Жұмыс сипаттамасы. Рейкаларды, шаблондарды, каркастар мен ұңғылау сызбаларын әзірлей отырып күрделі конфигурациялы бөлшектерді белгілеу. Ірі және күрделі бұйымдарды плазда бөлу. Теориялық сызбаның барлық желілерін барлық проекцияда келісу және координаттау жүйесінің кестелері мен номограммаларын құрастыру. Модель блогына паздар мен жіктерін жағу. Зергерлік жұмыстарды орындау.
Білуге тиіс: бұйым плаздарында бөлінетін теориялық сызба; плазды бөлу кезінде геометриялық құрылым тәсілдері, плазалық кітапты тексеру номограммалары мен кестелерін құрастыру ережесі мен тәсілдері, бұйымдар мен агрегаттарды құру және монтаждау процесінде анағұрлым күрделі тексеру жұмыстарын орындау тәсілдері, кәсіпорындарда құрылып жатқан бұйымдардың конструкциясы, құрылыс технологиясы; белгілеу үшін техникалық шарттар мен шектеулер; пісіру үшін күрделі конструкцияларды өңдеу және құрастыруды; бұйым тораптары мен секцияларын құрастыру және пісіруге арналған айлабұйымдардың құрылымы; пісіру кезінде металл конструкцияларының бұзылуының алдын алу тәсілдері.
Жұмыс үлгілері
1. Кеме және корабльдердің ахтерштевнялары – плаздарды, мөлшерін шаблон бойынша тексеру.
Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерде және күрделі емес конструкцияларда диаметрі 16 мм-ге дейінгі саңылауларды бұрғылау, ұңғылау. Шлангі ұштарын реттеп салу, ауыспалы ниппельді шлангілерді іріктеу.
Білуге тиіс: пневматикалық және электр бұрғылау машинкаға қызмет көрсету; өңделетін материалдардың атауы және таңбалануы; анағұрлым кең тараған айлабұйымдар мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі, қолданылу ережесі; қолданылатын салқындатқыш сұйықтықтар мен майлардың атауы.
Жұмыс үлгілері
1. Су бактары, алаңшалар, цистерналар және басқа да қарапайым конструкциялар – саңылауларды бұрғылау және ұңғылау.
2. Жаймалар және кескінді илем – талап етілетін тереңдікке саңылау ұңғылау.
§ 77. БҰРҒЫЛАУШЫ - ПНЕВМАТИК
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерде және түрлі материалдардан жасалған бұйымдарға диаметрі 16 мм-ден 25 мм-ге дейінгі саңылауларды бұрғылау, ұңғылау.Жылжымалы станокты пайдалана отырып жоғарыдан төменге қарай саңылау бұрғылау. Диаметрі 12 мм-ге дейінгі саңылауларға ойық жасау. Ішкі жағынан ұңғылау.
Білуге тиіс: пневматикалық және электр бұрғылау машиналары мен жылжымалы станоктардың қолданылу принципі; өңделетін материалдардың негізгі қасиеті; бұрғылардың бұрышы және қайрау ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі; шектеулер мен отырғызу жүйесі; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері.
2. Палубалардың жапсырмалы жаймалары, төсемдері және т.б. – саңылау бұрғылау.
3. Тесіп өтетін саңылаулар – ойық тесу.
4. Пакеттер мен жинақталған тораптар – саңылауларды бұрғылау.
5. Қосалқы механизмдердің іргетасы – саңылау бұрғылау.
§ 78. БҰРҒЫЛАУШЫ - ПНЕВМАТИК
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерде және түрлі материалдардан жасалған бұйымдарға диаметрі 25 мм-ден 35 мм-ге дейінгі саңылауларды бұрғылау, ұңғылау. 12 ден 22 мм. дейін жоғары диаметрде ішкі ойықты (саңылауда) тесу. Жанынан бұрғылау. Барлық пневматикалық машиналарда ыңғайсыз жерлерде жұмыс істеу. Терең саңылауларды бұрғылау.
Білуге тиіс: пневматикалық және электр бұрғылау машиналарының құрылысы, бұрғылау дәлдігін тексеру ережесі; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылымы мен пайдалану шарттары; әмбебап және арнайы кесетін аспаптың геометриясы, қайрау ережесі; ойық элементтері мен түрлері; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылысы; шектеулер мен отырғызу жүйесін; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері.
Жұмыс үлгілері
1. Гужондар, тығындар, шпилькалар мен бұрандалы шегелер – саңылау тесу және кейіннен орнату.