Жоба қарағайлы ауылының көшелерінің атауларын қайта атау туралы



Дата08.07.2016
өлшемі9.7 Kb.
#184706
ЖОБА


Қарағайлы ауылының

көшелерінің атауларын

қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35- бабының 2 – тармағына, «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 – бабы 4) тармақшасына сәйкес, 2015 жылғы 10 маусымдағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып Баскөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

1. Қарағайлы ауылының көшелерінің атаулары

«Новая» көшесі «Махмет Қайырбаев» көшесі;

«Калинин» көшесі «Бауыржан Момышұлы» көшесі;

«Короткая» көшесі «Әлия Молдағұлова» көшесі болып қайта аталсын.

2. Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Л.Шарипкановаға осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізу тапсырылсын.

3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.



4. Шешім ресми алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Округ әкімі Н.Балыкбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет