Жоба Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының шешімі 2014 жыл 21 қаңтар №17/163



Дата24.02.2016
өлшемі26.28 Kb.
#15575

Жоба

Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының

ШЕШІМІ

2014 жыл 21 қаңтар №17/163




Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы

12 желтоқсандағы № 16/152

«2014-2016 жылдарға арналған

қалалық бюджет туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, сондай-ақ Маңғыстау облысының әділет департаментінің ұсынысына және Ақтау қаласы прокуратурасының наразылығына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:



  1. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №16/152 «2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2327 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №208-209 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2014 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

  1. кірістер – 16 231 608 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 12 655 686 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 24 013 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 627 562 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 2 924 347 мың теңге;



  1. шығындар – 16 231 608 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.



  1. Мемлекеттік тілдегі мәтіннің 3 тармағы мынадай мазмұнда жаңа

редакцияда жазылсын:

«3. Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне бюджет қаражаты есебінен, қызметтің, осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін».

Ресми тілдегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын.

3. Қалалық мәслихат аппаратының басшысы (Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның интернет-ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (С.Кутеповқа) жүктелсін.

5. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрағасы,

мәслихат хатшысы

Бүркітбаев А.

М. Молдағұлов
«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________А. Ким

2014 жыл «21» қаңтар





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет