Жүнісова Д. К., Дербісалина Г.Ә



Pdf көрінісі
бет42/76
Дата04.05.2024
өлшемі1.55 Mb.
#500541
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76
Пациенттерді оқыту

~
 
56 ~
және жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін бар күштерін салуға 
шақырыңыз.
- Егер ауыр асқынулар мен госпитализация қажеттілігі 
туындаса, ауруханада болуға байланысты дағдылар туралы ақпарат 
беріңіз. Пациентті және оның отбасын анағұрлым қарқынды емдеу 
мүмкіндігі туралы хабарлаңыз (мысалы, диализ, трансплантация, 
ампутация).
- 1 типті қант диабетімен ауыратын пациенттің өміріндегі 
эмоционалды және психоәлеуметтік аспектілерді талқылауға 
шақырыңыз, пациенттің алдымен қандай ақпаратты бірінші кезекте 
білгісі келетінін, оның ішінде шешім қабылдаған кездегі емдеу 
тәсілдерін қамту керектігі туралы таңдауды пациенттің өзіне 
қадырыңыз. Ересектерді оқыту кезінде жеке талқылауды қажет ететін 
жағдайларды (мысалы, қант диабетімен байланысты жыныстық және 
репродуктивті 
проблемалар) 
рұқсат 
етілмеген 
адамдардың 
қатысуынсыз қарастырыңыз.
• Жақсы нәтижеге жету үшін әртүрлі сабақ жүргізу / оқыту 
стратегияларын қолданыңыз: 
- Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына үйрету өте маңызды. 
Оқу процесін мүмкіндігінше үйде және нақты етіп жасаңыз. 
Пациентке қауіпсіз және қолайлы ортада әрекет жасау үшін 
жеткілікті уақыт беріңіз. Қиын жағдайда пациент белгілі бір мәселені 
шешуі үшін «не болады егер» сұрақтарын біріктіріңіз, ықпалдаңыз 
(мысалы, «егер операциядан бұрын ораза ұстау керек болса», «егер 
түнде суық машинада инсулинді қалдырып кетсеңіз не болады», 
«егер сіз түнгі ауысымда жұмыс жасайтын болсаңыз және инсулин 
кестесін өзгерту керек болды»)
- Бүгінгі таңда интернет-ресурстар қант диабетімен ауыратын 
пациенттердің көпшілігіне қол жетімді, дегенмен медицина 
қызметкерлері Интернеттегі ақпараттың құндылығы туралы 
келіспейді. Ал көмектесетін стратегиялардың бірі – пациенттерге 
сенімді, өзекті және түсінікті ақпарат ұсынатын веб-сайттардың 
тізімін беру. Пациенттер мен мамандарға арналған ресурстарды мына 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет