Жоба «Катонқарағай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы»



Дата20.06.2016
өлшемі14.65 Kb.
#149191
ЖОБА
«Катонқарағай ауданы бойынша

сайлау учаскелерін құру туралы»

2011 жылғы 22 қарашадағы № 18

шешімге өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37- бабының 3- тармағына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай, Көкпекті, Бесқарағай аудандарының кейбір әкімшілік аумақтық бірліктерінің атауларын өзгерту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы №162 қаулысы және облыс мәслихатының 2013 жылғы 03 шілдедегі №12/145-V шешімі негізінде ШЕШЕМІН:

1. «Катонқарағай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» Катонқарағай ауданы әкімінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 18 (Катонқарағай аудандық әділет басқармасымен 2011 жылғы 28 қараша күні тіркеу тізіліміне №5-13-100 болып енгізілген, 2011 жылғы 11 қарашадағы №85 аудандық «Арай-Луч» газетінде жарияланған) шешімінің қосымшасының №856, №859, №861, №867 сайлау учаскелері төменде көрсетілген жаңа мәтіндерге өзгертілсін:

«№856 Көкбастау сайлау учаскесі. Орталығы: Көкбастау ауылы, мектеп ғимараты, Школьная көшесі 1, тел. 2-76-05 Көкбастау ауылы шекарасында»;

«№859 Алтынбел сайлау учаскесі. Орталығы: Алтынбел ауылы, мектеп ғимараты, Абай көшесі 1, тел. 2-45-49 Алтынбел ауылы шекарасында»;

«№861 Егінді сайлау учаскесі. Орталығы: Егінді ауылы, мектеп ғимараты, Школьная көшесі 9, тел. 2-01-88 Егінді ауылы шекарасында»;

«№867 Қаражал сайлау учаскесі. Орталығы: Қаражал ауылы, мектеп ғимараты, Қазақстан көшесі 32, тел. 2-75-63 Қаражал ауылы шекарасында».

2.Осы шешімнің орындалуын бақылау аппарат басшысы Р.Т.Құрмамбаевқа жүктелсін.

3.Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі
Келісілді:
Аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет