3.4 Соққы тұтқырлығын маятникті тоқпақпен сынау
3.4.1 Үлгіні дайындау
Сынаққа 9554-78 МСТ бойынша ұзындығы 55мм, жақтаулары (10...0,1)мм-ге тең дайындалған (3.2 суреті) үлгілер алынады. Үлгінің сыну жолын бағыттау үшін оның ортасына көлденеңінен тереңдігі 2мм-ге дейін текше, немесе радиусы 1мм-ге тең дөңгелек етіп алдын ала кертпе жасалады. Кертпенің пішіні көзделген сынаққа тиісті U, V, T типтерімен қолданылады (3.3 -суреті). U – жалпы сынақ үшін, V – аса жоғарғы сенімділікті талап ететін материалдар үшін, T – аса жауапты конструкциялардың істен шығуын анықтау үшін.
3.4.2 Соққы тұтқырлығын анықтау
Соққы тұтқырлығы КС, Дж/см2 (кгс·м/см2) келесі өрнек бойынша анықталады:
, (2.1)
мұнда K – үлгіні сындыруға жұмсалған жұмыс, кгм
SO – тілікшелер кертілген жердегі үлгінің ауданы, см2.
3.2.3 Сынақты жүргізу
Сынақты жүргізу үшін стандарт бойынша дайындалған үлгіні маятникпен берілетін соққы күші ондағы кертікке қарама-қарсы жағынан түсетіндей етіп маятникті тоқпақтың тірегіне орналастырады.
а ) 1- маятник, 2- үлгі, 3- межелік, 4- межеліктін тілі
3.1 – сурет. Маятникті тоқпақпен соққы тұтқырлығын сынау схемасы.
Содан соң маятникті (2.1- суреті) жоғары көтеріп бекітеді де, бастапқы көтеру энергиясын (Е1) белгілейді. Маятникті босатып сынақтағы үлгіні сындырады. Үлгі сынғаннан кейінгі маятниктің жеткен жерінен қалдық энергия (Е2) белгіленеді.
Үлгіні сындыруға кеткен жұмысты K, Дж (кгс·м) маятниктің энергиялары айырмасы арқылы анықтайды: Е1 – бастапқы энергия және Е2 – қалдық энергия, К = Е1- Е2
– сурет. Ортасы кертілген стандартты үлгі
а) U-тәрізді тілікше (жалпы қолданыс); б) V–тәрізді тілікше (арнаулы қолданыс); в) T- тәрізді тілікше (аса жауапты дәлдік үшін қолданыс)
3.3 – сурет. Әртүрлі пішінді тілікшелер кертілген үлгілер
Сынақтың нәтижесі бойынша статикалық сынақтар арқылы алынбайтын суыққа сынғыштық, когересынғыштық, жылуға сынғыштық және т.б. қасиеттерін анықтауға болады.
Созымтал, деформацияға бейімді морттық күйге айналуы белгіленбейтін мыс, алюминий және басқа да түсті металдардың қорытпаларын сынау мақсатты ақтамайды. Сонымен қатар құйма қорытпаларын (шойын,магний қорытпалары, т.б) сынауға болмайды, себебі созып сынау кезінде морт сынып кететін материалдарды сынау тиімсіз.
3.1-кесте. Тұтқыр және морт сыну нышандары
Нышаны
|
Бұзылу түрі
|
тұтқыр
|
морт
|
Макро
|
Пластикалық деформация
|
Түрткі болады
|
болмайды
|
Түскен күштің бағыты
|
бұрышы 450
|
бұрышы 900
|
Сынық түрі
|
талшықты
|
кристалды
|
Жүктеме шамасы
|
> σт
|
< σт
|
Микро
|
Сынық түрі
|
шұңғылтым
|
толқынды
|
Бұзылу типі
|
Түйіршіктің ішінде
|
Түйіршікаралық (жиі) түйіршіктің ішінде
|
3.5 Тапсырма
3.5.1 Болаттан дайындалған екі үлгінің (шынықтырылған және жасытылған) соққы тұтқырлығын анықтауға сынақ жүргізу. Сынақтық үлгілердегі кертік U тәрізді және өлшемдері (мм): L = 55,0; В = 10,0; Н = 10; Н1 = 8,0.
3.5.2 Төмендегі (3.2) кестені толтыру.
3.5.3 Сынық түрлеріне 3.1 кестесіне сүйеніп талдау жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |