~
69
~
• Қолайлы оқыту стилі
- пациенттер – бұл визуалды немесе тактильді қабылдау қабілеті
бар білім алушылар, олар есту арқылы үйрене алады (мысалы, 2 типті
қант диабетімен ауыратын басқа адамдардың өзін-өзі басқару
тәжірибесі туралы әңгімелерін тыңдау), көру арқылы (мысалы,
мейіргерді қарап отырып, ауыр гипогликемия кезінде глюкагонның
енгізілуін көру) және әрекет арқылы (үйде қолдану үшін арнайы
жасалған қандағы глюкоза мөлшерін өлшеуге
арналған глюкометрді
мейіргердің бақылауымен қолдану).
• пациент пен отбасы анықтайтын оқыту басымдықтары:
- егер пациенттің / отбасының басымдықтары мен медицина
қызметкерінің мақсаттары арасында сәйкессіздік болса, бұл
сәйкессіздіктің не себепті болғанын анықтау қажет.
• Оқу кедергілері
- Кедергілер ретінде есте сақтау қабілетінің бұзылуы немесе
когнитивті (танымдық) мәселелер;
оқудағы қабілетсіздік; физикалық
шектеулер; тіл мәселесі; төменгі сауаттылық; есту, көру немесе
сөйлеу
қабілетінің нашарлығы; қаржылық қиындықтар; науқастың
(отбасының) мәдени, психоәлеуметтік немесе эмоционалдық
мәселелері болуы мүмкін.
- Оқытудағы кедергілерді медициналық қызметкер сұхбаттасу
арқылы, пациент стационарға түскен
кезде және физикалық және
психикалық тұрғыдан бағалау кезінде, кезек-кезек емдеу барысында
бағалайды.
- 1 типті қант диабетімен ауыратын науқастардың көру
қабілетінің бұзылуын бағалау керек, бұл жағдайда үлкен
баспа
материалдары мен бейімделгіш құрылғылар қажет болуы мүмкін
(мысалы, сөйлейтін глюкометр, инсулині бар шприцтерді дайындауға
арналған үлкейткіштер).
- 2 типті қант диабетімен ауыратын науқастарда депрессияның
пайда болу қаупі жоғары; депрессия денсаулық сақтау мен білім
алуға кедергі болуы мүмкін, сонымен қатар науқастың өзін-өзі
басқаруға деген құлшынысын төмендетуі мүмкін.