Жоба Ахметов



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата05.02.2024
өлшемі174.31 Kb.
#490813
1   2   3   4   5
Жоба Ахметов




Негізгі бөлім 
Бүгінгі айтыс 
Ал «бүгінгі айтыс» ше? Бүгінгі айтыс - жаңа заманның жаңаша 
айтысы. Мінезі де, тілі де, талғамы да басқаша. Екпіні-дауыл, 
күші-жойқын, шабыты-тасқын, ғарыштық жылдамдықпен төгетін 
«дарындар» өсіп шықты. Естіп отырғандарын қорытып, сіңіруге 
үлгірмей өң мен түстің арасында отырғандай күй кешеді 
тыңдаған жұрт. Шоуға айналған айтыстың ішкі-сыртқы келбеті 
өзгеріп, басқа арнамен кетіп барады, бірақ тірі əйтеуір. «Шоуға 
айналған» деуіміз де негізсіз емес. Оған дəлел қайбір жылдары 
өткен «Жұлдыздар айтысады» шоу-айтысы. Отандық 
телеарналардан берілген əншілермен, əзілкештермен, 
айтыскерлермен болған сол бір шоу-айтысты айтыссүйер 
қауымның елегізіп отырып, көргені анық. «Айтыс ұлтты 
тəрбиелейді, қоғамға сүбелі ой салады» дейміз, бірақ, сол 
кездердегі(мысалы, сол бір 2014, 2016 жылдардағы шоу-
айтыстың бейнетаспалары ғаламторда əлі бар) айтысты көрсеңіз, 
айтыс па, əзілкештердің бағдарламасы ма, не көріп 
отырғаныңызды аңғара алмай қалатын дел-сал күйде боласыз. 
Жарайды, айтыс ойын-сауыққа құрылған, онда астарлап əзіл 
айтса да болады, шындықтың өзін ирония түрінде, сатира түрінде 
айтуға болады делік. Тіпті, айтыс тарихын зерттеген жазушы 
Мұхтар Əуезовтың айтысқа берген анықтамасында: «Басқа 
жұртта өлең болса, мұншалықты мол болып етек алып жайылған 
емес. Анда-санда кездесетін шашыраған өлеңдер сияқты 
көрінеді. Мысалы: ескі француз əдебиетіндегі тенсондар, 
бұлардың түрі қазақ айтысына ұқсайды. Онда да екі ақын көп 
жиынның алдында сөз жарыс жасайды. Айтыстың өзге өлеңнен 
айырмасы: суырып салма өлеңдермен айтысатын болса
тенсондарда сондай, жанынан шұғылдан шығарылған ауызша 
өлеңдер. Айтысатын сөздері де кейде қазақ айтысында кездесетін 
білім талас сияқты, жұмбақ пен ой тартысы болады. Мəселен, 
кейбір тенсондар "адам қауымында əйелдің қандай бағасы бар" 
деген жайға арналған. Француз əдебиетінен басқа, ескі араб 
əдебиетінде "Мұғалла хат" деген өлеңдер болған, бірақ бұл нағыз 
айтыс емес, көбінесе өлең жарысы сияқты. Бұрынғы замандағы



жəрмеңкедей ұлы жиында көп ақынның бір тақырыпқа айтқан 
жарысы, өлеңдері көптің сынына түсіп, соның ішіндегі ең жақсы 
жəрмеңкенің ең жиын, ең қызулы жеріне жібекке жазылып, ілініп 
қойылатын. Сондықтан "Мұғалла хат" деп – ілулі өлеңдер 
аталған. 
Міне, өзге жұрттың əдебиетінде айтыс өлеңдердің осы сияқты 
түрлері болғаны рас. Бірақ мұның бірде-бірі қазақ айтысындай 
көпке тарап, көп жұрттың барлығын бірдей ермек қылатындай 
болған жоқ. Қазақтікі сияқты əдебиет тарихының бөлімі болуға 
жарайтындай болып етек алып тараған емес. Қазақтың кəрі, 
жасындай айтысты қызық көріп қызуланып, тегіс өнер қылып, 
жалпақ ел ұстанған емес. Қазақтағы айтыс əдебиет бөлімі 
болудан басқа ел тартысының бұрынғыдан келе жатқан театры 
сияқты көпке бірдей қызық беретін жиын сауығы болған» -деп 
жазылған(М. Əуезов «Айтыс өлеңдер»). Яғни, «айтыстың» өзі 
тек қазақ ұлтында ғана емес, негізгі мазмұны мен шарты 
сақталған өлең жарысы күйінде франнцуздарда да, араб 
əдебиетінде де кездесетіні жөнінде дерек келтірілген. Бірақ 
бəрінен бұрын қай өнерді болмасын сақтап тұрған оның 
аудиториясы екені мəлім. Сол себепті, айтысты қазақтікі етіп 
тұрған оның көрермендері екені де анық. Осы жерден кілт 
тоқтап, мына бір жайтқа мəн беруді жөн көрдік. Көбіне 
айтыссүйер қауымның кез келген өкіліне айтыс туралы сыни 
пікіріңізді айта қалсаңыз, «оны халықтың бəрі көреді, халыққа 
сын айтпақшысың ба?» дегендей жаңсақ жауап қайтарып 
жататыны жасырын емес. Əрине, «халық дегеніміз – қандай да 
бір аумақта тұрақты дамыған немесе бүкіл жер шарын жайлаған 
адамдар жиынтығы» делінген анықтамалық сөздікте. «Біздің 
халық» деген сөз айтылса, оның құрамына Қазақстанда тұратын 
адамдар жатады. Ал «халықтың барлығы(басым көпшілігі) дерлік 
айтыс көреді» дей аламыз ба? Бұл жерде «халық» деуден гөрі 
«аудитория», «публика» сөздерін қолданған ұтымдырақ. Яғни, 
айтыс тыңдайтын, көретін, еститін, қабылдайтын белгілі бір топ. 
Демек айтыстың жалпы, қоғамнан бұрын оның тұрақты



тыңдармандарына əсер ететіні белгілі. Əлемдік өлшеммен 
қарасақ, біздегі өнер түрлері(мүсін өнері, əн өнері, проза не 
поэзия, т.б) өзге елдермен бəсекеге түсуге қабілетті болуы 
мүмкін. Былайша айтқанда, түздегі қазақ баласы шынайы 
өнерімен, еңбегімен əлем жұртшылығын аузына қаратып, өз 
елімізді өзге елге таныта алады делік. Ал айтыстың(түркі 
халықтарына ортақ бола тұра) əлемдік көште орны бар ма? Егер 
айтысты «сала» ретінде қарасақ, журналистиканың балама 
саласына айналып кеткен жоқ па? Кез келген өнерді ұстап 
тұратын оның «аудиториясы» дедік.Тағы да күмəнді сұрақ... 
Айтысты тұрақты көретін аудиторияның сауаты қаншалықты 
деңгейде? Бүгінгі айтыс тек тұрмыстық шындық пен тұрмыстық 
проблемаларды сөз қылумен күн көріп жүрген жоқ па, көркемдік 
шындығынан айырылып қалған жоқ па? Міне, осы секілді 
сауалдар бүгінгі күннің ең өзекті мəселесіне айналып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет