Жоба «Аудан әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы» аудан әкімінің есебі



Дата23.02.2016
өлшемі26.98 Kb.
#8179
ЖОБА

«Аудан әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы» аудан әкімінің есебі

Аудан әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін тыңдап және талқылап, Ұлан аудандық мәслихат аудан әкімінің жұмысы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заң негізінде жүзеге асырылады.

Есепті кезеңде ауданда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың дамуы қолайлы түрде жүріп жатқандығын атап өтуге болады. Жоспарланған жеке табыстар бойынша 2010 жылдың 8 айына болжанған 341873,0 мың теңге 352212,0 мың теңгеге артық орындалды, ол 103,0 пайызды құрайды.

2010 жылы егістік көлемі 95 500 гектарды құрады, оның ішінде 37 000 гектары ылғалды сақтау технологиясы бойынша егілді.

40 000 гектарға жоғары сапалы дәнді дақылдар, 25 300 гектарға күнбағыс, 1 000 гектарға картоп, 28 900 гектарға біржылдық және көпжылдық екпелі шөптер, 243 гектарға көкеніс егілді. Ағымды жылда көктемгі егіс және орып-жию жұмыстарын өткізу үшін шаруашылықтарға ауданынан 111,94 млн. теңге субсидия бөлінді.

Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда жылқы санының басы 1,9 пайызға, шошқа басы 5,0 пайызға және құстардың басы 4,5 пайызға өсуі байқалады. Жылдың басынан ет өндіру көлемі 14868 тоннаны, сүт өндіру 36088,5 тоннаны (100 пайызға өсуі), жұмыртқа 8071,0 мың дананы (1,8 пайызға өсуі) құрады.

2010 жыл басынан аудан аумағында шағын және орта бизнес саласында 6 дүкен, 1 кафе, 1 шаштараз, 1 аяқ киім жөндеу пункті, 2 мал сою мен 2 мал бордақылайтын алаңдары, 2 сүт тауарлар фермасы, 3 ауыл тұтынушылар кооперативі, 1 жылыжай халыққа қызмет көрсетуде. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке шағын кәсіпкерліктен түскен салық көлемі 79140,0 мың теңгені құрады, оның ішінде жергіліті бюджетке 48426,0 мың теңге.

Ағымды жылда білім беру саласында «Жол картасы» бағдарламасы негізінде 3 нысанды толық жөндеуден және 10 нысанды ағымдағы жөндеуден өткізуге республикалық бюджеттен 163383,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 55513,0 мың теңге жоспарланған.

Жұмыспен қамту және әлуеметтік бағдарламалар бөлімінде аудан бойынша жұмыссыздардың тіркелген саны 147 адам құрады, ол өткен жылмен салыстырғанда 143 адамға аз.

Экономикалық белсенді халықтың тіркелген саны жұмыссыздардың 0,6 пайызын құрайды.

Жыл басынан тұрғын үй құрылыс саласында жалпы көлімде 1292 шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілген, ол өткен жылмен салыстырғанда 3,9 пайызға көп.

Сонымен қатар, әлеуметтік салада және экономика секторында кейбір кемшіліктер орын алуда. Мал басының өсумен қатар сиыр басы 1,4 пайызға төмендеген, қой және ешкі басы былтырғы көрсеткіштер көлемінде қалған. Аудандық аумақта эпизоотияға қарсы шаралар уақытылы өткізлмеуі себебінен жеке шаруашылық қоныстарда малдың сарап ауруларына шалдыққаны анықталуды.

Есепті кезеңде аудандық аумақта 143 қылмыс тіркелген, ол өткен жылмен салыстырғанда 9,2 пайызға көп (2009 жылда - 131).

Есепті кезеңде аудан бойынша қоғамдық саяси жағдай сақталды.



Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының және Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімнің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығының негізінде Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ұлан ауданы әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі бекітілсін.

  2. Аудан әкіміне келсі жұмыстарды күшейтуге ұсыныс беру:

  1. инвестицияларды тарту бойынша;

  2. шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша;

  3. құрылыс, көшелерді жөндеу және ұстау, көгаландыру, елді мекендерді көркейту бойынша;

  4. қылмыстың деңгейін азайту бойынша;

  5. бюджет түсімін азаюына рұқсат етпеу.

  1. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.



Сессия төрағасы Р. Мухамеджан
Аудандық

мәслихат хатшысы Д. Турсунбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет