А и С межеліктері бойынша өлшенген қаттылықтың саны келесі өрнек арқылы есептеледі:
, (2.7)
Мұнда,
HRCЭ – эталонды қаттылық;
hO және h – Р1 күшін алып тастағаннан кейінгі РО күшін сақтаумен Р және РО күшімен ұштықтың ену тереңдігі (2.4 сурет).
В межелігі бойынша қаттылықтың саны келесі өрнек арқылы есептеледі
, (2.8)
Осылай есептелген қаттылықтың саны аспаптың межелігінде көрсетіледі.
Роквелл әдісінде Бринелль әдісімен өлшеудегідей өлшем бірлігі жоқ немесе физикалық мәнімен сипатталмайды, бірақта арнаулы аударма кестенің көмегімен олардың арасындағы қатынасын анықтауға болады.
2.7 Тапсырма
Сынақтың нәтижесін 1.3 кестесіне толтыру керек.
2.3 – кесте. Роквелл әдісімен қаттылықты өлшеу
Металл
таңба сы
|
Межелік белгісі
|
Ұштықтың
түрі
|
Қорытынды жүктеме, кгс
|
Қаттылықты
өлшеу нәтижесі
|
Бринелль бойынша қаттылық
|
1
|
2
|
3
|
Орташа сан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2.8 Бақылау сұрақтары
2.12.1 Қаттылық дегеніміз не және ол материалдың қандай қасиетін сипаттайды?
2.12.2 Бринелль әдісі бойынша қаттылықты өлшеудегі шариктің диаметрі мен жүктеменің салмағын қалай таңдау керек?
2.12.3 Роквелл әдісімен өлшеудің Бринелль әдісінен артықшылығы неде?
2.12.4 Бринелль және Роквелл әдістері бойынша қаттылықты белгілеу.
2.12.5 Роквелл және Бринелль әдістері арасында қандай байланыс бар?
2.12.6 ТШ құралының жұмыс істеу қағидалары және оның мүмкіндік шегі.
2.12.7 ТК құралының жұмыс істеу қағидалары және оның мүмкіндік шегі.
3 СОҚҚЫ ТҰТҚЫРЛЫҒЫН ӨЛШЕУ
3.1 Жұмыстың мақсаты
Металдың соққы тұтқырлығын өлшеумен тәжірибелік танысу және игеру;
Соққы тұтқырлығының өлшем бірліктерімен танысу
3.2 Материалдар мен жабдықтар
3.2.1 МК-30 типті маятникті тоқпақ;
3.2.2 Стандарт бойынша дайындалған үлгілер: жасытылған болат – 1 дана; шынықтырылған болат – 1 дана.
3.2.3 50 –ші таңбалы болат сынықтарының жинағы.
3.3 Теориялық мәліметтер
Бағыты әржақты кернеулердің әсерінен материалдардың морт сынуына бейімділігін көрсететін механикалық қасиеттерді маятникті тоқпақ арқылы анықтайды. Кейбір материалдар соққының әсерінен туындайтын елеулі пластикалық деформацияға ұшырамай шапшаң сынуы морттық аталып, соққы күшіне төзімділік көрсететін және сынуына дейін елеулі пластикалық деформацияланатын материал тұтқыр аталады.
Тұтқырлық – материалдың пластикалық деформациялану кезінде энергияны кері қайтармайтындай сіңіріп алатын металдық қасиеті. Тұтқырлық тікелей өлшенбейді, оның жанама көрсеткішіне соққы тұтқырлығы жатады. Соққы тұтқырлығы маятникті тоқпақпен кертіп салынған тілікшесі бар үлгіні сындыруға жұмсалатын жұмысты бағалайтын механикалық сипаттама.
Бұл сипаттама шапшаң жылдамдықпен түсетін динамикалық (соққылық) күштердің белгіленген факторларының (шоғырланған кернеу, деформация жылдамдығының үдеуі, температураның төмендеуі және т.б.) әсерінен металдар мен қорытпалардың тұтқырлықтан морт күйге ауысуында үлкен орын алады.
Конструкциялық машина жасайтын, көміртекті және легірленген болаттардың басым көпшілігі соққы тұтқырлығымен бақыланады. Соққы тұтқырлығы құрал-саймандық болаттар үшін, әсіресе салқындай және ыстықтай деформацияланатын штампты болаттар үшін маңызды сипаттама. Сынық бетін зерттеу үшін жүргізілетін сынақ маятникті тоқпақ арқылы атқарылады (3.1,а суреті).
Достарыңызбен бөлісу: |