Жоба мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы



Дата26.02.2016
өлшемі23.54 Kb.
#27242
ЖОБА


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға

мемлекеттік білім беру тапсырысын,

жан басына шаққандағы қаржыландыру және

ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына, «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына сәйкес Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

2. «Сайрам аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д.Айкозова) осы қаулыны Сайрам аудандық әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Танагузовқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі  У.Қайназаров

Сайрам ауданы әкімдігінің


2014 жылғы «___» ақпандағы
№ ____ қаулысына 1 қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы



Аудан атауы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

республикалық бюджет есебінен 

жергілікті бюджет есебінен 

1

Сайрам ауданы

6995

5883

1112

Сайрам ауданы әкімдігінің
2014 жылғы «___» ақпандағы
№ ___ қаулысына 2 қосымша

Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге

Балабақша

Мектеп жанындағы шағын орталық

18375,8

12122,4

Сайрам ауданы әкімдігінің
2014 жылғы «___» ақпандағы
№ ___ қаулысына 3 қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Барлығы

Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

Айына бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

337,35

7084,35

      Ескертпе: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын 21 күнге есептелген.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет