Жоба әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және



бет1/7
Дата19.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#148401
  1   2   3   4   5   6   7
ЖОБА

«Әйтеке би ауданының ауылдық елді

мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және

тұру үшін келген денсаулық сақтау,

білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,

мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік

кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік

қолдау шараларын ұсыну туралы» 2015 жылғы

12 мамырдағы №238 аудандық мәслихаттың

шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 12 мамырдағы № 238 «Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары ұсыну туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4335 тіркелген, 2015 жылы 11 маусымдағы «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

«Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы»

1 тармақтын бірінші абзацы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылға келесідей әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:»

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы: хатшысы:

И.Е Акжанов А. Ермағамбет


ЖОБА

Әйтеке би ауданының пайдаланылмайтын

ауыл шаруашылығы мақсатындағы

жерлерге жер салығының базалық

мөлшерлемелерін және бірыңғай

жер салығының мөлшерлемелерін

жоғарылату туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, 444-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Әйтеке би ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Председатель сессии Секретарь

районного маслихата: районного маслихата:


И.Е Акжанов А.Ермагамбет
ЖОБА

Әйтеке би аудандық мәслихат аппаратының

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік

қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы

бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Әйтеке би аудандық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы

И.Е Акжанов А. Ермағамбет


ЖОБА

«Атаулы күндер мен мерекелік

күндерге біржолғы әлеуметтік

көмектің мөлшерін бекіту туралы»

2014 жылғы 15 сәуірдегі №152 аудандық

мәслихаттың шешіміне өзгеріс

енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлщерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Әйтеке би аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3862 тіркелген, 2014 жылдың 8 мамырында аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 152 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасындағы оныншы абзац «онкологиялық аурулары бар, КВТ инфекциясын жұқтырғандар және туберкулездің әртүрлі нысандарымен ауыратын азаматтар емделу мерзімі уақытында (жылдың 6 айға дейінгі шекті) денсаулық сақтау мекемесінің тізімі бойынша, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде» алынып тасталынсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы: хатшысы:

И.Е Акжанов А. Ермағамбет


Жоба

Әйтеке би аудандық мәслихат шешімі
«Пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы

мақсатындағы жерлерге жер салығының

базалық мөлшерлерін және

біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін

жоғарылату туралы»
Қазақстан республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, 444- бабының 1- тармағына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және біріңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарлатылсын.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы: хатшысы:

КЕЛІСІЛДІ:

«Әйтеке би ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ

басшысы ____________ Е.Б. Тансыкбаев

«_____» ______________ 2015 ж
«Әйтеке би аудандық жер қатынастары

бөлімі» ММ басшысы

_________________ А.Б.Исатаев

«_____» ______________ 2015 ж
ЖОБА

Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы

50 қаулысына өзгерістер еңгізу туралы


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына және Әйтеке би ауданы әділет басқармасының 2015 жылғы 13 тамыздағы №01115/1357 хатына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №50 «2015 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізудіұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына мынадай өзгерістер еңгізілсін.

- «Әйтеке би орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорнының толық атауы - «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әйтеке би орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып;

- «Әйтеке би аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің толық атауы - «Ақтөбе облысының Ішкі істер департементі «Әйтеке би аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып;

- Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақлау аудан әкімінің орынбасары З.Бөлековаға жүктелсін.



Аудан Әкімі: А.Бердалин
ЖОБА

Әйтеке би ауданының шалғайдағы елдi

мекендерінде тұратын балаларды

жалпы бiлiм беретiн мектептерге

тасымалдаудың схемасы мен

Тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, Әйтеке би ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Әйтеке би ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен Тәртібі осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекiтiлсiн.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Бөлековаға жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі А.Бердалин

Аудан әкімдігінің 2015 жылғы

«__» _______________ №___

қаулысына 2 қосымша



Әйтеке би ауданының шалғай елдi мекендерінде тұратын балаларды

жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың Тәртібі

1. Жалпы ережелер
1. Әйтеке би ауданының шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы Тәртібі (бұдан әрі – Тәртібі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 14-бабына сәйкес әзірленген.
2. Тасымалдаушыға және автокөлiк құралдарына тасымалдау кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бөлігiнде қойылатын талаптар
2. Балаларды тасымалдау арнайы автобустармен жүргiзiледi.

3. Балаларды тасымалдау мынадай жағдайда ұйымдастырылады, егер:


aвтомобиль жолдарының өткiзу қабiлетi автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе;

автомобиль жолдарының жай-күйi және олардың жайластырылуы жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес болған жағдайда.

4. Балаларды тасымалдауға мынадай тасымалдаушылар жiберiледi:

1) автомобиль көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiлiктiлiгi және кәсiби жарамдылығын растайтын құжаты болғанда;

2) тасымал қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге құқықтық нормативтiк актiлер талаптарына сай келетiн және тиiстi тасымалдау түрiне жарамды көлiк құралдары бар.

5. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:

1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;

2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;

3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекiтiлген жол қозғалысының ережесiн өрескел бұзбаған.

2
6. Автобустарда жүк бөлiмiнен тыс жерлерде жүк тасымалдауға жол берілмейді.

7. Автокөлiк құралдарын пайдалану тасымалдаушының мiндеттi азаматтық-құқықтық сақтандыру шарттарындағы жауапкершiлiктi орындаған жағдайда жүргiзiледi. Сондай-ақ мiндеттi сақтандыруға тасымалдаушының жолаушылар алдында жол жүру және жүк тасуға арналған автокөлiктi пайдалану барысында, олардың өмiрiне, денсаулығына, мүлiктерiне залал келтiрмеу жөнiндегi азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi жатады.

8. Балаларды тасымалдау осы Тәртіптің талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.

9. Балалардың ұйымдастырылған топтарын жаппай тасымалдауды және балаларды ұйымдастырылған топтарын алыс қашықтықтарға тасымалдауды балаларға оқытушылардың немесе арнайы тағайындалған ересек адамдардың (бiр ересек адам 15-тен артық емес балаға) еріп барған жағдайда ғана тасымалдаушымен орындалады.

10. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауды қамтамасыз ететiн тасымалдаушы жүргізушілердің еңбек және демалысын ұйымдастыру қағидасының талаптарына сәйкес, сондай-ақ тахографтарды және мынадай жағдайларды ескере отырып:

ұзақтығы 12 сағатқа дейiн маршруттар бойынша бiр жүргiзушiмен, 12 сағаттан астам екi жүргiзушiмен;

ұзақтығы 16 сағаттан артық маршруттар бойынша жүргiзушiлердiң және жолаушылардың кем дегенде 8 сағат толыққанды демалу үшiн (қонақ үйлерде, кемпингiлерде және т.б.) жағдайларды қамтамасыз етудi ескере отырып ұйымдастырады.

11. Балаларды автомобиль көлiгiмен тасымалдау (экскурсиялық және туристiктен басқа) жолда 4 сағаттан артық болған кезiнде және балаларды жеткiзудi басқа көліктермен ұйымдастыру мүмкiн болмаған жағдайда жүзеге асырылады.

12. Тапсырыс берушiнiң талабы бойынша қала маңындағы аймаққа немесе қалааралық қатынаста балалардың бiр жолғы тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушы техникалық жай-күйiн кезектен тыс тексеру үшiн жол полициясы бөлiмшелерiне автобусты жол жүру қарсаңында көрсетедi.


3. Автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар
13. Балаларды тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық байқаудан өткен көлiк құралдары жiберiледi. Бұл ретте автобустардың конструкциясы мен техникалық жағдайы тиiстi стандарттардың

талаптарына сай болуы қажет.

Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң болуы және мыналармен жабдықталуы тиіс:
3
1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс «Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;

2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;

3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);

4) екi алғашқы көмек дәрi қобдишаларымен (автомобильдi);

5) екi жылжуға қарсы тiректермен;

6) авариялық тоқтау белгiсiмен;

7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық тақтайшамен;

8) санитариялық паспортымен.

14. Балаларды тасымалдауға пайдаланатын автобустарда мыналар болуы қажет:

ешқандай кедергiсiз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есiктерi мен авариялық люктер. Есiктерде өткiр немесе олардың бетiнен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиiс;

жабық жай-күйде жүргiзушiнiң кабинасы мен жолаушы салонына атмосфералық жауын-шашынның түсуiн толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;

берiк бекiтiлген тұтқалар және отырғыштар;

жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;

тегiс, шығыңқы жерлерi немесе бекiтiлмеген бөлшектерi жоқ баспалдақтары мен салонның еденi.

салон еденiнiң жамылғысы жыртықсыз бүтін материалдан жасалуы тиiс;

шаңнан, кiрден, бояудан және олар арқылы көрудi төмендететiн өзге де заттардан тазартылған терезелердiң мөлдiр шынылары. Терезе ойығы ақпараттық немесе жарнамалық материалдармен 30 %-дан артық жабуға жол берілмейді;

жылдың суық мезгiлiнде жылытылатын және ыстық мезгiлiнде желдетiлетiн, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер үйіліп тасталмаған жолаушылар салоны.

15. Автобустар мен шағын автобустардың салондарын ылғалды жинау жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезiнде пайдаланылатын ауысымда кемiнде бiр рет және ластану шамасы бойынша жүргiзiледi.

16. Кузовты сыртқы жуу ауысым аяқталғаннан кейiн жүргізіледі.

4
17. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың алдында және артында «Балаларды тасымалдау» деген айырым белгiлерi мен сары түстi

жарқылдауық шамдар орнатылады.

Жазу шрифті биiктiгi кемiнде 120 миллиметр қара түспен ресімделеді және тiк төртбұрышты қоршамаға салынады.


4. Балаларды тасымалдау тәртiбi
18. Балаларды тасымалдау техникалық жағдайы автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының талаптарына жауап беретін, кемiнде екi есiгi бар автобустармен жүзеге асырылады.

19. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.

20. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс. Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.

21. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.

22. Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.

23. Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.

24. Балалардың топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) жол берілмейді. Тәулiктiң 22.00 сағатынан бастап 06.00 сағатына дейiн темiржол вокзалдарына және әуежайларға және олардан, сондай-ақ жақын арадағы демалыс орнына (қонатын жерге) дейiн жолда кiдiрiп қалған кезде балаларды тасымалдауға рұқсат етiледi.

Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлайды.

25. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.

Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң пайда болуы, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiледі. Тасымалдаушы кестенiң өзгеруi туралы ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайтын тапсырыс берушіні хабарландырады.

26. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiмен бiрлесiп балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауы үшiн алаңшалардың болуын, отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде 30 метр қашықтықта орналасуы тиiс.

27. Тапсырыс берушi балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке, өзге бiлiм беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын (16 жас және одан жоғары) белгiлеуге жол берiледi).

28. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға жол берілмейді:

1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;

2) жүру маршрутын өзгертуге;

3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;

4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;

5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;

6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.


ЖОБА
2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие

мен оқытуға мемлекеттік білім беру

тапсырысын, жан басына шаққандағы

қаржыландыру мен ата-ананың ақы

төлеу мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған 2015 жылға Әйтеке би ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепкі дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Бөлековаға жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: А. Бердалин

Әйтеке би ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «____»____________

№_______ қаулысына

1- қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға

мемлекеттік білім беру тапсырысы






Тұрғылықты жердің атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі

ұйымдарға орналастырылатын

балалар саны (адам)


1

Әйтеке би ауданы

693




Барлығы

693

Әйтеке би ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «___»__________

№_________ қаулысына

2 қосымша

Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны





Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны(теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдар

Балабақшалар (бөбек балабақша, орталықтар)

Сұйық отынмен жылытатын нысандар

Қатты отынмен жылытатын нысандар

Газбен және орталықтандырылған жылу жүйесімен жылытатын нысандар

1-ден 3-ке дейін топтар

4-тен5-ке дейін топтар

6-ден7-ге дейін топтар

8-ден9-ға дейін топтар

10-нан және одан артық топтар

1-ден 3-ке дейін топтар

4-тен5-ке дейін топтар

6-ден7-ге дейін топтар

8-ден9-ға дейін топтар

10-нан және одан артық топтар

1-ден 3-ке дейін топтар

4-тен5-ке дейін топтар

6-ден7-ге дейін топтар

8-ден9-ға дейін топтар

10-нан және одан артық топтар

Ауылдық жерде

36734













30654

14321










30620













Қалалық жерде













































Әйтеке би ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «___»__________

№_________ қаулысына

3 қосымша

1 тәрбиеленушіге күніне ата-ананың ақы төлеу мөлшері



Мектепке дейiнгi ұйымда баланы ұстау ақысының мөлшері

(теңге)


Мектепке дейінгі ұйымдар

Балабақша (бөбек- балабақшалар, орталықтар)

Балалар толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар

ұйымдарда болу ұзақтығымен

9-10,5 сағат

12 сағат

250

0

0




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет