Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Кеме жүйелері мен күрделі емес құрылғылар – құрастыру



бет49/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   108

5. Кеме жүйелері мен күрделі емес құрылғылар – құрастыру.

6. Сырмалар, бульдозерлер, шығырлар – құрастыру (бөлшектерді жөндеу кезінде таңдау).

§ 32. БҰЙЫМДАР МЕН ҚҰРАЛДАРДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Машиналарды, механизмдерді, аппараттар мен аспаптарды сызбалар бойынша, бақылау-өлшеу құралдарын, аппараттар мен аспаптарын қолданып, сондай-ақ айырықшалықтар, ведомостер, каталог және прейскуранттар бойынша құрастыру. Жіберу үшін дайындалған құрастырылған торапта бөлшектердің толық жиынтығының болуын тексеру. Құрастыру үшін қажет бөлшектерді тораптарды, материалдар мен бұйымдарды алу және олардың қолданылуын бақылау. Күрделі бұйымдар мен машиналарға техникалық құжаттаманы құрастыру. Қабылдап-тапсыру құжаттамасын ресімдеу және бұйымдар мен тораптардың кестеге сәйкес өтуін есепке алу.

Білуге тиіс: күрделі бұйымдар мен техникалық құжаттаманы құрастыру ережесі; құрастырылатын материалдардың атауы мен қасиеттері; құрастырылатын өнімге тапсырыстардың тізбесі; құрастырылатын тораптарды, машиналарды, механизмдерді, аппараттар мен аспаптарды құрастыру жүйелілігі; құрастырылатын өнімді есепке алу, тасымалдау, орналастыру, сақтау, буып-түю және белгіленген құжаттаманы ресімдеу ережесі; құрастырылатын бұйымдар мен машиналарды өңдеу бойынша цехаралық және цех ішілік кооперация.

Жұмыс үлгілері

1. Автогрейдерлер, пневмодөңгелек жүріс бойынша өздігінен жүретін автокрандар - құрастыру (бөлшектерді жөндеу кезінде таңдау).

2. Автомобильдер - құрастыру (құрастыру мен жөндеуге қажетті бөлшектер мен тораптарды таңдау).

3. Велосипедтер – бас құрастыру конвейеріне бағытталған тораптарды құрастыру.

4. Кеме қазандықтары – құрастырылуға бағытталған тораптарды құрастыру.

5. Арнайы жабдық – құрастыру (жөндеуге арналған бөлшектерді таңдау) және бөлшектерді құрастыру цехына монтаждау үшін жіберу.

6. Ірі кемелердің көлемді секциялары – тораптары мен толық жинақтау ведомостері бойынша құрастыру.

33. БҰЙЫМДАР МЕН ҚҰРАЛДАРДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрастырылатын механизмдерінің, аспаптары мен басқа да жабдықтарының саны көп қымбат тұратын құрылғыларды, агрегаттар мен жабдықтарды сызбалар, айырықшалықтар, ведомостер, каталог және прейскуранттар бойынша лабораториялық сынаулардың деректерін немесе техникалық бақылауларды пайдалана отырып құрастыру.

Білуге тиіс: күрделі және қымбат тұратын бұйымдарды құрастыру ережесі және техникалық құжаттама; құрастыру бойынша есеп жүргізу жүйесі және қолданылатын құжаттама; сызу және геометрия негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Кеме автоматикасы - құрастыру.

2. Ірі көлемді бөлшектер, тораптар, механизмдер мен металл конструкциялар – құрастыру.

3. Техникалық құжаттама - құрастыру.

4. Кеме құрылысы жинақтары - құрастыру.

5. Электрорадиоаппаратурасын құрастыру және монтаждау конвейері –бөлшектермен, тораптармен, блоктармен ведомостер бойынша құрастыру.

6. Арнайы жабдық – құрастыру ведомостері бойынша толық құрастыруды тексеру.

7. Мартен пештерінің табаны, домна пештерінің салу аппараты, илем орнағының көтермесі, құю, таратып бөлу және миксерлік крандардың теңгерімдері - құрастыру.

8. Сағат - құрастыру (жөндеуге қажетті бөлшектер мен тораптарды таңдау).

§ 34. ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ МЕН АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 12 – 14 квалитеттер шегінде өңделген, шаблондар, калибрлер мен шекті қапсырмалар бойынша қарапайым құрылғыларды, қалыптарды, кесу және өлшеу құралдарын тексеру және қабылдау. Қабылдау құжаттамасын ресімдеу.

Білуге тиіс: қолданылатын құралдар мен құрылғылардың мақсаты; бақылау-өлшеу және кесу құралдарын, қалыптарды, құрылғыларды тексеру және қабылдау ережесі және техникалық шарттары; қабылдау құжаттамасын ресімдеу ережесі; шектеу, қондырма жүйесі, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері.

§ 35. ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ МЕН АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 11 – 12 квалитеттер шегінде өңделген күрделілігі әртүрлі жұмыс және өлшеу құралдарын, аспаптарды, құрылғылар мен қалыптарды тексеру және қабылдау.

Білуге тиіс: күрделілігі әртүрлі құралдар мен құрылғылардың құрылысы; арнайы және әмбебап өлшеу құралдарын, кесу құралдарын, аспаптар мен қалыптарды, күрделілігі әртүрлі кондукторлар мен құрылғыларды қабылдау ережесі; шектеу, қондырма жүйесі; бұранда түрлері және оларға қойылатын шектеулер.

§ 36. ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ МЕН АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық жүйелер мен сыныпты (1 сыныпты үлгі, аналитикалық, вагондық және техникалық аспаптардан басқа) салмақ өлшеуіш аспаптарды, сондай-ақ күрделі өлшеу және кесу құралдарын, қалыптар мен құрылғыларды түпкілікті құрастыру және өңдеуден кейін 7-10 квалитеттер бойынша өлшемдерді сақтай отырып, тексеру, бөлшектеу, реттеу және сынау. Ақаулықтарды анықтау және жою. Өлшеу аспаптары мен ұсақ гірлерді тексеру. Тексеру кезінде салмақ өлшеуіш аспаптардағы кемшіліктерді анықтау. Салмақ өлшеуіш аспаптар мен ұсақ гірлердің олардың мақсатына сәйкес дұрыс қолданылуын тексеру. Салмақ өлшеуіш аспаптарды аттестаттау. Арнайы құралды тексеруден кейін қабылдау, бөлшектеу, реттеу, сынау және аттестаттау.

Білуге тиіс: қысым және сұйылту салмақ өлшеуіш аспаптардың, электр және радио өлшеу аспаптарының, микроманометрлердің және т.б. құрылысы, ұсақ гірлердің, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының, қалыптар мен құрылғылардың жіктемесі және оларды пайдалану ережесі; аспаптар мен ұсақ гірлерде жол берілетін салмақты өлшеудегі ұсақ кемшіліктер; әртүрлі салмақ өлшеуіш аспаптарда өлшеу тәсілдері; шектеу, қондырма жүйесі, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері; әртүрлі өлшеу және кесу құралдарын қабылдау ережесі және салмақ өлшеуіш аспаптарды, радио және электр аспаптарды, қысым және сұйылту аспаптары мен арнайы құралдарды тексеру әдістері; аттестациялық құжаттарды ресімдеу тәртібі және таңбалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет