Жоба Өскемен қаласы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік



жүктеу 151.37 Kb.
Дата26.02.2016
өлшемі151.37 Kb.
Жоба

Өскемен қаласы әкімдігінің «Б»

корпусы мемлекеттік әкімшілік

қызметшілерінің қызметін жыл

сайынғы бағалаудың әдістемесін

бекіту туралы

 

 



2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген, Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидасының 27 тармағына, 2014 жылғы 5 маусымдағы № 04-2-4/93 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы жарияланған күннен бастап он жұмыс күннен кейін күшіне енеді.

Өскемен қаласының

әкімі Т. Қасымжанов

Өскемен қаласы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін

бекіту туралы қаулы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген, Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидасының 27 тармағына, 2014 жылғы 5 маусымдағы № 04-2-4/93 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне сәйкес жетілдіру мақсатында Өскемен қаласы әкімдігінің қаралуына қаулы жобасы енгізілуде.

Қаулыны қабылдау үшін бюджеттік шығындар жұмсауды қажет етпейді.

Өскемен қаласы әкімі

аппаратының персоналды

басқару бөлімінің басшысы И. Ботажанова


«Өскемен қаласы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін

бекіту туралы» қаулы жобасына

КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ

Қаулының жобасы

Персоналды басқару

бөлімі басшысымен енгізілген: И. Ботажанова

Келісудің міндетті минимумы:

Келісілді:

Қала әкімі аппаратының басшысы С. Жүніспекова

«__»_________2015 жыл

Қала әкімінің орынбасары Б. Бакинова

«__»_________2015 жыл

Қала әкімінің орынбасары А. Исқақов

«__»_________2015 жыл

Қала әкімінің орынбасары В. Головатюк

«__»_________2015 жыл

Заңгерлік бөлімінің басшысы А. Ермекпаева

«__»_________2015 жыл

Жалпы бөлімінің басшысы С. Бахтиярова

«__»_________2015 жыл

Құқықтық сараптаманы жүргізген: _____________________

Мәтіннің дұрыстығына сараптама жүргізген: _____________________

Рәсімдеу және келісу сараптамасын жүргізген: «__»_________2015 жыл
Орындаушы:

И. Ботажанова

тел. 26-89-69

Өскемен қаласы әкімдігінің

қаулысымен бекітілген

_________ жылғы № ______




Өскемен қаласы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығын, 2014 жылғы 5 маусымдағы № 04-2-4/93 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін іске асыру үшін әзірленді және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
(бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.

2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.

3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.

4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:

1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;

2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы);

3) қызметшінің қорытынды бағасынан тұрады.

Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес  өзі бағынатын тұлға болып табылады.

Жергілікті бюджеттен қаржыланатын қалалық атқарушы органдар басшыларына, қаланың әкімі немесе оның уәкілеттік беруімен оның орынбасарларының бірімен өткізілуі мүмкін.

5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.

6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы «тиімді» деген баға алуы, оны лауазымы бойынша көтеруге негіз болып табылады.

7. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.

Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.

8. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлектетік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

9. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.

10. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.

11. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Комиссия төрағасы Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы болып табылады.

Комиссия хатшысы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.   

 

 

2. Бағалау жүргізуге дайындық



 

12. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.

Персоналды басқару қызметі бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

 

13. Тікелей басшы 2014 жылғы 5 маусымдағы № 04-2-4/93 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.



Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

 

 

4. Айналмалы бағалау



 

14. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың,


ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.

Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.

15. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалар 2014 жылғы 5 маусымдағы № 04-2-4/93 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.

16. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы персоналды басқару қызметіне оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.

17. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 15-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауының орташа есебін жүргізеді.

18. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауы жасырын түрде жүргізіледі.

 

 

5. Қызметшінің қорытынды бағасы



 

19. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

 

a = b + c



 

a – қызметшінің қорытынды бағасы,

b – тікелей басшының бағасы,

c – осы Әдістеменің 15-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.


20. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:

26 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»,

26-дан 33 балға дейін  – «қанағаттанарлық»,

33 балдан жоғары – «тиімді».

 

 

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы



 

21. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:

1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;

2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;

3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;

4) 2014 жылғы 5 маусымдағы № 04-2-4/93 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

22. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті қысқаша түсіндірмемен бағаны түзетеді. Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.

23. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.

Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

24. Бағалау нәтижелері қызметшінің қызметтер тізіміне енгізіледі.

25. Осы Әдістеменің 22-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

 

 

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану



 

26. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы (Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі) шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

27. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті (Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі) қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда,  мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

28. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға  немесе оның аумақтық департаментіне (Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі) береді.

 

___________________________«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік



қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы

бағалаудың әдістемесіне

1-қосымша

 

нысан



 

Тікелей басшысының бағалау парағы

 

Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.:_______________________________________



Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ________________________________

 




р/н

Өлшем

 


Көрсеткіштің мәні (саны)

Баға (балл)

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін

 

2.

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін

 

3.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін

 

4.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін

 

БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)

 

 

 

Таныстым:

Қызметші (Т.А.Ә.) _______________

күні ___________________________

қолы _________________________



 

Тікелей басшы ( Т.А.Ә.) _____________________

күні  ______________________________________

қолы ______________________________________

 


 

 

 

 



 

 

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің



қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне

2-қосымша

 

нысан


 

Айналмалы бағалау парағы

 

Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.:_____________________________________



Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________________

 




р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні

Баға (балл)

Бағынышты адам

1

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін

 

2

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін

 

3

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін

 

 

Барлығы (барлық бағалардың бағасы)

 

Әріптесі

1

Топта жұмыс істей алу қабылеті

2-ден 5-ке дейін

 

2

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін

 

3

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 5-ке дейін

 

 

Барлығы (барлық бағалардың бағасы)

 

 

 

 

 



«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің

қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесіне

                3-қосымша

 

                     нысан



 

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

______________________________________________________

(мемлекеттік орган атауы)

 




р/р

Қызметшінің Т.А.Ә.

Тікелей басшының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға

1

 

 

 

 



 

 

 

 

Комиссия қорытындысы:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Тексерген:

 

Комиссия хатшысы:__________________________ Күні: ________________



                                                  (Т.А.Ә., қолы)

 

Комиссия төрағасы:_______________________ Күні: _________________



                                                   (Т.А.Ә., қолы)

Комиссия мүшесі:______________________________ Күні: _______________



                                                  (Т.А.Ә., қолы)

 


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет