Жоба бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізудің орны мен қосымша тәртібін айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата09.07.2016
өлшемі75.92 Kb.
#186518



ЖОБА

Бейбіт жиналыстар, митингілер,

шерулер, пикеттер мен

демонстрациялар өткізудің

орны мен қосымша тәртібін

айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына және «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы №2126 Заңына сәйкес Қармақшы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қармақшы ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі бекітілсін.

2. «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Қармақшы аудандық мәслихаттың 2014 жылдың 15 сәуірдегі №158 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 20 мамырында №4675 болып тіркелген, «Қармақшы таңы» газетінің 2014 жылы 31 мамырында № 40 (9294) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қармақшы аудандық Қармақшы аудандық
      мәслихатының кезектен тыс мәслихатының хатшысы
      _____сессиясының төрағасы              ___________ М.Наятұлы

                              


Қармақшы аудандық мәслихаттың

«___»____________20___ жылғы

№______ шешіміне қосымша

Қармақшы ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі
1. Осы Қызылорда облысында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі (әрі қарай - Тәртіп) «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы №2126 Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.
1. Қармақшы ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге арналған арнайы орындар
2. Қармақшы ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер өткізу үшін келесі арнайы орындар белгіленсін:

1) Қуандық Жолдыбаев көшесі бойындағы демалыс саябағы;

2) Тұрар Рысқұлов көшесі бойындағы адагерлер аллеясы.

3. Қармақшы ауданы аумағында бейбіт шерулер, демонстрациялар өткізу үшін келесі арнайы маршруттар белгіленсін:

1) Бауыржан Момышұлы көшесі (Қуандық Жолдыбаев көшесі мен Ғани Мұратбаев көшесі аралығы);

2) Қармақшы мен Аманкелді Иманов көшелерінің бойы (Қорқыт ата мен Қармақшы көшелерінің қиылысынан Қармақшы көшесімен Аманкелді Иманов көшесінің қиылысына дейін және Қармақшы, Аманкелді Иманов көшелерінің қиылысынан Елеу Көшербаев көшесіне дейін).

4. Бейбіт пикеттер өткізу үшін арнайы орындар белгіленбейді.
2. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібіне қосымша талаптар
5. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар (әрі қарай – шара) өткізу туралы өтініш оларды өткізудің белгіленген күнінен кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі.

6. Өтініште шараны өткізудің мақсаты, нысаны, өткізілетін орны немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және

қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген датасы көрсетіледі.

Өтініш жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнама талаптарына сәйкес берілуі мүмкін.

Аудан әкімдігіне тікелей жүгіну барысында өтініш берушіге өтінішті қабылдаған тұлғаның аты-жөні, қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген талон беріледі.

7. Өтініштің берілген мерзімі аудан әкімдігіне тіркелген күннен бастап есептеледі.

8. Шараны өткізу туралы өтінішті еңбек ұжымының, қоғамдық ұйымдардың немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының 18 жасқа толған уәкілдері береді.

Уәкілеттікті рәсімдеу Қазақстан Респуликасының азаматтық заңнамаларымен бекітілген тәртіппен жасалады.

9. Аудан әкімдігі өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан бес күн бұрын уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешім туралы хабарлайды.

10. Аудан әкімдігі басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс жасауын, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда өтініш жасағандарға шараны өткізудің өзге уақыты мен орнын ұсынады.

Қабылданған шешімге қолданыстағы заңнамада бекітілген тәртіппен шағым жасауға болады.

11. Шара өткізу туралы өтініш беру барысында «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы №2126 Заңының 3 бабының талаптары бұзылған жағдайда жіберілген қателерді жою туралы ұсыныспен аудан әкімдігімен ресми жауап беріледі.

Жаңадан түскен өтінішті қарау мерзімі оның келіп түскен уақытынан бастап есептеледі.

12. Егер шараның өткізілу мақсаты нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімдікті, тектік астамшылықты, республиканың конституциялық құрылымын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге

де нормативтік актілерінің басқа қағидаларын бұзу немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, аудан әкімдіктері бұларды өткізуге тыйым салады.

13. Бұқаралық шараларды темір жол, су және әуе көлігінің объектілерінде, сондай-ақ, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың (қоғамдық көлік, сумен,


электр қуатымен, жылумен және басқада энергия көзімен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінің жанында өткізуге жол берілмейді.

14. Бас тартылған жағдайда ұйымдастырушыларға барлық дайындық рәсімдерін тез арада тоқтату шараларын қабылдау және бұл жөнінде әлеуетті қатысушыларды тиісті түрде хабардар ету жазбаша түрде көрсетіледі.

15. Егер ұйымдастырушылар дайындық шараларын тоқтату жөніндегі шараларды өздігінен қабылдамаса аудан әкімдігі шараны өткізуге рұқсат беруден бас тартылғандығы туралы ақпаратты, санкцияланбаған шараға қатысқаны үшін жауапкершіліке тартылатындығы туралы ескертумен бірге өзінің ресми интернет-ресурстарына, сондай-ақ, ұйымдастырушылар заңсыз шараға шақыру, шақырту орналастырған (орналасқан) басқа да ресурстарға орналастыруға құқылы.

16. Аудан әкімдігі ұйымдастырушылардың келісімі бойынша қоғамдық тәртіпті, көліктің, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптің алдын алу мақсатында, сондай-ақ, шаралардың нысаны, өткізілу орны мен уақыты тура келіп, алайда басқа шараның бағыты мен мақсатына сәйкес келмеген жағдайда белгіленген мерзімге бұрын немесе бір мезгілде түскен шараны өткізу туралы арыздардағы шараның өткізілу уақытын, орнын (маршрутын) және өткізілу тәртібін өзгертуге құқылы

Ауадн әкімдігінің ұсынысы нақты сипатта болуы тиіс, дегенмен бірнеше нұсқаны қамти алады.

17. Шара мақсаттарына сәйкес өтініште көрсетілген мерзімде, уақытта шартты орындарда (белгіленген маршрутпен) өткізіледі.

18. Егер шараның нысанын өзгерту қажеттілігі туындаса, шараны ұйымдастырушы тиісті рұқсатты алу үшін аудан әкімдігіне жүгінуі қажет.

19. Шараны өткізу барысында өтінішке қол қойған ұйымдастырушыда айырмалық белгілер болуы тиіс, бекітілген тәртіпке сәйкес өзі келіп және шараның өткізілуіне толық жауапкершілік алады.

20. Шараны өткізу барысында ұйымдастырушылар мен қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, басқа да нормативтік актілерін, қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.

21. Шараны ұйымдастырушылар мен аудан әкімдігі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін, медициналық қызметті, өрт қауіпсіздігін және төтенше жағдайлар туындағанда қатысушыларды эвакуациялауға шаралар қабылдайды.

22. Шара өткізілетін орындарда алкогольді сусындарды ішу, есірткі құралдарын, психотроптық және оларға ұқсас заттарды пайдалануға тыйым салынады.

Шараны ұйымдастырушылар мас және есірткі пайдаланған тұлғалардың шараға қатысуына жол бермеуге міндетті.

Шараға қатысушыларға өзімен бірге қару, жарылғыш заттар, улы, есірткі заттарын, алкогольдік сусындарды, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың

өміріне қарсы, тәртіпсіздікті арандату, митингіге кедергі келтіру және т.б. жағдайда қолданылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген заттарды алып жүруге тыйым салынады.

23.Шараны ұйымдастырушылар оны өткізу барысында дауыс күшейткіштер, транспаранттар, ұрандар және басқа да материалдарды дайындау және (немесе) пайдалану, сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын, кімге де болмасын тіл тигізетін көпшілік алдында сөз сөйлеулерге жол бермеуі тиіс.

24. Пикетке шығушыларға рұқсат етіледі:

пикет өткізілетін объектіде отыруға, тұруға;

көрнекі үгіт-насихат құралдарын пайдалануға;

пикеттің тақырыбына сәйкес қысқа ұрандар мен лозунгілерді айқайлап айтуға.

25. Қоғамдық тәртіпті сақтау және пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі жекелеген пикетке қатысушылар бір-бірінен шамамен 50 метр қашықтықта орналасуы қажет.

26. Шараның өткізілуі барысында ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі заңнамаларға сәйкес қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, азаматтардың құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғауды, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды алдын алу және оларға жол бермеуді қамтамасыз етеді, қолданыстағы заңнамаларда қарастырылған басқа да қызметтерді атқарады.

27. Ішкі істер органдары жергілікті полиция қызметтерінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты талаптары барлық азаматтарға, шараға қатысушы мекемелер мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларына міндетті болып табылады.



28. Азаматтардың бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларға бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың, ұйымдастырушылардың, қатысушылардың барлық іс-әрекеттеріне жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет