Жұмыстың мақсаты



бет3/8
Дата20.05.2022
өлшемі0.56 Mb.
#458336
1   2   3   4   5   6   7   8
МЕТАЛДАР МЕН ҚОРЫТПАЛАРДЫҢ Қаттылығын ӨЛШЕУ для дот каз1 рейтинг (2)

2.5 Тапсырма

Сынақтың нәтижесін келесі кестеге толтыру.


2.2 – кесте Бринелль әдісімен өлшенген қаттылық






п/п

Өлшеу шарты

Ойықтың диаметрі, мм

Қаттылық НВ,
МПа

Шариктің
диаметрі
D, мм

Жүктеме
Р, кгс

Ұстау уақыты
τ, с

1

2

3

1

2

3

Ариф.орташа сан

1
































2.6 Роквелл бойынша қаттылықты (HRA, HRB, HRC) өлшеу


Роквелл бойынша қаттылық – индентордың ену тереңдігіне кері шартты шама. Бұл тәсілмен анықталатын қаттылық HRA, HRB, HRC әріптерімен белгіленетін өлшемсіз шама.
Бұл әдісте индентор ретінде алмасты конус немесе шыңдалған болат шаригі алынады. Бринелль әдісінен айырмашылығы қаттылықты анықтау ойықтың ауданы бойынша емес, тереңдігі арқылы есептеледі. Ойықтың тереңдігі батыру процесі кезінде өлшенетіндіктен сынақты жүргізу жеңілірек. Жүктеме екі кезеңде біртіндеп түсіріледі (МСТ 9013-59): алдымен бастапқы салмағы 10 кгс тең жүктемемен (серіппелік деформацияның әсерін және әртүрлі кедір-бұдырлық ақауларды жою үшін), сонан соң негізгі салмақтағы жүктеме беріледі.

2.4- сурет. Қаттылықты Бринель (а), Роквелл (б) және Виккерс (в) тәсілдерімен анықтау схемасы.

2.6.1 Үлгіні дайындау


Сынақтағы үлгінің беті ақаулардан тазартылып тегістеледі. Үлгінің қалыңдығы инденторден түсетін іздің тереңдігінен 10 есе артық болу керек. ТК типті конусты баспақпен аса қатты, морт сынғыш, болмаса серіппелі металдар мен қорытпалардың қаттылығын өлшеуге болмайды.

2.6.2 Қаттылықты өлшеу шарттары


Өлшеу шарттары сынаққа түсетін үлгінің болжам қаттылығына байланысты 2.2- кесте арқылы тағайындалады.

2.2 кесте. Қаттылықты өлшеу шарттары





Бринелль бойынша болжам қаттылық, кгс/мм2

Межелік

Ұштық

Жүктеме, Н

Жазу белгісі

60-240
240-700
700-900

В
С
А

Болат шаригі
Алмас конусы
Алмас конусы

1000
1500
600

HRB
HRC
HRA

2.6.3 Сынақты жүргізу


Алғашқы жүктеме (10кгс) түскеннен кейін ойықтың тереңдігін өлшейтін индикатор нольге тақалу керек. Соңғы негізгі жүктеме түсіріліп ойық алынғаннан кейін негізгі жүктеме тоқтатылып ұштықтың кіруіне t қарай қалдық тереңдігі өлшенеді. Қаттылықты өлшеу үшін төменгі тұғырына үстел 6 орнатылған Роквелл аспабын қолданады (2.5 сурет). Аспаптың үстіңгі жағында индикатор 4, майлы реттегіш 3 және алмасты конус ұштығы (төбедегі бұрышы 1200, домалану радиусы 0,2 мм) немесе диаметрі 1,588 мм болат шаригі бекітілген соташық 5 орналасқан.






2.5 сурет- Роквелл әдісі бойынша қаттылықты өлшеу аспабының (ТК типті) схемасы.


Индикатор 4 үстіне екі межелік (қара және қызыл) сызылған екі тілді (үлкен және кішкене) циферблаттан тұрады. Үлкен тіл қаттылықтың көрсеткіші, кішісі – тегерініктің 7 айналуынан туындайтын бастапқы түсетін жүктеменің шамасын бақылайды. Сынақтағы үлгі қойылған үстелді, тегерінікті бұрау арқылы, кіші тіл қызыл нүктеге тақағанша көтереді. Бұл кезде ұштық алдын ала түсетін 10кгс тең күшпен үлгіге енеді.
Мұнан соң индикатордың межелігіндегі (циферблаттың шеңберін) үлкен тілді қара межеліктегі нөльмен теңелгенше айналдыру керек. Сонан кейін белгіленген 1 салмақтағы негізгі жүктеме жалпақ бастырмамаен іске қосылады да тілдің айналуы тоқтағаннан кейін Роквелл бойынша қаттылықты көрсететін сан алынады. Тегерінікті сағат тіліне қарсы бағытта айналдырып үстелді төмен түсіреді.
Роквелл әдісімен қаттылықты келесідей өлшеуге болады:
- алмасты конус, жалпы жүктеменің салмағы 150 кгс. Қаттылық С межелігі бойынша өлшеніп HRC деп белгіленеді (мысалы, 65 HRC). Шынықтырылған болаттарды немесе беткі қабатының қалыңдығы 0,5мм астам материалдарды өлшеу үшін жүргізіледі.

  • алмасты конус, жалпы жүктеменің салмағы 60 кгс. Қаттылық А межелігі бойынша өлшеніп HRА деп белгіленеді. Қаттылығы өте жоғары материалдарды және беткі қабаты жұқа (0,3... 0,5 мм) материалдарды өлшеу үшін қолданылады.

  • болат шаригі, жалпы жүктеменің салмағы 100 кгс. Қаттылық қызыл В межелігі бойынша өлшеніп HRВ деп белгіленеді. Жұмсақ (жасытылған) болаттар және түсті қорытпалар үшін жүргізіледі.

Үстелге үлгінің дұрыс қойылуын (түсетін күштің параллель болуы, үлгінің тиянақтылығы) қатты қадағалау қажет. Конуспен өлшеу кездегі ойықтардың ара қашықтықтары 1,5мм-ден, шарикпен өлшеу кезде - 4мм – ден кем болмау керек.

2.6.4 Қаттылықты анықтау


Роквелл аспабы арқылы ұштықтың алдын ала түсіретін жүктемеден түсетін ойықтың тереңдігімен негізгі жүктемеден түсетін ойықтың тереңдігінің айырмасын өлшейді. Индикатордың әрбір қысымы (межеліктің бірлік бөлігі) ену тереңдігінің 2мкм сәйкес. Бірақта Роквеллдің шартты қаттылығы (HR) көрсеткіштегі ену тереңдігін h көрсетпейді, оның конуспен өлшеудегі қара межелік бойынша 100 – h, шарикпен өлшеудегі қызыл межелік бойынша 130 – h шамаларын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет