Жоба Қазақстан республикасының Үкіметі мен ислам даму банкі арасындағы ислам ынтымақтастығЫ Ұйымы азық-ТҮлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының алдын ала



жүктеу 184.36 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі184.36 Kb.


Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ

МЕН

ИСЛАМ ДАМУ БАНКІ

АРАСЫНДАҒЫ

ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ИСЛАМ ҰЙЫМЫНЫҢ

АЛДЫН АЛА ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУДІ ДАЙЫНДАУҒА ҚАТЫСТЫ

ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК ГРАНТЫ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

Мазмұны


1-бап

АНЫҚТАМАЛАР

3

2-бап

ГРАНТ СОМАСЫ

3

3-бап

ГРАНТ СОМАСЫНЫҢ ҚАРАЖАТЫН

АЛУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ



3

4-бап

ГРАНТТЫҢ КҮШІН ЖОЮ НЕМЕСЕ ТОҚТАТА ТҰРУ

5

5-бап

РАСТАМАЛАР ЖӘНЕ КЕПІЛДЕМЕЛЕР

5

6-бап

ЗЕРТТЕУДІ ОРЫНДАУ

5

7-бап

ҮКІМЕТТІҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

6

8-бап

ЕСЕПТЕР ЖӘНЕ ҰСЫНЫМДАР

7

9-бап

КҮШІНЕ ЕНУІ

7

10-бап

ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР

7

11-бап

ӘР ТҮРЛІ

8

І-қосымша

АНЫҚТАМАЛАР

10

ІІ-қосымша

ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

12

ІІІ-қосымша

ГРАНТ СОМАСЫН АЛУ

14

Қолтаңбалар




15


Техникалық көмек гранты туралы Келісім
Келісім 2015 ж. __/__ сәйкес келетін хижра жыл санауы бойынша 1436 ж. ___/_______ күні

Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі қарай — «Үкімет» ) және

Қатысушы елдер қол қойған, ратификациялаған Келісімнің баптарына сәйкес құрылған Сауд Арабиясы Корольдігінің Джидда қаласында орналасқан Штаб-пәтері бар халықаралық қаржы институты, Ислам Даму Банкі (бұдан әрі қарай — Банк)

арасында жасалды.

Бұдан әрі жеке алғанда «Тарап» және бірлесіп «Тараптар» деп аталатын Үкімет және Банк

мыналарды


  1. Осы Келісімнің ІІ тармағында сипатталған Ислам Ынтымақтастығы ұйымы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының алдын ала институционалды құрылымы бойынша зерттеу (бұдан әрі қарай — Зерттеу) жүргізу үшін Үкімет Банкке көмек беруді сұрағанын;

  2. Банк хижра бойынша 1436 ж. 02/06 (2014 ж. 02.04) күні, атап айтқанда, жоғарыда аталғанның негізінде төменде бекітілген мерзімдерде және шарттарда грант бөлуді мақұлдағанын және келіскенін;

ескере отырып,

осы арқылы Тараптар төмендегілер туралы уағдаласты:
l-бап. АНЫҚТАМАЛАР

1.1 Бас әріптен басталатын терминдердің оларға I-қосымшада берілген мағыналары бар.


2-бап. ГРАНТ СОМАСЫ

2.1 Банк Үкіметке шамамен US$ 300,000 (үш жүз мың АҚШ долларына) тең келетін ID200,000 (екі жүз мың ислам динарынан) аспайтын сомада грант береді (бұдан әрі қарай — « Грант сомасы»).


3-бап. ГРАНТ СОМАСЫНЫҢ ҚАРАЖАТЫН АЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ

3.1 Шоттан алу: Грант сомасы Банктің Төлем рәсімдері бойынша және ІІІ-қосымшаға сәйкес алынатын болады.

3.2 Грант сомасының қаражаты осы Келісімнің 3.4-тармағына сәйкес тек қана ІІ қосымшада көрсетілген жұмыстарды орындауға кететін шығыстарды жабу үшін ғана пайдаланылатын болады.

3.3 Сатып алу рәсімі: Зерттеу үшін сатып алу рәсімі төменде сипатталған тәртіпте және Сатып алу бойынша нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылатын болады:

Зерттеуді «сапа негізінде іріктеп алу» (QBS) бағалау әдісін пайдалана отырып, Банкке мүше-елдердің консалтингтік компанияларының қысқа тізімі негізінде жалданатын танымал халықаралық консалтингтік компания орындайтын болады.

3.4 Грант Сомасын пайдалану: Грант сомасы Банк қаржыландыратын Зерттеу мақсаттары үшін ғана пайдалануға тиіс. Іс жүзінде, Үкімет санкциялауға жататын қызмет орын алған жағдайда мұндай тәжірибені шешуге арналған, Банкті қанағаттандыратын, уақтылы және тиісті іс-шараларды Үкімет қабылдамауы себебінен Грант сомасын алу үшін Үкімет немесе басқа Үкіметтер өкілдерінің тарапынан орын алып отырған осындай қызметтерге қатысты Банк айқындаған кез келген шығындарды қаржыландыруға пайдаланылмауын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

3.5 Бірінші төлемге тапсырыс беру мерзімі: Егер осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 6 (алты) ай ішінде немесе Үкімет мен Банк келісімі бойынша одан кейінірек мерзімде Үкімет Атқарушы Агенттік арқылы Банкке Бірінші Төлем туралы тапсырыс бермесе, Банк Үкіметке осы жағдай туралы ескерте отырып, Грант Сомасын беруден бас тартуы және осы Келісімнің күшін жоюы мүмкін.

3.6 Жабу күні — 2016 жылдың 30 қыркүйегі.


4-бап. ГРАНТТЫҢ КҮШІН ЖОЮ ЖӘНЕ ОНЫ ТОҚТАТА ТҰРУ

4.1 Банктің Грантты тоқтата тұруы: Келесі жағдайлардың бірінде Банк Үкіметке хабарлай отырып, Грант сомасын немесе оның кез келген бөлігін тоқтата алады:

(a) Үкімет осы Келісімнің кез келген ережесін немесе шартын бұзса немесе осы келісімнің аясында қандай да болмасын міндеттемені орындамаса;

(b) оқыс жағдай туындаса:



  1. егер оның нәтижесінде Үкіметтің Зерттеуді орындауы мүмкін емес болса, немесе

  2. егер ол Келісімнің жасалу мақсаттарына қол жеткізуге кедергі жасайтын болса;

  1. Қазақстанның Банктегі мүшелігі тоқтатыла тұрса немесе тоқтатылса;

  2. Келісімге сәйкес кез келген маңызды мәселеге қатысты Үкімет орындаған растамалар немесе осы орайда орындалған және Банк Грант Сомасын беруі үшін негіз болуға арналған кез келген мәлімдеме қате жасалған болса;

  3. Егер Банк кез келген уақытта келіссөздерге, Зерттеуді орындауға немесе іске асыруға қатысты, соның ішінде сатып алуға немесе қаржыландырудан түскен түсім есебінен толық немесе ішінара мөлшерде қаржыландыру үшін келісімшартты орындауға қатысты кез келген жеке немесе заңды тұлғаның санкциялауға жататын қызметпен айналысатынын анықтаса және Үкіметтің пайда болған осындай жағдайларды түзету және осындай тәжірибені шешу үшін уақыт бөле отырып, Банкке қолайлы, тиісті әрекеттер жасамағанын анықтаса.

Үкіметтің шоттан қаражат алу құқығы мән-жайларға қарай осындай тоқтата тұрұға ұшыратқан оқиға немесе оқиғалар тоқтағанға дейін немесе Банк Үкіметті оның қаражатын алу құқығы қалпына қайта келтірілгендігі туралы хабардар еткенге дейін толық немесе ішінара тоқтатылады. Алайда, осындай хабардар ету немесе қалпына келтіру жағдайында есепшоттан қаражат алу құқығы тек сол деңгейде және осындай хабардар етуде көрсетілген шарттарға сәйкес қалпына келтірілетін болады. Демек осындай хабарландыру осы тармақта көрсетілген қандай да бір кез келген немесе бұдан кейінгі жағдайға қатысты әсер етпейді және Банктің қандай да бір құқығына, өкілеттігіне немесе қорғану құралдарына нұқсан келтірмейді.

4.2 Банктің Грант күшін жоюы: Банк егер:



  1. Грант Сомасының кез келген бөлігіне қатысты Үкіметтің шоттан алу құқығы үздіксіз 30 күн кезеңге тоқтатыла тұрса; немесе

  2. Банк Үкіметпен консультация жүргізгеннен кейін, кез келген уақытта, Грант Сомасының кез келген бөлігі Зерттеу құнын қаржыландыру үшін талап етілмейтіндігін анықтаса; немесе

  3. Грант сомасының бөлігі жабу күнінен кейін алынбай қалса,

Үкіметке хабарлай отырып, Грант Сомасының немесе оның бір бөлігінің күшін жоюы мүмкін.

4.3 Ішінара жойылған немесе тоқтатыла тұрған жағдайда Келісімнің барлық ережелері толық күшінде және қолданыста бола береді.


5-бап. РАСТАМАЛАР ЖӘНЕ КЕПІЛДІКТЕР

Үкімет:


  1. ол Келісім жасасуға және сол бойынша өзінің міндеттемелерін орындауға және осы Келісімді орындауға тапсырма беруге және Үкіметтің осы құжат бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындауына қажетті барлық әрекеттерді орындауға уәкілетті екенін;

  2. осы Келісімдегі Үкімет қабылдаған ретінде көрсетліген міндеттемелер Үкімет үшін шарттарға сәйкес міндетті, құқықтық шынайы міндеттемелер болып табылатынын;

  3. осы Келісімді орындау және Үкіметтің ол бойынша өз міндеттемелерін орындауы қандай да бір келісімді, келісімшартты немесе заңды бұзушылық болып табылмайтынын және оған әкеп соқпайтынын

растайды және оған кепілдік береді.
6-бап. ЗЕРТТЕУДІ ОРЫНДАУ

6.1 Үкіметтің Ауыл шаруашылығы министрлігі Атқарушы агенттік болып табылады және осы Зерттеудің толық орындалуына, оны үйлестіруге, мониторингін жүргізуге және бағалауға жауапты болады.

6.2 Атқарушы агенттік мониторинг жүргізеді және тауарлар мен қызметтерді сатып алуды, банк шоттарымен операцияларды, Банкке төлеуге өтінім ұсынуды, грант сомасының есебін жүргізуді және пайдалануды қоса алғанда, бірақ бұлармен шектелмей, Зерттеудің барлық аспектілері бойынша есеп береді.

6.3 Іске асыру шаралары: Зерттеуді іске асыруға басшылықта Үкіметтің Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асырады.

6.4 Іске асыру кестесі: Зерттеу Бірінші Төлем жүргізілген күнінен бастап 13 (он үш) ай ішінде орындалатын болады.
7-бап. ҮКІМЕТТІҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

7.1 Үкімет Зерттеудің тиісті қаржылық және әкімшілік тәжірибеге сәйкес уақытылы және тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін Банкпен ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады және бұл үшін Зерттеуге қатысты қолда бар барлық ақпаратты Банкке беріп отырады.

7.2 Үкімет Зерттеудің қызметіне III-қосымшаға сәйкес қатысады. Түсінбеушілікті болғызбау үшін, Грант Сомасы қандай да бір салықты, баж салығын, алымдарды, шығындарды және басқа да осы сияқты салық салуларды өтеуге жұмсалмауға тиіс.

7.3 Үкімет Грант сомасының пайдаланылуын және Зерттеудің құнын қоса алғанда, оны іске асыру үдерісін көрсету үшін Атқарушы Агенттік арқылы есептер мен жазбаларды жүргізуге немесе оның жүргізілуін қамтамасыз етуге және 6.4-бапқа сәйкес Банкті хабардар етуге тиіс.

7.4 Үкімет Банк кезең сайын сұратуы мүмкін орындалған жұмыс, туындаған проблемалар, қабылданған іс-қимылдар және басқа да нақты мәселелер егжей-тегжейлі жазылған тоқсан сайынғы есепті Атқарушы Агенттік арқылы Банкке беріп отыруға тиіс.

7.5 Үкімет Атқарушы Агенттік арқылы Банктің аккредиттелген өкілдерінің Зерттеудің орындалуына байланысты барлық үй-жайлар мен құрылыстарға еркін кіруін қамтамасыз етуге міндеттенеді.

7.6 Үкімет Зерттеу аяқталғаннан кейін 90 (тоқсан) күн ішінде Банк осы Келісімге сәйкес Банк ұсынған Грант нәтижелерін бағалау туралы және Зерттеуді орындау мақсатына жету дәрежесі туралы есепті Атқарушы агенттік арқылы Банкке береді.

7.7 Үкімет Зерттеудің міндеттерін орындауға, ол бойынша қызмет көрсетуге немесе оның осы Келісім бойынша өз міндеттерін орындауына кедергі келтіретін немесе қауіп төндіретін кез келген жағдай туралы Атқарушы Агенттік арқылы Банкке дереу хабарлайды.

7.8 Үкіметке қолданылатын жемқорлыққа қарсы нұсқаулықтың кез келген ережелерін қоса алғанда, Үкімет осы Зерттеу бойынша жұмысты орындауға арналған тауарларды және/немесе көрсетілген қызметтерді жеткізетін барлық Мердігерлер мен Консультанттардың Зерттеу бойынша өз қызметтерін Банкті қанағаттандыратын тиісті деңгейде және негізделген, техникалық, экономикалық, қаржылық, басқарушылық, экологиялық және әлеуметтік стандарттар мен практикаға сәйкес атқаруын қамтамасыз етуді немесе қамтамасыз ету үшін шаралар қолданады.

7.9 Жалданған Консультанттарға салынуы мүмкін кез келген салықтар немесе баж салықтары Зерттеу бойынша жергілікті шығыстарға жатқызылуға тиіс және Үкімет тарапынан қаржыландырылатын болады. Үкімет жалданған Консультантты Үкімет тарапынан салынатын барлық салықтар және баж салықтары туралы оның қаржылық ұсынысы берілгенге дейін хабардар етуге міндеттенеді.


8-бап. ЕСЕПТЕР ЖӘНЕ ҰСЫНЫМДАР

8.1 Үкімет Атқарушы агенттік арқылы және Банк кез келген Тараптың өтініші бойынша уақыт өткен сайын Грант бойынша пікірлер алмасып отырады және кез келген жалданған Консультант дайындаған кез келген есептер бойынша және осы есептерде берілген Консультанттың кез келген ұсыныстарын іске асыру бойынша консультациялар өткізіп отырады.

8.2 Банк кез келген жалданған Консультант дайындаған кез келген есепті және Зерттеу шеңберінде дайындалған кез келген басқа есепті Банк сәйкес деп санаған кез келген мақсатта пайдалана алады, бірақ мұндай есептер Банктің және Үкіметтің келісімінсіз берген жағдайды қоспағанда, жарияланбайды.

8.3 Банктің Осы Келісім шеңберінде көмекпен қамтамасыз етуі Консультанттың кез келген ұсынымын жүзеге асыруға қатысты Үкіметке қаржылық немесе техникалық көмек көлемін одан әрі арттыруға Банкті міндеттемейді.


9-бап. КҮШІНЕ ЕНУІ

Осы Келісім оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердi Үкiметтiң орындағаны туралы жазбаша хабардар етілген кезден бастап күшiне енедi.


10-бап. ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР

10.1 Үйлестіру: Үкімет осы арқылы осы Келісім шеңберінде барлық мәселелер бойынша және барлық жағынан да шектеусіз Үкіметтің уәкілетті өкілі (Үкіметтің Өкілі) ретінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрін тағайындайды; тиісінше:

(і) Банкпен жұмыс істеуге және осы Келісімге орай Үкіметке жүктелген міндеттерді орындау үшін тікелей жауапты болуға тиіс;

(іі) Банктің Үкіметтің Өкілінен алған берген кез келген түрдегі барлық хабарламалары Үкіметке тиісті түрде берілген болып саналады;

(ііі) Банктің Үкіметтің Өкілінен алған барлық хабарламалары тиісті түрде берілген немесе орындалған және Үкіметтен алынған деп саналады; және

(іv) Үкіметтің Өкілі үйлестіруді және ынтымақтастықты тиісті және тиімді түрде тұрақты жүргізуге және Үкімет пен Атқарушы агенттіктің осы Келісім бойынша өз міндеттерін орындауын қамтамасыз етуге тиіс.

10.2 Хабарламалар: Осы Келісім шеңберінде берілген немесе жолданған кез келген ескертпе, сұрау салу немесе басқа хабарлама жазбаша түрде орындалуға тиіс және олар Тараптың төменде көрсетілген мекенжайына немесе Тарап осындай ескертпе, сұрау салу немесе хабарлама жіберіп отырған Тарапқа хабарламасында көрсеткен басқа мекенжайға қолма-қол, әуе почтасы, белгілі курьерлік қызмет немесе факсимильдік байланыс арқылы жеткізілген жағдайда Тарапқа тиісінше берілген болып саналады.

Банк үшін:

Үкімет үшін:

Джидда-21432, п/ж:5925

Сауд Арабиясы Корольдігі

Тел: +966 2 636 1400

Факс: +966 2 636 6871

E-mail: archives@isdb.org


Инвестициялар және даму министрлігі

(ИДБ Басқарушысы)

Астана, Қазақстан Республикасы

Факс: +77172 290873


Ауыл шаруашылығы министрлігі

(Атқарушы агенттік)

Астана, Қазақстан Республикасы, 010000

Кенесары көшесі, 36

Факс: +77172 555995


10.3 Әрбір Тарап өз өкілін басқа Тарапқа жазбаша хабарлама жіберу арқылы өзгерте алады.
11-бап. ӘР ТҮРЛІ

11.1 Сипаттау бөлігі және қосымшалар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

11.2 Өкілеттік: Әрбір Тараптың атынан осы Келісімге қол қоятын тұлғалар Тараптың атынан осы Келісімді жасасуға және осы Келісімде көрсетілген Тараптың міндеттемелерін қабылдауға қажетті заңдық құқықтық қабілеттілікке және өкілеттікке ие екендігіне екінші Тарапты куәландырады және оған кепілдік береді.

11.3 Ажырамас бөліктер: Осы келісім, кез келген өзгерістерді қоса алғанда, бірге біртұтас Келісімді құрайтын ажырамас бөліктер түрінде жасалуы мүмкін. Осы Келісімнің көшірмелері тұпнұсқалар сияқты тең дәрежеде міндетті болып табылады және екінші тараптың факсимильді байланыс арқылы немесе сканерленген және электрондық почта арқылы жіберілген қолтаңбалары қол қойылғандығын куәландыру үшін жеткілікті болады, алайда, Тараптар қол қойылған құжаттардың түпнұсқаларын беруді талап етуі мүмкін.

11.4 Келісімнің біртұтастығы: Осы Келісім біртұтас келісім болып табылады және оның нысанасына байланысты барлық алдыңғы ауызша немесе жазбаша келісімдерді немесе Тараптар арасындағы хат алмасуларды алмастырады.

11.5 Мерзімді бұзу: Банк тарапынан осы құжат бойынша кез келген құқықты орындау кезіндегі ешбір дәрменсіздік немесе мерзімді бұзу бас тарту болып табылмайды немесе жазбаша түрде ұсынылғанға дейін осыңдай құқыққа әсер етпейді. Осындай кез келген құқықты біртұтас немесе ішінара ешқандай бір жүзеге асыру басқа кез келген құқықты жүзеге асыруға немесе оны алдағы уақытта жүзеге асыруға немесе басқа кез келген құқықты жүзеге асыруға кедергі келтірмейді немесе осы құжат бойынша басқа кез келген құқықтан бас тарту болып саналмайды.



11.6 Өзгеріс: Осы Келісім Тараптар арасындағы өзара жазбаша келісіммен өзгертілуі мүмкін. Кез келген мұндай өзгеріс осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
І-қосымша – АЙҚЫНДАМАЛАР


Жабу күні:

Банк Гранттың төленбеген сомасы бөлігінің күшін жоюы мүмкін Келісімде көрсетілген күн немесе Тараптармен келісілген осындай кеш күн.

Консультант:

Зерттеуді орындау үшін Келісім ережелеріне сәйкес таңдалған дара консультантты, сондай-ақ кез келген консалтингтік фирманы қамтиды.

Мердігер/Өнім беруші

Келісімнің ережелеріне сәйкес құрылыс/сатып алу жүктелетін мердігер/ өнім беруші.

Төлем рәсімі:

Банктің төлем жасау рәсімі.

Төлеу:

Грант сомасын шоттан алу.

Атқарушы агенттік:

Зерттеуді орындауға жауапты, 6.1-бапта көрсетілген заңды тұлға.

Бірінші төлем:

Банктің тиісті саясатына және нұсқамасына сәйкес Келісім күшіне енгеннен кейінгі бірінші төлем.

Грант сомасы:

2-бапта көрсетілгендей.

Ислам динары:

Банк Келісімінің баптарында көрсетілгендей осы құн Халықаралық валюта қорынан арнайы бір қарыз алу құқығына баламалы болады.

Сатып алу жөніндегі нұсқама:

Банктің «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі нұсқамасы».

Зерттеу

Сипаттау бөлігінде сипатталған Зерттеу.

Санкциялауға жататын қызмет:

Сыбайлас жемқорлық, мәжбүрлеу, астыртын сөз байласу, алаяқтық немесе кедергі келтірудің кез келген практикасы:

(а) сыбайлас жемқорлық практикасы: басқа Тараптың әрекетіне тиісінше емес әсер ету үшін қандай да бір бағалы нәрсені тікелей немесе жанама түрде ұсыну, беру, алу немесе қорқытып алушылықты білдіреді.

(b) мәжбүрлеу практикасы: басқа Тараптың әрекетіне тиісінше емес әсер ету үшін кез келген Тарапқа немесе оның мүлкіне тікелей немесе жанама түрде залал немесе зиян келтіретін немесе залал немесе зиян келтіру қаупін төндіретін кез келген әрекетті немесе әрекетсіздікті білдіреді.

(с) құпия сөз байласу практикасы: тиісінше емес мақсатқа қол жеткізуге, оның ішінде басқа Тараптың әрекетіне тиісіншеемес әсер етуге бағытталған екі немесе одан көп тараптар арасындағы уағдаластықты білдіреді.

(d) алаяқтық практикасы: қаржылық немесе басқа пайда алу үшін немесе міндеттемеден жалтару үшін кез келген әрекетті немесе әрекетсіздікті, оның ішінде Тарапты саналы түрде немесе абайсызда адасушылыққа алып келетін немесе адасушылыққа әкелуге талпынатын адастыруды білдіреді.

(e) кедергі келтіру практикасы:

(і) Банктің сыбайлас жемқорлыққа айыптаулар, алаяқтық, мәжбүрлеу немесе сөз байласу және/немесе қорқыту бойынша тергеуді едәуір қиындату үшін тергеу материалы дәлелдемелерін қасақана жою, бұрмалау, өзгерту немесе жасыру немесе тергеушілерге жалған айғақтар беру, тергеуге немесе тергеу жүргізуге қатысы бар мәліметтерді ашуды болдырмау үшін қандай да бір тараптың ізіне түсу немесе қорқыту, немесе

(іі) Банктің сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, мәжбүрлеу немесе сөз байласу бойынша айыптауларды тергеуіне байланысты қажетті ақпаратқа Банктің қолжеткізуін жүзеге асыруды елеулі қиындатуға бағытталған әрекеттерді білдіреді.


Салықтар:

Зерттеуге байланысты кез келген салықты, алымды, төлемді, пайыздарды, баж салығын немесе кез келген осыған ұқсас төлемдерді білдіреді.

АҚШ доллары:

Америка Құрама Штаттарының заңды валютасы.


ІІ-қосымша. ЗЕРТТЕУДІҢ СИПАТТАМАСЫ
Техникалық көмектің (ТК) мақсаты

Ұсынылған ТК-ның жалпы мақсаты – азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты қызметтер мен бағдарламаларды үйлестіруді және оған ден қоюды жақсарту үшін ИЫҰ институционалдық құрылымын/тетіктерін нығайту арқылы ИЫҰ-ға мүше елдердегі азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларына тиімді ден қою болып табылады. ТК Қазақстан Республикасының Үкіметіне ИЫҰ Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын (ИЫҰ АҚИҰ) құруға және іске қосуға қолдау көрсетеді.

Ұйымды құру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:

1-кезең АҚИҰ Хатшылығының қажетті әдістерін, нұсқамаларын және әрекет ету тәсілін қоса алғанда, ұйымның институционалдық іс-шараларын алдын ала зерттеуді қамтиды.

2-кезең барлық функцияларды басқаруды жүзеге асыру үшін рәсімдерді ұйымдастыру қағидаларын қоса алғанда, егжей-тегжейлі институционалдық құрылымды, сондай-ақ бизнес-жоспар мен стратегияны әзірлеуді қамтиды.

Ұсынылған ТК 1-кезеңді іске асыру үшін консалтингтік көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға бағытталатын болады.

Екінші кезең Ұйым Хатшылығы құрылғаннан кейін жүзеге асырылатын болады. АШМ – ТК-ның атқарушы агенттігі болып табылады.
ТК-ны қолдану аясы:

ТК-ны қолдану аясы екі компоненттен тұрады:


А) ұйымның институционалдық құрылымдары және әрекет ету тәсілі бойынша зерттеу. Зерттеу:

- Хатшылық үшін әрекет ету тәсілдерін, операциялық нұсқамаларды және әдістерді айқындауға;

- әр түрлі заңды тұлғаларын, департаменттерін, бөлімшелерін және бөлімдерін қоса алғанда Хатшылықтың құрылымын ұсынуға;

- Хатшылыққа басшылық ететін Бас Директорды қоса алғанда, басшылықтың құзыретін айқындауға;

- Хатшылық құрамында белгіленген әр департамент үшін персонал санын және бейінін (минималды және оңтайлы нұсқаларын) ұсынуға және олардың құзыреттерін әзірлеуге;

- Хатшылық үшін қаржыны басқару жүйесін ұсынуға;

- егжей-тегжейлі нұсқаманы және рәсімдер қағидаларын, адам ресурстарын басқарудың саясатын және рәсімдерін, қаржылық қағидаларды; ұйымның миссиясын, пайымын және стратегиясын және ішкі бағалау тетігін дайындауға мүмкіндік береді.

В) Жобаны басқару: Қазақстан Үкіметінің Ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) құрамында Жоба Үйлестірушісінен және оның жұмысын қолдайтын сатып алу жөніндегі сарапшыдан, халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшысынан және ауыл шаруашылығы жөніндегі сарапшыдан тұратын Жобаны басқару тобын (ЖБТ) айқындайды/тағайындайды. ЖБТ АШМ-де орналасатын болады.



ІІІ қосымша. ГРАНТ СОМАСЫН АЛУ
Грант сомасы мынадай түрде алынатын болады:

  1. Төлем кестесін Атқарушы агенттік әзірлейтін болады және Консультантпен келісіледі. Бұл Үкімет пен Консультант арасында қол қойылатын консалтингтік көрсетілетін қызмет көрсету туралы келісімде/шартта айқындалатын болады.

  2. Банк Консультантқа тікелей төлемдерді жүзеге асыратын болады. Банктің Төлем рәсімі және нұсқамалары осы Зерттеуге қолданылатын болады.

  3. Үкіметтің салымы заттай түрде болады және мыналарды жабатын болады:

a) Жобаны басқару тобы Жобаны үйлестірушіден (24 ай) және заңнама/сатып алу жөніндегі сарапшы (8 ай), халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы (6 ай) және ауыл шаруашылығы жөніндегі сарапшы (4 ай) сияқты басқа сарапшылардан тұрады; және

b) Зерттеуді іске асыру барысында туындауы мүмкін жоспарланған көлемнен асатын жергілікті валютадағы кез келген шығыстар.

Қолтаңбалар
Жоғарыда айтылғанды растау үшін, Тараптардың тиісті түрде уәкілеттік берілген өкілдері шамамен US$ 300,000.00 (үш жүз мың АҚШ долларына) эквивалентті ID200,000.00 (екі жүз мың Ислам динары) аспайтын Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының алдын ала институционалдық құрылымы бойынша зерттеуді дайындауға қатысты осы Келісімге жоғарыда көрсетілген күні қол қойды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ

ҮШІН ЖӘНЕ ОНЫҢ АТЫНАН


__________________________________

Аты:
Лауазымы:


ИСЛАМ ДАМУ БАНКІ

ҮШІН ЖӘНЕ ОНЫҢ АТЫНАН


__________________________________

Аты:
Лауазымы:






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет