19) мынадай мазмұндағы 16-8 - бабымен толықтырылсын:
«16-8-бап. Белгілі бір функциялар мен міндеттерді беру туралы келісім
1. Конвенцияның 83 bis-бабына сәйкес жасалған келісімнің негізінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемесі тіркелген мемлекет ретінде белгілі бір функциялар мен міндеттерді бұл әуе кемесі экипажсыз пайдаланылатын шет мемлекеттің құзыретті органдарына беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы пайдаланушысының оны экипажсыз пайдалануы кезінде әуе кемесі тіркелген мемлекеттің оған берген функциялары мен міндеттерін қабылдауға құқылы.
Осы тармақтың қолданыс күші тиетін пайдаланушылар мемлекеттердің құзыретті органдары арасында жасалған функциялар мен міндеттерді беру туралы келісімнің куәландырылған дәл көшірмесін оның барлық қолданыс мерзімі ішінде әуе кемесінің бортында ұстауға міндетті.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Конвенцияның 83 bis-бабына сәйкес пайдаланушының мемлекеті берген немесе растаған ұшу жарамдылығы куәлігін (сертификатын), радиоаппаратураны пайдалануға рұқсатын және экипаж мүшелерінің куәліктерін жарамды деп таниды.
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органдарымен жасасқан келісімдері Конвенцияның 83 bis-бабына сәйкес ИКАО-да тіркеуге жатады.»;
20) 17-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын::
«1. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру әуе кемелерінің ұшуын (әуе қозғалысын) қауiпсiз, үнемді және тұрақты орындауды, сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызметті қамтамасыз етуді көздейді.
Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру:
1) Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптамасын айқындауды;
2) осы Заңның 25-бабында белгіленген басымдықтарға сәйкес әуе кеңiстiгiн пайдалануды жоспарлауды және үйлестіруді;
3) әуе кеңiстiгiн пайдаланудың рұқсат беру не хабарламалық тәртiбiн айқындауды және қамтамасыз етуді;
4) әуе қозғалысын ұйымдастыруды, олар:
әуе қозғалысына қызмет көрсетуді, әуе қозғалысын басқаруды;
әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыруды;
5) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды және қадағалауды.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Әуе кеңістігін икемді пайдалануды қамтамасыз ету үшін азаматтық-әскери үйлестірілімнің қағидаттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2 – тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыруды, әуе қозғалысына қызмет көрсетуші органның өтінім берілген өткізу қабілеттігін ескере отырып азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым жүзеге асырады.
4-2. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қажеттілігі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесіне сәйкес және:
1) тиісті әуе қозғалысының үлгілерін;
2) әуе қозғалысының қарқындылығын;
3) метеорологиялық жағдайды;
4) осы аудан немесе осы жер үшін қатысы болуы мүмкін басқада факторларды ескере отырып айқындалады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік және (немесе) эксперименттік авиация ұшуының арнайы аймақтары мен аудандарын, сондай-ақ сыныпталмайтын әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) аудандарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бақыланатын әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйым жүзеге асырады.
Жекелеген әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) ауданында әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жеке меншік нысандағы аэронавигациялық ұйым жүзеге асыруы мүмкін.»;
7-тармақ алып тасталсын;
21) 19-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына ұшу ақпаратының аудандары, диспетчерлік аудандар, әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттары, тораптық диспетчерлік аудандар, диспетчерлік аймақтар, әуеайлақ қозғалысының аймақтары, бақыланбайтын әуе кеңістігі аудандары, әуе трассалары, әуе кемелерінің ұшуына арналған арнайы аймақтар, тыйым салынған аймақтар, қауіпті аймақтар, әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақтар және әуе кеңістігіндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленетін басқа да арнайы элементтер белгіленеді, бұлардың жиынтығы Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымын құрайды.
Әуе кеңістігінің құрылымы Азаматтық авиацияны аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінің сыныптамасы әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушылардың сұранысынан, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігінен, олардың экономикалық тиімділігінен айқындалады және аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.»;
22) 20-бапта:
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әуе кемелері, сондай-ақ iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жаттығуларға қосылған әуе кемелері;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жеңіл және аса жеңіл әуе кемелері;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұсынылатын аэронавигациялық қызмет көрсетулер үшін әуе кеңістігін пайдаланушылардан төлемақы алуды аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісі жүзеге асырады. Аэронавигациялық қызмет көрсетуге кіретін қызметтерді ұсынуға қатысушы ұйымдармен құқықтық қатынастарды реттеу шарттар негізінде жүзеге асырылады.»;
23) 21-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізуші Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және Азаматтық авиацияны аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді.
2. Аэронавигациялық ақпарат көздері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар Азаматтық авиацияны аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты өтеусіз негізде беруге міндетті және мұндай ақпараттың дәйектілігі, нақтылығы және уақтылы берілуі үшін жауаптылықта болады.»;
24) 22-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әуе кемелерін эшелондауға қойылатын талаптарды қамтитын әуе кемелеріне диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету тәртібі Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта айқындалады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары беретін диспетчерлік рұқсаттар әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға негізделеді.»;
25) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Ұшуды орындау қағидалары
Әуе кемелерінің Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшуы азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы ұшуды жүргізу қағидаларына сәйкес орындалады.
Ұшуды орындау кезінде әуе кемесінде азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы ұшуды жүргізу қағидаларында көзделген кеме құжаттары болуға тиіс.»;
26) 25 және 26-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Әуе кеңістігін пайдаланудағы басымдықтар
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі ведомстволық тиесілігі бойынша бөлінбейтін дара және оны пайдалану бойынша барлық әуе кеңістігін пайдаланушыларға тең құқықпен қол жетімді болып табылады.
Бір уақытта екі немесе одан да көп пайдаланушылар әуе кеңістігін пайдалану қажеттігі туындаған жағдайда оны пайдалануға бірінші кезектегі құқық мемлекеттік басымдықтарға сәйкес пайдаланушыларға мынадай тізбекте беріледі:
1) әуе шабуылына тойтарыс беру немесе әуе кеңiстiгiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын бұзуды, әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiнің бұзылуын болғызбау және тоқтату, Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық тұтастығына және қауiпсiздiгiне қарсы күш қолдануды немесе күш қолдану қатерін жою;
2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде террорлық актілер жасау үшін пайдаланылуы мүмкін әуе кемесінің құқыққа қайшы әрекетін тоқтату;
3) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн немесе елеулі материалдық залал келтіру қаупін тудыратын дүлей зілзалалар және өзге де зілзалалар, апаттар, авариялар, авариялық және өзге де жағдайлар кезінде көмек көрсету;
4) ғарыш аппараттары мен олардың экипаждарын ұшыру, қондыру, iздестiру және эвакуациялау;
5) Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес орындалатын ұшу;
6) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның жоспарлы оқу-жаттығулар өткізуі, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшуы немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырылатын өзге де қызмет;
7) жолаушыларды, жүктерді және почта жөнелтілімдерін тасымалдайтын тұрақты рейстер;
8) Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің мемлекеттік авиациясының ұшуы;
9) эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
10) тұрақты емес әуемен тасымалдау және авиациялық жұмыстарды орындау;
11) оқыту, көрсету, мәдени-ағарту іс-шараларын өткізу, сондай-ақ пайдаланушының жеке мақсаттағы ұшуы.
26-бап. Әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салу немесе шектеу
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында және 25-бабының 1) - 5) тармақшаларында көзделген қызметті жүзеге асырған жағдайларда мемлекеттік авиация саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен әуе кемелерінің ұшуы үшін Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн немесе оның жекелеген аудандарын пайдалануға тыйым салады немесе шектейді.»;
27) 27-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұза отырып ұшқышсыз ұшу аппаратының мемлекеттік күзетілуге жататын объектінің үстінен ұшуы;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ұшу қауiпсiздiгiне анық қатер төну және авиациялық оқиғаны болғызбау жағдайларын қоспағанда, әуе трассаларынан және маршрут осьтерiнен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген нормалардан асатын қашықтыққа ауытқуы;»;
28) 30-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Байланысты қамтамасыз ету тәртібі, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының байланысты қамтамасыз етуге қоятын талаптары, азаматтық авиациядағы байланыс құралдарының сипаттамасы Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық электробайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларында айқындалады.»;
29) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Елді мекеннің үстінен ұшу
1. Ірі қалалардағы, қалалардағы немесе ауылдардағы халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен апаттық жағадай не төтенше жағдай туындаған кезде адамдарға немесе жердегі мүлікке аса қауіп төндірмейтін, бұл ұшу немесе қону кезінде қажет болған жағдайды қоспағанда немесе бұған әуе қозғалысын басқару органының рұқсаты берілетін жағдайды қоспағанда қонуды орындауды қамтамасыз ете алмайтын биіктікте әуе кемелерінің ұшулары орындалмайды.
2. Күзет іс-шараларын өткізу кезеңінде әуе кемелерінің және ұшқышсыз ұшу аппараттарының елді мекендердің үстінен ұшуы ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі.
3. Елді мекендердің үстінен ұшуды келісу және орындау тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында айқындалады.»;
30) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әуе кемелерінің пайдаланушыларын сертификаттау кезеңі болып табылмайтын көрсету мақсатындағы ұшу авиациялық техниканы көрсету, авиация жетістіктерін насихаттау, сондай-ақ қоғамдық-саяси және ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды қамтамасыз ету үшін қолданылады.»;
31) 33-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалану Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген шарттар сақталған кезде адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру, мүлікті зақымдау (бүлдіру) қатерін, басқа әуе кемелері үшін қауіпті барынша азайтуға тиіс.
2. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланушылар әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес ұшқышсыз ұшу аппараттарының жоспарлаған ұшуы туралы егжей-тегжейлі деректерді хабарлайды.»;
32) 34-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Байланыс жүйесін, навигация мен бақылауды ұсынудан тұратын ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етуді азаматтық және (немесе) мемлекеттік авиация ұйымдарының радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтері жүзеге асырады.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) азаматтық және эксперименттік авиация үшін Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық электробайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес;»;
33) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әуе кемелерінің ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету пайдаланушыларға, әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдарына және осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін басқа да пайдаланушыларға, олардың мемлекеттік тиесілігіне, ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан, аэронавигаиялық қызмет көрсету шарттарының негізінде сапалы метеорологиялық ақпаратты уақтылы беру болып табылады.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандартарына көзделген метеорология органының функциясын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Азаматтық және эксперименттік авиацияның ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз ету азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушілерімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік авиациясының ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
34) 35-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«35-1-бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісін сертификаттау
1. Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушілері аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушілеріне қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Көрсетілген жеткізушілердің сәйкестігі аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісінің сертификатын оның қолданылу саласы мен рұқсат етілген қызмет түрлері (түршелері) көрсетіле отырып берумен расталады.
Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісін сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сертификаттық талаптардан уақытша ауытқуларға, егер мұндай ауытқулар белгіленген ұшу қауіпсіздігінің деңгейіне баламалы деңгейді қамтамасыз ететін қосымша шаралар енгізумен өтелетін болса, жол беріледі.
2. Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісін сертификаттау, сертификат беру не тоқтату (қайтарып алу), оған өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісін сертификаттау қағидаларымен айқындалады.
3. Егер аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісіне қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісінің сертификатын беруден бас тарту жүргізіледі.
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттық талаптарды бұзушылықты анықтаған жағдайда аэронавигациялық қызмет көрсетудің үзіліссіздігі мақсатында мынадай тәртіпте әрекеттер қабылдайды:
1) аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісінен осы Заңның 16-3-бабына сәйкес түзету іс қимылдарының жоспарын ұсынуды және оны орындауды талап етеді;
2) түзету іс қимылдары жоспарында белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген мөлшерде айыппұл салады;
3) егер айыппұл салғаннан бастап алты ай ішінде сертификаттық талаптардың бұзушылықтарды жоймаса, бұзушылықтың сипатына қарай аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісінің сертификатын қайтарып алады не ондай сертификаттың (немесе сертификатта көрсетілген рұқсат етілген қызмет түрлерінің (түршелерінің) әрекет ету саласын толығымен не жартылай тоқтата тұрады.
Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісінің сертификаты Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісін сертификаттау қағидаларына сәйкес оның иесінің өтініш бойынша да толығымен не жартылай шектелуі мүмкін.»;
35) мынадай мазмұндағы 35-2-баппен толықтырылсын:
«35-2-бап. Әуе қозғалысын ұйымдастырудың функциональдық жүйесіндегі өзгерістер кезінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету
1. Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушілері ұшу қауіпсіздігін байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функциональдық жүйесіндегі өзгерістерді енгізу кезінде ондай өзгерістер туралы алдын ала Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісін сертификаттау қағидаларында белгіленген тәртіпте азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға хабарлайды.
2. Алдын ала азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісуге жататын әуе қозғалысын ұйымдастырудың функциональдық жүйесіндегі өзгерістердің тізбесі, сондай-ақ ондай келісулердің тәртібі мен шарттары Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісін сертификаттау қағидаларымен айқындалады.
3. Осы баптың ережелерін бұзушылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген мөлшерде аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушісіне айыппұл салуға әкеп соғады.»;
36) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«36-бап. Әуе трассаларын пайдалануға рұқсат ету
Әуе трассалары пайдалануға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Әуе трассаларын пайдалануға рұқсат ету қағидаларына сәйкес рұқсат беріледі.
Әуе трассалары туралы мәліметтер аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.»;
37) 37-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қолданылатын өлшем жүйелері Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында көрсетіледі.»;
38) 40-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Егер Қазақстан Республикасы мен пайдаланушының мемлекетінің құзыретті авиациялық билік органдарының арасындағы келісімдерде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерімен Қазақстан Республикасының аумағында қалыптастырылатын коммерциялық әуе тасымалына байланысты тұрақты емес (бір реттік) халықаралық ұшуды орындауға жол берілмейді.»;
39) 42-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық әуе кемелерінің сыныптамасы әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамаларына және деректеріне қарай Қазақстан Республикасының ұшуды жүргізу қағидаларында айқындалады.»;
40) 45-бапта:
45-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық әуе кемелері азаматтық авиация саласындағы басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды, сондай-ақ оларға құқықтарды куәландыратын құжаттардың нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде мемлекеттік тіркелуге жатады.
Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне азаматтық әуе кемелері оның иесінің немесе иесінің келісімімен оның пайдаланушысының өтініші бойынша тек егер:
1) әуе кемесі басқа мемлекетте тіркелмеген;
2) әуе кемесінің меншік иесі немесе пайдаланушысы Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары болып табылатын;
3) әуе кемесінің тиісті үлгі сертификаты немесе оған ұқсас басқа құжат азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген немесе қолданыс күшін таныған жағдайда ғана мемлекеттік тіркелуге жатады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тіркелген азаматтық әуе кемесінің пайдаланушысына (иесіне) азаматтық әуе кемесінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік береді.
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілетін әуе кемесі Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларына және ұшуға жарамдылығын айқындайтын пайдалану-техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Егер әуе кемесі ұшу жарамдылығы, қоршаған ортаны қорғау талаптарына және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқада шектеулерге сәйкес келмеген жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық әуе кемесін тіркеуден бас тартуы мүмкін.
2-2. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген сәттен бастап азаматтық әуе кемесі Қазақстан Республикасының ұлттық тиесілігін алады.
Тіркеу туралы куәлік әуе кемесінің бортында тұрады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларының меншiгiндегi азаматтық әуе кемелеріне құқықтар, сондай-ақ қайтарылмайтын өкілеттіктер азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiнде тіркеуіне жатады.»,
4-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілмеген, оларға қабылдау сынақтары жүргізіліп жатқан жаңа әуе кемелері уақытша көрсетуді ұсыну мен уақытша есепке алу куәлігін бере отырып есепке алынуға жатады.
Әуе кемесін есепке алуды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Әуе кемелерін есепке алу тәртібі мен уақытша есепке алу куәлігінің нысанын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
7. Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс жерде халықаралық ұшуды орындау кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген азаматтық әуе кемелерінің бортында орын алған заңды фактілер мен әрекеттер, егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын келісімдер мен халықаралық конвенцияларда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.»;
41) 46-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) әуе кемесі жойылған;
5-2) әуе кемесі із-түссіз жоғалған деп танылған;»;
42) 47-бапта:
2-тармақта:
үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшқан кезде шетелдік әуе кемесінің Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары негізінде шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығының сертификаты мен шуыл бойынша сертификаты болуға тиіс.
Ұшуға жарамдылығының сертификаты Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемелеріне:
1) азаматтық әуе кемесінің Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі және осы үлгі конструкциясы үшін мақұлданған пайдалану құжаттамалары немесе басқа да осыған ұқсас құжат негізінде пайдалануға жарамдылық туралы расталған бағалау актісіне сәйкес;
Достарыңызбен бөлісу: |