Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 74.1 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі74.1 Kb.


Жоба

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі


 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы « »

№ ___ қаулысымен

бекітілді

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар


1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 55, 769-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде:

кесте мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 525-1-жолмен толықтырылсын:

«

525-1

01704031


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісі есептелген) жай-күйі туралы ақпарат беру

Жеке тұлғалар

ҰБ

БЖЗҚ

ХҚО, «электрондық үкіметтің» веб-порталы

Тегін

Қағаз түрінде/Электронды



»;

Ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«БЖЗҚ «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ»;».

2. «Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 991 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 56, 776-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесінде және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерінде:

кесте мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 443-жолмен толықтырылсын:

«

443

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісі есептелген) жай-күйі туралы ақпарат беру

ҰБ

2014




».

3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1567 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 85, 1076-құжат):

1-тармақ мынадай мазмұндағы 58) тармақшамен толықтырылсын:

«58) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісі есептелген) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;».




«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА



Р/с



Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші

мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34 бабтың 9-тармағының 4)-тармақшасын орындау мақсатында Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры (БЖЗҚ) салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтары туралы ақпарат беру бойынша

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Талап етілмейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтары туралы ақпарат беру БЖЗҚ-ның қызметін қол жетерлік қамсыздандыру

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі


Жоқ

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Жоба www.nationalbank.kz интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылған

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Талап етілмейді



Төраға Қ. Келимбетов

« » 2014 жыл






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет