ЖоЈарылату курсыныЎ †ту ајпараты



Дата03.07.2016
өлшемі24.5 Kb.
#175819
ЖоЈарылату курсыныЎ †ту ајпараты

С.М. атындаЈы гимназия мґЈалiмi

Бекбосынова Нүрзипа Сартайқызы
Мен Бекбосынова Нүрзипа Сартайқызы 2006 жылы 9 тамызбен 11тамыз аралығында Білім жетілдіру институтында «Жаңа буын оқулықтарын енгізу үрдісін басқару. 10-шы сынып» атты арнайы курсында оқыдым.

Оқу 9 тамыз күні сағат 1300 – де басталды. Ол күні облыстық білім беру департаментінің биология – химия пәндерінің әдіскері Дядечко Валентина Юрьевна сабақ өткізді. Валентина Юрьевна 2005 – 2006 оқу жылдарындағы биология пәнінің жағдайымен, көрсеткіштерімен, жетістіктерімен таныстырды.

2006 жылғы ҰБТ – ның көрсеткіштерімен таныстырып, соның ішіндегі биология пәні туралы айтты. Облыс бойынша биологиядан олимпиадаға қатынасқан мектептерді атап өтті.

ІІ-ші сабақта «12 жылдық білім беру» туралы және «Белгілі бір бағытта оқыту» не үшін керек, оның маңызы туралы дәріс сабақ жүргізді.

«Белгілі бір бағытта оқытудың» мақсаттарымен таныстырып, екі бағыт болатынын айтты. Олар «Жаратылыстану-математикалық бағыт» және «Қоғамдық-гуманитарлық бағыт». Жаратылыстану-математикалық бағытқа математика, физика, география, биология, химия, ал гуманитарлық бағытқа: тілдер және тарих жатады деп көрсетті.

Мектеп екі түрлі бағытта болуы мүмкін: бір бағытты (монопрофильді) немесе көп бағытты (полипрофильді). Мектепте оқушылардың қалауы бойынша курстар жүргізілуі тиіс (элективные курсы). Бағытталған сыныптарға қабылдау ережесімен таныстырып өтті, - оқушының саны қалада – 25 оқушы, ауылда – 20 оқушы бір сыныпта болу керек.

2008 жылдан бастап 12 жылдық білім беруге көшетінімізді айтып өтіп, себептерін атады:


  1. Оқушылардың денсаулығының нашарлауы;

  2. Мектеп бағдарламасының қиындап кетуі;

  3. Бәсекеге қабілеттілігі төмен; т.б.

12 жылдық білім берудің мақсаттарымен таныстырып өтті. 10-шы тамыз күні сабақ сағат 900 дан басталды. Бұл күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы Аян Сұлтанқызы дәріс берді. Ол «Жалпы биология» курсы бойынша қиын тақырыптарға тоқталып, тереңірек түсіндіріп өтті. Соның ішінде: «Жасушадағы зат алмасу», «Энергетикалық алмасу», «АТФ синтезі», «Лимон қышқылының айналымы», «Пластикалық алмасу», «Ақуыз биосинтезі». Жасушаның митоздық және мейоздық бөлінулеріне тоқталып, айырмашылықтарын ерекше атап өтті. Аян Сұлтанқызы ІІІ-ші сабағында түгел «Генетика негіздеріне» тоқталып, Мендельдің, Морганның заңдарын тереңірек түсіндіре отырып қайталап шықты және есептер шығарылды.

11-ші тамыз күні – сабақ. «Тұқымқуалаушылықтың молекулалық негізі» бойынша есептер шығарумен басталды. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуіне есептер шығарылды. Соның ішінде: эпистаз, полимерия, комплементарлық. Содан соң адам генетикасына тоқталып, оны зерттеу әдістерімен таныстырды, хромосомалық аурулардың түрлері мен себептеріне тоқталды.



2-ші сабақта. Мұғалімдерден пән бойынша 30 сұрақтан тұратын, 35 минутқа тест берілді. Содан соң тестің нәтижесімен таныстырып, сауалнама алумен аяқталды.

Курс мазмұнды өтті, ұнады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет