Жоба бұйырамын Қазақстандық баспагерлер және «Атакент-Экспо» Халықаралық Кітаптаратушылар одағының көрме компаниясының директоры Президенті ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап Палатасының директоры Ж. Сейдуманов Ж



жүктеу 60.16 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі60.16 Kb.
ЖОБА
Бұйырамын Бұйырамын

Қазақстандық баспагерлер және «Атакент-Экспо» Халықаралық Кітаптаратушылар одағының көрме компаниясының директоры

Президенті

ҚР Ұлттық мемлекеттік

Кітап Палатасының директоры

_________________ Ж.Сейдуманов ________________ Ж.К.Абдуллаева

______________ 2012 г. ___ __ 2012 г.

«ALMATY BOOK EXPO- 2014»

Халықаралық кітап көрме-жәрмеңке

ЕРЕЖЕЛЕРІ

1 Жалпы ереже


  • «ALMATY BOOK EXPO- 2014»

  • Халықаралық кітап –көрме жәрмеңке (әрі қарай – көрме-жәрмеңке) Алматы қаласында 2014 ж. 11-13 сәуір аралығында ««Атакент-Экспо» Халықаралық көрме компаниясы» ЖШС-ның территориясында өтетін(әрі қарай « ХКК«Атакент-Экспо» ЖШС) кітап баспалары мен полиграфия орталықтары үшін дәстүрлі мереке.

2 Мақсаттары мен міндеттері

2. Көрменің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

- Баспа, полиграфия және кітапсатушы компаниялар арасындағы мәдени және іскерлік байланыстарды кеңейту;

- Қазақстанның ТМД мемлекеттері мен шет елдердегі кітап және полиграфия нарығы туралы өзара тиімді ақпарат алмасу;

- Потенциалды сатып алушыларға әр түрлі мемлекеттердің ең үздік заманауи кітап өнімдерінің түрлерін, кітапшығару және полиграфия саласында жаңа технологияларын ұсыну;

- Баспагерлердің, полиграфистердің, авторлардың және кітапханалардың ақпараттық, шығармашылық және іскерлік ынтымақтастығын нығайту және кеңейту.



3 Қатысушылар

3.Кітапбаспалары, кітапсату фирмалары және мекемелер, халықаралық және ұлттық баспагерлер, полиграфистер және кітаптаратушылар одағы, халықаралық және ұлттық авторлық-құқықтық мекемелер, әдеби агенттіктер мен қоғамдар, тағы басқа да ұйымдар мен одақтар «ALMATY-BOOK-EXPO-2014 Халықаралық көрме-жәрмеңке Ережелерімен келіскен жағдайда көрмеге қатыса алады.



4 Экспонаттар, құрал-жабдықтар және қызметтер

4.1 Көрмеде көрсетілімге және туындыны пайдалану үшін авторлық құқықтарды табыстауға арналған басылымдар: кітаптар, жалғасты басылымдар, ноталар, географиялық карталар, открыткалар, репродукциялар және полиграфиялық өнімдердің басқа да түрлері, оған қоса компакт-дискілер, бейнетаспалар, слайдтар, редакциялық-баспа қызметін дайындайтын құрал-жабдықтар мен технологиялар қойылады және көрсетіле алады.

4.2 Көрменің ұйымдастушылары экспонаттарды цензурадан өткізуді жүзеге асырмайды. Бірақ, Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес, егер мазмұны немесе безендірілуі соғыс, нәсілдік және ұлттық өзгешеліктерді насихаттайтын болса, бұл басылымдар мен өнімдерді көрмеге шығаруға тиім салынады.

4.3 Экспозицияның орналасуын экспонент тандаған орналастыру зонасына сай анықтайды, сондай-ақ экспоненттің қатысуға тапсырыстың түсуіне және қатысу үшін шотты төлеуінің уақыттылығына тәуелді.

4.4 Ұйымдастырушылар ақшалай есептесуін түзетуді ескере отырып, павильондағы экспозициялардың жоспарын, көрме стендтерінің орналастыруын және тапсырыс берілген алаңды өзгертуге құқылы.

4.5Ұйымдастырушылар дайын типтік модульдерді, стендтың нөмірі мен экспонаттың аты жазылған маңдайшаларды, құрал-жабдықтарды экспоненттерге уақытша пайдалануға береді.

4.6 Көрмеге қатысу тікелей және сырттай (онлайн) болуы мүмкін. Қатысу түрі тіркеу кезінде көрсетіледі.

Тікелей қатысушы экспонент өзінің экспозиция жобасын өз еркімен жабдықтай алады, бірақ міндетті түрде көрме ұйымдастырушылардың келісімімен.Көрме кезінде экспозицияның ашылу және жабылуына дейінгі уақытында экспоненттің ресми өкілі қатысуы тиіс.

Сырттай қатысушы экспонент көрме ұйымдастырушыларына немесе үшінші тұлғаға (мекеме) өз мүддесін қорғау құқығын береді.

4.7 Экспонент экспозициялық алаң және құрал-жабдықтардың бүлінуіне жауапкершілік тартады..

4.8 Экспоненттің ресми өкілі экспозицияда көрменің барлық жұмыс уақытында 09.00-ден 18.00-ге дейін қатысу керек.

4.9 Ұйыдастырушылар түнгі уақытта (18-ден 09-ға дейін) көрме павильонында күзет қызметтерін көрсетуге міндетті.



5. Көрме-жәрмеңкені қатысуды рәсімдеу

5.1 Көрмеге қатысу үшін 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін (е-mail: dinara_expo@mail.ru, dinara@atakentexpo.kz) электрондық поштаға көрмеге қатысу тапсырысын жолдау керек. Бұл көрмеге қатысуға және де қатысу үшін шотын, сондай-ақ өтінімді ресімдеу шығындарын уақытылы төлеуге дайын шешім ретінде қарастырылады.

5.2 Қатысушылардың кіру уақыты – 2013 ж. 10 сәуір 09.00-ден 20.00-ге дейін, қайту уақыты – 13 сәуір 16.00-ден 20.00-ге дейін және 14 сәуір 09.00-ден 20.00-ге дейін.

5.3 Көрме аяқталысымен ( 30 мамыр 18.00-ден кейін) экспонаттар жүк шығару қақпасы арқылы және «Ұйымдастырушы» мөрімен расталған «Шығару рұқсатнамасы» болғанда ғана шығарылады. Рұқсатнамалар қатысушыларға көрменің соңғы күні 15.00-ден кейін «Ұйымдастырушы» стендінде беріледі.



6.Қатысушылар тізімі

6. Келген тапсырыстар негізін көрменің ашылуына ресми Тізімдеме мен Іс-шаралар бағдарламасын шығарады.Экспонент және оның іс-шаралары туралы ақпаратты Іс-шаралар бағдарламалары мен қатысушылар Тізімдемесіне енгізілуі – ақылы. Тізімдемеде жариялануы үшін көрме экспоненттері өзінің қызметі туралы (белгілер саны 600-ге дейін) шағын мәліметтер беру қажет. Ұйымдастырушылар экспоненттің қатысушылар Тізімдемесі мен Іс-шаралар бағдарламасында жариялануға ұсынған түпнұсқадағы жіберілген қателіктер үшін жауапты емес.



7 Қәрмені өткізу тәртібі

7. Көрмені өткізу тәртібі бірнеше кезеңдерден тұрады:



1-кезең- Әзірлеу және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу, қатысушыларды тіркеу, келісімшартқа отыру, жарнамалық компанияларды ұйымдастыру, каталог-проспектісін жасау және т.б.

2-кезең- Салтанатты ашылу және көрмені ұйымдастыру жұмыстары, жазушылармен, студенттермен конференция, мәдени шаралар өткізу

3-кезең – Пресс-конференция қорытындысы, жабылу

4-кезең- Көрменің салтанатты жабылуы

Мәдени шараларға көрменің құрметті қонақтары және авторлармен кездесу, презентациялар, творчестволық конкурстар, концерттік шаралар кіреді.



8. Тұрақтау

Шетелдік экспоненттерге орын дайындау



9. Форс –мажор жағдайлар

Ұйымдастырушылар көрме кезіндегі қиындықтар немесе оны болдырмайтын форс –мажорлық жағдайлар салдарынан (соғыс, азаматтық қозғалыстар, жер сілкінулер, ереуілдер және т.б.) болған шығындар мен зияндарды жауапкершілікке алмайды.



10 Транспорттық шарттар

8.1 Көрмеде көрсетуге арналған басылымдар мен басқа да өнімдердің тасымалдаудағы Көліктік шығындарын өтеу қатысушылардың жеке қаржылары арқылы төленеді.

8.2 Ұйымдастырушылар экспонат ретінде көрмеге жіберілген жүктің алушысы болып есептелмейді және оған жауапкершілікке алмайды.

11 Конкурстар

11.1 Көрме шеңберінде Ұйымдастырушы комитеті 2013-2014 жылдар аралығында шығарылған «Интеллектуалдық кітап жылы» конкурсын жариялайды.

11.2 Кітап конкурсына қатысу үшін басылымдар туралы мәліметтерді (е-mail: info@bookchamber.kz) адресіне 15.05.2014 дейін жолдау керек. Жеңімпаздар тематикалық бағыт, көркемдік құндылық, баспа-редакциялық және полиграфияның жоғары деңгейдегі орындалуының критерийлері бойынша анықталады.

11.3. Конкурсқа қатысу үшін басылымдар туралы мәліметтерді Ұйымдастырушы комитеттің мекен-жайына 12.05.14 дейін келесі құжаттармен бірге жолдау керек:

- конкурстық басылымның аннотациясы,

- авторлар туралы ақпараттар,

- осы саладағы мамандардың рецензиялары мен сын-пікірлері,

- конкурсқа шығаратын ұйымның ұсыныс-хаты,



- Қолда бар болған жағдайда БАҚ жариялымдары.
11.4 Конкурс келесі номинацияларда өтеді:

  1. «Интеллектуалдық кітап жылы » Гран-при ұлттық кітап шығаруда ең маңызды оқиға болған және баспагерлік пен полиграфиялық дәрежесі жоғары дайындалған әмбебап тақырыптағы ерекше басылымға беріледі. ( Автор, баспа марапатталады)

  2. Ең үздік ғылыми-көпшілікбасылым. (Автор, суретші,баспа марапатталады)

  3. Ең үздік әдеби басылымдар (Проза, поэзия, иллюстрациялық материал,.баспалық-редакциялық безендірілуі. Автор,суретші,баспа марапатталады)

  4. Ең үздік шығарушы мекеме ( Баспа марапатталады)

  5. Мемлекет туралы ең үздік фотоальбом: тарихы, мәдениеті, географиясы және т.б. (Иллюстрациялық материал, көркемдік безендіру. Дизайнер, баспа марапатталады)

  6. Балаларға арналған ең үздік танымдық басылым.: Энциклопедиялар, анықтамаларжәне т.б.(Иллюстративтік материал, көркемдік безендіру.Автор, суретші,баспа марапатталады)

  7. Көрме стендінің ең үздік безендірілуі.

11.5. Конкурстың жеңімпаздары 2014 жылдың 29 мамырында марапаттау церемониясында ресми түрде жарияланады. Жеңімпаздарға дипломдар мен мақтау қағаздар беріледі.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет