Жұмыстың мақсаты


Құралды микроскопта сыртқы бұранданың параметрлерін өлшеу әдіснамасы. Жалпы ережелер



бет15/16
Дата07.04.2023
өлшемі5.73 Mb.
#471881
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Зертханалық жұмыстар

9.6 Құралды микроскопта сыртқы бұранданың параметрлерін өлшеу әдіснамасы. Жалпы ережелер

Тілулердің профильдерін, кескіштердің контурларын, қалыптарды және т.с.с айқын салынған, еш нәрсемен бөгелмеген шеттері бар бұйымдарды өлшеу жұмыстарын өтетін жарықта, керекті көздікті бастиекті қолданып және визуалды, яғни көздікке үзбей қарау әдісін қолдану керек.


Егер бақылау бірнеше адамдармен бір уақытта жүргізілуі қажет болса, онда проекциялау әдісін қолданады.
Контурлары өтетін жарықтан қандай да бір шығулармен бөгелген бұйымдарды өлшеуде, белгілеуді тексерген кезде және т.с.с шағылған жарықты қолданады.
Үлкейтуді көру өрісінің шамасына қарап таңдау қажет. Барлық жағдайда, беттің сапасын, дұрыстығын және т.с.с зерттеу талап етілсе, максималды үлкейтумен қолоданған жөн.
Шағылған жарықта жұмыс істегенде, кішкене үлкейтулерде бейненің ашықтығы жоғары болады.
Өлшеулерді өндіру үшін, өлшенетін нысан микроскоптың дөңгелек үстелінде дұрыс орнатылған болу керек, яғни өлшенетін нысанның осі үстелдің жылжу бағытына параллель болу керек. Өлшенетін бөлшекті орталық қысқыштың ортасында 19 орнатып, қысқышпен 20 бекітеді (9.6.1-сурет). Тұтқаны 10 айналдыру арқылы бейнені айқындылыққа бағыттап, тежегіш бұрамамен 12 бекітеді.
Қ ұралды микроскопта өлшеу кезінде, санағыш микроскоптың бұрыштық шкаласын нөлге орнатып, алдын-ала көздіктің торының сызықтық жолағында үстелдің жүрісін түзейді. Микроскоптың көздігінде бақыланатын, бұранданың контуры мен қиылысудың оптикалық бейнелері, үстелді бір шеттен екінші шетіне жылжытқан кезде, көздікті тақтайшаның орталық сызықтық жолағымен сәйкес келу керек.

9.6.1 Сыртқы диаметрді өлшеу.


Сыртқы диаметр кем дегенде екі қимада өлшенеді, қималардың біреуінде сыртқы диаметрді екі бағытта өлшейді (900 бұрышта).
Сыртқы диаметрді өлшеу келесідей жүргізіледі: көздік лимбасын дұрыс орнату үшін сермерді 3 (9.6.2, а-сурет) айналдыру арқылы градустық шкаланың «0»-ін минуттық жылжымайтын шкаланың «0»-мен сәйкестендіру қажет(санағыш микроскоптың көру өрісі 9.6.1 суретте көрсетілген).
Үстелдің 1 көлденең беруі мен сермердің 17 микробұрамасын айналдыру арқылы, 0-0 лимбінің көлденең үзік сызығын (9.6.2, б-сурет) саңылаусыз бұранданың сыртқы диаметрінің жасаушы бетімен (9.6.2, а-сурет) сәйкестендіреді және көлденең (9.6.1-Сурет) микрометрлік бұраманың (9.6.1-сурет) шкаласы бойынша көрсеткіштерді кестеге жазады. Сонан соң көлденең микробұрама 1 (9.6.1 сурет) көмегімен бұрандалы бұрандаманы, бұранданың қарама-қарсы сызық жасаушысын 0-0 лимбасының көлденең сызығымен сәйкескенше жылжытады (9.6.2, б-сурет) және көлденең микробұраманың шкаласы бойынша көрсеткіштерін жазады.

9.6.1-Сурет - Бұрыш өлшегіш көздіктің санағыш микроскобының көру өрісі. 0° 0' шкаласы бойынша санау.


Көрсеткіштердің әртүрлілігі сыртқы диаметрдің d=1 көрс–2 көрс (модуль бойынша) шамасына тең болады. Бұрандаманы ось маңайында 90 градусқа бұрайды және өлшеуледі қайталайды.


Бұранданың сыртқы диаметрінің шамасының орнына өзара перпендикуляр бағыттағы екі өлшеулердің нәтижелерінің орташа арифметикалығы қабылданады:


d=(d(1 көрсеткіш) + d(2 көрсеткіш) )/2 (9.6.1)

Сыртқы диаметрді өлшеу нәтижелерін стандарт(МЕМСТ 8724-81 Өзара алмастырудың негізгі нормасы. Метрлік бұранда. Диаметрлер мен қадамдар /29/ және МЕМСТ 24705–81 Өзара алмастырудың негізгі нормасы. Метрлік бұранда. Негізгі мөлшерлер) бойынша рұқсат етілген салыстырады және жарамдылығы туралы қорытынды береді/30/.


9 .6.2 Бұранданың ішкі диамерін өлшеу.


Метрлік бұранданың бұрандалы калибр-пробкаларының ішкі диаметрінің ауытқуы теориялық ішкі диаметрден аспау керек (жоғарғы ауытқу нөлге тең, шұңқыр пішіні кез-келген). Сондықтан ішкі диаметрді непосредственное өлшеу, тек оның мөлшерін білу қажет зерттеу жағдайларында жүргізіледі.

а) б)

9.6.2-Сурет – Бұранданың сыртқы диаметрін өлшеу.

Бұранданың ішкі диаметрі сыртқы диаметрге ұқсас лимбінің көлденең сызығы мен бұранданың жоғарғы және төменгі бөлігіндегі (9.6.3 а,б-сурет) бұранданың ішкі диаметрінің жасаушысымен(бұранда шұңқырының түбі бойынша) сәйкескенде және аспаптың көлденең шкаласы бойынша санаудың әртүрлігі кезінде өлшенеді. Алдымен көздік торының 0-0 сызықтық жолағы бұранданың бәр жақ шұңқырлар жолақтарымен сәйкеседі (9.6.3, а-сурет). Көлденең микробұрамадан бұранданың шұңқырлары бойынша сызықтық жолақтарды орнатудың көрсеткіштер алынып, 2 кестенің «ішкі диаметр, 1 көрсеткіш» бағанасына енгізіледі. Сонан соң көлденең микробұраманы 1 (9.6.3-сурет) айналдыру арқылы көздік торының 0-0 сызықтық жолағы өлшенетін бұранданың қарама-қарсы жағындағы бұранданың шұңқырларымен сәйкестендіріледі (9.6.3, б-сурет). Сәйкестендіру мәліметтері микробұрамадан 1 алынып (9.6.3-сурет), кестеге «ішкі диаметр, 2 көрсеткіш» бағанасына енгізіледі.


Көрсеткіштердің әртүрлілігі бұранданың ішкі диаметрінің шамасына тең болады d1 = d1 (1 көрсеткіш) – d1 (2 көрсеткіш) (модуль бойынша).
Бұранданың ішкі диаметрі шамасының орнына өзара перпендикуляр бағыттағы екі өлшеулердің нәтижелерінің(d1 (1 мән) и d1 (2 мән)) орташа арифметикалығы қабылданады:

d1 =(d1 (1 мән) + d1 (2 мән))/2 (9.6.2)


Есептеу мәліметтері 2 кестенің «ішкі диаметр, параметр шамасы» бағанасына енгізіледі.



а) б)

9.6.3-Сурет - Бұранданың ішкі диамтерін өлшеу.

Ішкі диаметрдің өлшеу нәтижелерін стандарт бойынша (МЕМСТ 24705-81 Өзара алмастырудың негізге нормалары. Метрлік бұранда. Негізгі мөлшерлер /30/) рұқсат етілген шамаларымен салыстырылады, олар 18 кестенің «ішкі диаметр, МЕМСТ бойынша негізгі параметрлер» бағанасына енгізіліп, жарамдылығы туралы қорытынды береді.


9.6.3 Бұранданың орта диаметрін өлшеу.
Сыртқы бұранданың орта диаметрі болып, бұранданың осіне перпендикуляр өлшенген, бұранда профилінің бір жағындағы қандай да бір нүктесінен профильдің екінші параллель жағындағы қарама-қарсы нүктеге дейінгі қашықтық табылады.
Сыртқы бұранданың орта диаметрін d2 өлшеу әдісі, ортасында бекітілген бақыланатын бұйыммен микроскоп бұранданың осіне перпендикуляр бағытта жылжуымен сипаталады. Көздікті тақтайшаның сызықтары, орам профильдерінің екі параллель диаметрлі қарама-қарсы жақтарына кезекпен түзеледі.
Бұранданың орта диаметрі болып, бұранданың осіне перпендикуляр өлшенетін, орамның шет жақтарының орталарының арасындағы қашықтық(орамның қалыңдығы шұңқырдың еніне тең болатын жер) табылады.
Өлшеу кезінде профиль бейнесінің айқындылығын сермер 14 көмегімен тіреуді еңкейту арқылы орнау керек.
Градустық шкаланың «0»-ін минуттық шкаланың «0»-мен орнату керек (9.6.4 - сурет).



a)

б)

9.6.4 Сурет – Бұрандаманың орта диаметрін өлшеу.


Көздікті бастиектің (лимбісі) ауының қиылысу ортасы үстелдің көлденең 1 және бойлық 16 микробұрама көмегімен, таңдалған профильде бұрандамынң шұңқыр ені шамамен шығудың қалыңдығына тең жерде, бұранданың бір жағында шамамен профильдің ортасында орналастырылады (9.6.4 сурет).
Көздіктің сермері 3 (9.6.4-сурет) және бойлық микробұраманы 16 айналдыру арқылы, аудың тік үзік сызығын, оның қиылысу ортасын және тордың тұтас еңіс сызығын профильдің өлшенетін жағымен сәйкестендіреді, еңіс сызық бұранда профилінің(метрлік бұрандаларғы) еңіс бұрышымен сәйкес келеді, және көлденең миробұрама 1 шкаласының көрсеткіштерін 17 кестенің «орта диаметр, 1 көрсеткіш» бағанасына жазады.
Үстелдің көлденең берудің микробұрамасын 1 айналдыру арқылы, объективте бейнеленген бұранданың бейнесін профильдің қарама-қарсы жағының қиылысу ортасымен аудың тұтас еңіс сызығымен сәйкес келгенге дейін жылжытып, көлденең микробұрама 1 шкаласының екінші көрсеткішін 17 кестенің «орта диаметр, 2 көрсеткіш» бағанасына жазады.
Көрсеткіштердің әртүрлігі орта диаметрді анықтайды:

d2 (1 мәні) = 1 көрсеткіш – 2 көрсеткіш (модуль бойынша).


Орта диаметрді d2 (2 көрсеткіш) өлшеуді профильдің басқа жағы бойынша қайталап, екі алынған мәндерден орташа арифметикалқты аламыз:

d2 =(d2 (1 мәні) + d2 (2 мәні))/2 (9.6.3)


Профильдің оң және сол жақтары бойынша өлшенген сыртқы бұранданың орта диаметрінің өлшеу нәтижелерін, олардың орташа арифметикалық мәнін, 18 кестенің «орта диаметр, параметр шамасы» бағанасына жазамыз, стандарт бойынша(МЕМСТ 24705-81 Өзара алмастырудың негізге нормалары. Метрлік бұранда. Негізгі мөлшерлер /30/) рұқсат етілген шамалармен салыстырады да , оларды 18 кестенің «орта диаметр, МЕМСТ бойынша негізгі параметрлер» бағанасына енгізіліп, сыртқы бұранданың орта диаметрі бойынша жарамдылығы туралы қорытынды береді.


9.6.4 Бұранданың Р қадамын өлшеу.


Қадам бұранда осінің орам профилінің екі көрші біртекті жақтарының арасындағы қашықтықпен анықталады.
Градустық шкаланың «0»-ін минуттық шкаланың «0»-мен орнату керек. Көздікті бастиектің ауының қиылысу ортасын көлденең және бойлық микробұрама көмегімен мөлшермен бұранда профилінің ортасы немесе шығулар бұрыштарының біреуіндегі қандай да бір нүктесіне орнатады(9.8-Сурет, шығу бұрышы арқылы тік түзу үзік 1-1 сызығы өтеді, ал қиылысу ортасы бұранда орамының шығудың оң бұрышымен сәйкестендірілген).
Көздіктің сермерін 3 (9.6.5-сурет) айналдырумен үзік ауды айналдырады және аудың тік үзік сызығын профильдің жағымен саңылаусыз сәйкестендіреді және бойлық микробұрама 16 (9.6.5 сурет) шкаласының бірінші көрсеткішін 18 кестенің «бұранда қадамы, 1 көрсеткіш» бағанасына жазады. Метрлік бұранданың қадамын өлшеу кезінде, аудың тұтас еңіс сызығының біреуін саңылаусыз сәйкестендіруге болады, мысалы бұранда профилінің еңіс жағы бар 2-2 сызықты, (9.6.5 сурет) және де микробұрамадан 16 көрсеткіштер алады.

9.6.5-Сурет - Сыртқы бұранданың қадамын өлшеу.


Үстелдің бойлық берудің микробұрамасын 16 айналдыра, бұранда бейнесінің аудың тік үзікті немесе тұтас еңіс сызығымен(орнатуға байыланысты), немесе көрші біртекті профильдің сызықтық ауының қиылысу ортасымен сәйкес келгенге дейін(мысалы, 2' – 2' немесе 1' – 1' сызығы бойынша) жылжытады, және бойлық микробұрама 16 шкаласының екінші көрсеткішін 18 кестенің «бұранда қадамы, 2 көрсеткіш» бағанасына жазады. Көрсеткіштердің әртүрлігі бұранданың қадамын Р = (1 көрсеткіш – 2 көрсеткіш) (модуль бойынша) анықтайды.


Өлшеулердің дәлдігі үшін, сол өлшеулерді екі орамда профильдің екінші жағында және бірнеше орам қашықтығында қайталайды.
Қадамды бірнеше орам қашықтығында өлшегенде өлшеу аумағын Рn , (P·n) ұзындығымен алады, бұл жерде Р- қадамның номиналды ұзындығы; n – аумақтағы қадам саны.
Рn1 аумағын осылайша өлшейді: көздікке 7 бақылай отыра, микробұрамалармен(микрожұптармен) көру өрісіне орындаушыдан, бұранданың алыс жатқан жағын қояды және көздікті бастиегінің шығыршығымен 3 (9.6.6 сурет) тор сызығының орталығын бұранда шұңқырының оң жағына параллель қалыпқа бұрайды.
Сонан соң бұранданың осы жағынан, бөлшек шет жақтарының біреуіне жақын, бірақ бұранданың кірісінен шықпайтын шұңқырды табады және осы шұңқырдың оң шет жағына, саңылаусыз, сызықтық тордың ортасын тығыздап қояды. Бұл Ι орналасуы болады, бойлық микрожұп 16 (9.6.6 сурет) бойынша Ι-дің бірінші көрсеткішін жазады.


9.6.6 Сурет – Сыртқы бұранда қадамының өлшеу сұлбасы.
Осыдан кейін бөлшекті бойлық микробұрамамен 16 көру өрісінде, бұранданың кірісінен шықпайтын(егер кірістен шығу болса, онда Рn ұзындық аумағын бір қадамға кішірейтеді) , Ι орналасуындағы жаққа параллель, шұңқырдың шеті пайда болғанға дейін, бөлшектің қарама-қарсы жақ шетіне n қадам қашықтыққа жылжытады. Бұл жерде көздікті бастиектің сызықтық ауының ортасын осы жаққа әкеледі – бұл орналасу Ι Ι, және бойлық микробұрама 16 бойынша Ι Ι санауын жазады.
Санаудың абсолюттік шамасы бойынша көптен азды алып, Рn1 аумақ ұзындығын алады. Осыған ұқсас Рn2 аумағын өлшейді.
Рn3 және Pn4 аумақтарын өлшеу: бөлшекті көлденең микробұрама 1 арқылы жылжытып, оны көру өрісінде орындаушыға жақын бұранда профилінің жағы пайда болғанға дейін қозғалтады және Pn1 мен Pn2 аумақ ұзындықтарын өлшеу үшін сипатталған іс-әрекеттерге ұқсас іс-әрекетпен Рn3 және Pn4 аумақтарын өлшейді.
Сонан соң Pаумағының нақты( бұранданың қиғаштығы әсерінен бүлінуден еркін) ұзындығын, осы төрт мәннің орташа арифметикалығындай есептейді:
(9.6.4)

Қадамның нақты мөлшерін анықтайды:


Рд = (9.6.5)

Диаметрі d<3 мм бұрандаларға қадамның нақты мөлшерінің Рд орнына, төрт өлшеудің орташа арифметикалығы қабылданады, ал диаметрі 3 мм-ден көп бұрандаларға, қадамның нақты мөлшерінің Рд орнына екі өлшеудің орташа арифметикалығы қабылданады.


Бұранда қадамының өлшеу нәтижелерін стандарт бойынша (МЕМСТ 8724-81 Өзара алмастырудың негізге нормалары. Метрлік бұранда.Диаметрлер және қадамдар) рұқсат етілген шамалармен салыстырады, және оларды кестеге «бұранда қадамы, МЕМСТ бойынша параметрдің шамасы» бағанасына жазылып, жарамдылығы туралы қорытынды беріледі.
Бұранда қадамының жарамдылығын бағалау үшін оның Δ Рдд–Рномин қателігін тауып, МЕМСТ кестесі бойынша қадам шақтамамен салыстырады. БМИ-да бұранда қадамын өлшеу қателігі 0,005-тен 0,010 мм-ге дейін болады; қадам аз болған сайын, қателік көп болады.

9.6.5 Бұранда профилінің бұрышын өлшеу.


Сыртқы бұранда профилінің а бұрышын, профильдің оң және сол жақтарына бөлек өлшенген, бұрыштың жартыларының а/2 жиыны түрінде алады, мысалы aΙ /2 жәнеаΙΙ /2, содан кейін а = а1/2 + аΙΙ /2 –ні бұрыштың дұрыстығын тексеріп қана қоймай, бұрыштың осіне қатысты профиль бұрышының биссектрисасының перпендикулярлығын тексеру үшін де табылады (9.6.7 сурет).
Профиль бұрышының жартылары екі орамда және олардың әрқайсысы профильдің екі жағынан(сол және оң жартысы) тексеріледі, яғни аΙ /2; аΙΙ /2; аΙΙΙ /2; аІV /2 (Ι, ΙΙ, ΙΙΙ, ΙV – өлшенетін бұранданың орам профилінің белгіленуі), 9.6.7 суретте көрсетілген.
Әрбір жартыны бірнеше рет өлшеу қажет.

9.6.7 Сурет –Бұранданың профиль бұрышының жартысы өлшеу сұлбасы.

9.6.5.1 аΙ /2-ні өлшеу (сол жақ профильдің оң бұрышы) (9.6.8 a, б-сурет).
Көздіктің сермер 18 көмегімен градустық шкаланың «0»-ін минуттық шкаланың «0»-мен (нониустық шкала) сәйкестендіреді.
Үстелдің бойлық 16 және көлденең 1 микробұрама көмегімен, тордың(лимбаның) қиылысу ортасын бұранданың сол жақ профилінің шеткі оң нүктесімен сәйкестендіреді. Бұл кезде көздік торының көлденең үзік сызығы сыртқы диаметрінің жасаушысымен саңылаусыз сәйкес келу керек. Осы қалыпта тік сызықтық жолақтың мәні 0°0' сәйкестелу қажет(немесе 360°0').
Көздіктің сермерін 3 лимбінің орта тік үзік сызығын (1-1, 9.6.8, а-сурет) сол жақ профильдің оң жағымен (9.6.8, б-сурет) сәйкестендіреді және санауыш микроскопте 6 тік сызықтық жолақтың бұрылу бұрышының көрсеткішін жазамыз. Санауыш микроскоптан 19 кестенің «сол жақ профильдің оң бұрышы» бағанасына нониус шкаласының (9.6.8 суретте 329° цифрасы) шегінде жатқан сызық бойынша градус сандарын, сонан соң градустық сызықпен сәйкескен минуттық сызық бойынша минут санын жазады (9.6.8 суретте минуттық сызық 32' цифрасына сәйкес келеді) .

Ι

Ι


а) б)


ΙΙΙ

ΙΙΙ

Болт

в)

г)
9.6.8 Сурет - Бұрыш өлшегіш көздіктің санауыш микроскобының көру өрісі. Шкала бойынша санау 329° 32'.

9.6.5.2 аΙΙΙ /2-ні өлшеу (оң жақ профильдің сол бұрышы) (9.6.8 в, сурет).


Санауыш микроскопта градустық шкаланың «0»-ін минуттық шкаланың «0»-мен сәйкестендіреді.
Бойлық 16 және көлденең 1 микробұрама көмегімен көздік торының қиылысу ортасын бұранданың оң жақ профилінің шеткі сол нүктесіне орнатады. Тордың(лимбаның) көлденең үзікті сызығы сыртқы диаметрінің жасаушысы бойынша саңылаусыз өту керек. 1-1 орталық сызықтық жолақтың (9.6.8, в-сурет) орналасуы 0°0'-қа (немесе 360°0') сәйкес келеді. Көздіктің сермерін 3 айналдырумен тік үзік сызықты оң жақ профильдің сол жағымен сәйкестендіреміз (9.6.8, г-сурет) және аΙ /2-ні өлшегендей санауыш микроскоптағы бұры көрсеткіштерін 19 кестеге жазамыз.
Өлшеу кезіндегі алынған мәнді 360 градустан аламыз (немесе 0 градустан) және аΙΙΙ /2 = (360 градусов – ΙΙΙ көрсеткіш) бұрыш мәнін аламыз, оны 19 кестенің «оң жақ профильдің сол бұрышы» бағанасына жазамыз.

9.6.5.3 аΙΙ /2-ні өлшеу (сол жақ профильдің оң бұрышы).


Санауыш микроскопта градустық шкаланың «0»-ін минуттық шкаланың «0»-мен сәйкестендіреді.
Көлденең берудің микробұрамасы 1 көмегімен бұрандалы бөлшекті, бұрандалы бейненің қарама-қарсы жағы көздік торының көлденең үзікті сызығымен саңылаусыз сәйкес келгенге дейін жылжытады.
Бойлық 16 және көлденең 1 микробұрамалар көмегімен көздік торының қиылысу ортасын бұранданың сол жақ профилінің шеткі оң нүктесіне орнатады (ΙΙ, 9.6.8 сурет). Бұл кезде аудың(лимбаның) көлденең үзікті сызығы сыртқы диаметр жасаушысының бойымен саңылаусыз өту керек.
Орталық сызықтық жолақтың орналасуы 0°0'-қа (немесе 360°0') сәйкес келеді.
Көздіктің сермері көмегімен аудың тік сызығын сол жақ профильдің оң жағымен сәйкестендіріп, санауыш микроскоптағы көрсеткішті 9.6.1 кестеге жазамыз.
Өлшеу кезінде алынған мәнді 360 градустан алынады және аΙΙ /2 бұрышының мәнін тауып, оны да 9.6.2 кестеге енгіземіз.

9.6.5.4 аΙV /2 бұрышын өлшеу (оң жақ профильдің сол бұрышы).


аΙΙ /2 өлшеуіне ұқсас өлшеймыз. Градустық шкаланың «0»-ін минуттық шкаланың «0»-мен сәйкестендіреміз. Көлденең берудің микробұрамасы 1 көмегімен көздік торының қиылысу ортасын бұранданың оң жақ профилінің шеткі сол нүктесіне орнатады. Бұл кезде тордың(лимбаның) көлденең үзікті сызығы сыртқы диаметр жасаушысының бойымен саңылаусыз өту керек. Көздікте орталық сызықтық жолақтың орналасуы 0°0'-қа (немесе 360°0') сәйкес келеді.
Сермерді айналдыра көздік торының тік сызығын оң жақ профильдің сол жағымен сәйкестендіріп, бұрыш көрсеткіштерін жазып аламыз. Өлшеу кезінде алынған мәнді 360 градустан алынады және аΙΙ /2 бұрышының мәнін тауып, оны да 9.6.2 кестеге енгіземіз.
Бұрыштың әрбір жартысының нақты шамасы болып келесі формула бойынша анықталатын, осы жақта жүргізілетін барлық өлшемдер нәтижелерінің орташа арифмтикалық мәні есептеледі:


;





қателігінің орташа мәні: тең
бұл жерде қателіктер
;



Метрлік цилиндрлік бұранда үшін

9.6.1-Кесте – Сыртқы бұранданың сызықты параметрлерін өлшеу нәтиелері:





Параметрі



Параметрдің белгіленуі

Өлшеу көрсеткіштері

Параметр шамасы

МЕМСТ бойынша параметр шамасы

Қателік %

1көр

2көр

Сыртқы диаметр



















Ішкі
диаметр



















Орта
диаметр



















Бұранданың қадамы



















9.6.2 -Кесте – Сыртқы бұранданың бұрыш параметрлерінің өлшеу нәтижелері.





Бұрыш аталуы

Бұрыштың белгіленуі

Өлшеу нәтижелері

Бұрыш шамасы

Қателік

Оң жақ профильдің оң бұрышы













Оң жақ профильдің сол бұрышы













Сол жақ профильдің оң бұрышы













Сол жақ профильдің сол бұрышы















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет