Жоба Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін сертификаттау және мерзімін жүргізу тәртібін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



Дата03.03.2016
өлшемі113.42 Kb.
#35330
жоба


Денсаулық сақтау саласындағы

мамандар үшін сертификаттау және мерзімін

жүргізу тәртібін бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-1-бабына, денсаулық сақтау саласында сертификаттауды жүргізу тәртібіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін сертификаттау жүргізу тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған мамандарды сертификаттауға жіберу тәртібі мен шарты бекітілсін.

2. «Денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы   № 661 бұйрығының (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5884 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдарының 2010 жылғы № 1 Актілер жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен одан бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрі Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы   


Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрiнiң
2015 жылғы «___»


бұйрығына қосымша   



Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін сертификаттау

және мерзімін жүргізу тәртібі мен шарты

1. Жалпы ережелер

1. Осы денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін сертификаттау тәртібі (бұдан әрi – Тәртіп) 2009 жылғы18 қыркүйектегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің 176-1-бабына сәйкес әзірленді және орта (техникалық және кәсiптiк), орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары медициналық бiлiмi бар адамдардың кәсiптiк медициналық қызметтi жүзеге асыруға даярлығын анықтау мақсатында бiлiктiлiк емтиханын өткiзу тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Тәртіпте мынадай анықтамалар пайдаланылды:

1) маман – медициналық бiлiмi бар денсаулық сақтау саласының қызметкерi;

2) үміткер – маман сертификатын алуға үміткер медицина қызметкері;

3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) –электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.

4) мамандардың кәсіптік даярлануын бағалау және біліктілікке сәйкестігін растау (бұдан әрі – Бағалау) – маман біліктігінің денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізілген білімі мен дағдыларын бағалау рәсімі.

3. Осы Тәртіпке сәйкес сертификаттау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – МФҚБК аумақтық департаменттері)– санитариялық–эпидемиологиялық бейіндерді қоспағанда, орта (техникалық және кәсiби), орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары медициналық бiлiмi бар мамандар үшiн жүргізіледі.

Өтініштерді қабылдау және куәлікті беру МФҚБК аумақтық департаменттерінің кеңселері арқылы немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz, «Е-лицензиялау» веб-порталы www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүргізіледі.

Үміткер өтініштің дұрыс толтырылуын, ұсынылған мәліметтер нысанының толықтығын, сондай –ақ өзі көрсеткен мәліметтердің дәйектілігін қамтамасыз етеді.

4. Клиникалық практикаға жіберуге рұқсат беру үшін біліктілік санаты берілмейтін маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) электрондық түрде осы Тәртіпке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада №5885 болып тіркелген) мамандықтар бойынша беріледі.

5. Клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) рұқсат алу үшін, интернатурада, клиникалық ординатурада, резидентурада (интернатураны бітіру көзделмеген мамандықтар бойынша жоғары оқу орнын бітірген соң) және (немесе) өтініш берілген мамандық бойынша қайта даярлау циклын (бастапқы мамандандыру) бітірген соң, ал орта медицина қызметкерлер үшін – колледжді, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриатты маман өтініш берілген мамандық бойынша маман және (немесе) қайта даярлау циклын (бастапқы мамандандыру) бітірген соң, міндетті біліктілік емтиханынан өтеді.



Өтініш берілген мамандық бойынша клиникалық қызметке 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен, өтініш берілген мамандығы бойынша үздіксіз жұмыс өтілі бар адамдар үшін аталған мамандық бойынша қайта даярлаудан өту талап етілмейді.

Интернатурада білім алуын аяқтаған тұлғалар үшін 2014 жылдан бастап, жалпы практика дәрігері, терапия, хирургия және стоматология мамандықтарын қоспағанда, біліктілік емтиханына жіберудің міндетті шарты «Интернатура және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5134 болып тіркелген, ҚР Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, наурыз 2008 жыл, №3, 311-мақала) мамандықтар бойынша резидентурадан өту болып табылады.

6. Сертификат Қазақстан Республикасының аумағында МФҚБК аумақтық департаменттерінің басшылары оны беру туралы шешім шығарған күннен бастап бес жыл бойы қолданыста болады. Осы мерзiм өткеннен кейiн сертификаттың қолданысы тоқтатылады.



Сертификаттауды өткізу тәртібі
7. Сертификаттаудан өту үшiн үміткерлер:

1) МФҚБК аумақтық департаменттеріне:

- осы Тәртіпке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

- осы Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.

Құжаттарды қабылдауды МФҚБК аумақтық департаменттерінің кеңсесі «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізеді.

Үміткердің өкілі өтініш берген жағдайда – өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және уәкілеттік құқығына өкілеттілікті куәландыратын құжат беріледі.

2) порталда:

- маманның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;

- осы Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын тапсырады.

Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттардағы деректерді МФҚБК аумақтық департаменттері уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттар жүйесінен алады.

Үміткерлер сертификатты алуға құжаттарды Бағалаудың оң нәтижесімен тапсырады.

8. Клиникалық практикамен айналысатын жоғары, орта медициналық білімі бар үміткер аккредиттелген ұйымда Бағалаудан өтеді және Бағалаудан өткені туралы қорытындыны ұсынады.

Өтініш берілген санатқа Бағалаудан сәйкестігі туралы қорытындыны үміткер МФҚБК аумақтық департаментіне құжаттарды ұсынғанға дейін немесе бекітілген нысан бойынша Порталға сұратуды ресімдегенге дейін алады.

9. Жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін өтініш берілген мамандық бойынша соңғы 5 жылда жалпы көлемі 108 сағат біліктілікті арттырудан өтуі қажет.

Мамандығы бойынша еңбек жолында үзілісі бес жылдан асқан жағдайда, үміткер біліктілік санатын бермей маман сертификатын алу үшін өтініш берген мамандығы бойынша 216 сағат болатын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Порталда электрондық сұрату жіберу маманның «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асырылады. Сұрату автоматты түрде таңдап алынған қызмет түріне сәйкес мемлекеттік орган мекенжайына жіберіледі.

10. Ұсынылған құжаттардың толықтығын және мәліметтер нысанын толтыруды тексеру оларды қабылдап алған сәттен бастап 4 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Осы Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес міндетті біліктілік емтиханынан өту үшін құжаттар мен нысан бойынша мәлімет толық ұсынылмаған жағдайда, үміткерге бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап жіберіледі.

Порталда дәлелді бас тартуды үміткер уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ расталған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетінен» алады.

11. Белгіленген тәртіпке сәйкес үміткерге сертификат осы Тәртіпке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түрінде беріледі.



Порталда сертификатты үміткер «жеке кабинетінен» уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түрінде алады.

Үміткер сертификатты қағаз тасымалдағышта алу үшін МФҚБК аумақтық департаментіне жүгінген жағдайда, сертификат электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен расталады және МФҚБК аумақтық департаменті басшысының қолы қойылады.

МФҚБК аумақтық департаментіне және порталға жүгінген кезде маман сертификатын алу мерзімдері осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген МФҚБК аумақтық департаментінің уәкілетті тұлғасы қажетті құжаттарды тіркеген сәттен бастап күнтізбелік 10 күнді құрайды.
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған мамандарды сертификаттауға жіберу тәртібі мен шарты
12. Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сертификаттау рәсіміне жіберіледі.

Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін сертификаттау

жүргізу тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған мамандарды сертификаттауға жіберу

тәртібі мен шартына

1-қосымша

нысан


Маман сертификаты

____________________________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты)

____________________________________________________________________


(номенклатура бойынша мамандық)

мамандығы бойынша клиникалық практикаға жіберуге рұқсат беру үшін осы біліктілік санаты берілмейтін маман сертификатын алды.

Оны беру туралы шешiм шығарған мемлекеттiк орган басшысының 20_____ жылғы «___»_____________ № _____ бұйрығы

Сертификат 20 ____ жылғы « ___» ____________ дейiн жарамды


Тiркеу №  ___________
Берiлген күнi 20__ жылғы «__»___________

___________________________

Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін сертификаттау

жүргізу тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған мамандарды сертификаттауға жіберу

тәртібі мен шартына

2-қосымша



нысан
____________________________________

__________________________басшысына (мемлекеттік органның атауы)
кімнен _____________________________

(тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН)
Тұрғылықты мекенжайы:

___________________________________

___________________________________

ӨТІНІШ

 

Сізден_________________________________________________________

_______________________________________________________________

мамандығы бойынша клиникалық практикаға жіберуге рұқсат беру үшін біліктілік санаты берілмейтін міндетті біліктілік емтиханына жіберуіңізді сұраймын.
 

_______________________

(үміткердің қолы)
___________________

     (толтырылған күні)
______________________
* өтінішті үміткер өз қолымен толтырады

Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін сертификаттау

жүргізу тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған мамандарды сертификаттауға жіберу

тәртібі мен шартына

3-қосымша
нысан

МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ
Біліктілік санаты берілмейтін, жарамдылық мерзімі бар

маман сертификатын беруге өтініш

Медициналық білімі

1. Білімі

2. Дипломның нөмірі

3. Дипломның сериясы

4. Білім беру ұйымының толық атауы

5. Түскен жылы

6. Бітірген жылы

7. Диплом бойынша мамандығы

8. Диплом бойынша біліктілігі

9. Дипломның нострификациясы (қажет болған жағдайда)


Өтініш берілген мамандық бойынша интернатура, клиникалық ординатура, резидентура мамандықтарды туралы мәліметтер (жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін)

10. Интернатураның мамандығы

11. Түскен жылы

12. Бітірген жылы

13. Клиникалық ординатураның мамандығы

14. Түскен жылы

15. Бітірген жылы

16. Резидентура мамандығы

17. Түскен жылы

18. Бітірген жылы


Өтініш берілген мамандық бойынша қайта даярлау жөніндегі куәліктер туралы мәліметтер

19. Қайта даярлау бойынша куәлік нөмірі

20. Қайта даярлау мамандығы

21. Окытқан ұйымның атауы

22. Оқудың сағат бойынша көлемі

23. Оқудың басталуы

24. Оқудың аяқталуы
Қазіргі уақыттағы жұмыс орны туралы мәліметтер

25. Өтініш берілген мамандық бойынша жұмыс өтілі

26. Жалпы медициналық еңбек өтілі

27. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны

28. Атқаратын лауазымы
Өтініш берілген мамандық бойынша еңбек қызметі



Қабылданған күні

Жұмыстан босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Бұйрық



Бұйрықты шығару күні




































Өтініш берілген мамандық бойынша біліктілігін арттыру куәлігі туралы мәліметтер

29. Біліктілігін арттыру туралы куәліктің нөмірі

30. Циклдың атауы

31. Оқытушы ұйымның атауы

32. Оқудың басталуы

33. Оқудың аяқталуы

34. Оқудың сағат бойынша көлемі

35. Кәсіптік даярлануын бағалау және біліктілікке сәйкестігін растаудан өткені туралы қорытынды

36. Бағалаудан өткен күні


____________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет