Жоба «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»



бет12/23
Дата15.10.2023
өлшемі72.27 Kb.
#480838
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
!0= 8 - ! -3 A (1)

Ас қорыту жүйесі инфекциялары



  1. Ас қорыту жүйесі инфекцияларына гастроэнтерит, гепатит, некротикалық энтероколит, асқазан-ішек жолдарының инфекциялары, медициналық көмек көрсетумен байланысты, ешқандай категорияға кірмейтін интраабдоминальды инфекциялар жатады.

  2. Гастроэнтеритті анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:

  1. құсумен немесе дене температурасының (38 ° C-тан жоғары) көтерілуімен бірге жүретін немесе жүрмейтін диареяның жіті ұстамасының (12 сағаттың ішінде нәжістің сұйық болуы) және инфекцияға қатысты емес басқа ықтимал себептердің болмауы (диагностикалық процедуралар, дәрілік заттарға жағымсыз реакциялар, созылмалы аурудың асқынуы, ауырсыну, эмоционалды стресс);

  2. басқа белгілі себептермен түсіндірілмейтін келесілердің екеуінің: лоқсудың, құсудың, бас ауыруының, іш ауыруының және келесі жағдайлардың біреуінің болуы болып табылады:

нәжіс себінділерінде немесе тік ішектен алынған жағындыларда ішек микроорганизмін бөлу;
патогенді ішек микроорганизмдерін микроскопиялық немесе электронды-микроскопиялық зерттеу арқылы табу;
қан немесе нәжіс үлгілерін антигендерге немесе антиденелерге зерттеу кезінде патогенді ішек микроорганизмдерін табу;
тін себінділеріндегі (уыт сынамасындағы) жасушалардың патологиялық өзгеруі бойынша анықталатын ішек микроорганизмінің болуы;
IgM классындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі (иммуноглобулин M) және/ немесе қос сарысу үлгілерінде IgG классындағы антиденелердің (иммуноглобулин G) патогенге төрт еселік артуы.
42. Гепатитті анықтау критерийі пациентте басқа белгілі себептермен түсіндірілмейтін келесілердің екеуінің: қызбаның (38 ° C-тан жоғары), анорексияның, лоқсудың, құсудың, іш ауыруының, сарғыштықтың болуы немесе бұрын (3 айға дейін) жүргізілген трансфузияның және келесі жағдайлардың біреуінің болуы болып табылады:
1) антигендерді немесе антиденелерді А гепатиті, В гепатиті немесе дельта-гепатитіне зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
2) бауыр функцияларының зертханалық деректермен расталатын бұзылуы (жоғары аланин-аспартатаминотрансфераз (АЛТ/АСТ) және билирубин деңгейлері);
3) несепте немесе ауыз-жұтқыншақ бөліндісінде цитомегаловирусты (ЦМВ) табу.
43. Жаңа туған сәбилерде некротикалық энтероколиттті анықтау критерийі балада басқа белгілі себептермен түсіндірілмейтін келесі жағдайлардың екеуінің: құсудың, іш кебуінің, тамақтандыруды бастағанға дейін қалдықты құбылыстардың және келесі рентгенологиялық белгілердің болуы:
1) пневмоперитонеум;
2) ішек пневматозы;
3) аш ішектің өзгермейтін «қатты» ілмектері болып табылады.
44. Гастроэнтеритті және аппендицитті қоспағанда асқазан-ішек жолдары бөліктерінің (өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек) инфекцияларын анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың болуы:
1) хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистопатологиялық деректермен расталатын абсцесс немесе инфекцияның басқа да белгілері;
2) басқа белгілі себептермен түсіндірілмейтін және зақымдалған органдағы немесе тіндегі инфекциямен бірге жүретін келесі белгілердің екеуінің: қызбаның (38 ° C-тан жоғары), лоқсудың, құсудың, іштің ауыруының немесе сезгіштігінің және келесі рентгенологиялық белгілердің болуы болып табылады:
хирургиялық араласу немесе эндоскопиялық процедура немесе хирургиялық әдіспен енгізілген кезінде дренаж арқылы алынған бөлінді себіндісінде немесе тін үлгісінде микроорганизмді бөлу;
нәжіс себіндісінде микроорганизмді бөлу;
инфекцияның болуын растайтын рентгенологиялық деректер;
эндоскопиялық зерттеу кезінде байқалатын патологиялық өзгерістер (мысалы, Кандида (Candida тудыратын эзофагит немесе проктит).
45. Ɵт қабын, өт жолдарын, бауырды (вирусты гепатиттен басқа), көкбауырды, ұйқы безін, көк етті, диафрагма астындағы кеңістікті, іш қуысының басқа да тіндерін немесе жерлерін зақымдайтын интраабдоминальды инфекцияларды анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың біреуінің болуы:
1) интраабдоминальды кеңістіктен хирургиялық араласу немесе аспирациялық биопсия кезінде алынған іріңді бөліндінің себіндісінде микроорганизмді бөлу;
2) хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистопатологиялық деректермен расталатын абсцесс немесе интраабдоминальды инфекцияның басқа да белгілері;
3) басқа белгілі себептермен түсіндірілмейтін келесі белгілердің екеуінің: қызбаның (38 ° C-тан жоғары), лоқсудың, құсудың, іштің ауыруының, сарғыштықтың және келесі жағдайлардың біреуінің болуы болып табылады:
хирургиялық әдіспен енгізілген дренаж (жабық дренажды жүйе, ашық дренаж немесе Т-түтігі) арқылы алынған бөлінді себіндісінде немесе тін үлгісінде микроорганизмді бөлу;
хирургиялық араласу кезінде немесе пункциялау арқылы алынған сұйық бөлінді үлгісінде немесе тінде Грам бойынша бояу кезінде патогенді микроорганизмдерді табу;
қан себіндісінде микроорганизмді бөлу және инфекцияның болуын растайтын рентгенологиялық деректер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет