~
71 ~
• Оқытудың (оқудың) жоспарланған тәсілдерін алдын ала
жоспарлаңыз, бірақ икемді болуға және пациенттің өзгеріп отыратын
қажеттіліктері мен тілектері негізінде ақпаратты дербестеуге дайын
болыңыз [45].
• 2 типті қант диабетімен ауыратын пациенттерді және оның
отбасы мүшелерін уақытылы және қажетті ақпарат беру арқылы
ынталандырыңыз, әсіресе егер пациентке алдымен 2 типті қант
диабеті диагнозы қойылса, өзін-өзі бақылау дағдыларын үйрену ең
алдымен басымдыққа ие. Бұл дағдыларға, әдетте, қан құрамындағы
глюкоза мөлшерін бақылау, гипогликемияны бақылау және емдеу,
сондай-ақ дәріні қауіпсіз енгізу стратегиялары кіреді.
- Әр препарат үшін дәрілік препараттың атауын, тағайындалуын,
дозасын және ықтимал жанама әсерлерін қарап шығыңыз.
- Егер пациент өзін-өзі күтуге қажетті дағдыларды орындай
алмаса, отбасы мүшелері немесе үйде күтім жасайтын қызметкерлері
пациентке уақытша қолдау көрсете алады.
- Пациент және оның отбасы оқытуға дайын болып көрінген
кезде, өзін-өзі басқаруға, жеке күтімге (мысалы, дұрыс тамақтану,
физикалық белсенділік, гликемиялық бақылау және мониторинг,
дәрі-дәрмектерді
қабылдауды
реттеу,
проблемаларды
шешу
дағдылары, қауіп-қатерлерді азайту және өмір сүру стратегиялары)
көңіл бөле отырып, жан-жақты оқыту бағдарламасын беріңіз)
- Пациент өзін-өзі күту және емдеу дағдыларын орындай
алатынына сенімді болған кезде, оған 2 типті қант диабетімен
байланысты асқынулардың қаупін азайту стратегиясын үйретіңіз
(мысалы, артериялық қан қысымын үнемі тексеріп отыру,
липидтердің деңгейін бақылау, ойық жаралар мен жарақаттарға баға
беру, окулисттен жүйелі түрде кеңес алу).
– Егер ауыр асқынулар мен госпитализация қажеттілігі
туындаса, ауруханада болуға байланысты дағдылар туралы ақпарат
беру керек.
• 2 типті қант диабетімен ауыратын пациенттің жағдайын
тұрақтандыру кезінде, мысалы, егер науқаста қандағы глюкоза
|