Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «жасыл экономикаға» көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының


- Шетел компанияларымен бірлесіп іске асырылатын жобалар үшінҚҚС небәрі 5 % мөлшерінде белгіленген(ҚХР); -



бет3/3
Дата01.07.2016
өлшемі436.89 Kb.
#169219
1   2   3

- Шетел компанияларымен бірлесіп іске асырылатын жобалар үшінҚҚС небәрі 5 % мөлшерінде белгіленген(ҚХР);

- Белгілі бір уақыт ішінде табысқа салық салынбайды(ҚХР);

- Метан-көмір кен-орындарын іздестіру, барлау, игеруге дайындау және жайластыру үшін пайдаланылатын, импортталатын жабдыққа, материалдар мен машиналарға кедендік жеңілдіктер беру (ҚХР, Үндістан);

- Көмір метанын өндіру үшін арнайы жабдықтыжеделдетілген амортизациялауды қолдануға рұқсат берілді (ҚХР);

- Көмір метанын өндіруден алынатын ҚҚСсалық салынғаннан кейін өтелуге қажет болуы мүмкін. Өтелеген салық ТКРҒЗ жүргізу және өндіруді ұлғайту мақсаттарына ғана пайдаланылуы мүмкін және табысқа салынатын салық қайта алынбайды (ҚХР);



- Ағымдағы жылы табысқа салынатынсалықтың қосылған шамасынан(өткен жылмен салыстырғанда) Қытайда дайындалған жабдыққа инвестициялардың 40%-ына дейін ұсталуы мүмкін (ҚХР);

- Ағымдағы жылы салық салынатын табыс ТКРҒЗ жұмсалатын шығындардың 50%-ына азайтылуы мүмкін(КНР);



- Көмір бассейндерінің метаны бірегей пайдалы қазба ретінде айқындалады (ОАР);

- Газды учаскелер үшінжалдау жарнасының болмауы (Үндістан);

- метаны баручаскелерді бөлуаукцион арқылы жүзеге асырылады (Үндістан);

Қалдықтар

Қалдықтарды құқықтық реттеудің көптеген аспектілері бойынша халықаралық тәжірибенің жақсы мысалы ретінде Еуропалық Одақтың заңнамасы қарастырылады. 1975 жылдан бастап Еуропалық Экономикалық Қоғамдастық, кейін Еуропалық Одақ осы мәселеге арналған тұтастай бірқатар директивалар қабылдады. Қазіргі уақытта тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау, бөлек жинау жөніндегі шаралар барлық Еуропалық Одақ елдерінде іске асырылады. Мәселен, Ұлыбританияда тұрмыстық қалдықтардың саналуан түрлерін қайта өңдеу бойынша нысаналы көрсеткіштер, мысалы, қағаз, картон, тұрмыстық қатты қалдықтар бойынша жекелеген жергілікті кеңестер деңгейінде белгіленеді. Сол арқылы қандай да бір әкімшілік-аумақтық бірліктің мүмкіндіктері ескеріле отырып, тиісті қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеудің кезеңдік тәсілдері қамтамасыз етіледі. Бұл ретте қажетті инфрақұрылымды (қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер, контейнер алаңдарын жайластыру, сондай-ақ ірі габаритті және қауіп төндіретін коммуналдық қалдықтарды жинауға арналған муниципалдық алаңдар салу) жергілікті органдар қамтамасыз етеді.

2008 жылғы 19 қарашадағы ЕуропаПарламенті мен Кеңесінің 2008/98/ЕО қалдықтар жөніндегі Директивасы бөлек атап өтуді талап етеді, оның 4-бабы қалдықтарды басқару иерархиясын айқындайды және онда қалдықтарды полигондарда көму олардың түзілуін болдырмауға, оларды қайталап пайдалануға, қайта өңдеуге, жылу алу үшін пайдалануға мүмкіндік болмаған кезде жасалуға тиіс ең соңғы тәсіл ретінде қарастырылады.

АҚШ-та қалдықтарды басқару жөніндегі заңдар федералдық деңгейде және штаттар деңгейінде әзірленген. Ресурстарды Сақтаудың Федералдық Актісі штаттарға «тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жоспарларын» әзірлеу үшін ерікті басқарушы қағидаттарды белгілейді. АҚШ-тың федералдық үкіметі штаттарға Қоршаған орта жөніндегі агенттікпен келісілген жоспарларға сәйкес қаржылық көмекті қамтамасыз ететін болғандықтан, барлық штаттар мен жергілікті билік органдары қалдықтарды басқару жоспарларын іске асырады. Қоршаған орта жөніндегі агенттік қалдықтарды орналастырудың саяси тұрғыдан абзал көрілетін орындарының «қалдықтарды басқару иерархиясы» деп аталатын жүйесін белгіледі, оған сәйкес штаттар мен жергілікті муниципалитеттер деңгейінде қалдықтарды басқару жөніндегі жоспарлар іске асырылады. Осы иерархияға сәйкес қалдықтар саясаты, ең алдымен, қалдық көздерін қысқартуға бағытталуға, содан соң оларды кәдеге жарату мен қайта өңдеу ісін ілгері бастыруға тиіс және қайталап қайта өңдеуге келмейтіндері ғана полигондарда орналастырылады, одан әрі иерархия бойынша қалдықтарды энергия ала отырып жағу тұр.



Өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі(ӨКЖ). 2008 жылғы 19 қарашадағы ЕуропаПарламенті мен Кеңесінің 2008/98/ЕО қалдықтар жөніндегі Директивасының 8-бабы өндірушілерге, импорттаушыларға тиісті шығындар жүктей отырып, қалдықтарды қайталама пайдалану мен өңдеуге бағытталған ӨКЖ айқындайды.

Барлық шетелдерде тауар мен қаптаманы өндірушінің өзі нарыққа айналымға енгізген осы тауарлар мен қаптамалардың өмірлік циклі үшін кеңейтілген жауапкершілік (ӨКҚ) қағидаты белгілі бір түрде іске асырылып жатыр. 1994 жылы ЕО деңгейінде «Қаптама және қаптама қалдықтары туралы» (№ 94/62/ЕО) Директива қабылданды, оның негізгі ережелері ұлттық заңнамаларда іске асырылуға тиіс болды. Бұл Директива ЕО-ға мүше елдердің барлығына ортақ, қаптамаға қойылатын міндетті талаптарды көздейді, егер олар сақталмаса, тауар ЕО-ның ортақ нарығына жіберілмейді.

Директиваның негізгі мақсаты ЕО елдерінде қаптамалармен және қаптама қалдықтарымен жұмыс істеу жөніндегі заңнамаларды үйлестіру, сондай-ақ қаптама қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін болғызбау немесе азайту болып табылады.

Директива сондай-ақ қаптама қалдықтарын қайта өңдеу және рекуперациялау (энергия алу) жөніндегі талаптарды да белгілейді.

ЕО елдерінде қаптамаға және қаптама материалдарына міндетті талаптар енгізілген және олар:

қаптаманың көлеміне қойылады және оның массасы тауардың сақталуы мен тұтынушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барынша аз қажетті болуға тиіс;

қаптаманың құрамына қауіпті заттардың ең аз саны ғана кіре алады;

қаптама өзінің физикалық қасиеттері және дизайны бойынша көп рет пайдалануға, ал қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін – қайталама айналымға енгізуге жарамды болуға тиіс, яғни пайдаланылған қаптама тауар өніміне қайта өңделуге және/немесе энергетикалық мақсатта рекуперациялануға тиіс;

өнім өндіру кезінде бастапқы шикізат пайызын төмендету, қайталама шикізатты пайдалану мүмкіндіктерін іздестіру.

Директиваның ережелерін іске асыру кезіңінде ЕО елдерінің ұлттық заңнамаларында мынадай үрдістер анық байқала бастады: жинау және кәдеге жарату жүйесі өзінің құрылымы жөнінен шығындарға барынша ұқсай түсті, бірақ кіру жарналары жүйесінде елеуші айырмашалық бар еді: кейбір ұлттық жүйелер даму сатысында тұрған кейбір ұлттық жүйелер мүшелік кіру жарналарының мөлшерін ұлғайтуға мәжбүр болды.



Жасыл сатып алу. Бүгінгі күні әлемнің көптеген елдерінде «жасыл экономика» деген ұғым кеңінен танымал болып келеді, ол өз кезегінде экономикалық құралдардың қоршаған ортаны қорғау үшін пайдаланылуын кеңейтуді көздейді.

Кейбір елдер табысқа жетіп үлгерген салалардың бірі «жасыл» мемлекеттік сатып алу саласы.

Дамыған елдер жыл сайын мемлекет мұқтажы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жүздеген миллиард доллар жұмсайды. өз кезегінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу ел ЖІӨ-нің 1%-ын құрайды.

Бұл ретте сол немесе өзге өнім берушіні таңдаудың негізгі критерийі көбінесе неғұрлым төмен баға болып табылады. Мұндай тәсілдің басты қауіптілігі мынада, ол сатып алынатын тауарларды өндіру мен тұтынудың қоршаған ортаға келеңсіз әсері салдарынан мемлекет шегуі мүмкін әлеуетті жоғалтуларды ескермейді.

Мемлекеттік «жасыл» сатып алу тендерлер жағдайында өндіріс технологиясы және шикізат секілді факторларға қойылатын нақты талаптардың болуын көздейді. Практика көрсетіп отырғандай, бұл көрсеткіштер көп жағдайда сандық бағалауға жеңіл ұшырап, тендерлік құжаттаманың техникалық өзіндік ерекшелігіне қосылып кетеді.

Қоғамдық мұқтаждық үшін сатып алынатын тауарлар өндірісінде қайталап қайта өңделген шикізатты пайдалану жөніндегі жаңа талаптарды енгізе отырып, мемлекет өзін неғұрлым сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, басқа өнім берушілер мен өндірушілерді өз тауарларын неғұрлым энергиялық тиімді және экологиялық бағытта жетілдіруге жанама түрде мәжбүр ететінін атап өту маңызды.

Осы тұрғыдан озық деп саналатын елдерде «жасыл» сатып алу тұжырымдамасы шеңберінде неғұрлым белсенді түрде ілгері жылжытылатын тауарлар типтері арасынан энергиялық тиімді компьютерлік техниканы, экологиялық материалдардан жасалған офистік жиһазды, қайталама шикізаттан жасалған қағазды және басқаларды бөліп айтуға болады.

Бүгінгі күні көптеген елдер қоғамдық мұқтаждық үшін сатып алынатын тауарлардың тиімділігі мен экологиялылығына қойылатын талаптарды формалдандыру ісінде әлдеқайда алға шығып кетті. 1990-шы жылдардың басында Данияның экологиялық саясатты дамыту стратегиясы мемлекеттік сатып алу саласында қоршаған ортаны қорғаудың бастауы болды. 2000 жылдарға қарай «жасыл» сатып алу ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерді түгел қамтып таралды. Бұл процеске БҰҰ-ны, ЭЫДҰ-ны, Еуропа Комиссиясын қоса алғанда, түрлі халықаралық және өңірлік ұйымдар өз септігін тигізді.

Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымы 1990-шы жылдары қоршаған ортаны қорғаудың маңызын белгілеу мақсатында бірқатар іс-шараларды өткізді. 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ның Қоршаған орта мен даму жөніндегі конференциясы «жасыл» сатып алуды одан әрі дамыту жолындағы бетбұрысты кез болды. Сол кезде 178-ден астам ел Декларацияны қабылдады, ол басқаларды айтпағанда, мемлекеттердің сатып алу қабілетін экологиялық көрсеткіштерді жақсарту мақсатында пайдалануға бағытталған нақты шаралар қабылдауға шақырды.

1995 жылы Австрия, Дания, Финляндия, Германия, Голландия, Швеция мен Ұлыбритания өздерін экологиялық қауіпсіз сатып алу қағидаттарын пайдаланатын мемлекеттер деп жариялады. Олар қоршаған ортаға әсерді барынша азайтатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға негізделген мемлекеттік тапсырыс жүйесін әзірлеп, енгізді.

2002 жылы ЭЫДҰ-ға кіретін елдер «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың экологиялық критерийлерін енгізу жөніндегі кеңестің ұсынымдарын» қабылдады. Одан бірнеше жыл кейін ЕО-ға мүше елдер осы ұсынымдарды дамытатын бірқатар бастамаларды заңнамалық деңгейде бекітті. Осылайша, бүгінгі күні Еуроодақта мемлекеттік сатып алудың экологиялық бағыттылығы көпшілік елдердің заңнамасында да, ұлтүстілік деңгейде де бекітілген.

Сонымен бірге, ЕО және ОЭСР кірмейтін мемлекеттер де «жасыл» сатып алуды дамытуға мүдделілік танытып отыр. Мәселен, 2002 жылдан бастап Қытайда бірнеше заңдар қабылданды, олардың арқасында мемлекеттік сатып алудың жалпы көлеміндегі «жасыл» сатып алу үлесі үздіксіз арта бастады. 2007 жылдан бастап елде мемлекеттік тапсырыстарды экологиялық реттеу жүйесі жұмыс істейді. Үкіметтік ведомстволар үшін тауарлар сатып алу бұл жерде сертификатталған өнім тізбесіне қатаң сәйкес жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда қайтала өңделген өнімді пайдаланатын өндірісті ынталандыру жөніндегі заңнамалық тетіктер жоқ.

ЕО-да осы секторда негізгі жұмыс қағидаттары мен тәжірибесін енгізу ҚТҚ-ны жинау, тасымалдау, сондай-ақ қайта өңдеу мен кәдеге жарату жүйесін басқарудың жоғары деңгейіне жетуге жол ашады, «жасыл» экономика бағытының қағидаттары мен негіздерін сақтай отырып, осы секторды бизнес пен жекеше құрылымдар үшін тартымды етуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда көрсетілген тәсілдердің барлығы осы заң жобасын әзірлеу кезінде қалдықтарды міндетті түрде бөлек жинау, жергілікті қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігін белгілеу жөніндегі талаптарды белгілеу, қалдықтармен жұмыс істеу, қалдықтардан қайталама шикізатты бөліп шығару және қалдық көмбелерін тек қана оларды полигондарға көму тәсілімен шектеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік бойынша талаптарды белгілеу және қолдану бөлігінде назарға алынды.

10. Заң жобасын іске асырумен байланысты болжанатын қаржылық шығыстар.

Осы заң жобасын қабылдау су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның өңірлік органдарының штат санын 24 бірлікке ұлғайтуды көздейді, мұның өзі мемлекеттік органдардың қазіргі штат санын қайта бөлген жағдайда қосымша қаржы шығындарын және мемлекеттік бюджет қаражатын талап етпейді.



Аталған заң жобасын қабылдау оны іске асыруға байланысты қосымша қаржылық шығыстар мен мемлекеттік бюджеттен қаражатты тартуды талап етпейді.
Результаты согласования
14.11.2014: Жартыбаева Б. А. (Жартыбаева Б. А.) - - cогласовано без замечаний



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет