Жұмысты орындаған: Алдыбаева А


педагогикалық –психологиялық қолдау және оның модельдері



бет3/5
Дата02.01.2022
өлшемі29.7 Kb.
#454012
1   2   3   4   5
сөж инклюзив

2.2.педагогикалық –психологиялық қолдау және оның модельдері

Психологиялық-педагогикалық қолдау «балаға, оның отбасына және педагогтарға көмек көрсету, оның негізінде өзекті проблеманың шешу жолын таңдауда дамыту субъктінің барынша бостандығы мен жауапкершілігін сақтау; педагогтар, психологтар, әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің күшін біріктірумен қамтамасыз етілетін мультипәндік әдіс болып табылады. /4. 35/ Психологиялық-педагогикалық қолдау–бұл білім беру процесінің жағдайында туындаған проблемаларды шешуде белгілі бір даму кезеңінде көмек көрсетуге бағытталған технология, балаға көмек берудің ерекше түрі деп атады. Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінде қолдаудың әр түрлі модельдері әзірленіп, оның инфрақұрылымдары қалыптастырылуда. Оған психологиялық педагогикалық және медициналық-әлеуметтік орталықтар, мектептегі қолдау қызметтері, кәсіптік бағдарлау орталықтары, психологиялықпедагогикалық қолдау, психологиялық-педагогикалық қолдаудың ресурстық орталықтары, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, сенім кабинеттері жатады. Қиын жағдайдағы баланың дамуын әлеуметтік-педагогикалық қолдау қарым-қатынастарды қолдау, яғни оларды дамыту, түзету, қалпына келтіру ретінде қарастырылуы мүмкін. Қазіргі таңда «әлеуметтік-педагогикалық қолдау» түсінігі кеңінен қолданылады.Бұл әлеуметтік педагогикалық қолдау бойынша маман тек диагностика, кеңес беру, түзету әдістерін меңгеріп қан қоймай, проблемалы жағдайларды жүйелі талдау, оларды шешуге бағытталған әрекеттерді бағдарламалау және жоспарлау қабілеті болу керек./ 5. 58б/ Білім беру мекемелеріндегі жеке сүйемелдеудің негізгі кезеңдері. Баланың дамуын сүйемелдеудің бірінші кезеңі ретінде бала туралы ақпаратты жинақтау шығады. Екінші кезең – алған ақпаратты талдау. Үшінші кезең – бала, педагог, ата-аналар, мамандар үшін ұсыныстарды бірлесе түзу: әрбір «қиын» білім алушы, тәрбиеленуші үшін кешенді көмектің жоспарын түзу. Төртінші кезең – сүйемелдеуге қатысушылардың барлығына бала қиыншылықтарын шешудегі жолдар мен амалдар туралы кеңес беру. Бесінші кезең – қиыншылықтарды шешу, яғни сүйемелдеудің әрбір қатысышуысымен ұсыныстардың орындалуы. Алтыншы кезең – орындалған ұсыныстардың сүйемелдеудің барлық қатысушыларымен талдануы (Неге қол жеткізілді? Неге қол жеткізілмеді? Не себептен?) Жетінші кезең – бала дамуын талдауды жалғастыру (Келешектер не істейміз?) Бұл шарттың барлығы шартты, өйткені әрбір баланың өз қиыншылықтары бар және оны шешуде жеке бір көзқарас қажет болады

Күтілетін нәтижелер:


  • Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға көмектеседі;

  • Оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

  • Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;

  • Оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

  • Оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;

  • Ерекше білімді қажет ететін оқушыларды сенсорлық және сенсомоторлық дамытады;

  • Қол моторикасын жетілдіреді;

  • Эмоциялық ерік саласын түзетеді және жетілдіреді;

  • Қарым қатынас дағдыларын қалыптастырып және әлеуметтік бейімдеу жұмыстары жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет