Жоба Иттер мен мысықтарды ұстау ережесі жалпы ережелер



Дата07.07.2016
өлшемі50.87 Kb.
#183881

жоба

Иттер мен мысықтарды ұстау

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер


      1. Осы ереже бұдан әрі мәтін бойынша «Иелері» деп атлатын, қала аумағындағы иттер мен мысықтары бар барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты.

      2. Иттері, мысықтары бар иелері санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық нормаларды және оларды ұстау ережелерін қатаң сақтауға, осы жануарлармен ортақ пайдаланатын жерлерді ластауға жол бермеумен қоса, сонымен қатар адамдардың қауіпсіздігін міндетті қамтамасыз етуге, үйде сағат 23-00-ден 7-00-ге дейін тыныштықты қамтамасыз етуге міндетті.

     3. 2 тармақта көрсетілген талаптарды сақтаған жағдайда ұстауға рұқсат етіледі:

1) көпқабатты тұрғын үйдің жеке пәтерінде екіден көп емес, жеке пәтерде бір отбасы тұрғанда ит, мысық. Бірнеше жалдаушы (иелері) тұратын пәтерде, пәтерде тұратын кәмелеттік жасқа толған барлық азаматтардың келісімінен кейін жалдаушы (иелері) отбасына екі жануардан кем емес;

2) иттерді жеке үй қожалығында жақсы қоршалған аймақта ғана, иттің бар екендігі туралы кіре берісте ескерту жазу болған жағдайда;

      3) санитарлық-эпидимиологиялық және ветеринарлық қызметтер рұқсат берген жағдайда иттерді, мысықтарды және басқа жануарларды балалар және жасөспірімдер мекемелерінде, жазғы және қысқа санаторий-курорттық мекемелердің (шипажайлар, демалыс үйлері, пансионаттар) «зообұрыштарында», «тірі бұрыштарында»;

      4) мекемелер және ұйымдарда күзет иттерін байлауда немесе торлы орында;

      5) тиым салынған жазба жоқ болған жағдайда, мекемелерде, азық-түлік емес дүкендерде, поштада иесінің қысқа мойын жіпте байлауда және тұмылдырық кигізілген итпен кіруге.

      4. Қалалық көліктерде иттер мен мысықтарды алып жүру жолаушылардың мазасын алмайтын жағдайда жүзеге асырылады. Жануарлар тұмылдырықта немесе арнаулы торларда, сөмкелерде болу қажет.

      5. Иелерімен байлауда қалдырылғандардан басқа, тұлғаларсыз жүрген қоғамдық орындардағы иттер (көшелерде, аула аумағында, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда), қаңғыбас болып есептеледі, қаңғыбас иттерді аулау және өліп қалған жануарлардың өліктерін жинау бойынша мамандандырылған мекемелермен міндетті аулауға және оларды бес тәулік ішінде торлы орындарда ұстауаға.

Бес тәулік ішінде иттердің иелері қаңғыбас жануарларды аулау бойынша мамандандырылған мекемеге келулеріне болады.

2. Иттер мен мысықтардың иелерінің міндеттері


     6. Жануарлар иелері міндетті:

      1) жануарды алған күннен бастап екі апта мерзімінде қаланың ветеринарлық клиникасына бақылау жүргізуге, алдын ала егуге және мүйізді ірі қара, ұсақ малдарға, жылқыға, шошқаға беріліп жүрген бірдей үлгідегі ветеринариялық паспорт алу үшін жүгінуге;

2) жануарларға егу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге;

3) ит, мысық қауып, тістеп алған, жарақаттанған жағдайда медициналық мекемеге көмекке жүгінуге;

4) адамдарды немесе жануарларды немесе оларға жарақат келтірілген, тістеген иттер мен мысықтарды бақылау және карантиндік шараларды жүргізу үшін ветеринариялық клиникаға немесе ветеринарлық пунктке дереу жеткізуге;

5) көшеден қысқа қысқа мойын жіппен байлаудағы итпен, тұмылдырықтағы- үлкен итпен өтуге;

6) пайдалануда жер учаскесі болған жағдайда иттерді жақсы қоршалған аймақта бос немесе байлауда серуендетуге. Учаскеге кіре берісте иттің бар екендігі туралы ескерту жазба болу қажет;

7) жануарды оның биологиялық қажеттіліктеріне сай ұстауға, адамгершілікпен қарауға, қараусыз, ас пен сусыз қалдырмауға, ұрмауға, аурушаңдық жағдайда – уақытында ветеринарлық көмекке жүгінуге;

8) аулаларды, кіре берістерді, басқыш алаңдарын, лифттерді, балалар алаң-дарын, жолдарды, тротуарларды, скверлерді, саябақтарды, демалыс аймақтарын ласта-мауға, ластанған жағдайда арнайы құрылғылармен (пакет, күрекше) міндетті тазалау-ды жүзеге асыруға;

9) ары қарай асыра алмау жағдайында басқа тұлғаға немесе иттер мен мысықтарға арналған панаға тапсыруға;

10) жануар өлген жағдайда қаңғыбас иттерді аулау және өліп қалған жануарлардың өліктерін жинау бойынша мамандандырылған мекемелерге жүгінуге;

      7. Жануарлардың иелеріне рұқсат етілмейді:

1) жануарларды балалар ауласының алаңшаларының, мектепке дейінгі балалар мекемелердің, мектеп және оқу орындарының, денсаулық сақтау нысандарының, спорттық алаңшалардың, саябақтардың су іркуіштердің және қалалық жағажайдың аумақтарында серуендетуге;

2) мас күйіндегі тұлғаларға және 14 жасқа толмаған балаларға қоғамдық көліктерде және көліктерде жануарларды серуендетуге;

3) қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына және азық-түлік дүкендерінің өндірістік залдарына жануарларды келтіруге және ұстауға;

4) ортақ пайдаланатын жерлерде: кіре берістерде, басқыш алаңдарында және шатыр астында, жер төлелерде, жатақхана дәліздерінде жануарларды ұстауға;

5) қала аумағында иттердің төбелесін өткізуге;

6) ветеринарлық анықтамасыз және жануарларға құжаттарсыз (паспорт, күшік картасы, тектілік сертификаты), белгіленбеген орындарда күшіктерді және иттерді, мысықтарды сатуға;

7) өліп қалған жануардың өлігін тастауға немесе өз бетімен көмуді жүргізуге.

3. Жануар иесінің құқығы


      8. Кез келген жануар басқада меншік сияқты иесінің меншігі болып табылады, заңмен қорғалады.

9. Құтыру ауруы жағдайынан басқа, жануар иесінің келісімімен ғана тартылып алынады.

10. Иесі итті қысқа мойын жіппен байлауда (үлкен итті - тұмылдырықта) шектелген уақытқа дүкеннің немесе басқа мекеменің қасында қалдыруға құқылы.

4. Осы ережені сақтамағаны үшін жануар иесінің жауапкершілігі


      11. Ветеринарлық-санитарлық шараларды сақтамағаны үшін иесі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 310 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

12. Осы ережелерді бұзғаны үшін иесі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 311 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

13. Жануарларға олардың өлуiне немесе мертiгуiне әкеп соққан қатыгездiк жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 276 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

5. Тұрғын үй кооперативтерінің, пәтер иелерінің кооперативтерінің иттер мен мысықтарды ұстау ережесін қамтамасыз ету бойынша міндеттері


      14. Пәтер иелерінің кооперативтері, тұрғын үй кооперативтері міндетті:

1) Пәтер иелерінің кооперативтері, тұрғын үй кооперативтерімен бекітілген аймақтарда немесе кооперативке іргелес құрылыстан бос шағын аудан (квартал) аумағында иттерді серуендету үшін, тақташа, белгілердің орнатуымен орын анықтауға;

2) Иттерді серуендетуге анықталған аулалық аймақтың санитарлық жағдайын қадағалауға;

3) жер төлелерге, шатыр астына және басқа да қосалқы бөлмелерге кіре берістерді жабық жағдайда ұстауға, оған жануарлардың кіріп кетуіне жол бермеуге;

4) өз аумағында үйсіз иттер мен мысықтар бар екендігі туралы жануарларды аулаумен айналысатын ұйымға және жергілікті атқарушы комитеттерге хабарлауға.
6. Ветеринарлық бақылау және қадағалау органдарының міндеттері

      15. Ветеринарлық бақылау және қадағалау органдарының міндетті:

      1) жануарлардың иелерімен ветеринарлық-санитарлық іс-шаралардың, оларды өткізу мерзімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;

      2) жануарларды серуендеу және ұстау ережелерінің орындалуына бақылау жүргізуді жүзеге асыруға;



3) жануарлар ауруын алдын алу мақсатында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге, тұрғындарды жануарлар және адамдар үшін ортақ аурулардан қорғауға, қалада ветеринарлық-санитарлық жайлылықты қамтамасыз етуге.

Өскемен қаласының

ауыл шаруашылығы және ветеринария

бөлімі басшысының міндетін атқарушы З. Серікпаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет