықталған пневмокөліктің көмегімен бункерлерді кесектік немесе төгетін материалдармен толтыру. Механизмдердің, пневмокөліктік және автоматты басқарудың, аспирациялық қондырғылардың үздіксіз жұмысын қадағалау. Қызмет көрсететін механизмдерді қосу және тоқтату. Электрондық көрсеткіштердің көмегімен бункерлерде материалдардың деңгейін бақылау. Магнитті құрылғылардың көмегімен металл қоспалардан бөлу. Қажет болған жағдайда механизмдерді қолмен басқару. Қабылдау құрылғыларына қызмет көрсету.

Білуге тиіс: көтеру- тасу механизмдердің, пневмокөлік, автоматты басқару жүйесінің, аспирациялық және магнитті қондырғылардың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; механизмдерді, ысырмаларды және қуаттандырғыштарды қолмен басқару тәсілдері; материалдардың қасиеттері (гранулометриялық құрам, ылғалдылық, қажетсіз қоспалар) және оларға қойылатын талаптар; бункерлерді әр түрлі материалдармен толтыру және оларды бункерлерден түсіру тәртібі.
§ 20. Бункерлеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бункерлерді герметикалық конвейердің көмегімен тесік-тесік темірмен толтыру процесін жүргізу. Тесік-тесік темірді инертті газ атмосферасында сақтау және дезактивтеу процесін жүргізу. Шлюздық тиеу құрылғыларының және түсіру ысырмаларының жұмысын бақылау. Бункерде инертті газдың қысымын реттеу. Желдету жүйесінде сутегінің және бункерде оттегінің мөлшерін қадағалау. Дезактивтеу процесін бақылау үшін әр түрлі деңгейлерде тесік-тесік темірдің температурасын өлшеу.

Білуге тиіс: шлюздық тиеу құрылғыларының және түсіру ысырмаларының құрылысы; тесік-тесік темірді сақтау және тасымалдау технологиялық процесі; инертті газдың шығын нормасы мен қысымын реттеу тәсілдері; газкелтіретін және газтарататын арматураның коммуникациялары; температураны өлшеу және газдық режимді реттеу әдістемесі; тесік-тесік темірдің физикалық және химиялық қасиеттері; жарылыс қаупі бар және улы заттардың шекті мүмкін концентрациялары.
§ 21. Шайыр пісіруші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы.Әр түрлі шайырларды белгіленген рецептура бойынша пісіру немесе қазандықтар мен аппараттарда сургучты балқыту процесін жүргізу. Пісіру барысын қадағалау. Пісіру температурасын реттеу. Буды беру. Піскен шайырды сүзу. Сынамаларды сұрыптау және тұтқырлыққа, қаттылыққа, тығыздыққа, серпімділікке, жұмсарту температурасына және басқ. сынау өткізу. Шайырдың дайындығын анықтау, оны барабандарға немесе басқа ыдыстарға құю, өлшеу. Шайырды таңбалау және оны қоймаға беру. Қазандықтарды, оттықтарды тазалау. Алғашқы есепді жүргізу. Оттық пісіру кезінде - отынды дайындау және беру және пешті жағу.

Білуге тиіс: шайырды дайындау рецептурасы; жұмсарту температурасы бойынша шайырларды жіктеу; әр түрлі маркалы шайырларды пісірудің температуралық режимі және пісіру барысында шайырды кристалдаудың алдын алу әдістері; сынамалар алу тәртібі және шайырларды тұтқырлыққа, қаттылыққа, тығыздыққа, серпімділікке сынаулар жүргізу ережесі және шайыр мен сургучқа техникалық шарттар; шайырды сынауға арналған аспаптардың құрылысы және пайдалану ережесі.
§ 22. Таразшысы

1-разряд

Жұмыс сиппатамасы. Әртүрлі үлгідегі және конструкциядағы таразыларды жүктерді өлшеу. Жүкті сыртынан қарау және орауының дұрыстығын тексеру. Жүктің атауының, салмағының және басқа да сипаттамаларының ілеспе құжаттарға сәйкестігін тексеру. Ілеспе құжаттарды ресімдеу және жүктің жетіспеуі мен бүліну актлерін жасайды. Өлшенетін жүктердің есебі. Таразыларды баптау және олардың көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру. Жүктің салынуына басшылық жасау және өлшенетін жүктің таразыға салынуына тікелей қатысу. Жүк сыйымдылықтарының толық толтырылуын қадағалау.

Білуі тиіс: өлшенетін жүктердің номенклатурасын, өнім түрлерін және сорттарын; қызмет көрсететін таразылардың құрылымын, оларға тартыла алатын жүктемені; таразыларды тексеру мен өлшеу дәлдігін реттеудің тәсілдердін; салмақ өлшемдерін; жүктерді өлшеудің, жинаудың, жинақтау мен сақтаудың ережелерін; көлік сыймдықтарының үлгілері мен олардың жүк көтеру мүмкіндігін; өлшенетін жүктердің есебі мен жүктерге ілеспе құжаттрады ресімдеу.
§ 23. Жол талғамайтын машинаның жүргізушісі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қозғауыш қуаттылығы 147 кВт (до 200 л.с.) дейін қатты жолдар, батпақты жолдар, қарбасқан тыңмен жүру кезінде түрлі маркалы доңғалақты, шынжыр табан, қалқыма жол талғамайтын машиналарды басқару. Жылдың әр-түрлі мезгілдерінде кіру және шығу орнын таңдай отырып, су тосқауылынан өту. Жол талғамайтын көмекші жабдықты басқару. Адамдар мен жүкті тасымалдау. Жолдың өтуге қиын жерлерінің учаскелерінен және өрінен өту кезінде автомобильдерді қосақталып жүру. Қысқы жолдарды тазалау, батпақты жер бойынша жолдарға төсем салу, қарлы жабынды қатайту. Тіркемелерді сүйреу, жанар-жағар май құю, жол талғамайтын машиналарды майлау. Тиеу және түсіруге тіркемемен жол талғамайтын машинаны беру. Жүкті тиеу, түсіру, тіркеу және жолаушыларды қауіпсіз жайғастыруды бақылау. Жол талғамайтын машинаны тапсыру және оны тұрақтағы арнайы орынға қою. Жолдама құжаттамасын ресімдеу. Сапар алдында жол талғамайтын машинаның техникалық күйін тексеру. Жолдағы пайда болған ақаулықтарды анықтау және жою, барлық жөндеу түрлерін орындау және тех.жабдықтау. Орнатылған радиостанция көмегімен базамен байланысты ұстау. Қиын-қыстау жағдайларда батпақ, өзеннен жол талғамайтын машинаны өздігінен алып шығу.

Білуге тиіс: жол талғамайтын машинаны жүргізу және пайдалану ережелері; жол талғамайтын машиналардың аспаптары, механизмдері және қозғауыштарының құрылымы, жол жүру ережелері; ақаулықтар белгілері мен себептері, жорық жағдайларында оларды анықтау және жою әдістері; түрлі жүктерді тіркеу мен түсіру, қалау, тиеу және строптау ережелері; тіркеме құрылғылары және құралдарымен жұмысты жүзеге асыру ережелері; адамдарды, қауіпті және тез бүлінгіш жүкті тасымалдаудың ережелері; жол талғамайтын машинаны және түрлі су, мұз, қар, топырақ үстінен жүруге арналған тіркемені; сирек қоныстанған жер мен көзге көрерлігі шектелу жағдайларында компас пен карта бойынша жүру ережелері мен тәртібі; тасымалданатын жүктерді немесе орындалған жұмыстарды қабылдап-тапсыру құжаттарын ресімдеу тәртібі; жол талғамайтын машиналарында орнатылған радиостанцияны пайдалану ережелері; үсікке шалдығу, күю, улану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері, түрлі тәсілдермен жасанды тыныс беруді орындау; майлау және жанар-жағар май материалдарының түрлері, олардың қасиеттері, шығындау нормасы және сақтау әдістері; қару-жарақты пайдалану ережелері.

Қозғауыштың 147 кВт (свыше 200 л.с.) астам қуаттылығы бар жол талғамайтын машиналарды басқару кезінде - 6-разряд


§ 24. Жүк тиегіштің жүргізушісі

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүктерді қатар мен үймеге тиеу, түсіру, орын ауыстыру және қою кезіндегі барлық арнайы жүк ұстайтын механизмдерді және құрылғыларды аккумулятор тиегіштерді басқару. Жүк тиегішке техникалық қызмет көрсету және оның барлық механизмдерін ағымдағы жөндеу. Жүк тиегіштің, оның механизмдерінің жұмысындағы барлық ақаулықтарды анықтау және оларды жою. Алмалы- салмалы құрылғылар мен механизмдерді орнату және ауыстыру. Жүк тиегішке, жүк ұстайтын механизмдер мен құрылғыларға жоспарлық- алдын алу жөндеу жүргізуге қатысу. Аккумуляторларды зарядтау.

Білуге тиіс: аккумуляторлық жүк тиегіштің құрылысы; барлық көлік түрлерінде жүктерді тиеу, түсіру тәсілдері; жүктерді көтеру, ауыстыру және салу ережесі; көше қозғалысының, кәсіпорын территориясы бойынша, станция маңындағы жолдар бойынша қозғалыс ережесі және белгіленген сигнал беру; электртехника бойынша қарапайым мәліметтер.
§ 25. Жүк тиегіштің жүргізушісі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тракторлық жүк тиегіштерді, вагонтиегіштерді, вагонтүсіргіштерді және жүктерді қатар мен үймеге тиеу, түсіру, орын ауыстыру және қою кезіндегі барлық арнайы жүк ұстайтын механизмдерді және құрылғыларды басқару. Жүк тиегішке техникалық қызмет көрсету және оның барлық механизмдерін ағымдағы жөндеу. Жүк тиегіштің жұмысындағы барлық ақаулықтарды анықтау. Алмалы- салмалы жүк ұстайтын жабдықтар мен механизмдерді орнату және ауыстыру. Жүк тиегішке, жүк ұстайтын механизмдер мен құрылғыларға жоспарлық- алдын алу жөндеу жүргізуге қатысу.

Білуге тиіс: жүк тиегіштер мен аккумулятор батареяларының құрылысы; көліктік барлық түрлерінле жүктерді тиеу және түсіру тәсілдері; жүктерді көтеру, ауыстыру және салу ережесі; жол қозғалысының, кәсіпорын аумағындағы және станция маңындағы жолдар бойынша қозғалыстар ережесі; қолданылатын жанатын және майлайтын материалдардың сорттары; аккумулятор өндірісінің негізгі материалдарының атаулары; қышқылдарды және сілтілерді ұстай білу ережесі.

73,5 кВт дейін ( 100 л.с. дейін) қуатымен тракторлық жүк тиегіште жұмыс істеген кезде - 4-разряд;

73,5 кВт артық (100 л.с. артық) қуатымен тракторлық жүк тиегіште жұмыс істеген кезде және оны бульдозер, скрепер, экскаватор және басқа машиналар ретінде пайдаланумен 147 кВт дейін (до 200 л.с. дейін) жүк тиегіште жұмыс істеген кезде- 5-разряд;

бульдозер, скрепер, экскаватор және басқа машиналар ретінде пайдаланумен 147 кВт артық (200 л.с. артық) 200 кВт дейін (250 л.с. дейін) жүк тиегіште жұмыс істеген кезде - 6-разряд;

күрделі электрондық басқару жүйесімен, телескоптық немесе фронталды тілімен жабдықталған және ірітонналық контейнерлерді тиеу- түсіруге арналған 200 кВт артық (250 л.с. артық) жүк тиегіште жұмыс істеген кезде- 7-разряд.
§ 26. Электр-автоарбаларды жүргізуші
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жүйедегі электр-автоарбаларды, олардың көтергіш платформалары мен крандарын жүргізу. Өздігінен жүретін траптарды ұшып келу және ұшып шығу кестесіне сәйкес ұшақтарға уақытында әкелу және ұшақтаң әкету. Қозғалыс құрамын жөндеу үшін детальдар мен қосалқы бөлшектерді, жолаушы вагондарын жабдықтау үшін төсек – орын заттары мен көмірді, багаж бен басқа да жүктерді: учаскелердің, цехтардың, теміржол стансаларының, әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының аумақтары бойынша тасымалдау. Жүк тиеудің, бекітудің, жүкті түсірудың немесе жүктерді өз күшімен тиеудің және түсірудің дұрыстығын қадағалау. Тасымалдау және жүктердің сақталуын қамтамасыз ету. Аккуммоляторлардың зарядтарын, тежегіштің жұмысын тексеру және анықталған кемшіліктер туралы аға лауазымды тұлғаға айту. Тетіктерді техникалық күту және ағымдық жөндеу жүргізу. Жүкті қабылдау және тапсыру құжаттарын ресімдеу.

Білуі тиіс: электр – автоарбалардың, түрлі жүйдегі өздігінен жүретін механизмдердің құрылымын, жүк көтеру мүмкіндігін, негізгі пайдалану деректерін; аккумоляторлар зарядтарының мерзімдері мен тәсілдерін; іштен жану двигателдерінің жұмыс принциптерін; отын мен майлардың түрлерін; электр – автоарбаларды жүргізудің және қаупсіздік қозғалысының нұсқаулықтарын; жүктерді тиеу мен түсірудың, оларды орналыстырудың және бекітудің ережелерін; жүктерді қабылдау мен тапсыру құжаттамаларын ресімдеу тәртібін.

Жүк көтергішті 2 тоннаға дейінгі электр - автоарбаларды жүргізу кезінде – 2 - разряд;

Көтергіш тетіктермен немесе жұк тасымалына арналған тіркеме жабдықтармен жабдықтылған жүк көтергішті 2 тоннаға дейінгі электр -автоарбаларды жүргізу кезінде – 3 - разряд;

жүктерді учаскелердің, цехтардың, теміржол стансалардың, әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының аумақтарында, жұмыс істеп тұрған қозғалыс көлігіне жақын тасымалдауға арналған көтергіш тетіктермен немесе жүк тасымалына арналған тіркеме жабдықтармен жабдықталған жүк көтергішті 2 тоннаға дейінгі электр – автоарбаларды жүргізу кезінде - 4 - разряд;


§ 27. Сүңгуір

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Судағы құтқару жұмастарын атқару. Суда апатқа ұшыраған адамдарға алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету. Құтқару құралдарын тексеру және әзірлеу.

Білуі тиіс: су асты жабдықтарын сақтаудың, тексерудің және әзірлеудің ережелерін; су асты жабдықтарының ұсақ ақауларын жөндеу жолдарын; жүзудің, сүңгудің, суға кетіп бара жатқан адамның ұстаған қолынан босанудың жолдары мен тәсілдерін, оны сүйретудің жолдарын, судан алып шықканнан кейінгі алғашқы (дәрігерге көмекке дейінгі) көмек көрсету тәсілдерін; медицина, су астына түсудің физиқалық және физиолгиялық негіздерін; құтқару станциясындағы қызметті үйымдастыруды.
§ 28. Сүңгуір

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гидротехниқалық құрылыстардың су астындағы бөлігін, су асты траншеяларына салынған құбырлар мен кабельдерді зерттеу, трасса іздегіштердің көмегімен оларды іздеу және жатқан тереңдігін анықтау. Кемелер, жүзгіш белгілер жақындап тоқтау үшін арналардың, шлюздердің, бөгеттердің, дамбалар мен басқа да құрылыстардың тас тас беткейін, жол жағдайы мен навигациялық жабдық құралдарын қарау. Тереңдету және судың түбін тазалау мақсатымен гидрожуу құралдарының комегімен су асты топырағын өндеу. Гидротехниқалық құрылыстар немесе су асты нысандарының тағаны астындағы тас – қиыршық және құмдақ төсенішті тұрпайы өңдеу. Су астына шпур бұрғылау, ағаш құрылғыларды, свайлардағы тікен құрылғыларын арамен кесу, ағаш тығындарды тесікке және прокладкаларды ағаш құрылғылардың қуысына орналастыру, басқа да жұмыстар. Массасы 20 тоннаға дейінгі кесінділер мен массивтерді орнату. Су астында заттарды ілмекке ілу және ағыту. Кемелерді профилактикалық байқкаудан өткізу, корпустың су асты бөлігін, есу винтерін, слиптер мен эллингтердің су асты жолдарын өскендер мен шөгінділерден тазалау; су астында қарапайым құрастыру, слесарлық, ұста және жүк жинау жұмыстарын атқару. Теңіз өнімдерін өңдіру, өнеркәсіптік балық аулау жабдықтарына су асты бақылау жүргізу. Суға батқан кемелердің корпусына сыртқы зерттеу жүргізу. Батып кеткен кемелердің корпусын шөгінділерден тазалау. Жалпы демалуға арналған акваторийді тексеру және тазалау. Зардап шегушелерді түрлі құтқару құралдарын пайдалана отырып табумен және көтерумен байланысты іздестіру жұмыстарын атқару. Сүңгіур аппараттарына сығымдалған ауа толтыру.

Білуі тиіс: суда сүңгуірлік терендеудің ережелерін; су астындағы жұмыс кезінде қолданылатын бақылау - өлшеу құралдары мен жабдықтарының құрылысын; акваторийді, төселген құбырлар мен кабельдерді зерттеудің тәсілдері мен технологияларын; су астында жатқан заттарды іздестіру және көтеру технологиясын; зерттеу нәтижелері бойынша схемалар, эскиздер мен актілер жасаудың ережелерін; су асты топырағын әзірлеудің тәсілдерін, су асты төсеніштерін төсеудін және тегістеудің, кеме көтеру құрылғыларының рельс жолдарын түзеудің және реттеудің жолдарын; су алу және су ағызу кесінділерін, блоктар мен массивтерін орнатудың және қосудың ережелерін; теңіз өнімдерін сүңгуір тәсілімен өндірудің тәсілдерін, өнеркәсіптік балық аулау жабдықтарына бақылау жүргізу технологиясын, теңіз өнімдері мен қауіпті теңіз жануарларының түрлері мен олардан қорғану заттарын; батып кеткен кеме корпусын қараудың ережесі мен тәртібін; корпустармен гидротехниқалық құрылғылардағы ақауларды өлшеудің тәсілдерін; слесарлық, ұста және жүк жинау жұмыстарын жүргізудің жолдарын; сүңгіур жабдықтары мен сүңгуірлік тереңдеуді қамтамасыз ету заттарының ақауларын анықтаудың тәсілдері мен ескерту жөндеу жүргізудің жолдарын.
§ 29. Сүңгуір

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қайрандар мен кеме көтергіш құрылғыларды зерттеу. Гидротехникалық құрылғылардың су асты құбырлары мен кабельдерді төсеу және төсеудің дұрыстығын, траншеяға төселген құбырлардың көмкерілген жиектерін өлшеу. Жүктерді, ряждар мен басқа да гидротехникалық жабдық құрылғыларының массасы 20 – дан 50 тоннаға дейінгә су асты бастауына орнату. Су астында қалыптың барлық түрлерін орнату және бұзу, жарықтарға, тұтастырғыш төсемдер мен созбаларға арматура орнату. Шлюздердегі затворлар мен қақпалардың тірек – жүру бөліктерін қарау және жөндеу. Терең траншеялар мен батып калған кеме корпусының астындағы туннельдерді жуу. Адам тұратын су асты аппараты мен су асты зертханаларынан атқарылатын ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатысу. Батып кеткен кеме корпусынан теңдестіруді қажет ететін жүктерді түсіру, кеменің суға батқан бөліктерінде жұмыс істеу. Кеме корпусындағы жарықтар мен гидротехникалық құрылғылардың ақауларын өлшеу. Руль құрылымын, есу винтінің қалқаншаларын түзету. Құбырлардын ақауларын оңдау. Кемелерді кеме көтергіш құрылғыларға орнықтыру. Күрделі жағдайларда құтқару жумастыран жүргізу. Адамдарды суға батқан катерлерден, (шағын көлемді флот кемелерінен), автокөліктерден тракторлар мен басқа да техниқалардан құтқару. Катерді өздігінен басқару.

Білуі тиіс: 45 метр тереңдіктегі сүңгіур стансаларының, кеме корпустары конструкциялары мен түрлі гидротехникалық құрылғылардың су астындағы бөліктерін зерттеудің және жөндеудің жолдары мен тәсілдерін; су асты аппаратарын қараудың және суға тереңдеуге әзірлеудің, оларды алып жүретін кеменің бортына көтерудің ережелерін; жүктерді теңдестіруді, суға батқан техниканы жолдары мен тәсілдерін; су асты құбырларын, кабельдер мен кеме көтеру құрылғыларының рельс жолдарын салудың және орындалған жұмысты бақылаудың тәсілдерін; кеме көтеру кезінде өткізгіштер заводкаларының траншеялары мен туннельдердін жуу тәсілдерін; сүңгуір жабдықтарын жұқпасыздандырудың ережелері мен мерзімдерін; сүңгуір аппараттарын сығымдалған ауамен толтырудың ережесі мен тәсілдерін; сүңгуір істері жөніндегі құжаттамалардың барлық түрлері мен есептеме жүргузідің нұсқаулықтарын; құтқару қызметі жөніндегі басшылық құжаттарды; Сүңгуірлер құрамының бағынысты адамын құтқару жұмыстарын атқарудың жаңа жолдарын үйретудің әдістемесі мен тәсілдері; катерді басқару мен ішкі су жолдарымен жүзу ережесін.
§ 30. Сүңгуір

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Топырақ сипаттамасын анықтай отырып тереңдік планшеттерін жасау. Батып кеткен кемелерді зерттеу кезінде күрделі өлшеулер жүргізу. Массасы 50 тоннадан артық су асты бастаулары мен массивтерді орнату. Кемелер мен гидротехникалық құрылғыларды зерттеу кезінде телевизиялық қондырғыларды басқару. Кеме корпусындағы жарыктар мен гидротехникалық құрылғылардың су асты бөліктері ақауларының контурлық және көлемдік шаблондарын түсіру және жасау. Су астында металды кесу және пісіру, жарылыс жұмыстарын атқару. Есу винттерін немесе олардың қалқаншаларын ауыстыру. Туннельдердің, қазаншұңқырлар мен төсемдердің ораналасу орындарын белгілеу. Жарықтарға жапсырма қоюды басқару. Авариялық кеменің су асты корпусының суға кетуін жою жөніндегі жұмыстар. Кеме көтергіш строптарды, орамалдар мен басқа да жабдықтамаларды бекіту, кеме көтергіш понтондарды тегістеу және найт арқандау, шлангілерді кеме көтергіш понтондарға жалғастыру. Сүңгуірлерді өзінің жұмысқа мамандану тобы бойынша практикалық даярлау. Авариялық – құтқару, құтқару, кеме, кеме жөндеу, кеме көтеру және басқа да күрделі сүңгуір жұмыстарының бәрін атқару. Сүңгуір техникасының барлық түрлерін пайдалану және бұл техникаларға жөндеу жүргізу. Зардап шегулерді табу және оларды судан шығарумен байлынысты іздестіру жұмыстарының барлық түрлеріне басшылық жасау.

Білуі тиіс: сүңгуір стансасының немесе 60 метрге дейінгі тереңдіктегі сүңгуір стансалары тобының жұмысын ұйымдастыру және басшылық ету; сүңгуірлік техниканың барлық түрлерін пайдалану мен жөндеу ережесі; сүңгуірлер су астында пайдаланатын телевизиялық және басқа да радиотехникалық жабдықтардың құрылысы және пайдалану принциптерін; гидротехникалық құрылғылардың су асты бөліктерінің теникалық жағдайын тексерудің, оларды жөндеу және авариялық – қалпына келтіру жұмыстарын атқаруды; электрмен пісіру аппараттарына қызмет көрсету ережесін, пісірілетін металдардың негізгі қасиеттерін; метелдарды су астында кесу және пісіру кезінде қолданылатын газдар мен сұйықтардың негізгі қасиеттерін; бақылау үшін қолданылатын электр өлшегіш приборлар мен жабдықтардың нысанын; пайдаланылатын жарылғыш материалдардың негізгі қасиеттері мен ерекшеліктерін және олармен жұмыс істеу кезіндегі сақтану шараларын; суға батқан кеменің бойымен орналастыру жөніндегі есептерді; суға батқан кемелер мен жүктерді көтеру жөніндегі сүңгуір жұмыстарын жүргузудің технологиясын.
§ 31. Сүңгуір

8-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Акваторийлерді, гидротехникалық құрылыстардың су астындағы бөлігін, су асты трашеяларына салынған құбырлар мен кабельдерді зерттеу. Кемелер, жүзгіш белгілер жақындап тоқтау үшін арналардың, шлюздердің, бөгеттердің, дамбалар мен басқа да құрылыстардың тас беткейін, жол жағдайы мен навигацилық жабдық құралдарын қарау. Трасса іздегіштердің көмегімен құбырлар мен кабельдерді іздеу. Трасса іздегіштердің көмегімен немесе көлденең кесіндіні алу әдісімен құбырлардың жатқан тереңдігін анықтау. Тереңдету және судың түбін тазалау, сондай – ақ батқан кеменің корпусын шөгінділерден тазарту мақсатымен гидрожуу құралдарының, су ағынды немесе пневматикалық топырақ сорғыш пен ұрғылау балғасының көмегімен су асты топырағын өңдеу. Топырақ алып тастаумен байланысты жұмыстар. Гидротехникалық құрылыстар немесе су нысандарының тағаны астындағы тас – қиыршық және құмдақ төсенішті тұрпайы өңлеу. Топырақ алып тастаумен байланысты жұмыстар. Гидротехникалық құрылыстар немесе су асты нысандарының тағаны астындағы шпур бұрғылау. Ағаш құрылғыларды, свайлардағы тікен құрылғыларын арамен кесу, шпунт қатарлардағы жарықтарды бітеу, ағаш тағындарды тесікке және прокладкаларды ағаш құрылғылардың қуысына орналастыру, басқа да жұмыстар. Шпунт қабырғаларға және қатараларға терезе шығару. Ерштарды, қапсырмаларды, балдақтарды, шегелерді қағу және алып шығу; болтарды қою және гайкаларды бұрау. Ағаш төсемдерді қолмен бөлшектеу. Массасы 20 тоннаға дейінгі кесінділер мен жәшіктердегі (кюбельдегі) бетон қоспасын төсеу. Су астында заттарды ілмекке ілу және ағыту. Батып кеткен кемелердің корпусынан теңдестіруді қажет етпейтін жүктерді түсіру. Ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатысу. Кемелерді профилактикалық байқаудан өткізу. Кеме корпусының су асты бөлігін өскіндер мен қалдықтардан тазарту. Кеменің есу винттерін тазалау. Су асты жолдарын өскіндер шөгінділдерден тазарту; Су астында қарапайым құрастыру, слесарлық, ұста және жүк жинау жұмыстарын атқару. Суға батқан кемелердің корпусына сыртқы зерттеу жүргізу. Шлангтердің кеме көтергіш понтондарға жалғануын ағыту, сондай-ақ осыған ұқсас басқа да жұмыстарды атқару. Біліктілігі бұдан да жоғары сүңгуірлер атқаратын авариялық – құтқару, кеме көтеру кеме және су асты техникалық жұмыстарын жүргізу; күрделі жағдайларда авариялық-құтқару және құтқару жұмыстарына басшылық жасау; тәжірибелік сүңгуір жұмыстарын орыдау және су астындағы жұмысқа арналған сүңгуір жабдықтамалары мен техникалық құралдары сынау.

Білуі тиіс: сүңгуір жабдықтамалары мен сүңгуірдің суға түсуін қамтамасыз ететін құралдары сақтаудың, дайындаудың және шағын ақауларын жөндеудің ережесін; сүңгуірдің суға тереңдеп түсу ережесін, медицина негіздерін, суға тереңдеудің физикалық және физиологиялық ерекшеліктерін; біліктілік сипаттамасына сәйкес тиісті сүңгуірлік жұмыстар өндірісінің технологиясын; жұмыс орынын ұйымдастыруды; су астындағы жұмыс кезінде қолданылатын бақылау - өлшеу құралдары мен жабдықтардың құрылысын; су астындағы акваторийді, төселген құбырлар мен кабельдерді зерттеудің тәсілдері мен технологияларын;

Қарапайым чертеждерді сызудың және оқудың негіздерін; зерттеу нәтижелері бойынша схемалар, эскиздер мен актілер жасаудың ережелерін; су асты төсеніштерін төсеудің және тегістеудің, кеме көтеру құрылғыларының рельс жолдарын түзтудің және реттеудің тәсілдерін; слесарлық, ағаш шебері және жүк жинау, су астында бетон төсеу жұмыстары өндірісінің жолдарын; су алу және су шығару кесінділерін, блоктар мен массивтерін орнату мен түйістіру ережесін; такелаж ісі мен такелажы пайдалану ережесін, кеме көтеру жабдықтарының құрылымын; конструктивтік элементтер мен гидротехникалық жабдықтардың қолданылу нысанасы мен олардың жұмыс принциптерін; кеме корпусының жарықтары мен гидротехникалық жабдықтар ақауын өлшеу тәсілдерін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет