~
34 ~
пациенттер көп қаныққан майлар мен аз талшықты тұтынуды
жалғастырды және физикалық белсенділіктің ұсынылғанға қарағанда
төменгі деңгейіне ие болды (McAleer et al., 2016).
• Қан қысымын өзін-өзі бақылау көбінесе ЖҚА бар науқастарға
ұсынылғанымен, бұл тәжірибені растайтын дәлелдер түсініксіз. 52
салыстырмалы зерттеудің жүйелі шолуларының авторлары қосымша
қысымсыз өзін-өзі бақылау (мысалы, телеконсультация, мінез-
құлықты басқару, күнтізбелік функциясы бар дәрілерді орау) әдеттегі
емдеумен салыстырғанда артериялық қан қысымының төмендеуіне
әкелетінін анықтады; дегенмен, бұл тәжірибенің ұзақ мерзімді
пайдасы белгісіз болып қалады (Uhlig et al., 2013).
Инсультпен ауыратын науқастардың көптеген отбасы мүшелері
жақындарының өмір сүру стратегиясы мен өмір сүру деңгейіне
алаңдайды, ал мейіргерлер көбінесе пациент ауруханадан шыққаннан
кейін ары қарай қауіпсіз басқаруға, инсульттан кейінгі қауіп
факторлары мен патофизиологиясына көңіл бөледі. Сондықтан
мейіргерлер икемді, әрі пациенттің және оның отбасының
қажеттіліктеріне бейімделуі керек. Медициналық қызметкерлердің
пациентке күтім жасауы кезінде отбасы мүшелері үшін стресстің
болуын түсінуі қажет және пациентті де, оның жанұясын да қолдауды
қажетсінуі маңызды (Cameron, 2013 г.).
Денсаулыққа деген сенім модельдеріне негізделген білім беру
қызметі жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастардың білімін,
көзқарасы мен мінез-құлқын жақсартуға көмектеседі.
• Жалпы халық үшін кеңес беру, пайдалы тамақтану мен
физикалық белсенділікті насихаттаудың пайдасы шамалы. АҚШ-тың
алдын-алу қызметтері тобы жасаған жаңа мәлімдемеде дәрігерлер
пациенттерге іріктеп кеңес беруді және жүрек-қан тамырлары
қаупінің факторлары, пациенттердің өмір салтын өзгертуге
дайындығы, әлеуметтік қолдау және қауымдастық ресурстары,
алдын-алу стратегиясының басымдықтары сияқты мәселелерді
мұқият қарастыруды ұсынады (LeFevre, 2014).
|