Жоба Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының шешімі 2014 жыл 17 наурыз №



Дата29.02.2016
өлшемі27.22 Kb.
#31779

Жоба

Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының

ШЕШІМІ

2014 жыл 17 наурыз №__/___




Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы

12 желтоқсандағы № 16/152

«2014-2016 жылдарға арналған

қалалық бюджет туралы» шешіміне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу

туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 27 ақпандағы №15/224 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №13/188 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 7 наурыздағы №2366 болып тіркелген) сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №16/152 «2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2327 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №208-209 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2014 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

  1. кірістер – 16 182 011,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 12 606 089,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 24 013 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 627 562 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 2 924 347 мың теңге;



  1. шығындар – 16 716 265,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 4 290 500 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 67 000 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 67 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 4 891 753,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 891 753,7 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 4 290 500 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 601 253,7 мың теңге.

Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.



  1. 2 тармақтағы:

2 абзацтағы «21,4» саны «20,8» санымен ауыстырылсын;

3 абзацтағы «20,4» саны «20,8» санымен ауыстырылсын;



  1. Келесі мазмұндағы 5-1 тармағымен толықтырылсын:

«5-1. Облыстық бюджеттен тұрғын-үй құрылысына 4 290 500 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер 2014 жылға қалалық бюджетке қарастырылғаны ескерілісін».

  1. 6 тармақтағы «151 575» саны «84 575» санымен ауыстырылсын.

  2. 7 тармақтағы көрсетілген шешімнің 4 қосымшасы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

6. Қалалық мәслихат аппаратының басшысы (Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның интернет-ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.

7. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (С.Кутепов) жүктелсін.

8. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Қалалық мәслихат

хатшысы

Б. Боранбаев М. Молдағұлов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________А. Ким



2014 жыл «17» наурыз



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет