Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы


§ 71. Магниттік және ультрадыбыстық бақылау бойынша дефектопист



бет6/25
Дата12.06.2016
өлшемі2.25 Mb.
#131112
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
§ 71. Магниттік және ультрадыбыстық бақылау бойынша дефектопист

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Термоөңделген бөлшектердің сапасын анықтау және оларды материал маркалары бойынша іріктеу. Ферриттік фазаның саны бойынша бұйымдарды ақауға шығару. Гальваникалық жабындардың қалыңдығын өлшеу. Магнитсіздендіру қисықтарын құру. Магнитті өтушілікті анықтау. Аз магнитті және магнитті бұйымдарды тоқ құйын тәріздң бақылау кезінде магниттеу режимін таңдау. Тұқ құйын тәрізді әдіспен бұйымдарды бақылаудың оңтайлы режимін таңдау. Қоспаланған болаттардан, қорытпалардан және дәнекерлеудің әр түрлі түрлерімен орындалған түрлі- түсті металдардан дәнекерлеу қосылыстарының алуан түрлерін ультрадыбыстық бақылау. Стандартты және сынау үлгілері бойынша күрделі ультрадыбыстық тасымалды, зертханалық және стационарлық дефектоскоптардың жұмыс режимін баптау. Түзу және көлбеу түрлендіргіштерді тексеру. Дефектограммалардың шифрын ашу. Ультрадыбыстық бақылау нәтижелері және техникалық шарттар бойынша дәнекерлеу қосылыстарын құюдың, домалатудың, ораулың сапасын анықтау. Ультрадыбыстық бақылау жүргізуге арналған құрылғыларды, және көлбеу түрлендіргіштерді дайындау. Ультрадыбыстық дефектоскопиялық аппаратураны негізгі параметрлерге сәйкестікке тексеру Көлбеу түрлендіргіштерді енгізу бұрыштарын есептеу және тәжірибеде анықтау. Дефектоскоптарды ағымдағы жөндеу.

Білуге тиіс: магнитті, электромагнитті және магнитографиялық дефектоскоптардың кинематикалық және электрлік сызбалары; гальваножабынды термоөңдеу негіздері; электромагнитті индукциялық дефектоскоптарды жөндеу ережесі; ферриттік фазаның магнит өткізушілігін анықтауға арналған аспаптардың құрылысы; дефектоскоптардың кинематикалық және электрлік сызбалары; электроника негіздері; дәнекерлеу түрлері мен тәсілдері; құюда, домалатуда, орау мен дәнекерлеу қосылыстарында кездесетін ақаулардың түрлері; екі ортаның шектерінде әр түрлі материалдарда ультрадыбыстық ауытқулардың сыну тораптарын есептеу; материалдарда ультрадыбыстық ауытқулардың таралуының негізгі заңдылықтары; екі ортаның шектері арқылы ультрадыбыс өткен кезде болатын физикалық құбылыстар; негізгі бақылау параметрлері; негізгі сигналдарды құрылымнан ультрадыбыстың көрінісімен, бөлшектердің кескіндерінің өзгеруімен және басқа факторлармен туындаған жалғандардан ажырату тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Домалатып жазу станоктардың білікшелері - ультрадыбыстық бақылау.

2. Феррозондты сезгілер – сезімталдылықты анықтау.

3. Тікұшақтардың ауа көтеретін және рольдік бұрандаларының бөлшектері - ультрадыбыстық бақылау.

4. Құйылған болат бөлшектер - ультрадыбыстық бақылау.

5. Болат бөлшектер - хромдық жабынның қалыңдығын анықтау.

6. Домалатып жазу дайындамалар – сызаттарды анықтаудың магнитұнтақтық әдісі.

7. Гистерезис қисығы – магниттеуді анықтау.

8. Табақтық домалатып жазу - ультрадыбыстық бақылау.

9. Жеңіл қорытпалардан кесектер- ультрадыбыстық бақылау.

10. Өскіндердің, штуцерлердің және түтіктермен дәнекерлердің қосылыстары - магнитұнтақтық бақылау.

11. 15 мм дейін қабырға қалыңдығымен дәнекерлеу қосылыстары- ультрадыбыстық бақылау.

12. Шпангоуттардың пішіндерінің түйісулері - ультрадыбыстық бақылау.

13. Иілу жерлерінде 4 мм дейін қабырға қалыңдығымен коррозияға берік болаттан түтіктер- қалыңдығын өлшеу.

14. Гатурбиналық қозғалтқыштардың жұмыс форсункалары - магнитұнтақтық бақылау.
§ 72. Магниттік және ультрадыбыстық бақылау бойынша дефектопист

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Магнитті және электрмагнитті дефектоскоптардың барлық түрлерінде магнитті дефектоскопия жүргізу. Бұйымдардың материалдарының магнитті және электрлік параметрлерін өлшеу бойынша дәл өлшеу аспаптарымен және қондырғылармен жұмыс жасау. Дефектоскоптарды сынау және жөндеу. Феррозондты сезгілерді дайындау және олардың сезімталдылығын анықтау. Феррозондты сезгілермен аппаратурадан ақпараттың шифрын ашу. Ақаулардың мөлшерлері мен жату тереңдігін анықтау. Бөлшек немесе дәнекерлеу жік бойынша магнит өткізушілікті бөлу картограммасын құру. Ірі кристалдық құрылыммен болаттардан, түрлі- түсті металдарды және бөлшектерді ультрадыбыстық бақылау. Стандартты және сынау үлгілері бойынша көрсеткіштерді қашықтан берумен автоматты ультрадыбыстық бақылау қондырғыларын және ерекше күрделі және дәл дефектоскоптардың режимін баптау. Сынау үлгілерін дайындау, нобайларды құрастыру. Тізімдемелер және ультрадыбыстық бақылау карталарын құру. Диаграммалар бойынша аспаптардың сезімталдылығын баптау: амплитуда, қашықтық, аттенюатордың көмегімен диаметр. Бөлек- біріктірілген түрлендіргіштермен ультрадыбыстық бақылау жүргізу.

Білуге тиіс: магнитті және электромагнитті бақылау бойынша жұмыстардың барлық түрлері; материалдардың магнитті сипаттамаларын алу бойынша аспаптардың құрылысы, қалыңдық өлшеуіштердің түрлері; аспаптарды градустау тәсілдері; әр түрлі құрылыммен денелерде бойлау, көлденең және үстіртін ультрадыбыстық ауытқулардың таралу заңдары; екі ортаның шектерінде әр түрлі материалдарда ультрадыбыстық ауытқулардың сыну тораптарын есептеу; материалдарда ультрадыбыстық ауытқулардың таралуының негізгі заңдылықтары; күрделі және дәл ультрадыбыстық дефектоскоптардың негізгі сызбалары мен конструкциялық ерекшеліктері, оларды реттеу және юстировка жасау тәсілдері; аспаптардың жұмысы кезінде ақаулықтардың туындау себептері және оларды жою тәсілдері; металл жүргізу және дәнекерлеу негіздері.

Орта кәсіби білім қажет.



Жұмыс үлгілері

1. Цилиндрлік бос денелі еспелі біліктер - ультрадыбыстық бақылау.

2. Еспелі бұрандалар – дәнекерлеу жіктерін ультрадыбыстық бақылау.

3. Мойынтіректердің сыналары және көпшіктері- ультрадыбыстық бақылау.

4. Қазандық коллекторларының түптері - ультрадыбыстық бақылау.

5. Домалатып жазылған квадратты дайындамалар - ультрадыбыстық бақылау.

6. Еспелі бұрандалардың крекшелері- тамырлық қимада жату тереңдігін және ақау мөлшерлерін анықтау.

7. Пластмассалар, резеңке - ультрадыбыстық бақылау.

8. Әр түрлі пішінді және мөлшерді орамдар - ультрадыбыстық бақылау.

9. 15 мм артық қабырға қалыңдығымен дәнекерлік қосылыстар - ультрадыбыстық бақылау.

10. Иілу жерлерінде 4 мм артық қабырға қалыңдығымен коррозияға берік болаттан түтіктер- қалыңдығын өлшеу.

11. Баллистикалық қондырғылар - калибрлеу.

12. Цапфалар, осьтік шарнир корпусы, тікұшақтың көтеретін бұрандасының тығынының күрекшелерінің иінтірегі – магнитті бақылау.

13. Доңғалақ жұптарының элементтері – магнитті және ультрадыбыстық бақылау.


§ 73. Магниттік және ультрадыбыстық бақылау бойынша дефектопист

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі әдістермен қатты ауытқулардың сөну коэффициентін, екі ортаның бөліну шекарасында ультрадыбыстың шағылысу және өту коэффициенттерін анықтау. Аспаптың сезімталдылығын баптау және үлгілерсіз ақаудың эквивалентті мөлшерлерін немесе стандартты және және сынау үлгілерін қысқартылған саны кезінде тексеру. Бақылау әдістемелерін әзірлеу кезінде сынақ жұмыстарын орындау және эксперименталды номограммаларды құру. Өндірістік жағдайларда кездесетін ультрадыбыстық бақылау бойынша барлық жұмыс түрлерін жүргізу. Ультрадыбыстық бақылау жүргізуге арналған құрылғыларды есептеу және дайындау. Өнеркәсіптік мамандандырылған аспаптармен ультрадыбыстық ауытқулардың таралу жылдамдығын өлшеу. Автоматты қондырғыларда алынған дефектограммалардың шифрын ашу. Автоматты қондырғылардағы ақаулықтарды жою. Аспаптарды жөндеу және баптау.

Білуге тиіс: автоматты қондырғылардың кинематикалық және электрлік сызбалары; механика, телемеханика және метрология негіздері; номограммалар құру негізі ретінде акустикалық трактінің теңдеуі; өшуді анықтау қағидалары және ультрадыбыстың таралу жылдамдығы; бар ультрадыбыстық дефектоскоптардың, қалыңдық өлшеуіштердің және ультрадыбыстық ауытқулардың таралу және өшу жылдамдығын өлшеуге арналған қондырғылардың түрлері; Лэмб толқындарының таралуының негізгі заңдылықтары және олардың көмегімен ультрадыбыстық бақылау тәсілдері.

Орта кәсіби білім қажет.



Жұмыс үлгілері

1. Бұрандаманың дайындамалары - бұйымдарға ультрадыбыстық ауытқулардың өшу жылдамдығын және табылған ақаулардың балама аудандарын анықтау.

2. Дизельдердің буынды және тарататын біліктері; ауыр қозғалтқыштардың, редукторлардың, сорғылардың, компрессорлардың, роторлардың зәкірлерінің біліктері; кардандық біліктер, дизель блоктары, корпустардың арттары және автотіркеу жұту аппараттарының болттары, ауыр қамыттар, тісті доңғалақтардың тістер.

3. Жеткізу күйінде жоғары қоспаланған болаттардың табақтары-алынған дефектограмманың шифрін ашумен ультрадыбыстық бақылау

4. Күшеюімен бойлай тесік жіктерімен обечайкалар- қоратанда берумен ультрадыбыстық бақылаудың мүмкіндіктерін анықтау

5. Қоспаланған болат үлгілері- ультрадыбыстық ауытқулардың өшу жылдамдығын өлшеу.

6.Арба рамасы, орталық брус, кардандық муфта, автотіркеу бөлшектері, рельсмайлаушы - магнитұнтақтық бақылау.

7. Корпустық конструкциялардың дәнекерленген жіктері- ультрадыбыстық бақылау.

8. Доңғалақ жұптарының элементтері, шығыршықты мойынтіректердің ішкі және сыртқы доңғалақтары- магнитті және ультрадыбыстық бақылау.
§ 74. Рентген-, гамма- графирлеу дефектописті

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті дефектоскопистің басшылығымен бұйымдарға рентген сәулесін түсіру. Бұйымдарға рентген сәулесін түсіруге дайындау. Бақылаудың берілген параметрлері бойынша рентген сәулесін түсіру кезінде учаскелерді белгілеу және маркалау. Рентген пленкасын шығару және бекіту.

Білуге тиіс: рентген қондырғыларының және гамма-дефектоскопияға арналған аппаратураның жұмыс істеу қағидасы; сәуле түсіру түрлері мен көздері және олардың табиғаты; сәуленің заттар арқылы өтуі; рентген пленканың әр түрлі сорттарының қасиеттері және олардың сапасын тексеру тәсілдері; кассетелерды зарядтау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Пластиналардың үлгілері- дәнекерлеушілердің разрядына аттестациялау кезінде рентген сәулесін түсіру.

2. Түйістіру қосылыстары- рентген сәулесін түсіру.

3. Цилиндрлардың және конустық қабыршықтардың бойлай жіктері- рентген сәулесін түсіру.


§ 75. Рентген-, гамма- графирлеу дефектописті

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бұйымдарға рентген сәулесін түсіру. Анағұрлым жоғары білікті дефектоскописің басшылығымен жауапты құбырларға рентген сәулесін түсіру, қарапайым және орта күрделі бұйымдарды ионизационалық және сцинтилциялық бақылау. Сәулеге түсірудің қажетті көздерін таңдау және экспозицияны анықтау. Радиоктивті изотоптың активтілігін анықтау. Сапасые анықтау мақсатымен түсірілімдерді қарау. Рентгендік және гамаграфикалық апаратураны реттеу.

Білуге тиіс: күшейтуші рентген қондырғылардың, гамма-графирлеуге, ионизациялық және сцинтилляциялық бақылауға арналған аппаратураның

жұмыс істеу қағидасы; электротехниканың және металл жүргізудің негіздері; металдарды дәнекерлеудің алуан түрлері және құю технологиясы; дәнекерлеу қосылыстарының түрлері және оларды дәнекерлеу технологиясы; дәнекерлеу жіктерінің сапасына ақаулардың тигізетін әсері; дәнекерлеу жіктеріне қойылатын талаптар; олардан сәуле өткен кезде материалдардың әлсіретететін қасиеттері; рентген гамма-графирлеу үшін қолданылатын металдардың қасиеттерімен сипаттамалары; сәуле көздерін



Жұмыс үлгілері

1. құйалғын бұйымдар - рентген сәулесін түсіру.

2. Тавырлы және жолақбулбалық қосылыстар - рентген сәулесін түсіру.

3. Дәнекерленген құбырлар - рентген сәулесін түсіру.

4. Тік ұшықтың көтеретін бұрандасының құбырлары, тығындары- рентген сәулесін түсіру.

5. Баллондардың және цилиндрлардың доңғалақ жіктері - рентген сәулесін түсіру.


§ 76. Рентген-, гамма- графирлеу дефектописті

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орта күрделі бұйымдарға рентген сәулесін түсіру. Күрделі бұйымдарды ионизациялық және сцинтилляциялық бақылау. Күшейтетін техниканың және гамма-қондырғылардың көмегімен бұйымдарға рентген сәулесін түсіру. Жауапты құбырларға рентген сәулесін түсіру. Ксерографиялық құрылғыларда жұмыс істеу. Рентген және радиографиялық аппаратураны ағымдағы жөндеу және реттеу. Сәуле көздерін зарядтау және қайта зарядтау. Рентгенограммалардың шифрін ашу.

Білуге тиіс: ионизациялық және сцинтилляциялық бақылауға араналған рентген және радиографиялық аппаратураның электрлік сызбалары; рентген сәулесін түсіру затымен үлкен энергиялы сәулеге түсірудің өзара әрекеттестігі; ксерография негіздері; сәулеге түсірудің дозаларын көздерден қашықтықтарды және көздерден ьерілген қашықтықтырда болу уақытын есептеу; іртүрлі күшейткіштердің құрылысы туралы негізгі мәліметтер.

Жұмыс үлгілері

1. Цилиндрлік және домалақ беттердегі дәнекерлер- рентген сәулесін түсіру Вварыши

2. Авиақозғалтқыштардың отын коллекторы - рентгенограммаларға рентген сәулесін түсіру және шифрін ашу.

3. Жұмыс контейнерлер – изотоптармен зарядтау.

4. Металлургиялық цехтерге арналған металл және шихта - рентген сәулесін түсіру.
§ 77. Рентген-, гамма- графирлеу дефектописті

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сәулеге түсірудің стационарлық және жылжымалы көздерінің көмегімен күрделі конфигурациялы бұйымдарға рентген сәулесін түсіру. Рентген гамма-дефектоскопия, ионизациялық және сцинтилляциялық бақылау үшін қолданылатын аппаратураны жөндеу. Техникалық шарттарға сәйкес тексерілетін үлгілердің, бөлшектердің және түйіндердің жарамдылығын бағалау және қорытындылау беру. Құрылғылардың эскиздерін және бақылау жабдықтарын әзірлеу. Рентген теледидарлық қондырғыларда жұмыс істеу.

Білуге тиіс: рентген сәулесін түсіруді бақылау үшін қолданылатын бүкіл аппаратураның сызбалары және жұмысы; сәулеге түсірудің алуан түрлерін алу және олардың рентген сәулесін түсіретін затпен өзара әрекеттесу қағсдалары; сәулеге тусуден қорғауды есептеу; кәсіпорында қолданылатын радиактивті көздерді алу және сақтау тәртібі.

Жұмыс үлгілері

1. Автоматика агрегаттары және газотурбинналық қозғалтқыштардың форсункалары- рентгенограммаларға рентген сәулесін түсіру және шифрін ашу.

2. Винты гребные - рентгенограммаларға рентген сәулесін түсіру және шифрін ашу.

3. Шахталардың және домна пештерінің ауа жылытқыштары - дәнекерлеу жіктеріне рентген сәулесін түсіру.

4. Шасси тіреулері амортизациялық - рентгенограммаларға рентген сәулесін түсіру және шифрін ашу.

5. Автомат тарелкесі тік ұшақ қисығы - рентген сәулесін түсіру және шифрін ашу.

6. Құбырлар және газ құбырлары– дәнекерлеу жіктеріне рентген сәулесін түсіру.
§ 78. Рентген-, гамма- графирлеу дефектописті

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сәулеге түсірудің стационарлық және жылжымалы көздерінің көмегімен аса күрделі конфигурациялы бұйымдарға рентген сәулесін түсіру. Рентген пленкаларынің шифрын ашу. Түсетін бөлшектерге рентген сәулесін түсіру режимдерін анықтау бойынша тәжірибе жұмыстарын жүргізу. Алынған нәтижелерді өңдеу және ресімдеу. Қорытындылар беру және есептер құру. Технологиялық құжаттама азірлеу. Рентген гамма-дефектоскопия, ионизациялық және сцинтилляциялық бақылау үшін қолданылатын аппаратураның ақаулық сипатын анықтау және жөндеу. Күшейткіштерде қосу жөндеу жұмыстары.

Білуге тиіс: электротехника негіздері; сәулеге түсудің әртүрлі түрлерін алу және заттармен өзара рекеттесу теориясымен қағидасы; рентген гамма-графирлеу үшін қолданылатын жабдықтың құрылысы; металлургиялық, технологиялық, эксплуатациялық тегінен шыққан және дәнекерлеу жіктерінің ақау түрлері; металл ақауларының мүмкін нормалары; ионизациялық және сцинтилляциялық бақылауға арналған аппаратураны және әртүрлі есептеуіштерді таңдау қағидасы.

Арнайы орта білім қажет.



Жұмыс үлгілері

1. Турбина картері және авиақозғалтқыштың редукторы – рентгенограммаларға рентген сәулесін түсіру және шифрін ашу.



2. Лонжерондар, фюзеляждың орталық планмен түйістіру буындары, ұшақтардың қозғалтқыштарын ілу бұрыштары - рентген, гамма-графир.
§ 79. Дозиметрист

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнай киімнің арнайы аяқкиімнің жеке қорғану құралдарының, көлік құралдарының және т.б. әртүрлі беттерін альфа- бета- және гамма-активті заттарымен ластануларын дозиметриялық радиометриялық өлшеулер. Сәйкес дозиметриялық радиометриялық аспаптардың көмегімен иондаушы сәулелердің дозалар мен қуатын анықтау. Сартқа ортаның сынамаларын алу, жеке дозиметриалық бақылау жүзеге асыру. Сәйкес бастапқы құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: иондаушы сәулелердің негізгі қасиеттері және оларды тіркеу әдістері; иондаушы сәулелердің биологиялық әсері; қолданылатын дозиметриялық және радиометриялық аспаптардың жұмыс істеу қағидасы; радиоактивті заттармен жіәне иондаушы сәулелердің көздерімен санитарлық жұмыс ережелері; радиометриялық және дозиметриялық өлшеулердің және сыртқы ортаның сынамаларын алу тәсілдері.
§ 80. Дозиметрист

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бақылау көздерінің көмегімен дозиметриялық және радиометриялық аспаптардың сезімталдылығын анықтау. Жұмыс орындарында радиациялық қауіпсіздік күйін бақылау. Дозиметриялық және радиометриялық өлшеулердің және дозиметриялық бақылаудың нәтижелерін алғашқы өңдеу.

Білуге тиіс: атомның құрылысы туралы, радиоактивті лігі туралы қарапайым мәліметтер, иондаушы сәулелердің негізгі қасиеттері және оларды тіркеу әдістері; иондаушы сәулелердің жұқтыратын әсерінен қорғану тәсілдері мен құралдары; орта күрделі дозиметриялық және радиометриялық аспаптардың құрылысы және олардың сезімталдылығын бақылау әдістері; орта күрделі дозиметриялық және радиометриялық өлшеулердің әдістері; сыртқы орта сынамаларын алу, дайындау және өлшеу тәсілдері; территорияны радиометриялық түсіру әдістемесі.
§ 81. Дозиметрист

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі аппаратураның көмегімен жекелеген түрлері бойынша дозиметриялық және радиометриялық аспаптарды өлшеулер. Едәуір жауапты жұмыстарды жасау кезінде дозиметриялық бақылау. Иондаушы сәулелендіруден жұмыс орындарын қорғаудың сақталун бақылау.Территорияны радиометриялық түсіру дәне жолдарды автогамма- түсіру. Дозиметриялық және радиометриялық өлшеулердің және жеке дозиметриялық бақылаудың нәтижелерін өңдеу. Графиктер диаграммалар, карталар, кестелер ресімдеу..

Білуге тиіс: ядролық физика туралы негізгі мәліметтер; радиоактивті ліктің негізгі заңдары; иондаушы сәулелердің қасиеттері және оларды тіркеу әдістері; күрделі дозиметриялық және радиометриялық аспаптардың құрылысы және олардың сезімталдылығын бақылау әдістері; дозиметриялық және радиометриялық өлшеулердің әдістері; сынамалар алу әдістері, оларды дайындау және өлшеу.
§ 82. Дозиметрист

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі аппаратураның көмегімен иондаушы сәулелердің барлық түрлері бойынша әр түрлі күрделілікті дозиметриялық және радиометриялық өлшеулер. Биологиялық қорғаныш тиімділігін зерттеу мен өлшеу бойынша жұмыстар жүргізу. Барлық неғұрлым радиациялық- қауіпті жұмыстарды тікелей бақылау. Дозиметриялық және радиометриялық аппаратураның жұмысын бақылау және пайдалану барысында оны ақауға шығару. Дозиметриялық және радиометриялық өлшеулердің нәтижелерін статистикалық өңдеу. Жиынтық құжаттама құру. Дозиметриялық бақылау бойынша есептер құруға қатысу. Дозиметриялық және радиометрического бақылаудың жаңа техникасын меңгеруге қатысу.

Білуге тиіс: ядролық физика негіздері; радиоактивті лік заңдары; иондаушы сәулелердің қасиеттері және оларды тіркеу әдістері; барлық түрлі иондаушы сәулелерден қорғауды есептеу; кез келген күрделіліктегі ерекше күрделі дозиметриялық және радиометриялық аспаптардың құрылысы; оларды градустау, эталондау, олардың сезімталдылығын бақылау әдістемесі; өлшеулерді түсіндіру әдістері.

Арнайы орта білім қажет.


§ 83. Азық пен шикізат дайындаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Халықтан ауылшаруашылық және өзге де азық пен шикізат сатып алу. Пайдаланылған шикізатты жинауды және оны азық дайындау орындарына тапсыруды ұйымдастыру. Табиғатта өсетін емдік шөп шиказатын жинау және тапсыру. Мал бордақылайтын шаруашылақтарға азық – түлік қалдықтарын жинау және тапсыру. Дайындалатын азық пен шикізаттың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмысын жүргізу. Белгіленген тәртіппен қабылдау түбіртектерін немесе ведомостілерді рәсімдеу.

Білуі тиіс: азық- түлік пен шикізат сатып алу ережелерін; азық- түлік пен шикізаттың сапалылығы белгілерін; пайдаланылған шикізатты жинау мен оны мекемелерге тапсыру тәртібін; табиғатта өсетін емдік шөп шикізатты және азық-түлік қалдықтарын жинау мен тапсырудың ережелерін, тәртібін.

§ 84. Суарғыш-жуғыш машиналарды толтырушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Суарғыш-жуғыш машиналардың цистерналарына су толтыру. Тығынды краны бар суарма құбырды суарғыш – жуғыш машинаның цистернасына, өрт колонкасына (стендерге) және су құбыры құдығының қақпағын ашу және жабу. Суарма құбырды, стенділерді және гидрантты дұрыс күйде ұстау. Суарма құбырдың, стенділердің және өртке қарсы гидранттың ұсақ ақауларын жөндей білу.

Білуі тиіс: гидранттардың, стенділердің құрылымы және олардағы ұсақ кемшіліктерді жою ережелерін.
§ 85. Өрт сөндіргіштерді зарядтаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көбікті, ұнтақталған, көмір қышқыл және фреондық ұшатық өрт сөндіргіштерді тексеру, жөндеу, зарядтау және қайтадан зарядтау бойынша дайындау жұмыстарын орындау. Өрт сөндіргіштерді қабылдау, алғашқы байқау, бәсеңдету, баллондарды тазалау және шаю, оларды бояу және байқауға дайындау. Зарядтармен колбаларды және қораптардың орауын ашу, оларды ораған материалдардан тазалау. Өрт сөндіргіштерді зарядтауға арналған ерітінділерді даярлау. Анағұрлым жоғары білікті өрт сөндіргіштерді зарядтаушының басшылығымен корпустарды гидравликалық сынау, өрт сөндіргіштерді зарядтау және ақауға шығару, баллондарды, арматураны және сақтандыру құрылғыларын жөндеу.

Білуге тиіс: әр түрлі көбікті, ұнтақталған, көмір қышқыл және фреондық ұшатық өрт сөндіргіштердің жұмыс істеу қағидасы; өрт сөндіргіштерді сынау және зарядтау кезінде құралдың және бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары; химиялық зарядтардың қасиеттері, оларды сақтау және тасымалдау ережесі; өрт сөндіргіштерді зарядтау және разрядтау, корпустары мен арматураны бояу және жөндеу тәсілдері.
§ 86. Өрт сөндіргіштерді зарядтаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көбікті, ұнтақталған, көмір қышқыл және фреондық ұшатық өрт сөндіргіштерді тексеру, жөндеу, зарядтау және қайтадан зарядтау. Зарядтың сапасын, арматура мен арматура мен сақтандыру құрылғыларының ақаусыздығын тексеру. Корпустарды, баллондарды, арматураны және сақтандыру құрылғыларын гидравликалық сынау, ақау өрт сөндіргіштерді ақауға шығару. Зраядталған өрт сөндіргіштердің есебін жүргізу және белгіленген техникалық құжаттаманы ресімдеу. Өрт сөндіргіштерді зрятау және баллондарды сынау кезінде зарядты станцияның, компрессорлардың жабдығына, сорғыларға және аспаптарғ қызмет көрсету. Қызмет көрсететін жабдықты ағымдағы жөндеу және жөндеудің едәуір күрделі түрлеріне қатысу.

Білуге тиіс: әр түрлі көбікті, ұнтақталған, көмір қышқыл және фреондық ұшатық өрт сөндіргіштердің құрылысы; өрт сөндіргіштердің зарядтарына кіретін компоненттердің химиялық құрамы мен қасиеттері; баллондардың, шұралардың копустарын және сақтандыру құрылғыларын тексеру және сынау тәртібі; өрт сөндіргіштерді тасымалдау жағдайлары; зарядтық станциялардың түрлері; өрт сөндіргіштерді зарядтау кезінде қолданылатын аппараттар мен аспаптардың жұмыс істеу қағидасы; зарядталған өрт сөндіргіштерге техникалық құжаттама ресімдеу тәртібі.
§ 87. Газтұтқыш қораптарын зарядтаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Газтұтқырлардың газға қарсы қораптарын зарядтау және қайта зарядтау. Сору қабілетіне, герметикалық пен кедергіге қорапты бақылау- өлшеу аспаптарының көмегімен сынау. Ауаны үрлеумен газтұтқырлардың газға қарсы қораптарын регенерациялау.

Білуге тиіс: газға қарсы қораптардың маркалары, олардың белгіленуі; әрбір марка үшін сорғыштардың құрамы және сорғыштардың қасиеттері; газға қарсы қораптардың соғу құрамдарын, сондай-ақ адсорбенттер мен олардың орнын басушыларды зарядтау, қайта зарядтау және регенерациялау ережесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет