~
60 ~
2 типті қант диабетімен ауыратын пациенттерді оқыту қалай
жүргізіледі?
Пациентті оқытуды қолдау үшін әртүрлі оқу және ынталандыру
іс-шаралары (мысалы, тікелей оқыту, интерактивті диалог, телефон
байланысы, жазбаша ақпараттық/ баспа материалдар, электрондық
пошта, Интернет және басқа компьютерлік технологиялар, DVD /
видео және аудио жазбалар, қолдау топтары, демонстрациялар, өзін-
өзі қолдау топтары) пайдаланылуы мүмкін.
2 типті қант диабетімен ауыратын пациенттерді оқыту қай жерде
жүреді?
2 типті қант диабетімен ауыратын пациенттерді оқыту, әдетте,
жедел медициналық көмек көрсету, шұғыл көмек көрсету
бөлмелерінде немесе ауруханада болады.
2 типті қант диабетімен ауыратын пациенттерді кім оқытады?
Қант диабеті туралы білімді денсаулық сақтау мамандары
(мейіргерлер,
дәрігерлер,
фармацевттер,
диетологтар,
физиотерапевттер) ұсынуы керек және медициналық персоналды
қолдау үшін өкілеттік берілмеуі керек.
2 типті қант диабетімен ауыратын пациенттер мен оның
отбасы үшін оқытудың нәтижесі қандай болу керек?
Қант диабетін тиімді оқыту 2 типті қант диабетімен ауыратын
науқасқа көмектеседі және оларға мүмкіндік береді:
• 2 типті қант диабеті диагнозын және оның салдарын жақсы
түсіну
• Емдеудің нұсқаларын нақты қарастыру (мысалы, диета,
физикалық жаттығулар, диабетке қарсы пероральді құралдарды
қолдану, инсулинмен емдеу терапиясы), қауіптері мен пайдасы,
емдеуші дәрігермен бірлескен шешім қабылдауға қатысу;
• өзін-өзі күтуге қажетті дағдыларды дамыту: қандағы глюкоза
мөлшерін өзіндік бақылау, диабетке қарсы препараттарды пероральді
қабылдау, инсулинді тері астына енгізу, инсулин сорғысын қолдану,
теріні дұрыс күтіп ұстау, аяқты үнемі тексеріп отыру.
|