Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


§ 62. МЕТАЛДЫ ҚАЙШЫМЕН ЖӘНЕ СЫҒЫМДАҒЫШПЕН КЕСУШІ



бет20/26
Дата14.06.2016
өлшемі1.98 Mb.
#134833
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
§ 62. МЕТАЛДЫ ҚАЙШЫМЕН ЖӘНЕ СЫҒЫМДАҒЫШПЕН КЕСУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 16 мм-ден жоғары жайма металлдан жасалған күрделі бөлшектерді тірек, шаблон және белгі бойынша сығымдағыштармен, сығымдағыш қайшылар және гильотинді қайшылармен тік сызықпен кесу. Қалыңдығы 100 мм-ден асатын ірі кескінді металды ыстықтай және суықтай сығымдағышпен және түрлі құрылымдағы сығымдағыш қайшымен кесу. Түрлі кескіндегі дискілі қайшымен жоғары қоспаланған болаттан және қымбат бағалы металдан және оның қорытпаларынан жасалған жолақтар мен рулондарды кесу. Қисық сызықты кескіндегі жайма металл жиектерін кесу. Сызғыштарды, бұрыштықтарды, циркульдерді, шаблондарды, үлгілер мен қажетті бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана отырып сызба бойынша бөлшектерді белгілеу.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі сығымдағыштардың, сығымдағыш қайшылардың және дірілмен істейтін қайшылардың кинематикалық тәсімдері мен құрылымдары; пышақ жарамдылығының шекті деңгейі; қалыптарды баптау ережесі және жұмыс барысында баптау; Механизация құралдарының құрылымдары; арнайы және әмбебап айлабұйымдардың құрылымдары.

Жұмыс үлгілері

1. Бульдолық және бұрыштық кескіндегі арқалықтар – берілген биіктікке дейін ұзындық бойынша кесу.

2. Түрлі маркадағы және кесетін кескінді металдан жасалған 4 м-ден жоғары ұзындықтағы бөлшектер – берілген бұрышпен кесу.

3. Арнайы қорытпалардан жасалған бөлшектер – дискілі қайшылармен кесу.

4. Ротор сымдарының бөлшектері мен гидрогенератор жабындар – дайындамаларды кесу.

5. Рессорларға арналған дайындамалар – кесу.

6. Қозғалтқыш иінді валының дайындамалары – кесу.

7. Металл құрылымдағы дайындамалар – кесу.

8. Жартылай вагондардың қалыпталған жаймалары мен кузов тіректері – сығымдағыш қайшымен кесу.

9. Ұзындығы 4 м-ден жоғары түрлі ендегі жолақтар – тірек бойынша қайшымен кесу.

10. №18 –ден асатын үлгілік өлшемдегі швеллерлер мен зетотәріздес болат – бұрыш белгілері бойынша кесу.

§ 63. АРАМЕН, ҚОЛ АРАМЕН ЖӘНЕ СТАНОКПЕН КЕСУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі кескіндегі және қималы сұрыптық металдан жасалған қалыңдығы немесе диаметрі 100-ден 200 мм-ге дейінгі түрлі үлгідегі дайындамаларын және қалыңдығы немесе диаметрі 50-ден асатын 100 мм-ге дейінгі жоғары қоспаланған, тотқа төзімді, ыстыққа төзімді, тез кесетін болат пен аустенитті сыныптағы болаттан, баяу балқитын металлдар мен қорытпалардан жасалған дайындамаларды пакетпен немесе даналап, сондай-ақ таспен және құбырмен түрлі үлгідегі бапталған кесу, токарлық-револьверлік және көлденең фрезерлі станоктарда, пышақпен және арамен кесу. Графит құрамды электродты дайындамалар мен бұйымдарды белгілеу және кесу. Кірісті, шыңдалмалар мен құймаларды перпендикулярлы, бұрышпен және параллельді кесу, Капсюльді бұйымдарға арналған дайындамаларды кесу. Қарындаштарға арналған ниппельдерді станокта кесу және дайындау. Түрлі металл емес– фибраны, гетинакс, текстолит, асбоцемент тақта, оқшаулау таспасы, целлулоид, пластмасса, шыны тақтайша және т.б. материалдарды даяр белгі бойынша кесу және жасау. Кескінді металлдан жасалған орташа күрделіктегі дайындамалардағы бөлшектерді түзу сызықты белгілеу. Илем құбырларын, бұрыштықтарын станокта абразивті дөңгелекпен тірек және белгі бойынша кесу.

Білуге тиіс: бір үлгілік қызмет көрсетілетін станоктардың құрылғысы; қызмет көрсетілетін станоктардың маңызды бөлшектерінің атаулары мен қызметі, өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануы; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану шарттары; араларды орнату және қайрау ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары; қоспаланған және көп қоспаланған болатты кесу режимі.

§ 64. АРАМЕН, ҚОЛ АРАМЕН ЖӘНЕ СТАНОКПЕН КЕСУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі кескіндегі және қималы сұрыптық металдан жасалған қалыңдығы немесе диаметрі 200 мм-ден асатын түрлі үлгідегі дайындамаларын және қалыңдығы немесе диаметрі 100 мм-ден асатын жоғары қоспаланған, тотқа төзімді, ыстыққа төзімді, тез кесетін болат пен аустенитті сыныптағы болаттан, баяу балқитын металлдар мен қорытпалардан жасалған дайындамаларды пакетпен немесе даналап, сондай-ақ пластмассадан жасалған рулонды материалдан түрлі үлгідегі кесу, токарлық-револьверлік және көлденең фрезерлі станоктарда, пышақпен және арамен кесу. Түзу кесетін станоктарда металлды түзету және кесу. Станоктарды баптау. Кескінді металлдан жасалған күрделі бөлшектерді сызба бойынша белгілеу.

Білуге тиіс: кесетін, токарлық-револьверлік, көлденең фрезерлік және басқа да түрлі үлгідегі станоктардың құрылысы; әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; өңделетін металлды өңдеу сипатына және түрлі маркаларына қатысты қатты қорытпалардан жасалған пышағы бар аспапты болаттан жасалған араларды қайрау және орнату ережесі; қоспаланған және көп қоспаланған болатты кесу режимі.

§ 65. КУЗОВТАРДЫ ТЕГІСТЕУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тегістеуге арналған аспаптың көмегімен жүк автомобильдері кузовтарының қаптау бөлшектері мен тораптарын және жеңіл автомобильдер кузовтарының көрінбейтін бөлшектері мен тораптарын сырлауға тегістеу. Жүк автомобильдерінің тораптарын, есіктерін саңылаулары мен жанасатын жерлерін қиыстыру. Жеңіл автомобиль кузовтарының бөлшектері мен тораптарын балқытуға дайындау. Кузовтың ішкі және балқытылған орындарын дәнекерлеп тазарту. Ойықтар мен кузовтардың ауытқуларын оның жалпылама геометриялық формалары мен параметрлерін қалпына келтіру кезінде жою. Кузовтың зақымданған бөлшектерін ауыстыра отырып немесе кузовтың дайындалған бөлшектерінен немесе жайма металлдан жасалған жөндеу үстемелерін қалпына келтірілетін бөлшектердің қалыбын сақтай отырып пайдалану жолымен жөндеу.

Білуге тиіс: жүк автомобильдері кузовтарының қаптау бөлшектері мен тораптарын және жеңіл автомобильдер кузовтарының көрінбейтін бөлшектері мен тораптарын сырлауға тегістеу технологиясы мен әдістері, балқытуға кузовтың бөлшектері мен тораптарын дайындау ережесі; ақаулықтарды түзету тәсілдері, түзетуге арналған аспаптың жұмыс істеу қағидаты, дәнекерленетін бөлшектердегі ішкі жанасулар мен деформацияның пайда болу себептері; олардың алдын алу шаралары мен оларды жоюдың тәсілдері; түзету кезінде білінетін металдың қасиеті.

§ 66. КУЗОВТАРДЫ ТЕГІСТЕУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тегістеуге арналған аспаптың көмегімен және қалайы-қорғасын дәнекерлер, мастика, паста және полиэфирлі және эпоксидті тығындарды пайдалана отырып, жеңіл автомобильдер мен жоғары сыныпты автобустардан басқа, автомобильдер мен автобустардың кузовтарының қаптау бөлшектері мен тораптарын және жеңіл автомобильдер кузовтарының көрінбейтін бөлшектері мен тораптарын сырлауға тегістеу. Кузовтың дәнекерленетін жерлерінің бетін қалайылауға дайындау. Кузовтардың бөлшектері мен тораптарын қалайылау және балқыту. Автомобиль есіктерінің ойықтарын өңдеу, есіктерін ойықтар бойынша ілмектеу және қиыстыру. Автомобиль кузовының белдеме жолағын теңестіру. Кузов бөлшектері мен тораптарының бетіндегі ақауларды анықтау. Автомобиль кузовтарының бөлшектері мен тораптарын оларды түзете отырып қалпына келтіріп жөндеу.

Білуге тиіс: автомобиль және автобус кузовтарының қаптау бөлшектері мен тораптарын түзетудің технологиясы мен әдістері; ақаулықтарды анықтау және түзету тәсілдері, қыздыру аспаптары мен газ жанарғыларын түзетуге арналған аспаптың құрылысы және жұмыс процесінде реттеу ережесі; кузов бөлшектері мен тораптарын балқыту және қалайылау тәсілдері; тегістеу пасталарының, дәнекерлерінің, пластмассаларының қасиеті, маркалары; қалпына келтіріп жөндеу тәсілдері.

§ 67. КУЗОВТАРДЫ ТЕГІСТЕУШІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тегістеуге арналған аспаптың көмегімен және қалайы-қорғасын дәнекерлер, пасталарды пайдалана отырып, жеңіл және жүк автомобильдерінің, сондай-ақ жеңіл автомобильдер мен жоғары сыныпты автобустардың тәжірибелік, көрмелік үлгілері кузовтарының қаптау бөлшектері мен тораптарын сырлау үшін тегістеу.Шаблон бойынша тексере отырып бетін айнадай етіп тегістеу. Автомобиль бөлшектері мен тораптарын түзету кезінде технологиялық жолдарды және олардың кезектілігін таңдау.

Білуге тиіс: жеңіл және жүк автомобильдерінің, сондай-ақ жеңіл автомобильдер мен жоғары сыныпты автобустардың тәжірибелік, көрмелік үлгілері кузовтарының қаптау бөлшектері мен тораптарын сырлау үшін тегістеу технологиясы мен түзету әдістері; бетін тегістеу тәсілдері; түзетуге арналған аспапты баптау ережесі; түзетуге арналған шаблондарды белгілеу және жасау.

§ 68. ТОКАРЛЫҚ СЫҒАТЫН СТАНОКТАРДЫҢ ТОКАРЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі сору тереңдіктегі диаметрі 300 мм-ге дейінгі, диаметрінің жартысына дейін сору тереңдігі 300-ден асатын 400 мм-ге дейінгі диаметрдегі дюралюминийден, латуньнен және аз қоспаланған болаттан жасалған, сору тереңдігі диаметрінің жартысына дейінгі және түрлі диаметрдегі тотқа төзімді болаттан және түрлі сору тереңдіктегі алюминийден жасалған 12-14 квалитеттер бойынша шектегі қарапайым бөлшектер мен бұйымдарды конфигурациясы бойынша сығатын токарлық станоктарда жасау. Қаңылтырдан жасалған бұйымдарды сығу. Бөлшектер мен бұйымдарды сыққаннан кейін үшкірлеу, кесу, дөңгелету, қайрау және басқа токарлық өңдеу.

Білуге тиіс: үлгілік сығатын токарлық станоктардың жұмыс істеу қағидаты; кеңінен таралған әмбебап және арнайы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу және кесетін аспаптардың қызметі және пайдалану шарттары; өңделетін бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар; кедір-бұдырлықтың шегі және отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі; металлды токарлық өңдеу негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Бактар, шелектер – жартылай дөңгелек дөңес жерлерді сығу.

2. Қарапайым конфигурациялы қалпақтар, жиектер – сығу.

3. Төбе желдеткіштеріне арналған сақиналар мен қақпақтар – жасау.

4. Бортты сақиналар –сығу.

5. Ауа клапаны корпустары мен қақпақтары – сығу.

6. Диаметрі 300 мм-ге дейінгі центрифугалы конус бөлшектердің беті – сығу.

7. Тежегіш басқаруға арналған болат фланецтер – сығу.

§ 69. ТОКАРЛЫҚ СЫҒАТЫН СТАНОКТАРДЫҢ ТОКАРЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі сору тереңдіктегі диаметрі 300 мм-ден 400 мм-ге дейінгі, диаметрінің жартысына дейін сору тереңдігі 400-ден асатын диаметрдегі дюралюминийден, латуньнен және аз қоспаланған болаттан жасалған, сору тереңдігі диаметрінің жартысына дейінгі және түрлі диаметрдегі; диаметрдің жартысынан асатын сору тереңдігі 300 мм-ге дейінгі, түрлі сору тереңдігінің диаметрі 300-ден асатын 400 мм-ге дейінгі диаметрдегі тотқа төзімді болаттан жасалған; тотқа төзімді болаттан және түрлі сору тереңдіктегі алюминийден жасалған; баяу балқитын және бағалы металлдардың қатты қорытпаларынан және түрлі диаметрдегі және түрлі сору тереңдіктегі қорытпалардан жасалған 8-11 квалитеттер бойынша шектегі орташа күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды конфигурациясы бойынша сығатын токарлық станоктарда жасау. Қарапайым және бөлшектенетін патрондарды пайдаланып, аспапты қолмен бере отырып сығу станоктарында бұйымдардың сферикалық, коникалық және цилиндрлі бетін сығу. Станоктарды баптау.

Білуге тиіс: түрлі токарлық сығатын станоктардың құрылысы, жұмыс істеу қағидаты мен баптау ережесі; кеңінен таралған әмбебап және арнайы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу және кесетін аспаптардың құрылысы; кесетін аспапты қайрау және орнату ережесі; сорған кездегі қара және түсті металлдың негізгі қасиеттері; патрондар жасауға арналған өңделетін металлдар мен ағаштың қасиеттері; кедір-бұдырлықтың шекі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

Жұмыс үлгілері

1. Металл ойыншықтар – сығу.

2. Бос бұйымдар - ролик және белгілегіш арқылы бұрандаларды басу.

3. Қалпақтар мен қақпақтар – алдын ала басу, күйдіру, түпкілікті басу.

4. Үлкен көлемді шылапшындардың, шайғыштар, кастрюльдердің корпустары – басу.

5. Шасси бұрыштарының ағымшалары, сым шабақтарға арналған ағымшалар, алюминий штуцерлері, роликті қораптар, карбюратор сақиналары – терең сора отырып басу.

6. Белгі фонарьларының шағылдырғыштары – сығу.

7. Диаметрі 300 мм-ден асатын центрифугалы конусты бөлшектердің беттері – сығу.

8. Қаймақ құйғыштар, сүт құйғыштар, кофе қайнатқыш, уылдырық салғыш – мойындарын сығу, туралау және бұрау.

9. Пеш футлярлары – жартылай дөңгелек дөңестерін сығу.

10. Түрлі диаметрдегі шарлар – сығу.

§ 70. ТОКАРЛЫҚ СЫҒАТЫН СТАНОКТАРДЫҢ ТОКАРЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі сору тереңдіктегі диаметрі 300 мм-ден 400 мм-ге дейінгі, диаметрінің жартысына дейін сору тереңдігі 400-ден асатын диаметрдегі дюралюминийден, латуньнен және аз қоспаланған болаттан жасалған, сору тереңдігі диаметрінің жартысынан асатын және түрлі диаметрдегі; түрлі сору тереңдігінің диаметрі 400 мм-ден асатын диаметрдегі тотқа төзімді болаттан жасалған; тотқа төзімді болаттан және түрлі сору тереңдіктегі алюминийден жасалған; баяу балқитын және бағалы металлдардың қатты қорытпаларынан және түрлі диаметрдегі және түрлі сору тереңдіктегі қорытпалардан жасалған 8-10 квалитеттер бойынша шектегі орташа күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды конфигурациясы бойынша сығатын токарлық станоктарда жасау. Бөлшектенетін патрондарды пайдаланып, күрделі контурларды сығу жөніндегі тәжірибелік және экспериментальды жұмыстарды орындау. Жаңа бұйым үлгілерін сығуға арналған күрделі ағаш патрондарды жасау. Түрлі материалдардан жасалған жұқа қабырғалы бөлшектерді қолмен сығу. Диаметрі 1200 мм-ге дейін бөлшектері мен бұйымдарды жартылай автоматты және автоматты станоктарда, бағдарламалық басқарылатын станоктарда жасау. Станоктарды баптау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі токарлық сығатын және дөңгелетіп кеңейтетін станоктардың құрылысы, кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі мен олардың дәлдігін тексеру ережесі; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу және кесетін аспаптардың құрылысы; токарлық сығатын жұмыстарға арналған патрондардың құрылымы мен жасау тәсілдері; арнайы жиектер мен айлабұйымдарды бақылау ережесі; дайындамалар мен бөлшектерді орнату және тексеру тәсілдері; созғандағы металлдың негізгі қасиеттері, орындалатын жұмыстың шегінде металлды кесу теориясының негіздері, қарапайым және арнайы аспаптың термоөңдеу және жеткізу ережесі; металлды термиялық өңдеу түрлері мен қызметі; кедір-бұдырлықтың шекі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

Жұмыс үлгілері

1. Конусты су құйғыштар, түбі жазық шыны аяқтар, айдайтын аппараттар мен олардың баяу балқитын және құнды металлдан жасалған жүйелері – күйдіре отырып сығу.

2. Дөңгелектерге арналған дискілер – сығу.

3. Қымбат бағалы және түсті металдан жасалған зергерлік әшекей бұйымдар – жасау.

4. Ішкі және сыртқы сфералық катодтар – сығу.

5. Саксафондар мен кларнеттердің қалпақтары – сығу жұмыстары, терең сору және қатайту.

6. Түпкі манжеттер – бортигін кесіп сығу.

7. Ернеушелер – сығу.

8. Арнайы кесетін ағыншалар – сығу.

9. Кіретін келте құбырлар – сығу.

10. Опа салғыштар, арақ және ликер құятын рюмкалар, вазалар және зергерлік бұйымдар – сығу.

11. Қоныштар, белгі беру аспаптары қонышының, құбырлардың, горндар, қалпақшалардың қақпақтары – терең сору, қатайту, тегістеу.

12. Қоректендіру қабырғаларының қаттылығы, саусақ тәрізді тигльдердің қақпақтары – сығу.

13. Рефлекторлар мен прожектор рамалары – сығу.

14. Диффузор тыстары – сығу.

15. Түрлі өлшемдегі және құрылымдағы самауырлар, шампан шараптарын салқындатуға арналған шелектер – сығу.

16. Оркестр тәрелкелері – сығу жұмыстары, қатайту, тегістеу.

17. Қымбат бағалы металлдар мен қорытпалардан жасалған тиглдар – күйдіріп сығу.

18. Екі жағы да ашық құбырлар – тереңдігі бойынша бұрандаларды сығу.

19. Шам түпшелері – бұранда жолағы бойынша сығу.

20. Гофрлы икемді шлангілер – бұранда жолағы бойынша сығу.

21. Шпангоуттар – сығу.


§ 71. ТОКАРЛЫҚ СЫҒАТЫН СТАНОКТАРДЫҢ ТОКАРЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі сору тереңдіктегі дюралюминийден, латуньнен және аз қоспаланған болаттан жасалған, баяу балқитын және бағалы металлдардың қатты қорытпаларынан және түрлі диаметрдегі және түрлі сору тереңдіктегі қорытпалардан жасалған 5-8 квалитеттер бойынша шектегі орташа күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды конфигурациясы бойынша сығатын токарлық станоктарда жасау. Күрделі нысандағы бөлшектерді сығу және бөлшектерді ротациялық сору жөніндегі экспериментальды және тәжірибелік жұмыстарды орындау. Ротациялық сору кезінде өтпелерді өз бетінше есептеу. Терең соратын және дөңгелентудің кіші радиусты бөлшектерін сығуға арналған айлабұйым жасау. 1200 мм-ден асатын диаметрдегі жартылай автоматты және автоматты станоктарда, бағдарламалық басқарылатын станоктарда бөлшектер мен бұйымдар жасау.

Білуге тиіс: сығатын токарлық және дөңгелетіп кеңейтетін станоктардың кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі; өңдеудің технологиялық кезектілігін айқындау әдістері; бөлшектердің геометриясы мен ротациялық сору процесін өңдеу параметрлеріне әсері; пайдаланатын аспаптардың, айлабұйымдардың, жиектер мен басқа арнайы жарақтардың барлық түрлерін жасау және пайдалану әдістері; бағалы металлдар мен олардың қорытпаларымен жұмыс істеу ережесі; автоматикалық реттеу аспаптарын баптау ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Ампулалар, колбалар – тығындарды мойнына қиыстырып және тегістеп сығу.

2. Катод ұстағыштар – токарлық өңдеп сығу.

3. Тұзақтар, анодтар – сығу.

4. Платина мен алтыннан жасалған микротиглдар мен олардың қақпақтары – сығу.

5. Айналма қабықшалары – жасау.

6. Валторналар, тубалар, саксафондар, тромбондар, жеке жоғары сапалы үрмелі музыкалық аспаптардың қоныштары мен буындары – сығу жұмыстары, акустикалық деректерін қатайтып, сақтап тегістеу.

7. Терең соратын және саусақ тәріздес тиглдар – термиялық өңдеп сығу.

8. Баяу балқитын және бағалы металдан жасалған сферикалық түпті шыны аяқтар – күйдіріп сығу.

§ 72. НАҚЫШТАУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдарды сынау үшін дайындық жұмыстарын орындау; бұйымды суға толтыру, тығындарға төсемдерді таңдау және т.б. Сынау кезінде тығындар үшін арасына салатын төсем жасау. Жоғарырақ білікті нақыштаушының басшылығымен тойтарманың сыртқы жіктері мен бастарын қолмен немесе пневматикалық балғамен нақыштау.

Білуге тиіс: пневматикалық балғалардың құрылысы туралы негізгі мәліметтер; өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануы; кеңінен таратылған қарапайым айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану шарттары.

Жұмыс үлгілері

1. Тығындар – төсем таңдау.

2. Көлемді секциялар, цистерналар – суға толтыру, бор ерітіндісін дайындау және олардың жіктерін майлау; бұйымдарға нығыздалған ауа үрлеу.


§ 73. НАҚЫШТАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 300 кПа (3 атм) –ға дейінгі қысымда істейтін ыдыстар мен аппараттарда тойтармалардың сыртқы жіктері мен бастарын қолмен немесе пневматикалық балғамен нақыштау. Бұйымның жіктерінің тығыздығын сынау және нақыштауды сынау кезінде анықталған ақаулықтарды жою. Ажыратылған жаймалар мен бөлшектерді нақыштауда жіктерінің жиектерін кесу.

Білуге тиіс: пневматикалық балғаның құрылысы мен жұмыс істеу қағидаты; жиектерін нақыштауға және кесуге арналған кеңінен таратылған әмбебап айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану шарттары; нақыштау тәсілдері мен жолдары.

Жұмыс үлгілері

1. Қалыңдығы 6 мм-ге дейінгі жаймадан жасалған сұйықтықты құюға арналған сыйымдылықтар – тойтармаларының жіктері мен бастарын нақыштау.

2. Бекітпелер – орнату.

3. Қазандықтар мен резервуарлар – тойтармалардың жіктері мен бастарын нақыштау.

4. Тойтарма бекіткіштер, құрылымдағы фланецтер – нақыштау.

5. Диаметрі 75 мм-ге дейінгі штуцерлер мен құбырлар – жиектеу және нақыштау.


§ 74. НАҚЫШТАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 300 кПа–дан (3 атм-нан асатын 8 атм-ға дейін) жоғары 800 кПа-ға дейінгі қысымда істейтін ыдыстар мен аппараттарда тойтармалардың сыртқы жіктері мен бастарын қолмен немесе пневматикалық балғамен нақыштау. Қол жетпейтін жерлерді нақыштауды орындау. Тойтарылған жаймалар мен бұйымдарды нақыштағанда жіктерінің жиектерін кесу. Нақыштауды сынау кезінде ақаулықтарды анықтау және жою. Аспаптар мен айлабұйымдарды баптау және реттеу. Цистерналарды, бөлікшелерді сумен 150 кПА –ға дейінгі (1,5 атм) қысымда және 30 кПА-ға дейінгі (0,3 атм) қысымдағы ауамен толтырып сынау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі пневматикалық аппараттар мен балғаның құрылысы мен жұмыс істеу қағидатын; тойтарма болаттың механикалық қасиеттерін; пневматикалық аспаптың дұрыс жұмыс істеуіне арналған ауа желісіне берілетін қысымды; нақыштағаннан кейін жіктерді қабылдаудың техникалық шарттары; жіктерді сынау тәсілдері; әмбебап айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы.

Жұмыс үлгілері

1. Қалыңдығы 6 мм-ден асатын жаймадан жасалған сұйықтықты құюға арналған сыйымдықтар – тойтармалардың жіктері мен бастарын нақыштау.

2. Сығымдалған ауамен сыналатын бірікпелердегі тойтармалар – нақыштау.

3. Көрінбейтін және жартылай көрінетін тойтарма шегелер – қысыммен бастарын нақыштау.

4. Иллюминаторлар, қақпақтар, қондырмалар – нақыштау.

5. Сыртқы және ішкі жіктерінің жиектері – нақыштау.

6. Сыртқы қаптама және палубасы бойынша жапсырма жаймалар – нақыштау.

7. Сыртқы және палубаның қабы – нақыштау.

8. Диаметрі 75-тен асатын 150 мм-ге дейінгі құбырларды нақыштау.

§ 75. НАҚЫШТАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 800 кПа–дан (8 атм-нан асатын 12 атм-ға дейін) жоғары 1200 кПа-ға дейінгі қысымда істейтін ыдыстар мен аппараттарда және корпустық құрылымдарда тойтармалардың барлық жіктері мен бастарын қолмен немесе пневматикалық балғамен нақыштау. Нақыштау сығымдағышында жазық және көлемді нақыштау. Бұйымдарды сынау және тапсыру анықталған нақыштардың ақаулықтарын сынау. Цистерналарды, бөлікшелерді сумен 150 кПА –ден жоғары (1,5 атм) қысымда және 30 кПА-ға дейінгі (0,3 атм) қысымдағы ауамен толтырып сынау.

Білуге тиіс: пневматикалық аппараттар мен нақыштайтын сығымдағыштардың құрылысы мен кинематикалық тәсімдері; бұйымдарды сынау тәсілдері мен жіктерді қабылдаудың техникалық шарттары; кемелердің бөліктерінің өткізгіштігіне қойылатын талаптар; алюминий қорытпаларды нақыштаудың техникалық шарттары; әмбебап айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; пневматикалық аспаптарды майлау жүйесі.

Жұмыс үлгілері

1. Клинкетті есіктер - өткізгіштігін сынау.

2. Көрінетін және жартылай көрінетін тойтармалар, сыртқы және ішкі жіктерінің жиектері – нақыштау.

3. Гидротурбиналардың қалақтары – шаблонмен диаметральді белдік бойынша кесу.

4. Алюминий қорытпалардан жасалған цистерналар, резервуарлар мен бактар, отындық және майлайтын материалдар – нақыштау және герметикалығын сынау.

5. Жоғары қысымда істейтін жіктер – нақыштау.

6. Диаметрі 150 мм-ден асатын штуцерлер мен құбырлар – нақыштау және жиектеу.


§ 76. НАҚЫШТАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 1,2 мПа–дан (12 атм) жоғары қысымда істейтін ыдыстар мен аппараттарда және кеме корпустарының бөліктерінде жіктерді қолмен немесе пневматикалық аппаратпен нақыштау. Жоғары қысымда істейтін бұйымдарды сынғаннан кейін нақыштаудың ақаулықтарын жою.

Білуге тиіс: пневматикалық аспаптар мен сығымдағыштардың құрылысы; биметалды және қоспаланған болатты нақыштаудың техникалық шарттары; түрлі тәсілдермен жіктер мен тойтармаларды аса тығыз нақыштау; нақыштауда қолданылатын аспаптардың барлық түрлері; өткізгіштігін сынағанда пайдаланылатын бақылау-өлшеу құралдардың құрылысы.

Жұмыс үлгілері

1. Жайма металдан жасалған түрлі құрылымдар – жіктерді жиектері бойынша нақыштау.

2. Түп аралық бөліктер, шахталар, жималар – нақыштау және өткізгіштігін сынау.

§ 77. ШТАМПЫЛАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі кескіндегі металдан және металл емес материалдардан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді текстолит, фольга, слюда, гетинакс және басқа да бапталған эксцентрикті, фрикционды және қисық тиекті сығымдағыштарда 3 МН-ге (300 тс) дейінгі күшпен қарапайым және күрделі кесетін, соратын, иетін және қалыптайтын қалыптарды пайдалана отырып суықтай қалыптау. Қаңылтырдың, сіңдірілген матаның, фибра мен целлулоидтың қалдықтарынан жасалған бұйымдарды қалыптау. Түсті және бағалы металдар мен қорытпалардан жасалған құймаларды кесу. Жасалған бөлшектерді үлгі немесе шаблон бойынша тексеру. Сығымдағыш механизмдерін басқару және оны майлау. Қалыпты және ауыстыратын аспапты орнатуға қатысу. Жоғарырақ білікті штампылаушының басшылығымен бөлшектерді қуаттырақ сығымдағыштарда қалыптау.

Білуге тиіс: бір үлгілік сығымдағыштардың құрылысын; қалыптарды орнату және шешу жолдарын; орындалатын жұмыс шегінде қалыпталатын материалдардың негізгі механикалық қасиетін; бақылау-өлшеу аспаптардың қызметі мен пайдалану шарттарын; кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесін.

Жұмыс үлгілері

1. Газ баллондарға арналған башмақтар – дайындамаларды кесу және таңбалау.

2. Бушондар – кесу және қалыптау.

3. Диаметрі 100 мм-ге дейін ұзындығы 1500 мм-ге дейін иінді және тарату біліктері – құйылманы кесу.

4. Гайкалар, бұрандамалар, тойтармалар, планкалар, төсемдер – кесу, қалыптау.

5. Жаймалы болаттан жасалған металл ыдыстың бөлшектері – қалыптау.

6. Жайма металдан жасалған жапсырмалы құлыптың бөлшектері – кесу, ию, қалыптау.

7. Радиоқұрам бөлшектері – төсемдер, шайбалар, планкалар, гайкалар, жапырақтары – қалыптау.

8. Дискілер – жолақтан кесу, паздар мен саңылауларды кесу.

9. Браслет доғалары – кесу.

10. Бұйымдардың ауыздары –түзету.

11. Жеребелер – кесу, ию.

12. Кабельді ілмелердің дайындамалары – бұрыштарын кесу.

13. Кесетін дайындамалар – кейіннен июге фигуралы бұрыштарды кесу.

14. Кабельді ілмелердің құлыптары – кесу, ию.

15. Көзсіз ине – ілмекті (тістерін) ию.

16. Қаптық инелер – қалыптау.

17. Металл ойыншықтар – бөлшектерін кесу, ию, қалыптау.

18. Гайка кілттер – кесу, ауыздарын қалыптау.

19. Желдеткіш иіндері – дайындамаларды кесу.

20. Корпусты сақиналар (жиектер), рычагтар, жүгіртпелері, шайбалар, төсемдер, платина және сағат көпіршелері дайындамалары – кесу.

21. Түрлі қалпақтар, қақпақтар, құбырлар – қалыптау.

22. Болат ыдыс корпустары – дайындамаларды кесу.

23. Желдеткіш айқаспалары – саңылауларды тесу.

24. Кронштейндер – ию.

25. Балық аулайтын ілмектер, кеңсе түйрегіштері – сақинаның радиусын ию.

26. Жеңіл автомобиль дөңгелектерінің жиектері – сығу.

27. Бензобак қоршаулары – қалыптау.

28. Ілмектер – дайындаманы кесу.

29. Сүзгіге арналған планкалар – қалыптау.

30. Планкалар, бұрыштықтар – саңылаулардың ою, тірек бойынша бөлшектерді орналастыра отырып бір пуансонды қалыптарда бұрыштарды кесу.

31. Ілмелер, қамыттар, қапсырмалар, планкалар - құрама қалыптарда қалыптау.

32. Кабель ілмелер – табаншаларды ию.

33. Газ плиталардың түптері және қалқаншалары – қалыптау.

34. Жолақтар – доғал саңылауларды тесу.

35. Желдеткіш құбырларына арналған резиналық төсемдер – бір уақытта саңылауларын тесіп контурын қалыптау.

36. Түрлі пластиналар мен төсемдер – қалыптау.

37. Рельс төсемдері – саңылауларын қалыптау (тесу).

38. Қысқаштарды, тістеуіктерді шыңдау – құйманы кесу.

39. Алюминийден және тотқа төзімді болаттан жасалған асханалық аспаптар – кесу, қалыптау.

40. Жіңішке және жалпақ сарапты рельстер – саңылау тесу.

41. Ыдыстың болат ұстағыштары – кесу, ию.

42. Газ баллон ұстағыштары – ию.

43. Электр машиналарына арналған статорлардың, роторлардың зәкірлердің сегменттері – қалыптау.

44. Ауа сүзгіш торлары – гофрлау.

45. Металл кесетін станоктардың қапсырмалары, дискілері, орамалдары, төсемдері – қалыптау, кесу, ию.

46. Аша түтікшелері – саңылау тесу.

47. Бұрыштықтар, құлақшалар - ию.

48. Зергерлік және гетинакс пен текстолиттен жасалған бұйымдардың шайбалары, сегменттері, төсемдері, жапсырмалары және басқа да бөлшектері – қатынастар, тесу, кесу.

49. Шарнирлер – кесу, ию.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет