Жоба Қазақстан Республикасының конституциялық Заңы



жүктеу 37.19 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі37.19 Kb.


Жоба

Қазақстан Республикасының

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына конституциялық мерзімдерді есептеу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 21, 124; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 78; 1999 ж., N 4, 100; N 10, 342; 2006 ж., N 23, 137):

1) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакциядағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жұмыс күндері деп, демалыс немесе мереке (ұлттық және мемлекеттік мерекелер) күндерінен басқа күндері түсінген жөн.»;

2) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

« 2. Парламент қабылдаған заңдар қабылданған күнiнен бастап он күннiң iшiнде Парламент Палаталарының әрқайсысының төрағаларының қолдарымен, сондай-ақ егер заң жобасын Үкiмет енгiзсе, Премьер-Министрдiң қолымен алдын-ала бекiтiлiп, Республика Президентiнiң қол қоюына ұсынылады, ол бір ай iшiнде ұсынылған заңға қол қойып оны жариялайды не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшiн Парламентке қайтарады. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарға қол қою үшін берілген бір ай мерзімі Қазақстан Республикасының Президенті заңды алған күннен бастап есептеледі және келесі айдың тиісті күнінде (күн санында) аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады»;

3) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді және келесі айдан тиісті күнінде (күн санында) аяқталады. Егер мерзімінің аяқталуы мұндай күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-баптың 4-тармағында және


61-баптын 2-тармағында көрсетілген жаєдайларды қоспағанда бір ай мерзімі үзіледі, егер ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-баптың
3-тармағымен белгіленген Парламент сессиясының жұмысы кезеңімен уақытымен кездеспесе.

Бір ай мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді.»;

4) 36-баптың 2-тармағы мынадай редакциядағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бір жыл мерзім осы оқиға болған күннен, яғни Республика Президентінің Парламент немесе Парламент Мәжілісін тарату туралы актісі қолданысқа енгізілген күннен басталады. Осы мерзім келесі жылдың тиісті айы мен күнінде аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы мұндай күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.».

2. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192; 1998 ж., № 7-8, 71; № 22, 290; 1999 ж., № 10, 340; № 15, 593; 2004 ж., № 7, 45; 2005 ж., № 7-8, 17; 2006 ж., № 23, 138; 2007 ж., № 12, 85):

1) 69-баптың 3-тармағы мынадай редакциядағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Республика Президентінің Парламентті тарату туралы актісі қолданысқа енгізілген күннен бастап, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлау өткізілуге тиіс мерзім басталады. Бұл мерзім екі ай өткен соң аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы мұндай күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.»;

2) 85-баптың 3-тармағы мынадай редакциядағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Республика Президентінің Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарату туралы актісі қолданысқа енгізілген күннен бастап, Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлау өткізілуге тиіс мерзім басталады. Бұл мерзім екі ай өткен соң аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы мұндай күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.».

3. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Конституциялық заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 173; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 22, 129):

1) 24-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

«24-бап. Конституциялық Кеңестiң өтiнiштердi қарау мерзiмдерi

Конституциялық Кеңес iс жїргiзуге қабылданған өтiнiштi қарап, өтiнiш келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде ол жөнiнде қорытынды шешiм шығарады, бұл мерзім келесі айдан тиісті күнінде (күн санында) аяқталады. Егер мерзімінің аяқталуы мұндай күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады. Егер мәселенi кейiнге қалдыруға болмаса, Республика Президентiнiң жазбаша нысанда жасаған талабы бойынша қорытынды шешім қабылдауға бір ай мерзiм он күнге дейiн қысқартылуы мүмкiн.

Бір-бірімен өзара байланысты өтініштерді Конституциялық Кеңес бір іс жүргізуге біріктірген жағдайда, қорытынды шешім шығару үшін Конституцияда көзделген бір ай мерзімді соңғы өтініш түскен күннен бастап есептеген жөн.».



2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Президенті




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет